Әлия Әшім: «ене - туған анаңдай бола алмайды», «Саясатта әйел үні жоқ…»

  Рет қаралды 39,420

Kozqaras podcast

Kozqaras podcast

Күн бұрын

Тарихта қаншама Қазақ әйелдерінің тұлға ретінде зерттелмеуінің нәтижесінде біз ол кісілердің өмір жолы мен ұлт үшін жасаған жұмыстарынан бейхабармыз.
«Kozqaras podcast-тың» кезекті қонағы ретінде журналист, документалист Әлия Әшімді шақырып көп айтыла бермейтін тарихтағы “Қазақ әйелдерінің біз білмейтін ұлт үшін жасаған жұмыстары” және “Біз неге орыс тілінде сөйлейміз?”тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық.
Эпизодты тыңдап Қзақстан тарихын жаңаша көзқараспен таныңыз.
"KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз!
Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 5-мамырға дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады.
Instagram - / waffle_kex
Таймкод:
00:00 Кіріспе
02:12 Әлия Әшіммен танысу
06:49 Өзіңді тыңдау керек
08:09 АҚШ-қа оқуға түсу туралы
17:16 Жігітпен жағажайда келісіп алу туралы
20:35 Ене - туған анаңдай бола алмайды.
23:18 Неге документалистика мамандығы
26:24 АҚШ-тағы телеарналардың жұмыс жасау процесі туралы
35:12 Netflix стилінде деректі фильмдер жасау идеясы қалай пайда болды?
37:05 "Қонаев дәуірі" деректі фильмі қалай түсірілді?
42:15 Біз неге орысша сөйлейміз?
51:36 Ұлтты жеккөруге болмайды
54:21 Семей полигоны туралы деректі фильм жасағым келеді
56:02 Role model адамға қалай әсер етеді?
59:43 Тарихтағы role model Қазақ әйелдері
1:07:02 Алаш интелигенциясындағы жігіттер партнерлық қарым - қатынаста болған
1:13:06 21 ғасырдағы role model әйелдер
1:15:14 Саясатта әйелдердің үні жоқ
1:18:58 Бишімбаевтің сотын ақша шешпейді
1:27:27 Анам желтоқсанға қатысқан
1:30:49 Айдентика туралы
1:45:47 Қорытынды
подкастты тыңдау:
Яндекс Музылка - music.yandex.ru/album/30286281
басқа платформалар - podcasters.spotify.com/pod/sh...
Подкаст жүргізушілері
Роза Әшірбаева / rozaashirbayeva
/ roza.coach
Әсел Налыбекова / asselnalybekova
Продюсер
Тамирис Кушалиева / tamiris.k
Әсел Налыбекова / asselnalybekova
Подкаст қонағы
Әлия Әшім / aliyaashim
Арт директор
Мирас Тыныштыков / miras.tynyshtykov
Motion дизайнер
Абылай Махамбеткул / abldouble
KZbin менеджер
Бекжан Нұрадин / bek10ay
Джингл
Yenlik / yenleak
Нуржан Абдолла / dln_music
Бренд менеджер Waffle
Диана Аманова / diamanovaa
Режиссер
Раушан Серікжан / raushan_serikzhan
Редактор
Жанерке Рахман / amatttis
Қоюшы-оператор
Дэн Берестовой / db_rus
Оператор
Саша Заец / sverhzaezd
Виктор Серов / serovvo
Екінші режиссер
Ерасыл Қайратов / ka1ratov
Дыбыс операторы
Алдияр Мусатаев / mmusataevv
Edit
Бейбарс Нурадинбеков / nuradinbekov_
Қойылым суретшісі
Нурсипат Маулетов / nursipatmauletov
Color
Асанали Исатаев / asan.color
Видеограф
Сая Аяпова / saya_ayapova
Make up & hair стилист
Екатерина Нам / kate_makeup_almaty
Стилист
Назира Аккесе / akkese
Ерекше алғысымызды білдіреміз
Асхат Мекебай / askhat_abu_muhammad
Эльмира Бакаева / elya_bakayeva
