Айкерімнің болмысында, сондай терең ақыл, және даналық бар. Сырт көзге өте нәзік көрінгенімен, ішінде орасан күш қуаттың қайнар көзі бар. Жанары өте ойлы. Бақытты бол Айгерім! Адияның қызығын көре бер.
@uldanaymukhan614 Жыл бұрын
Аллаға шүкір! Мен Астанада тумай, Шымкентке кеттім. Туған сон қарайтын адам болмады. Босанған соң Шымкентте енем мен абысыным мені әбден күтті. Алла разы болсвн. Абысыным бөлмеме тамақ тасыды, 40 күн бөлмеден шығармай күтті. Қиналған сәтте мені әйел ретінде түсінді❤
@МайраЕженхан-щ1и9 ай бұрын
Жас анаға қолдау көрсету керек дегеніңіз өте дұрыс, шамалы өз қалпына келгенше,...
@ГульзатАдиевна-к4ш10 ай бұрын
Мен 3-ұлымды крупный плод болып түнгі 12:00 жалғыз өзім тудым. Палатаға әкелді, 33:45 Сол кезде есімнен кетпейтіні түнде пол жуып жүрген өзбек әйел қанты жоқ кружка ыстық шай әкеліп берді. Сол шайдың дәмі.....рақмет сол апайға. Сол ұлым 19 жаста
@sergeisergei7643 Жыл бұрын
Өте жақсы жан екен. Өзім 4 рет жүкті болып, 3 рет әдемі босанып, 4 ота болды. Наркозда қаланы аралап ұшып: "мен кіммін?"-деген сұрақ мазалады. Кейін есім кіріп, босанған әйел екенімді түсіндім. Бірақ сол жанымның шырылдап жүргені әлі есімнен кетпейді. Ия, жан тапсырда, адамның естеліктері жойылатыны сонда маған ақиқат болды. Аллаға шүкір тірі қалып, Айым деген асылымды 6 жасқа аман-есен аялап, Алладан бақытты ғұмыр тілеп отырған жайымыз бар. Жүкті әйел 2 дүниенің ортасында деген ұғымды өз басымнан кештім. Сіздерге бақыт пен табыс тілеймін қазақтың алтын қыздары, ұрпақтарының қызығын көруге Алла нәсіп етсін🤲
@gaukhar_kozhamkulova Жыл бұрын
Менің енем айтады, үкімет 3 жасқа дейін тегін декретте отырсын демейді, жұмыс табылады, бала табылмайды деп балаға қанығып баланы қарауды алға қояды. Қанша жерден заман сондай дамыған, аналар да сондай дамыған болуы керек болса да, ол кісі құнарлы сорпа тамағыңды тойып іш, жуынып-шайынып жылы жүр, баланы қалағанынша қандырып еміз, 3-ке дейін қарап, сосын садикке үйретіп, бала ортаға үйренген соң жұмысқа өзің-ақ барасың деп айтып отырады. Шынымен екен, няняға баланы қалдырғанша, баланы өзің қанып баққан жақсы екен, бала өскенде балада да обида болмайды, анада да чувство вины болмайды. Мен 1 жас 1 айында 2 жылға қалдырып оқуға кеткем, қазір ұлым 8-де, психологқа жүгінуге тура келді. Сондықтан, аналар, асықпаңыздар, ешнәрседен қорықпаңыздар, аналық еңбек, әкелік мейірім еленбей қалмайды, кейін бұйырса үйіп-төгіп қарымтасын аласыздар❤️🤲
@akmarals1718 Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз, алдында бір декретница 6 айдан кейін жұмысқа шығып мақтанып жүр. Әрине, әртүрлі жағдай болады, ақша керек, бірақ баланың қайталанбас сәттерін бірге көріп өткізу маңыздырақ
@gaukhar_kozhamkulova Жыл бұрын
@@akmarals1718 иә, әртүрлі жағдай болады. Алла әрбір анаға баласының иісін иіскеп, бала тілі шыққанша анасының тәлімін алуына мүмкіндік берсін🤲бірақ ешқандай мансап, ешқандай ақша, ешқандай қалыптастырған орта мен қызметтік жетістік бала дамуындағы, бала мен ана арасындағы байланыстағы бос қалып қойған орындарды толтыра алмайды екен. Балаға бүкіл Әлем - анасы екен, ол Әлемінің ішінде бірінші орында бола алмаса - жалтақ бала содан бола ма деп қалдым. Балаға ешнәрсе керек емес екен. Анасымен байланысы тығыз болса, ананың мейірімі қызылды-жасылды ойыншықты да, тәттілер мен басқаларды да орнын баса алады екен. Барлық бала ата-анасының қанатының астында, жылы алақанында өсуді нәсіп етсін🤲❤️
@farizaraybekova24 Жыл бұрын
Ия дурыс айтасыз. Мен тунгыш кызымды босандым 11 ай. Аллага шукир. Декретте отырмын кызыма карап. 3 жыл шыгатын ойымдада жок. Кызыма карап уйден заказ жасап шукир акша да тауып отырмын
@mairamaira-1382 Жыл бұрын
Өте орынды айттыңыз. Менде сол 3 жасқа дейін отырамын деп шештім. Жұмыс табылады 😊
@altusha99 Жыл бұрын
Өте әсерлі подкаст. Әйкерім ханым әдемі, өз-өзіне сенімді, даусын есту бір ғанибет, тартымдысыз. Үлкен бақыт тілеймін ❤
@oralbekotegulov1992 Жыл бұрын
Мынадай әңгімені көргенім орынды ма, орынсыз ба, ол жағын білмеймін. Бірақ сұқбаты маған қатты ұнады. Өте шынайы шығыпты. Кезінде Айгерім ханымның курсына қатысқанмын. 2018 жылы. Күйеуі екеуі бірлесіп өткізген. Өте жарасымды жұп еді. Ажырасып кеткендері өкінішті екен. Айгерім қайда жүрсе де мықты маман, мықты адам ғой. Сәттілік тілеймін!.
