АҚС - "Алғашқы қадам сынағы"

  Рет қаралды 1,621

Dostyq Bilim

Dostyq Bilim

4 жыл бұрын

Өткізу уақыты: 03.06.2020 - 25.08.2020
Барлық қатысушылар үшін: Сынақ ТЕГІН!
Сынақтың мақсаты:
• Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау.
• Оқушыларды ҰБТ тапсыруға ынталандыру.
• Республика мектептерінің бітіруші түлектерін ҰБТ-ға дайындау барысында АКТ ресурстарын белсенді қолдануға тарту.
• «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Жүлделер:
• «Достық» білім беру орталығында 2020-2021 оқу жылына 5%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдігі бар гранттар.
• Республика бойынша алғашқы 3 орынға: iPhone 11, iPad, AirPods
Сынақтың ережелері:
1. Атауы - «Алғашқы Қадам Сынағы» (ары қарай - Сынақ).
2. Сынаққа қатысу: барлық қатысушылар үшін ТЕГІН.
3. Сынаққа қатысуға Республиканың 10-сыныптан 11-сыныпқа көшкен оқушылары жіберіледі.
4. Сынаққа қатысу үшін dostykbilim.kz/aks.html сайтына өтіп, Сынақ Ережелерімен келісетінін растай отырып, қатысушы сауалнамасын толығымен дұрыс толтыру қажет.
5. Сынақтың онлайн кезеңі бойынша мүмкін болған 140 ұпайдан 50 және одан жоғары ұпай жинаған оқушылар «Достық» білім беру орталықтарында өткізілетін тестілеудің офлайн кезеңіне өтеді.
6. Қатысушы dostykbilim.kz/aks.html сайтындағы қатысушы сауалнамасындағы барлық деректердің дұрыс толтырылуына толықтай жауапты. Деректер дұрыс толтырылмаған жағдайда ұйымдастырушылар сауалнаманың күшін жоюға және қатысушының нәтижесін Сынақ рейтингінен алып тастауға құқылы.
7. Жүлделер сынақтың екінші кезеңі бойынша беріледі.
Сынақтың мерзімі:
• Онлайн кезең: 2020 жылы 3 маусымнан 20 тамызға дейін dostykbilim.kz/aks.html сайтында онлайн форматта өтеді.
• Офлайн кезеңі: 2020 жылдың 25 тамызда Республика бойынша «Достық» Білім беру орталықтарында өтеді.
Жеңімпаздарды анықтау:
• Жеңімпаздар ұпайы бірдей болған жағдайда алдымен Математикалық сауаттылық, содан кейін Қазақстан тарихы, содан кейін Оқу сауаттылығы пәндерінің ұпайына басымдық беріледі.
• Барлық пәндер бойынша ұпайлар тең болған жағдайда, сұрақтардың қиындық деңгейіне басымдық беріледі.
• Барлық пәндер мен сұрақтар деңгейі бойынша да нәтижелер тең болған жағдайда, барлық қатысушыларға сыйлықтар беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау:
• Гранттарды және сыйлықтарды табыстау «Достық» білім беру орталықтарының ресми парақшаларында 2020 жылы 27 тамызда, сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді.
Сынақтың ұйымдастырушылары:
• Сынақ ұйымдастырушылары - «ДОСТЫҚ» Білім беру орталықтары

Пікірлер: 2
@user-sc5zx8fw6v
@user-sc5zx8fw6v 3 жыл бұрын
Ауыл баллалары қатыса ала ма?
@samiraakhmetbekova6293
@samiraakhmetbekova6293 3 жыл бұрын
2- турға өтсе міндетті түрде барып тапсырады ма?
АҚС - Тест "Первый шаг"
1:00
Dostyq Bilim
Рет қаралды 841
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 866 М.
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 6 МЛН
Как принимать тяжелые решения в сложных обстоятельствах?
11:05
Яковлев по понедельникам
Рет қаралды 101 М.
Всд.Панические атаки.Моя история.
11:53
Артур Пасечник
Рет қаралды 11 М.
Оқу-әдістемелік семинар | Day 1
1:23
Dostyq Bilim
Рет қаралды 553
Құлсары 15 мамыр
9:21
Газета Ак Жайык
Рет қаралды 412
Қазақстан жаңалықтары | 13.05.2024
9:01
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 27 М.
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 866 М.