Подкаст демеушісі
Waffle by KEX Group / waffle_kex
#kozqaraspodcast

Пікірлер: 313
@moldirkoztokmaxanbet3943
@moldirkoztokmaxanbet3943 15 күн бұрын
Алия ханымға қазақ қыздарының атынан үлкен рақмет, қазақ тарихындағы қыздар орны туралы жаңа тарих жазып жатыр, жаңғыртуда. Барынша жан жақтан қолдау болса одан сайын жақсы болыр еді. АҚШ та оқып жүрген кезінде инстасына тіркелген едім, сонша біліммен 5 жыл күшті елде тұрып неге қайтып келді, ақымақ па деген едім. Себебі, шет елде еркіндік, мол табыс, жағдай, білім барлығы барғой. Мен қазір шет елде оқимын, оқуға келгенде Қазақстанға қайтамын деген ой мүлдем болған жоқ, себебі Қазақстанда тұрған, өмір сүрген қазір мен тұрып жатқан елден әлдеқайда қиын, ауыр. Саяхаттап, шет елге көшіп өмір сүрем деп ойлап едім… Алия ханымды көріп Қазақстанға қайта оралғаны қандай жақсы болған, бүкіл елге жақсылық жасап, ағартушылық, зерттеумен айналысып жүр. Менде ойланып қалдым, елге қайтқанда қалай елді жақсарта аламын деп. Осы кісілерді жақыннан танытып жатқан осы бағдарламаны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс ❤
@user-yf8ye6ti8y
@user-yf8ye6ti8y 11 күн бұрын
Жаным сол,кайтпай ак кой,барибир жаксарта алмайсындар,елимиз тубимен тенизге баткан
@aiXanym_
@aiXanym_ 15 күн бұрын
Әлияның киносына смело жинап береміз!!!
@user-ce1pd1cg8k
@user-ce1pd1cg8k 15 күн бұрын
Айелдермен осындай подкасттар тыңдағым келеді. Әйтпесе көбіне сұхбаттарда жеке өмірлеріне кетіп қалады...
@adwinner
@adwinner 14 күн бұрын
Жақсы подкаст тек 2 сағат 😂
@Nurguldushakanova
@Nurguldushakanova 13 күн бұрын
Әлия ханымның энергетикасы, өз ісіне махаббаты экранның арғы жағынан сезіледі. Патриотизм жаныңды кернетіп, тыныштық тапқызбай кетеді. Білуге, тануға, ғылымға құштарлығын артады. Осындай білімді әйелдердің қатарынан болғым келеді, өзімнің де үлесімді қосқым келеді!
@user-pp6ii1sk1c
@user-pp6ii1sk1c 15 күн бұрын
Әлия Әшім❤ Көрмей жатып лайк❤❤❤ Ол дегеніміз-Ұшқыр ой, шекарасыз көзқарас, бай тіл❤❤❤
@bkalimuratkyzy
@bkalimuratkyzy 14 күн бұрын
Әлияның бұрынға өмірдегі Жаны тарихқа танымал қазақ тұлғасы болды ма екен ой келді, бекерге Жаны бірдеңе іздеп жүрмеген шығар, кім біледі! Мықты қыз, өте білімді, 4 баламен осындай деңгейде болу батырлық, браво👏👍👍👍
@user-mx3pr6ox9v
@user-mx3pr6ox9v 14 күн бұрын
Әлия Әшімнен аларымыз көп! Жас қыздар осындай жандарды үлгі ету керек
@user-ix6em8sb4o
@user-ix6em8sb4o 15 күн бұрын
Әлия Әшім ❤❤❤, Роза ханым кімнен сұхбат алу керектігін білесіз ғой🤩🤩
@DEPUTAT_ZHULDYZ_SULEIMENOVA
@DEPUTAT_ZHULDYZ_SULEIMENOVA 14 күн бұрын
🟢🟡🔴Көп рахмет қыздар. Ортақ жұмыс, ортақ абырой, ортақ намыс. Подкасттарыңа табыс тілеймін👍👍👍
@ZhibekNabi_97
@ZhibekNabi_97 13 күн бұрын
Жұлдыз ханымды. Шақырыңздар өтініш. Мәжілістің аурасын сезінейік және бұл кісінің ой пікірін естйік
@kamilkva
@kamilkva 15 күн бұрын
Өте мықты Подкаст , шынында да Семей полигоны туралы түсірсеңіздер өзіміз жинап көмектесеміз. Бұрмаланбаған тарих көруге әрдайым қуаныштымыз.