@bagzadamaratovna Жыл бұрын
👍
@РайкульКушербаева10 ай бұрын
Айгерим коз алдымда Остин мамасвнын касында журети сауда жасап Мамасы Гулсара оте керемет адам еди иманды болсвн Жаным сол даусын сол кулкин сол турин аман болшы
@ЗайраЕржанова-щ3г Жыл бұрын
Әйгерім Есенәлі керемет адам, жан-жақты,тереңнен бойлайды.Сізбен жаңа сұхбатты күтем.Бақытты болыңыз!Қызыңыздың қызығын ғана көріңіз🥰
@nazyrajan Жыл бұрын
Подкасты көріп отырып жылап алдым ❤ Әйелді әйелден артық кім түсіне алсын?.. Жүктілігін жасыруы - өз таңдауы, бңз неліктен ол таңдауға қарсы келуіміз керек? "Суррогат анамен босанды" деп қысым көрсетуі дұрыс емес болған оқырмандардың. Жаңа босанған әйелге ең керегі - жылы сөздер, қолдау емес пе?❤❤❤❤❤ Расымен де, адамнан адам шығу оңай емес. Прямом смысле "шашылып қаласың"😭 Жаңа босанған әйел "полный капитальный ремонтты" қажет етеді. Өмірге білдей бір адам әкелген анада проблема шаш етектен. Тісің түседі. Шашың ол уыстап түсіп жатады. Органдарың "салеймалейкум" болады. Қарның "ашыған қамыр" болып ол тұрады, артық салмақтан арылу оңайға түспейді. Киімдерің сыймай ол тұрады, жаңасын алайын десең "үйде отырсың ғой, киім не керек" дегенді естисің. Дәрумен, анализдерден бастап өзіңді ретке келтіру қаншама қаржы. Денсаулығыңды күтуге ешкім ақша бермейді. Сосын өзінің мына өмірде бар екеніңді ұмытып, баласы үшін өмір сүре бастайды көп ана. Өзім де сөйттім. Қай кезден бастап: "Балам ішсін", "Балам етсін", "Ой маған осы да болады" деп кеткеніңді де білмей қалыппын... Әдемі болып жүруді, жарасымды киінуді айтпағанда, ментальдық жағынан да, физикалық жағынан да сау болып жүру үлкен еңбек пен ресурсты талап етеді. Осындай кезде жақындардың қолдауы, көмегі аса маңызды ❤️ Біз де біреудің әлпештеген баласымыз ғой, сондықтан біз өзімізді-өзіміз қолға алуымыз керек 🙏 Өзімізге деген махаббат пен жанашырлықты ешқашан ұмыт қалдырмауымыз керек екен ❤️ Сосын әйелдер қауымына әйелдер тарапынан үлкен қолдау көрсете білейікші🙏 Әсіресе, жаңа босанған әйел қолдауға зәру ❤️
@nazyrajan Жыл бұрын
Жып-жылы подкаст ❤
@ИндираАсанбаева-й4ь Жыл бұрын
Саламатсыздар ма.Айгерім ханымға рахмет.Өте шынайы сұхбат болды.Әсіресе ана мен бала арасындағы байданыстың мықты болуы үшін өзіме кереккті ой түйдім.Ажырасқаннан кейін қызына әкесін мақтан ететіндей дәрежеде бұрыңғы күйеуімен достық байланыс ұстау өте жақсы ңәрсе.Әйелдің жанын әйел түсінеді дегені өте орынды.Әйелдің жаны тыныш болса, әлем тыныш.😊❤
@kulaizhumagalieva7306 Жыл бұрын
Бәрінен де сондай қиындықпен әкелген бала сау болсыншы ❤
@mysecret. Жыл бұрын
Күшті жазыпсыз, прям шындық бәрі❤
@ЛяззатАширбекова-н2д Жыл бұрын
Күйеуің сол сәтте тастап кетсе, это вообще болады екен. Барлығы сынақ деп қабылдайықшы.
@ЖеняДанилова-й9х9 ай бұрын
Өте керемет подкаст. Айкерим ханымды жаксы коремин, бурыннан тындаймын, дауысы оте адеми, ойы терен. Даусын кунде естип жаттап алган адамга мынау подкастты тындау оте киын болып тур, ее голос прерывается, обрывками, или микрофон или студия не знаю в чем проблема, но слух режет и не возможно не напрягаясь слушать.
@АйданаЖұман-э8к Жыл бұрын
Терең ойлар айтылған бағдарлама болды. Айкерім Есенәліні басқа қырынан таныдым. Адекватты саналы адамдардың сырласуы болды. Рахмет көп көп. Бағдарламадан түйгенім: Көптеген тренингтен: Жүрек үнін тыңдау мың есе көп көмектеседі,-дегені шын рас. Әр бір адам жеке тұлға оның әр бір гені өзі үшін жұмыс жасайды, өзі туралы өзгеден көп біледі. кемел адам болудың құпиясы осы.
@Боби-ъ4м4 ай бұрын
АЙГЕРИМ ТЫ ТАКАЯ КРАСИВАЯ И МИЛАЯ УМНИЦА ЕЩЕ СИЛЬНАЯ ДУХОМ. КАК ТО В КОММЕНТАРИИ ПИСАЛИ О ВАС ПЛОХО НЕ ЗНАЯ ВАС ПРОШУ ПРОЩЕНИЯ .Горжусь что такие у нас девушки есть . Просто будь счастлива . Чтобы у вас нще были детки здоровые и был достойный мужчина до 100 лет рядом с вами❤
@КунсулуКумбаева-м5ъ Жыл бұрын
Қазақтың ұшқыр ойлы, сөзге шешен, әсем де ашық осы екі қызына тек қана сәттілік тілеймін!
@НурлыкызЕлтаева8 ай бұрын
Айнұрдың әкесі Ауғанстан адамы,бәсе неге келбеті басқаша деп ойлаушы ем.
@ГаухарСайлаукызы-щ3л Жыл бұрын
5 ұлым бар , үлкенім енді 18 ге толды , күйеуім былтыр қайтыс болды , не атам , не енем , не күйеуім жоқ , бірақ аллаға шүкір ұлдарым өөте тәрбиелі , еңбекқор болып өсіп жатыр , осы темпте жүре , өсе берсе екен деймін , мотивация осы ұлдарымнан 😊
@ГулнурМаштакова Жыл бұрын
Айгерімнің босану кезіндегі әңгімесін тыңдап отырып, өзімнің тұңғышымды дүниеге әкелген күнім есіме түсіп кетті. Өте ауыр босану процесі болды. Баламды алып шыққаннан кейін ол жыламады. Жүрек соғысы аз, тыныс алу жоқ деді. Сол жердегі педиатр дәрігер кислород беріп, тыныс алуды қалыпына келтіруге тырысып жатты. Бірақ болмады. Сол кезде ," тез реаниматологты шақырыңдар деп айқайлайды". Сол сәтте жүрегім соқпай қалатындай қорқыныш болды. Детский реаниматолог тез келіп баланы аппараттан жұлып алып, менің кеудеме салды. Үстімізге көп одеяло жауып жатты. Бір екі секундтан кейін балам " Уф" деп алғаш демін алды. Сол кезде Ана мен бала арасындағы шексіз байланысты сездім. Ол байланыс өмір бойына болады. Осы жақында бір керемет мақала оқығанмын. Бала жатырда жатқанда анасының ауыратын жерін емдей алатын құдіреті бар екен. Ана мен бала байланысы мен махаббаты мәңгілік.
@aigulummalik1107 Жыл бұрын
Жылаттыныз(((
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
@@aigulummalik1107мен де оқып біткенше аман ба деп жағымды шүберекке түйіп йдім ау
@perrrssseida Жыл бұрын
Қалай керемет. Ана мен баланың байланысы шексіз.
@АхметИмашев-ч2и Жыл бұрын
Дурыс айтасыз шынында бала анасын емдей алатын кудырети болады екен.Аягым ауыр кезде ковид, пневмония 77% ауырып олим аузынан калганмын.
@farizaraybekova24 Жыл бұрын
@@АхметИмашев-ч2и менде аягым ауыр кезде ковид болганмын. Шукир женил отти. Вакцина алганмын еще бурын
@СандигулКаракозина5 ай бұрын
Айгерім әңгімең тәтті-ақ қызыңмен болашақта Бір өзіңе ұнайтын жар жолықсың қызына әке болатын нағыз Ақ жүректі иманды, салмақты ер мінезді адам жосықсыз.Сол кезде бәрі жақсы болады бірге бақытқа қол жеткізіңдер жүректер Нұрлы Бақытқа толсын.Бақытты болыңдар деп тілеймін❤😍👀💕👍🙋♀️🙏🥰😇🤗
@nazyrajan Жыл бұрын
Әйкерім десе Әйкерім ❤️ Әйкерім де Ануар да әріптесім, медиа саласында жүрген талантты журналистер ❤️ Әрине, екеуі өте әдемі жұп болды және ажырасуы көп адамға ұнамады. Себебі, біз тек бергі картинаны көрдік. Біздің көзімізде бақытты сияқты көрінген соң, ажырасуын қабылдау қиын болды. Әдемі жұптың екіге кетуін қимай қалғанымыз рас. Бірақ, біз орталарында не болғанын білмейміз ғой. Сондықтан, біздің көзімізде емес, өз түсініктерінде, өз адамдарымен, құндылықтары сәйкес келетін, бір-бірін түсіне алатын жұп құрып, бақыты болуын тілеймін ❤ Бастысы, шынайы бақытты бақытты болса болғаны 🙏
@БекзатАйдарбеков-й8г3 ай бұрын
Казир озим анамин шукир немерелерим бар ,бирак Айкерим кызымнин ангимесин тындап калай жылаганимди билмейм ериксиз козден жас парылдап келди Айналайын Айкерим жерлес кызым оркенин оссин Алла узак омир мен денсаулык берип Адия сулу балапаннин тек куанышын кор деймин Алла барлык арман ниетине жеткизуди насиб етсин
@ЖаннаАймакаева-л3ч Жыл бұрын
Начала учить казахский, очень рада качественному контенту. Несколько плюсов: изучение языка,интересная информация! Благодарю!❤
@БалботаКожегальдина Жыл бұрын
Сұхбат басқалардан ерекше болды. Жасандылық болған жоқ. Бұрынғы қонақтардың сұхбатын да көрдім, бірақ Әйгеріммен сұхбат жайлы, “по душам” , құрбыңмен сырласқандай әсер аласың. Нәзік даусы да , айтқан терең ойлары да ұнады. Әсіресе ажырасқан ата-аналар арасындағы қарым-қатынасы көп адамдарға үлгі болар еді. Бұрынғы жолдасының беделін түсірмей, бір жаман сөз айтпай эфирді абыроймен алып шықты. Өз ісінің маманы, үлгілі ана екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы жолы Айнұр ханым да қонақтың сөздерін ұйып тыңдады. Сабырлы, жайбарақат күйде отырдым😘❤️ Әке-шешем мен 4-5 жасқа келгенде ажырасты. Тоқсаныншы кездердің дерті ащы судың кесірінен жас отбасы айырылысты. Нағашыларым өсірді, шүкір. Бірақ “әке” тақырыбы үнемі табу (под запретом) еді. Өзімше күнделікке әкеге деген сағынышты жазатынмын. Бірде әжем оқып қойып, қатты сөздер айтып, менен көңілі қалғанын айтты. Оны да түсінуге болады. Қызының жүрегін жаралаған, ұрып-соққан адамды кешіре алмасы анық. Бірақ мен жақсы естеліктерді жадымда сақтағым келіп, әке махаббатын аңсадым… 11 жасымда әкем қайтыс болды. Жылаған жоқпын, қайта қуандым… Енді балалар “Әкең қайда?” дегенде “Қайтыс болды…” деп айтарыма қуандым. Ол тірі, бірақ бізді тастап кетті, көмектеспейді, ақылы кіріп, отбасын қайтарып алуға тырыспайды дегеннен “өлді” сөзі жақсы болып тұр ғой сол кезде… Мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбай 30 жасында өте ерте қайтыс болды. Ажырасу бәріне бірдей оңай берілмейді. Анам да әке-шешесінен қаймығып, әке туралы жөнді, жақсы сөздерге сараң болды. Мен есейгенде ғана :”Әкең секілді өнерлісің, сұлусың” секілді жақсы сөздер айтып, жүрегімді жібіте бастады. Мен де, ол да кешірдік. Анам сүйеу болар жарын сағынса, мен қамқор әке махаббатын аңсадым… Қазір тұрмыстамын, ұлым бар. Шүкір🙏 Әкесі мен баласы екеуі көбірек уақыт өткізгенін ұйымдастырамын. Балам үшін Әке-асқар тау болғанын қалаймын. Мектепте әкелерінің мойнына асылған балаларды көріп, қатты қызығатынмын. Есімде тек бір кездесу қалыпты. Дүкен аралап, әдемі тоқылған раушан гүлдері бар ақ күрте әпергені. Сол мен үшін өте құнды естелік… Өзім қазір мұғаліммін. Кейде балалардың оқу үлгерімі, тәртібі нашарлағаны отбасындағы жағдайға тікелей байланысты екенін жиі аңғарамын. Әсіресе ажырасу болса, бала тұйықталып, не болмаса керісінше сабақ оқымай, тәртіпке бағындай мінез көрсетуі басталады. Сонда саналы отбасылар балаға көңіл бөле бастайды. Өкініштісі ондайлар аз. Өздерін ойлап, баланың әлемінде не болып жатқанда шаруалары болмайды. Баланың үлгеріміне мұғалімдерді кінәлайды. Кейде сыныптың әлеуметтік паспортын толтырғанда отбасылық жағдай анық болмай тұрады. Сондайда ата-аналардан тікелей:” ажырасып жатырсыздар ма?” деп сұрауға да қысыламын. Баланың төлқұжатын өзгертіп, біресе әкесінің аты бар, біресе жоқ болып… ол жерде де деликатно сұрау керегін кейбір әріптестер түсінбейді ғой… Сөзімнің түйіні: Өмірде жолдары, көзқарастары бөлек жұбайлар болса да осындай саналы отбасы моделін сақтап қалуға тырысса екен. Баланың есінде бақытты әке, бақытты ана қалса екен…
@АккагазАхмежанова10 ай бұрын
Ой ,осы қатынды ұнатпаймын , мияулап , жасанды дауыс. Сары маса сияқты.
@Акбота-ч4у Жыл бұрын
Әйкерімді бұрыннан тыңдаған кісілер қазіргі микрофонға мән бермес еді, ол техникалық ақау шығар, бірақ жүректен шыққан дүниені тыңдау, сезіну, айтылған дүниені ұғыну, өмірге деген өз көзқарасыңа жаңашылдық енгізу үшін кедергі емес деп ойлаймын(менің ойым). Ажыраса отырып осынша кемелдікті, екіжақты түсіністікті қалыптастыру біздің қоғамда оңай шаруа емес. Сәттілік серігіңіз болсын Айкерім!