@DinaraZholdas-os1mk
@DinaraZholdas-os1mk 14 күн бұрын
Осы подкастты корип, коп нарсеге кызыгу керек, зерттеу керек деп угындым. Озимди тук билмейтин сауатсыз адам сезиндим😢
@ays3791
@ays3791 15 күн бұрын
Сіздердей тұлғалардың біздің қоғамда болғанына рахмет!😍❤️
@zhadyra4459
@zhadyra4459 14 күн бұрын
Қалай күшті айтады әңгімені, нағыз көзі ашық, сауатты қыз екен Әлия👏👏👏
@user-bn9up6ht7t
@user-bn9up6ht7t 14 күн бұрын
Әлияның ісіне сәттілік, өнімділік, масштаб тілейміз✊️
@gettoos
@gettoos 15 күн бұрын
нағыз role model - дардың подкасты ғой❤
@perizatmyrzakhmet
@perizatmyrzakhmet 15 күн бұрын
Супер дәмді әңгіме болды. Рахаттанып отырып тыңдадым. Тіл-көзден сақтасын 😍
@user-ru9ey3it9z
@user-ru9ey3it9z 14 күн бұрын
Ақша жинау керек Семей полигоны туралы фильмге.
@aikerimtalgatkyzy8914
@aikerimtalgatkyzy8914 14 күн бұрын
Осындай қыздарды көріп, мотивация аламын, мен де бір пайдалы іс жасағым келеді қоғамға, қазақ халқына!
@2hanerke
@2hanerke 14 күн бұрын
Тамаш деңгейде подкаст болды. Әр айтылған ой- татымды, ой саларлық. Әлия Әшім журналисттің ютуб каналындағы біраз фильмдерін қарап шыққанмын. Сол кезде нағыз тарихи шындықты шебер жеткізілгенін көріп таң қалғанмын. Кермет еңбектеріңіз жана берсін 🎉😄 Сосын мен ойлаймын әр осындай жаңа дүниеге енді келген адамды(екінші спикер) алдырта салу, шеттете салу оңай шығар. Бірақ керсінше осындай сәтте қолдау керек. Сәттілік тілеймін. Барлығы әсте-әсте 👏👏👍
@malikova_talshyn
@malikova_talshyn 15 күн бұрын
Просто омг сөзім жоқ өте керемет , Алия Ашим алға баса беріңіз ❤❤❤❤❤не деген білім
@danagulbeibitbekova7596
@danagulbeibitbekova7596 9 күн бұрын
Подкаст ұйымдастырушы әр команда мүшесіне, қонақтарға көп рахмет! Істеріңіз алға баса берсін! Көрермендеріңіздің критикалық ойлау қабілеті арта берсін!
@juldyzakparova679
@juldyzakparova679 14 күн бұрын
Осындай сауатты, көзі ашық қонақтар көп болсыншы❤️👍
@user-ce1pd1cg8k
@user-ce1pd1cg8k 15 күн бұрын
Подкасттың тақырыбын көріп - туф, тағы да тек қана ене, бала, күйеу тақырыбында ма деп ойлап едім. Бірақ қателесіппін. Көп пайдалы ақпарат алдым ❤
@railya_proff
@railya_proff 14 күн бұрын
Көңілім жайланып отырғаны-ай! Қазақ тілі, тарихы, рөлдік модельдер, ой-толғау, бәрі-бәрі өте жарасымды, әдемі!