@АйданаСайлаубай-ф6к Жыл бұрын
Босану өте ауыр тема, босану туралы айтылса міндетті түрде жылаймын. Солай өмірге келген балапандарымыз аман болсын. Бірде жазып едіңіз, екінші бөпемді қызым 3-4 жасқа келгенде өмірге әкелгім келеді, тура менің ойымдағыдай болды. Енді сол бұйырса екінші бөпелі болуыңызды шын жүрегіммен тілеймін.Сізге сәттілік,жұмысыңыз жемісті болсын.
@aigerymaldabergenova1456 Жыл бұрын
сыртынан мықты әйел көрінгенімен , ішінен қандай әлсіз екені көрініп тұр, ішкі жан дүниеміз өте ұқсас екен❤🥺
@НаркизаМолдиева Жыл бұрын
Всегда с ужасом вспоминаю свой послеродовой период. Первые месяцы я никак не могла сомкнуть глаза, боялась что с ребенком что-то случится. Иногда хотелось просто выйти на улицу и не возвращаться домой, часто стояла под душем и задумывалась о жизни. Эмоции ежесекудно менялись, то хорошо мне, то становилось одиноко, порой рыдала просто так. И спасибо мужу, который после моих признаний о том, что мне тяжело, просто взял ответственность за меня и за ребенка. Забирал ребенка к себе на диван и буквально заставлял меня поспать спокойно.
@АмангулТолеугаликызы Жыл бұрын
Послеродовой депрессия болгансыз чуть панический атака дал сиз айтып отырғаныңыз менім бірінші родымнан кейн болды. Оте ауыр род болган. Санаға психикага нервка асер етип посознание калад екен.
@budur1091 Жыл бұрын
Надо щитовитку проверить у вас думаю. Смена мыслей и настроения это гармоны
@svetlana_8629 Жыл бұрын
Жүрекке өткен сұхбат болды.Қызым мен жасаған қателікті жасамаса екен деген жерінде,өзімді көрдім.Елге ұнау үшін оларды ренжітіп алмау үшін үндемеу т.б Үш жыл Психологпен жұмыс жасап,өзіммен жұмыс жасаудың арқасында өзімді тыңдауды үйрендім.Адамдар айта береді өйткені бұл өмір.Олардың аузына қақпақ қоя алмайды екенбіз.Мен казір ондай адамдармен қарым-қатынасты үзем,тыңдамауға тырысамын.Ең бастысы өзіңді құрметтеу,сыйлау!Тұрымыста болған кезде де,күйеуім мен енем,туыстарыма жағу үшін өзімді жоғалттым.За то ешкім мені көрмеді,естімеді.Қазір қарап отырсам сонша "жертва" болғанмын деп өзіме айтамын.Қазір ажырасқаныма 13 жыл болды.Кеткеніме қуанамын.Екі балам менің бақытсыз Ана екенімді көріп өссе олар да,өздерін Анамыз өзін сыйламайды деп өсуші еді.Балаға бақытта Ана керек. Барлық Қыз бала,Әйелдер бақытты болсыншы!
@Aisss.abdula Жыл бұрын
Какая приятная и в то же время глубокая беседа😍 Всегда было приятно слушать Айгерим, очень теплая аура☺️
@АйнурКиргизбаева-ч3е Жыл бұрын
Таңғы сағат 5:19... Осы сұхбатты көремін деп жүргелі 24 сағат өтіп кетіпті, қазір балапанымды емізіп отырып көру бұйырыпты.... Өте керемет ақпараттар, методтары, стратегиялар алдым өзіме БАЛА ТӘРБИЕСІ бойынша... Көп сұрақтарға жауап алдым... Менде мәселе туындаса бірден ДЕТСКИЙ ТРАВМАҒА көшіп сол жерден іздеп жауап таппай жүретін едім, қазір түсіндім, запрос жасап шешім іздеу керек екенін... Тек даусыңыз үшін тыңдайтын едім, өте қатты ұнатып қалдым, тұлға ретінде... Рахмет🥰🥰🥰
@ЖанТ-ч1щ Жыл бұрын
4 балам бар, 3-кызымда осындай жағдай болды, 10 палец ашық, бала келмейді. Толғақтан шаршап кеткенмін, уже на стенку лезу, кесіп алыңдаршы деп жалындым соңында. Врачтар келіп қарап, кесерево жасаймыз операцияға дайындаңдар дегенде, бала бері шығып, өзім босандым. Кейін врачтың айтқаны, осындай жағдайда операция десе, бала қорқып өзі шығады деді. Қызым мінезі қырсық, сол қырсықтығынан шықпады-ау деймін. Айтпақшы бүгін туған күні 21 жасқа келді, бақытты болашақ, адал жар тілеймін балапаныма! Қанша қиындық көрсекте, ұмыттыратын ұмытшақ ауру ол ананың балаға деген шексіз махаббаты!!! Айгерімге де ана бақытын, әйел бақытын тілеймін!!!
@Jjado Жыл бұрын
Керемет сұхбат. Айгерім расында біраз өсіпті, өсіпті дегенім, салиқалы әйел ретінде, ана ретінде... Басқаша көзқарас қалыптасып отыр Айгерімге. Көп рахмет!
@ЛаззатЖусипбекова-у8к10 ай бұрын
Айкерим ханым. Бакытты болыңыз. Сіз кателік жасамадыңыз. Сиз өмирге акылды кыз акелдіңіз.оте шынайы жауап бердіңіз. Соңына дейін кордим. Куйеуін бир жамандамады. Кызыңыз бакытты болсын. Адамнан адам шығу оңай емес. Айел бакытын жүргиздіңіз.. Лайла Сұлтанкызымен. Сизди оте жаксы коремин
@altynbegimova4095 Жыл бұрын
Салееем мен осы Подкатсты бірінші рет көруім Айгерім парақшасы арқылы көрдім прям супер сұхбат болды прям кішкентайм колики кезінде менің состояниемнен болғанба деп инсайт алдым қанша бала тудым 11 құрсақ көтерсем де колики осы балада білдім мен барлық сұрақ бойынша Айгерімнің жауабын естіп әр түрлі эмоциялар келді менде қыз көп шүкір әкесіне Айгерім жолдасына қойған сұрақты менде жолдасыма қоюым керек екенін түсіндім
@ingkaerzarlykhan8560 Жыл бұрын
Расында, дұрыс айтады. Алғаш ана атан, мейлі 5-ші балаңды босансаң да өмірге адам әкелу оңай емес. Осы ретте махаббатыма рақмет айтамын. Еш қиындық көрмедім🙏🏻❤ Баланы түнімен өзі қарады. Колики аса бізде болмады. Түнімен қолында ұстап, иіскеп жүріп ұйықтатты. Мен демалдым🙏🏻 Аллаға шүкір🤍
@КарлыгашРахимова-л1ш Жыл бұрын
Қазақтың қыздары бақытты болуға лайықты. Айкерім де, Айнура да нағыз ана деген атқа лайықты жандар. Мен қырыққа келсем де осы “әңгімеден” бала тәрбиесіне байланысты жақсы инсайттар алдым. Рақмет! ❤ “Не аламын өзіме?”-деген сұрақпен көрген едім. Керемет🇰🇿✊👍
@cdsg56084 ай бұрын
Әйгерімнің өте сауатты, жан- жақты саналы, даналығы мен парасаты мол екенін байқап риза болдым. Алла бағын ашсын🤲🏻
@tursynaymyrzabekova1858 Жыл бұрын
“Көзі жанып тұрған тұлғадан, мықты ұрпақ туары анық”. Қазақ еліне Сіздің мықтылығыңыз дарыған ұрпақтар көбейгеніне тілекшіміз! 🫶🏻✨
@СалтанатЧингизовна Жыл бұрын
Әйкерім жарайсың👍 сондай нәзік сонымен қатар сондай мықты қызсың 🥺 әбден жыладым,2 қайтара көріп,тыңдадым💔 Негізі Ануар екеуіің күшті,жарасымды,бір-біріне қатты ұқсайтын жұп едіңдер🥺💔 бірақ амал не Хайырлысы осы болар... Әрі қарай саған шын әйел бақытын,ана бақытын тілеймін!!!🤲 Көпке үлгісің,жасай бер жаным! Бірақ😀 шашынды бір кездері ұлдарша кесіп тастағаныңда мен сенің парақшаңды қармай кеткенмін😌 енді ол сен үшін тәжірибе әрі сенің таңдауың😏😏 дегенмен қыз балаға қыз сияқты жүрген дұрысырақ сияқты.... ойымды жетікізе алмасам соррррии 🙋🏻♀️ в целом Люблю гой 😘😘
@user-saukele88 Жыл бұрын
Маған сұхбат ұнады!❤️ Әйелді әйел қолдаса,түсіне білсе,сөкпесе және туылған кезде баланы әкесі бірінші қолына алып бауырына баса білсе ӘЛЕМДЕ СОҒЫС БОЛМАЙДЫ дегенді танымал адамнан естіп едім. Мейірімге толы болайық 🙏
@АйгеримЖазыкбекова-н6л Жыл бұрын
Айгерим вы лучшая, просто будьте собой кто бы что бы не говорил, вы наш бриллиант! Желаю вам всего самого хорошего!
@Barshinka. Жыл бұрын
Керемет сұхбат,дауысы сондай жағымды,радиодан да тындап тұрамын!Барлық жақсылықты тілеймін!❤️Еңбегіңіз жана берсін🫶
@Aiym2695 ай бұрын
Мен 100% қолдауды тек жолдасым жасады. Тамағымды пісіріп беріп, ұлдарға от и до өзі қарап, қызым екеумізді ұйықтатып есікті жауып қойып. Қалағанымызды жасады. Сол үшін дені, ойы сау ана, ұйқысы тыныш бақытты бала болдыққой. ❤
@АйгульТлеуова-п6б Жыл бұрын
Бір сөзінде болсын біреуді жамандамады, бір өзіме түртіп алған жерім, қашанда ақтап шығуға тырысып жатыр, ал ананың орнына келетін болсақ, менде босанғаннан кейін қатты разрыв болып, өз туған анам қараған, адам қылып жіберген, Аллам бар аналарға екі дүние бақытын нәсіп етсін😘🤲Олардың орны ерекше, бөлек қой шіркін қашанда
@СалтанатЕдилова-ф1у Жыл бұрын
Самый лучший подкаст!! Айкерим жан жақты!! Можно слушать бесконечно! Айкеримнің қазақшасы керемет!! Бала тәрбиесі туралы, қаншама инсайттар айтты!! Бірінші босануым есіме келді. Бірінші жүктілік менде "замерший". Роды өте қыйын болды. Әлі есімде 8 жылдан асса да. Ангина туралы рас, олда менде жиі болатын. Өзімнің жеке шеқарамды білемін. Қазір үш балам бар, екі ұл және 4 айлық қызым. Сол қызым үшін өзімді тәрбиелеймін, өзім қызыма үлгі болардай өзімді ұстаймын. Уходтан бастап, әдемі киіну, кітап оқуға дейін. Рақмет Айнур ханым осындай керемет сұхбатқа. Айнур ханымды бірінші Бопефэйрдан көргем, өте қарапайым жансыз!! 😘😘🙏🙏
@ЛаззатТлеулиева-и3й Жыл бұрын
үзбей соңына дейін көрдім. Керемет шынайы сұхбат. Айгерімді мен басқаша елестететінмін. Мен ойлағаннанда қарапайым, мықты екен. Қызыңның рахатын көр. Аман бол. Әйел бақытын тілеймін.
@КарлыгашОмарова-м1д Жыл бұрын
Айкерім, білімді, сауатты жүргізуші, Алла тағала бір өзіңе жар болсын. Алдағы өмірің жарқын болсын.
@АйгульМустафаева-ш9щ10 ай бұрын
Қазақ тілінде жүргізген соң журналистер, жүргізушілер, телевидениеде жүрген соң таза сөйлеу керек
@ЖанАлиш01234 Жыл бұрын
Әсерлі, тәтті, шынайы сезім, жылулыққа толы керемет сұхбат! Қайта-қайта қарадым, әр қараған сайын көзіме жас келді. Алған сезімімді сөзбеу жеткізу мүмкін емес. Айкерім баурап алдыңыз. Рақмет сізге. Алланың берер жақсылығы көп болсын! Жүрекпен жақсылық тіледім сізге! ❤
@nazyrajan Жыл бұрын
Какая хрупкая девочка, но в то же время очень сильная ❤
@astana_molochka Жыл бұрын
Айгерім ханым, бақытты болыңыз❤️ мен де айырылыстым 1 қызыммен, 1,5 жаста болғанда. Сол кезде өте қиын болды, айтып жеткізе алмайм, өзімен қол жұмсағым келді. Бірақ Алла тағала маған 6 жылдан кейін бақыт сыйлады, отбасы құрдым. Жолдасым алтын азамат, казір 3 балам бар🙏Сізге де соны тіледім,Алла қиындығыма маған сондай керемет сый берді. Ризамын, шүкір Жаратушыма. Сіздің даусыңызға ғашықпын ғой😊Курсыңызға барғым келеді, журналист болмасам да
@nilanila4932 Жыл бұрын
Красивая, приятная девушка, приятно слушать) она не работе, чтобы разговаривать по тексту, или по плану. Айгерім Есенәлі делится своим внутренним миром, прошлым, настоящим. Как она это делает, это её дело. Мне понравилось 🫶 И что я заметила, кто на я чём делает акцент (позитив/негатив), то и видит. Чем мы больше заполнены, то и замечаем.