@user-ce1pd1cg8k
@user-ce1pd1cg8k 15 күн бұрын
Қандай жақсы тақырыптар, қандай ақылды әйелдер ❤
@user-dy9lc5rf6c
@user-dy9lc5rf6c 15 күн бұрын
Жаным, ақылдым , өте сауатысыз , ата-ана тәрбиесін мықты сезінген Әлия қыз, ұзақ ғұмыр кешіңіз
@AizadaSerikova
@AizadaSerikova 15 күн бұрын
Әлия Әшімді “Мәселеден” бері білемін. Экранға шыққан нөмірін сақтап алып, үлгі ретінде қарайтынмын. Ол шығаратын әр продукт және ол түсетін шығарылымдарды үнемі бірінші қарауға тырысамын. Роза ханымның командасы көп рахмет❤
@bkalimuratkyzy
@bkalimuratkyzy 14 күн бұрын
Маған Роза ханымның продюсері деп таныстырған мына қыз қатты ұнады! Сондай білімді, не деген керемет қазақ қызы, тоже браво, алға👍👌
@mylovelykitten1255
@mylovelykitten1255 12 күн бұрын
Шошаңдап, екіжүзділеніп Айдана редтің подкастарын тыңдай бермей осындай сауатты, байсалды, ақылды қазақ әйелдерінің подкастарын тыңдаңыздар❤ Роза коуч топ
@user-dc8do7xu3g
@user-dc8do7xu3g 7 күн бұрын
шошаңдап емес, түнгі өмір туралы да еркектен естіген дұрс, и көп ойландырады, себеьі келіншектер еркекке мама болп кетеді, измена жан жағымызда өте көп!
@user-dc8do7xu3g
@user-dc8do7xu3g 7 күн бұрын
шошаңдап емес, түнгі өмір туралы да еркектен естіген дұрс, и көп ойландырады, себеьі келіншектер еркекке мама болп кетеді, измена жан жағымызда өте көп!
@user-dc8do7xu3g
@user-dc8do7xu3g 7 күн бұрын
шошаңдап емес, түнгі өмір туралы да еркектен естіген дұрс, и көп ойландырады, себеьі келіншектер еркекке мама болп кетеді, измена жан жағымызда өте көп!
@user-rg3ot1le4l
@user-rg3ot1le4l 13 күн бұрын
Құбылыс жасайтын қазақ қыздарына мың алғыс.
@mereyassan4864
@mereyassan4864 13 күн бұрын
Әлия Әшім, инстаграммда 4-5 жылдык оқырманымын, Америкада жүргенде бақылайтынмын, осындай қазақ қыздарынын барына қуанамын❤️ жасай беріңіз🙌🏻
@Zhansosh
@Zhansosh 14 күн бұрын
Өте білімді және миды, жүректі қанағаттандыратын подкаст болды. Әлия бәрін тарих арқылы орын орнына қойды. Ойлау жүйесі ұнады
@aiymbegim5764
@aiymbegim5764 15 күн бұрын
Әлия крашиха ғой❤
@user-et5zk6yt2b
@user-et5zk6yt2b 15 күн бұрын
Керемет. Әлия Әшім мықтысыз
@user-ik2xg7fh5e
@user-ik2xg7fh5e 14 күн бұрын
Жарайсың Алия!!! Қолдаймыз сені! Асыға күтеміз фильмді
@AiymKairat
@AiymKairat 9 күн бұрын
Алия проявляет такую энергию и любовь к своей работе, что и через экран это ощущается. Ее патриотизм наполняет душу, вызывая желание знать больше, учиться и развиваться. Я тоже хочу быть такой образованной женщиной и внести свой вклад в дело, которое меня вдохновляет!
@user-vd1dr6ts5p
@user-vd1dr6ts5p 5 күн бұрын
Қонаев туралы деректі фильміңіз мықты! Бір адамды сан құбылтып, жан жақты ашып, керемет етіп түсірген екенсіздер! Жасай беріңіз Әлия Әшім! Жасай берсін қазақтың білімді қыздары❤
@aizhanarinova6950
@aizhanarinova6950 12 күн бұрын
Осы подкастты көріп, менің де денем түршігіп кетті. Әттен-әй, сіз сияқты role modelдерінің ертерек болмағаны-ай. Өзімнің де бірдене жасағым келіп кетті, өз үлесімді де қосқым келеді.