@ЧеллвекЧеликович Жыл бұрын
Здравствуйте! Может вы правы внешне красива..., но должна быть внутренняя красота.., Как то года 3 назад она брала интервью у солистки Музикола Карины Абдулинной, начала лезть в душу, была очень навязчивой как это не понравилось Карине Абдулинной, как ни банально это звучит это работа журналистики...., но должно быть личное пространство которое не понравилось Карине...,
@gulnauryzzhanabergen9541 Жыл бұрын
Әйкерім Есенілінің подкастын тыңдап өзгеше әсер алдым.Барлық әңгімесі ұнады,ұғынарлық.Расымен де ана болу өмірге жаңа келу секілді,бір сатыға есеюің жауапкершілікті сезінуің.Сол жаңа ана болған сәтінде әйел адам жақындарыңның көмегіне еріксіз мұқтажданады екен.Подкастға Айкерімнің әр адам өзін тыңдай білу керегін айтқаны ойымнан кетпей қойды.Расыменде Алла барлығымыздың өмірлік миссиямыз орындайтын күш-қуатпен,ақыл беріп қойған ғой❤️❤️ Баладан қорықпауды,ойыңды еркін айтуды,шексіз жақсы көруді үйренеді екенсің❤ Ең мықтысы кім десе -ана дер ем❤️ Өзім де декреттегі анамын осы подкастты үзбей қараймын.Өзгелердің тәжірбиесі расымен де бізге сабақ аларлықтай.Әр подкастты көре отыра түсінгенім,әйел адамның ең жанды жері баласы екен❤
@monikabelluci10 Жыл бұрын
Такая приятная и настоящая❤️Самая любимая телеведущая, продвинутая, обожаю 🥰 Счастья и удачи Вам обеим ❤️
@dinarad91 Жыл бұрын
Топ интервью🔝🔝🔝 Мен почти барлык интервьюларды көріп шыққам. История айтылады, совет айтылады, инсайт алынады. Қызына шынымен уақыт бөліп, жан дүниесіне көңіл бөліп, жақсы тәрбие беруге тырысып жүргені көрініп тұр. Қызы туралы айтқанда көзі жайнап, детально айтып прям күшті. Тонко… Тұрмысқа шыққан соң, келіншек болған соң, мама болған соң қыздың өзгеруі естественно. Соны қабылдап, на самом деле өзгергенінен кейбір кейіпкерлер құсап қиналып жыламай сықтамай настоящая мама болуға тырысып жүрген жан❤ Класссссно. Бірінші рет коммент жазып тұрм осы подкастқа. Супер!
@saniya4028 Жыл бұрын
21 ғасырдың Аналары болса осы Айнур ханым мен Айгерим ханым сияқты болсын! Керемет подкаст болды. Керемет көптеген инсайт алдым. Рахмет үлкен! Айгерим ханым жыламаңыз, әлі алда Адия қызыңыз кішкентайлы болғанда қасында боласыз. Сіз сияқты қызды тәрбиелеп өсірген Ата-анаңызға мың алғыс! Ғұмырлы, бақытты болыңыз🙏🏻
@aygul89875 Жыл бұрын
Керемет подкаст болды. Қызыңызбен қарым қатынастарыңызда біраз түртіп алатын дүниелер болды. Көп рақмет.😊
@ar-namystursyn6456 Жыл бұрын
Айнур ханым бағдарламаларды сондай керемет жургізесің. Керемет. Баяға талай теледидардан көріп онша байқамайтын едім. Мына бағдарламада сондай ашылдың. Тамаша сұқбат алады. Тыңдап. Сұрақтарды да дұрыс қойып. Тыңдап, көріп отыра бергің келеді.
@rozayung Жыл бұрын
Дәл кәзіргі сәтте мен өзімді таппай жүргенім бар. Мына сұхбаттан соң бір терапиядан өткендей болдым. Сіздерге алғысым шексіз! Бір жылапта алдым, ең бастысы өз қатемді түсіндім, енді өзіммен жұмыс жасаймын осы сәттен бастап, өзіме сенемін ✊️ Сіздерге сәттілік Алла жар болсын!
@gulshatbaimukhanova9767 Жыл бұрын
Керемет!!! Ең сүйікті подкастым!!! Әйгерім Есенәліні жаңа қырынан таныдым, өте әсерлі, әдемі сұхбат болды!!!
@РалтаОсла Жыл бұрын
Большая умница, что разобрались в себе, бакытты болыныз Айкерим💕 Айнура, вам респект что профессионально умеете слушать и не перебивать своего собеседника ❤
@Нургул-ч4б9 ай бұрын
Көп ізденіп оқып зерттеп жүрген жан екенсің,риза болдым,жарайсың еңбегің жана берсін,армандарың орындала берсін...
@botakozazilbaeva3349 Жыл бұрын
Айкерімді 2013 тың жаздың соңғы айында көргенмін бір бағдарламада өте нәзік жап жас сұлу қыз болған аяағындағы биік нәзік қызыл туфилиы әлі есімде 😊Мен ойлайтынмын жүргізуші болу оңай деп сол кезде бір қойлымды бірнеше рет қойып түсіргенде жүргүзуші тұрмақ өзіміз шаршап кетеннбіз МашаАллах сол қалпыңызды әлі жоғалтпаған екенсіз ❤❤❤❤Менде Сіз секілді балалы болуды күтіп жүрген жандардың бірімін.Сұхбатыңызды көріп өзіме керегін түйдім десем болады өте ақылды жан сияқтысыз әсіресе бұрынғы жолдасыңыз туралы ешбір жаман пікір айтпағаныңыз өте ерлік деп білемін сізден қарап бой түзесе екен ажырасқан жандар балаларын әкесіне көрсетпей өткен өмірлерін қазыр ұмыта алмай балаларын өміріне зиян келтіріп жүрген жандар
@anelaltayeva Жыл бұрын
Әйгерім өте сауатты екен ма ша Алла. Психологиялық сауаттылығына қатты қуандым. Дұрыс ана.
@АйгеримАйтжанкызы-э8ч Жыл бұрын
Интервьюді толығымен әр сәтті,ситуацияны жүрекпен сезіне ала көріп шықтым. Ия шынымен, Қызылордалықтар үшін Айкерім "өзіміздің қыз"😅 мен де аттас болған соң,өзіндік дауысы нәзік, атына сай нәзіктік пен кербездік бар,үнемі ізденіс,дамуда жүретін, қазіргі керемет саналы қызды тәрбиелеу жолда ізденісте,практика жасап жүрген, өз ісінің маманы, және тұлға Айкерімді үлгі тұтамын. Ия,бұл ешқандай да бояусыз, шынайы пікір. Себебі, болады ғой өзіңе жаны сай,ұнайтын адам. Нақты сондай тұлға, түртіп алар тәжірибесі бар. Аьымыздан бөлек,тағдырымыз да ұқсас болып қалған екен😊 мен де қазір ақылды 2 жарым жасар ұлдың анасымын. Уақыт ресурсымды тиімді пайдалану арқылы ұлыма көңіл, упқыт,оның "өз қалауларына" таңдау жасауға мүмкіндік беру арқылы ізденіс жасап тәрбиелеудемін. Жатар алдын сөйлесу, моральдық рухани азық беру/алуда ұқсас екен😊 екі қабаттық кезең,толғақ,босану,босанудан кейінгі кезең айтып жатқаныңызда өз тәжірибемді еске түсіре отырып сол бір керемет Ана болу бақытын/шағын еске түсіре отыра,көзге жас ала отыра көріп шықтым. Керемет. Мен де қазір көптеген кездесулерге, прогулка, кафелерге баламды алып жүремін. Ол да социализация, қай жерде өз өзін ұстауды үйренеді. Маған да ұнайды, баламмен тиімді уақыт,керемет эмоциялар өткереміз. 😊❤Айкерім, болашағыңыз жарқын болсын. Шынымен, қандай жағдай болмасын Аллаға тапсырып үйрендім. Жаза берсем,бізге бір шай ішіп, сырласу керек сияқты. Симай қалар мында😊 Адия қызға мықты денсаулық пен ментальды/рухани даму тілеймін!❤
@ЗагипаБайбулина Жыл бұрын
Айгерим жас та болса оте акылды екен. Бурын ырбандап отырады деп унатпаушы едим, кеширим сураймын. Жас та болса омирдин браз киындыгын корген екен. Саттилик тилеймин.
@Нургул-ч4б9 ай бұрын
Молодец дұрыс айтасың ,психологтар қуып жүр қазір,травма емес ол,ол ары қарай даму үшін керек жайт,өмірдің дұрыс талдайды екенсің...
@МадинаА-ж5х Жыл бұрын
Айгерім әліде күйеуін жақсы көретін сияқты көрінді маған, даусы дірілдеп әзер отыр, депрессияда жүрген секілді. Бәлкім уақыт керек шығар. Алла жақсы жар жолықтырсын.
@НурлыкызЕлтаева8 ай бұрын
Не үшін ажырасқанын айтпады ау деймін.
@Damir_Man Жыл бұрын
Даусы қандай нәзік болса,жаныда нәзік екені көрініп тұр!❤Очень приятно было ее слушать ❤❤❤
@АсельЖалелова-т3х Жыл бұрын
Ар айелди ишки дүниеде назик
@sarahkrisparkle7607 Жыл бұрын
Мен әзірге ана атанбасам да, Айкерім сияқты жұрттың сөзіне ілігіп қалатын әдетім болатын. Қазір сонымен күресіп келе жатырмын. Некая тревожность все же выступает, но местами я управляю тем, что мне неважно чужое мнение или чье-то слово обо мне или моей личности, так как себя я делаю сама: как сказала Айкерім, своими травмами, изучением себя. Шынымен-ақ қызықты әрі тұрмыс құрмаған бойжеткен аруларға пайдасы зор сұхбат болды. Рақмет!
@АбдуллаСактаганов3 ай бұрын
Айгерімнің әңгімесін тыңдау қандай керемет❤💯🤲
@nazyrajan Жыл бұрын
Инсайт: Адамның дауысы - жан дүниесінің вибрациясы. Адам өзі еркін болғанда, оның дауысы да еркін шығады". Ғажап ❤ Менің дауысым микрофонға келгенде не үшін қысылып қалатынын түсіндім 🥺🎙️ Бұл сұрақтың жауабын әрнәрседен іздеп таба алмай жүр едім. Шешілмеген жұмбақтың, жауабын көрсеткеніңізге ❤ Сұқбат сондай жып-жылы және шынайы. Жан дүниесін ашып тастаған жанды көрдім мен бұл сұхбаттан. Өзі қандай нәзік болса, жан дүниесі сондай мықты және бай, рухани кемелденген тұлғаны көрдім. Жаным, Әйкерім, сізді қатты түсінемін ❤ Жыламаңызшы, бақытты болуыңызды тілеймін🙏 Бар жақсыға лайықсыз. Дауысыңыз расымен де, тәп-тәтті, өте жағымды ❤ Әдемі қазақ қызының символысыз ❤
@Айкароблокс Жыл бұрын
😢😢😢😢😢😢мениде екинши ролы да дал солай болган, кызымды олтирип ала жаздаган
Ерекше сұхбат үшін рақмет! Өте пайдалы болды) әлі тұрмыс құрмағанмын, сонда да сіздердің әрбір сұхбаттарыңыздан түйгенім көп! Алла разы болсын! Айкерім ханымға қарап әр қыз баласының өз жан дүниесінің даусын естуі керектігін жүрекпен ұқтым. Шынымен де, ата-анаға байланысты айтқан ойыңызбен де келісемін. Әртүрлі психологтарға қаражат құртқанша, әуелі өз әке,анамызбен мәмілеге келіп,ақтарылып ішкі баланс орнатып,ересек позициясында тілдесу керектігін білдім,түйдім,басқа қыздарға да айтып жүремін))) Және қандай жағдай болмасын, ішкі сабырлықты күшейтіп,Аллаға тапсырып, басқалардың ойына мән бермеуді шештім. Сондай жылы,эмоцияға толы,керемет сұхбат үшін сіздерге рақмет ! Бәрі тәжірибемен келетініне, өмірдің ағымымен еркін, ізденісте жүру туралы ой қалдырдым. Бәрі өз уақытымен екендігіне,аласұрып жанталасып кетпеуді, ең бірінші өзіңнің ішкі халіңнің маңыздылығына мән беруді үйрендім. Алғыс!❤
@БолашакЗардыхан Жыл бұрын
Қазақ әйелдерінің ,қыздарының жан-жақтылығын, түрлі тақырыпта әңгіме қозғауын,сараптай алатынына үнемі қуанып отырамын. Әйгерімнің өзі айтқанындай пайдалы контент бізге қажет-ақ,әсіресе ,осындай ақпарат көп кезеңде. Аналардың сауатты әңгімесі - көп жас қызға таптырмас пайда .
@НургульПерде-с2г Жыл бұрын
Айкерім ханым керемет сұхбатты берді қазақи әдепті мәдениетті өзінің әңгімесін тыңдайбергің келеді өміріңіз бақыт пен шаттыққа махаббатқа толы болуына тілектеспін
@ffgyuu538610 ай бұрын
Қазақтың мықты екі қызының әңгімесін тыңдадым.Қазақ әйелдерінің осындай деңгейге жеткеніне қуандым!
@gaukharergazieva494710 ай бұрын
Айгерім жүрек жарды сұхбатыңызға рахмет. Бірінші босанған кезім есіме түсіп, сол кездегі қиналған кездерім есіме түсіп сізбен бірге көңілім босап қалды❤
@ДинАйсон Жыл бұрын
Молодец,раньше мне казалось что она легкомысленная ,сейчас вижу красивую, умную, грамотную женщину❤
@zhanarauyez9524 Жыл бұрын
Әйгерім мен ойлағаннан да білімді екен! Жарайсыз! Бақыт тілеймін❤
Өте жақсы сұхбат болды. Рахмет! Айкерім ханым, бақытты болыңыз! Сізге барлық жақсылықты тілеймін!
@ЖадраСламбекова Жыл бұрын
Адамзаттың асылысыз Айгерім, қандай жаныныз сұлу!