@ZhibekNabi_97
@ZhibekNabi_97 13 күн бұрын
Әкесіне рахмет. Оның ұстанымына
@azama1869
@azama1869 15 күн бұрын
Дайынбыз жинауга Семей полигонына ❤
@nazenaassyl4214
@nazenaassyl4214 15 күн бұрын
❤❤❤ Алия Әшімді сол АҚШ та жүргеннен бастап қараймын. Енді осындай деңгейге жеткеніне өте қуаныштымын. Роза Аширбаева как всегда на высоте 🎉🎉🎉
@user-pw5fb6uq8h
@user-pw5fb6uq8h 15 күн бұрын
Урааа керемет қонақ ❤ Роза, сапа үшін рақмет! Видео сапасы, дауыс бәрі жоғары деңгейде ❤❤❤❤
@LauraBazarbay
@LauraBazarbay 15 күн бұрын
Әлиямен анаонс шыққалы бері, көзқарастың каналына кіріп күнде қарайтын едім. Шыққанын көріп, алдыма 1 кружка шайымды алып қарауға кірістім ал.
@myrzakazy
@myrzakazy 9 күн бұрын
Алию Ашиму непрерывного вдохновения и энергии для создания документальных произведений, которые не только раскрывают важные темы, но и вдохновляют и изменяют мир к лучшему. 👏🏻
@user-oh7xb1hk1n
@user-oh7xb1hk1n 15 күн бұрын
Өте білімді қыз,+лайфхак кыздарымды білімді өсіруге. Бірақ мына кызды танымадым маркетолог деді ма ,сөзді көп бөледі екен
@user-iu3cw9pr3t
@user-iu3cw9pr3t 15 күн бұрын
Керемет, керемет, тамаша подкаст, супер, тек сәттілік ❤
@eldanadauletkhan3099
@eldanadauletkhan3099 15 күн бұрын
Өте тамаша сухбат ❤сіздерге рахмет❤
@user-lq4ln4it4p
@user-lq4ln4it4p 14 күн бұрын
Өте керемет подкаст болды қазақ қыздарының рол модулі болатындай қыздарсыздар Роза ханым,Әлия ханым ❤😍
@user-hi3zw6xu9r
@user-hi3zw6xu9r 14 күн бұрын
Қандай керемет сұхбат! Осындай Әлия мен Әсел сияқты қыздардың жерлесі болғаныма қуаныштымын. Мен Абай қаласынан. ❤💜💚💙💛
@Jazira17
@Jazira17 15 күн бұрын
Керемет подкаст. Мыкты кыздар көбейе берсін.
@user-od5so8qo7b
@user-od5so8qo7b 15 күн бұрын
Саламатсыздар ма, керемет өмірге керек ақпараттар алдым! Көп-көп рахмет
@yerym4928
@yerym4928 11 күн бұрын
Өзімнің көрермен ретінде ойымды айтатын болсам,подкаст күшті өтті.Әлия ханымның сөз саптауы,білімділігі барлығы тамаша!Тек бір “но” болып тұр. Сол жақта отырған жүргізушінің қонақты бөлуі…Айтар ойын түйіндеп түйіп болған соң барып,өз сөзін жалғастырса жақсы болушы еді. Роза ханым без комментариев топчик
@elmira.donbayeva
@elmira.donbayeva 15 күн бұрын
Балабақшада жұмыс жасайтын педагогпын, ол кісіні жақсы танимыз, сол кісінің еңбегі әлі айтылып келеді
@user-ni9em1is6q
@user-ni9em1is6q 4 күн бұрын
Роза грамотно жүргізіп отыр ❤ көбіне жүргізуші сөз бермейді келген қонаққа, сұрақ қойып оны ұйып тыңдай алу это перфект 🖤
@madinaabdimanapova5219
@madinaabdimanapova5219 13 күн бұрын
Өте сауатты сұхбат болды! Тәнтімін , Мақтанамын. Әлия ханым Қазақ болып туғаныңызға Рақмет!❤
@user-os7mc2of8r
@user-os7mc2of8r 8 күн бұрын
Қыздар істеріңе сәттілік,еліміз үшін еңбектеніп өз елімізге қызмет жасап жүрсіңдер,ең бастысы ұлттық тілді дамытып жүрсіңдер,мың алғыс еңбектерің жемісті болуына тілектеспін,
@user-jr3xk2qr6s
@user-jr3xk2qr6s 10 күн бұрын
Сестринство деген стратегия - қазақ қыздарын алға тартатын стратегия!!!