@ЖадыраШегебайкызы-л5с Жыл бұрын
Айгерім ханым өте керемет сұхбат болды! Сізді жаңа қырыңыздан , ана ракурсынан таныдым. Өте керемет Ана екеніңізге күмәнім жоқ. Ешжерде естімеген баламен қатынастың түрлерін туралы естідім. Әйелге әйел ғана көмектеседі деп өте орынды айттыңыз. Жүктілік басталмас бұрын, жүктілік кезеңі, Егіздерімді босануым барлығы есіме түсіп бір жылап алдым. Менде Сіз сияқты жүктілігімді жасырдым, себебі 5 жыл күткен балаларымыз еді. Менің жүктілігім ЭКО тәсілі арқылы орын алды. Өмірімнің сол кезеңдеріндегі бастан өткерген қиыншылықтарым барлығы артта қалды. Шүкір, қәзір егіз балапандарымыз бар. Алланың берген Ұл мен Қызы. Өмірдегі ең мықты статус Ана бақытын сезіну- бұл ешқандай сезіммен салыстыруға келмейді, ол Бөлек Әлем❤. Осы сәттерімді Анам көре алғанда ғой деген өкініш қана ішімде. Қыз баланың бойындағы қасиеттер тек Анасымен ғана беріледі дейді, тұңғышыңыз Адия өзіңізден шыққан тәрбие беріліп, Еліне бауырмал, көпшіл, жан-жақты, батыл, Аллаға деген иманы мен махаббаты мықты, саналы, маңдайы кең, бағы бес елі Қыз болып өсе берсін! 💕☺️☺️☺️
@Ahmetzhanova94 Жыл бұрын
Айгерім Ануармен қосылса жақсы болар еді. Екеуі бір біріне ұқсайды , бәріде қателік жасайдығой не болғанын білмеймін бірақ қосылса екен ❤😢
@ГульжанЕсенгелдиева Жыл бұрын
Айнур красавица супер.Айгерим туғанын айтып нағып отыр,жалғыз сенба туған
@БибисараАхатаева Жыл бұрын
Тамаша подкаст🥰 Екеуіңіз де әдемісіздер!❤ Бақытты болыңыздар!🤲🏻😘
@aisaraika Жыл бұрын
Даналық мұхиттын 1 тамшысындай. Сол 1 тамшыға сайсыз! Мұхиттай шексіз терең ой, әдемі әдеби әңгіме. Бір құлақ құршынды қандыратындай сапалы әңгіме. Ой жүгіртіп ойланар нәрседе аз емес бұл сұхбаттан кейін. 👏
@ЖадыраДаулбаева-д5л10 ай бұрын
Әйгерім Есенәлі сызге рахмет Айнур ханым мен сыздің сұхбаттарыныздың көбін көрып келем менің 3 қызым бар жолдасым коп Араққа құмар жұмыс жасаймын тек 3 қызғалдақтарым ушын жасап келем өмырде өз орнымен өз қалауынмен өмыр сүргің келеды бырақ быз қазақ туған туыстар не айтады не дейды деген ойдан қашан тоқтадады менің де көрген қыйыншылықтарымды қыздарым көрмесе екен деймын Ана 3 әріп терең мағана Аллаға шукыр деймын Алла маған сый сиапат берды деп Куиеуыме келсем мен быр бытымге келе алмаймыз ол қыйын жеткызе алмаймын мен сыздерды әнгымелерыңызге қарап отырып ар быр ой туйемын жақсы от басы болғым келеды быз быр бырымызды соңгы 2019 дан кейын тусынбеймыз 11 жыл болды мен өз қажетымды жасауыма өзім өмыр суріуме мукындык жок 3 қызымды туа сала 15-20 кунде жумысқа шығып кеткем құдай ай сол жетпейтын қу тыршылып ку ақша ал қазыр енды уақытымды қыздарыма болуге тырысамын🙏🙌
@АлтынгулНурбаева Жыл бұрын
Ондай мендеде болған 45-жасымда босанғанда,өтірік өз тумаған 45-те адам туама деп сөз етті,мен еш қиналмадым, қызым қазір 20-да ақылды, әдемі қызым бар Аллаға мыңда бір шүкір етемін.бақытты болыңыздар, Айгерім өзіңіз сияқты азамат болсын!
@НурлыкызЕлтаева8 ай бұрын
45 жаста алғашқы балаңыз ба едә ол.Әлде бар ма еді балаңыз.
@Ukilimay_Amankyzy Жыл бұрын
Нәзіктіктің символы ғой Әйкерім❤ Керім десе Керім өзі😍 Әдияның тек қызығын көріңіз🤲🤲🤲
@tomiristuyak6517 Жыл бұрын
1 сағаттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдым ғой) Айкерім ханымның даусын да, идеясын да, сұхбатын да тыңдай бергің келеді❤қазақта сөз барғой “елітті” деген) өз ісінің маманы кез келген жанды елітіп, ұйытып алып кете алатын Айкерім ханым деп білемін😊 және “мамский әңгіме” жүргізіп, қаншама тамаша жұлдыздарды шақырып бізге үлгі болсын, сабақ болсын деген авторға мың алғыс❤
@БибинурСагынаева Жыл бұрын
Айгерим жаным алиде жаксы коретин СИЯКТЫСЫЗ или кимайсыз Даусыныздын дирили прям маган берилди ше, косылганынызды калайын АЛЛА КАЛАСА❤
@yassakz Жыл бұрын
Ма ша Алла негізі бұндай сұхбаттарды көп көрмеймін. Бала тәрбиесіне байланысты әңгіме болғандықтан қарадым. Тақырыбына қарап көрдім десем болады. Рахмет керемет сұхбат болды. Шынында баламен сырласу деген дүние маған қатты ұнады. Екі қызым бар үлкенім 4 жаста, кішім 1 жас. Біраз өзіме қажетті ақпараттарды алдым. Айтып отырған курсыңызға да жазылғым келіп отыр, инстаграмыңызға да жаңа жазылдым. Аллаға шүкір осы сұхбатты маған көрсеткен. Сіздерге рахмет ұйымдастырған ❤
@НурлайымАбуова-щ5х6 ай бұрын
Күшті әңгіме болды. Екеуіңе қызыға қарап отырдымғой😘
@AmanatHistory6 ай бұрын
Керемет,өз баласына психолог болу еш,адамның қолынан келмес бақытты болыныз😊❤😊❤
@Гулсара-ы6п Жыл бұрын
Әжептеуир баладан айрылып калдың ау ,айналайын.Енді әркімның көз сузетіне каласың ,қала,қалама ол басы бос адамга көз сузетіні айдан анық.
@ЖанарЗорманова6 ай бұрын
Мен Айгерімді бірінші рет естіп, көріп жатырмын. Жалпы бұндай танымал әйел бар екенін білмеппін. Молодец, бақытты болсын
@ТаңшолпанҚұлмырзаева Жыл бұрын
Өте керемет подкаст❤Әр қараған сайын бір емес бірнеше инсайт аламын, әр кейіпкерден ұқсастық көремін.
@Aigerim-p5w Жыл бұрын
Лично не знакома с Айкерiм,но мы с одной родной Кызылорды и когда учились в школе смотрела передачи молодежные которые она вела,всегда нравилось как грамотно говорит на казахском языке❤
@Амина-с5я2п Жыл бұрын
17жастар передача пл моему да
@Aigerim-p5w Жыл бұрын
@@Амина-с5я2п да Он жетi кажется так и называлась)
@АйданаЖаумытбаи-б3г Жыл бұрын
Керемет әңгіме болды! Өзіме түйгенім көп болды! Бақытты болыңыз Әйгерім❤