@user-ow3ut9mp7o
@user-ow3ut9mp7o 15 күн бұрын
Әлия Әшім 😍♥️ сіз маған сондай ұнайсыз😘😘😘😘❤️
@akmaraltoktagulova2526
@akmaraltoktagulova2526 14 күн бұрын
мен үшін осы заманның роль модулі болып жүрсіздер🤩 рахмеет үлкен👏🏻
@Gulsar87
@Gulsar87 15 күн бұрын
Бугін мен үшін үлкен бір тұлғаны аштыңыздар. Рахметт!!!!
@Safiyushaaa
@Safiyushaaa 14 күн бұрын
Керемет интеллектуалды әңгіме, осындай подкасттар көп болсын. Алия ханымға сәттілік, ақылына риза болдым!
@elmira.donbayeva
@elmira.donbayeva 15 күн бұрын
Нәзипа Құлжанова-мектепке дейінгі педагогиканы жазған ғалым, бірінші әйел кісі
@user-rx5ew5cs8s
@user-rx5ew5cs8s 11 күн бұрын
Өте керемет подкаст! Қыз баланы оқу танытуды Алашордалықтар тырысып баққан, дегенмен қазақ уақыт өте келе бәрі емес, бірақ көпшілігі қыз баланы көп шектеумен өткен. Ол әр уақыттағы білім мен ғылымның қарапайым халықтың арасында төмендігінен. Отағасы оқымай, оған тырыспаған кішігірім мемлекетте, сол үйдің ішіндегілердің білім іздеуіне қолдау бола бермейді. Айламен ғана аналардың оқытқаны болмаса, Әуезовтың да кітабында анық жазылған. Сондықтан, бұл сіздердің видеоларыңыз біздің жас қыздарымызға алтын сырға болып, ештеңеге қарамай жоғары биікке тырысса жақсы болар еді. Себебі қыздың тәрбиесі, бұл біздің ұлтымыздың тәрбиесі, көзі ашық, көкірегі анадан сондай болашақ тұлғалар қалыптасатыны бәрімізге мәлім дүние. Ұлтшыл не ұлтжан болуды, сол отбасының тәрбиесіне де байланысты…
@user-pn9oi2ui7k
@user-pn9oi2ui7k 15 күн бұрын
Қайырлы кеш! Қандай тамаша! Нағыз мотивация болатын, пайдалы ілім ала алдық леп ойлаймын! Өздеріңіздей қазақ қыздарының барына мақтанамыз! Роза ханым, осы подкастта Жанар Байсемізді көргім келеді, ол кісі де қоғамға кішігірім құбылыс жасап жүрген жандардың қатарында, айтар ақылды әңгімесі барына сенімдімін. Сіздерге үлкен рахмет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
@shynarmashirova
@shynarmashirova 15 күн бұрын
Роза ханым сізге алғысым шексіз! Ісіңіз алға баса берсін. Көзқарас подкаст менің білімге, дамуға деген құштарлығым арттырып жатыр. Әр подкаст жаңа білім, жаңа деңгей болып жатыр мен үшін 💜
@zhazirasauirbayeva8538
@zhazirasauirbayeva8538 5 күн бұрын
Осындай әңгіме айтатын жандар аман болсын!
@gulmiranigmet4906
@gulmiranigmet4906 12 күн бұрын
Құнды әңгіме, ақпарат, көзқарас! Рақмет бәріңізге!
@janeisame
@janeisame 4 күн бұрын
Әсел ханымның даусы қандай жағымды, өзін ұстауы… жаңа краш🫶🏼
@aizadaseidekhan226
@aizadaseidekhan226 12 күн бұрын
Бір деммен қарап шықтым ғой! Керемет Роза ханым! Мына подкастты барлығы көруі қажет 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@hanzadakuandykova9811
@hanzadakuandykova9811 12 күн бұрын
Керемет подкаст, үзбей тыңдадым. Осындай адамдардың арасында болғым келеді. Рахмет ❤
@user-go7jd8td6b
@user-go7jd8td6b 12 күн бұрын
Сәлеметсіздер ме Роза ханым өте керемет подкаст болған сізге респект Әлия ханымды аузымызды ашып тыңдадым тынбай бір демде көрдім 👍🏻👍🏻👍🏻 рақмет сіздерге
@user-lr5my1cr3q
@user-lr5my1cr3q 11 күн бұрын
Өте керемет подкаст🙏🏻 Роза ханым сізге үлкен алғыс айтамын. Бұрын бұл секілді пайдалы подкасттарды кездестірмейтінмін. Сіздің арқаңызда қыз баласы ретінде қаншама үлгі тұрар әйел адамдарды танып бастадым. Жас қыздарға Role model өте керек. Бұл біз үшін үлкен мотивация. Тоқтамаңыздар, шаршамаңыздар. Істеріңізге тек сәттілік тілеймін🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@ulzhaness
@ulzhaness 15 күн бұрын
Подкаст топчик🔥Бiрак Роза ханымнын соведущаясы уйласпайды. Перебивает, очень медлит и вставки не по теме🥲 Тындау невозможно.
@zhuldyzmukhtar
@zhuldyzmukhtar 7 күн бұрын
Иә, басқа бір оқиғаны айтып кетіп жатыр, сосын қонақтың айтып жатқан ойын ортасынан бөліп жіберіп жатыр, қонақтың ойы толық айтылмай қалды
@user-xd6vo5jf1k
@user-xd6vo5jf1k 12 күн бұрын
Алия Ашим сізден үлгі аламыз ❤шаршамаңыз ізденісіңіз мені қатты шабыттандырады😊
@azamatbakitov5598
@azamatbakitov5598 3 күн бұрын
Өте мағыналы, пайдалы подкаст болды 👍 Рахмет 🙌
@user-je9lw9er9w
@user-je9lw9er9w 12 күн бұрын
Өте керемет подкаст! Рахмет❤️
@user-ow8ix5mt5p
@user-ow8ix5mt5p 15 күн бұрын
Өте керемет пайдалы да, қызық контент бүкіл адамдарға! Рахмет Роза ханым және қонақтарыңыз өте сондай сапалы 🤍 ✊🏻
@kenzhegul1707
@kenzhegul1707 15 күн бұрын
Керемет, әсерлі подкаст болды✨ қыздарды көбірек шақырыңыздаршы🥹
@canera_dulugu1109
@canera_dulugu1109 15 күн бұрын
Әрине, қаражат жинауға қолдау көрсетеміз❤
@gulziralibaikyzy
@gulziralibaikyzy 7 күн бұрын
Керемет сұқбат болды! Әлия Әшім қызына тәнті болдым! Қандай білімді, көзі ашық, патриотка! Қазақтың осындай дана қыздары көбейе берсін! Әйел адамдардың қоғамда қашаннан да атқарған рөлдері көп болғанын білемін! 21-ғасырдың әйелдері даму, өсу жолында жүр. Бұл өте қуанышты жәйт! Мен де психолог ретінде қазақ әйелдерінің дамуына,өсуіне үлес қосып жүрмін Аллаға шүкір!
@user-ku9lp9gi1r
@user-ku9lp9gi1r 3 күн бұрын
Күштіі подкаст болды❤❤❤
@meruyerttnalina5403
@meruyerttnalina5403 15 күн бұрын
Күшті подкаст болды😍👍 Әлияның біліміне сөз жоқ😍
@user-dv1rc2zp4d
@user-dv1rc2zp4d 13 күн бұрын
Өте керемет подкаст!!! Рахмет сіздерге!!!
@user-ly5yk3if7x
@user-ly5yk3if7x 15 күн бұрын
Урааа😍😍 шыкты ау наконец то🎉
@user-jr3xk2qr6s
@user-jr3xk2qr6s 10 күн бұрын
Керемет шығарылым! Жүректі қозғап тастады Алия👍👍👍👍👍👍👍
@saltanatamrenova3237
@saltanatamrenova3237 14 күн бұрын
күштііі подкаст👍🏻👏👏👏
@gaugarkagazbaeva9467
@gaugarkagazbaeva9467 15 күн бұрын
Керемееееет, еңбектерің табысты болсын 🤲🏻
@user-wb6wo5ri2o
@user-wb6wo5ri2o 14 күн бұрын
Көңіл босап отыр, көзден жас кетті(импат болу қиын)Мен әрқашанда ойлайтынмын қазақта білімді, саналы ойлай алатын *неужели* бір топ қыз жоқпа?,деп. Әлияға жазылғаннан кейін көз ашылды.Бізде олар көп болған және де мен білгенмін, сезгенмін Алаш зиялылары прогрессивті болғандарын, ол кісілердің role model қазір біздің қоғамға дұрыс жету керек! Әлия ға респект! Және Әлия біле жүріңіз сіз қазіргі біздің ұрпақтың Назипа, Аққағаз,Ғайнижамалысыз. Таудай талабыңызға нұр жаусын, айтылған мақсатыңызға жетіңіз!🔜
@user-hk2pc4ye3s
@user-hk2pc4ye3s 15 күн бұрын
Керемет!!! Козим ашылып, журегим тарсылдап кетти! Кадимгидей асер алдым! Оте продуктивный подкаст!!!!! Тагы тындпгым кеп тур!!!!
@user-ku7oi6kb3b
@user-ku7oi6kb3b 15 күн бұрын
рахмет сиздерге❤
@inabatnurzhan2905
@inabatnurzhan2905 4 күн бұрын
Мәәәә мықты мықты, қазіргі заманның Аққағазы ғой Әлия. Мақтан тұтамын!
@Qazaqtin-aqin-qizi
@Qazaqtin-aqin-qizi 14 күн бұрын
Қазақ елінде қазақша тілде сөйлейтін адамдар көбейсе екен😍😍😍 керемет сұхюат
@user-hq4qq9wl1w
@user-hq4qq9wl1w 13 күн бұрын
Керемет подкаст болды 🔥😍😍😍
@aibalaasarbaeva5124
@aibalaasarbaeva5124 14 күн бұрын
Рахмет сіздерге! ең керемет подкаст! Үзбей қарадым! Әлия Әшімді тыңдап өзіңнің әйелдік рухың көтеріліп, ертен тік тұрып тау қопаратындай күш аласың!!!❤❤❤ Әр бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз!✊🏻✊🏻✊🏻
@Aikaaa006
@Aikaaa006 4 күн бұрын
Өмірімдегі көрген ең әдемі подкаст😊
@user-tz1cs4fo7q
@user-tz1cs4fo7q 13 күн бұрын
Қызық екен... Неге осындай қызмет қылған әйелдердің ұрпағы олар туралы зерттеп жазбаған?
@user-kf7ji4qt2m
@user-kf7ji4qt2m 2 күн бұрын
Не деген #көзқарастар😍✊✊✊👏👏👏super
@user-oy9th3gj5f
@user-oy9th3gj5f 14 күн бұрын
Мықты мықты сұхбат❤ қацта қарауға дайынмын❤ қазақ қыздарына алғыс❤
@user-zl1hv1id9j
@user-zl1hv1id9j 15 күн бұрын
Күшті, шын мәнінде қоғамға пайдалы бір нәрсе жасау - азаматтық позицияның орындалғаны шығар
@user-ko3xc5wt4y
@user-ko3xc5wt4y 13 күн бұрын
Мя бомба подкаст болды . Мыкты ангиме болды. Биз билмитын коп такырып айтылды. Кандай кинолары бар кайдан коргуе болады . Жазыныздар коремиз. Барин. оте жаксы жоба подкаст мен корген топ 1. Жарайсыздар.
Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм
42:14
Nukte / Нүкте
Рет қаралды 162 М.
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
skibidi toilet 73 (part 2)
04:15
DaFuq!?Boom!
Рет қаралды 24 МЛН
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ / Ақша туралы Ащы Шындық | Роза Аширбаева
1:21:24
Қораға Кірдік show #1 | Juzzefina & Шәріп Серік
1:12:54