Рет қаралды 1,065
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ақтөбеде Жайлы мектеп пен көпқабатты үй салып жатқан құрылысшылар еткен еңбектің ақысын даулап жүр. Бірнеше айдан бері жалақы алмаған азаматтар құрылыс компаниясынан қуанышты жаңалықты күте-күте шаршаған. Сондықтан қаржыдан қысылған жандар жұмысты тоқтатып, тағы наразылыққа шықты. Бұл жолы мәселе шешілді ме? Құрылыс компаниясының жауабы қандай? Тараптарды өңірдегі әріптесім Камшат Қопаева тыңдап келді.
Айлық алмаудың азабын айту үшін құрылысшылар бүгін тағы да компанияның кеңсесіне келді. Таңның атысы, кештің батысы тер төккен атпалдай азаматтардың көңілдері күпті. Себебі, екі айдан бері адал ақыларын ала алмай сабылып жүр.
АСХАТ ДӘРІБАЕВ, құрылысшы:
Міне, екі ай болды әлі ақша алған жоқпыз. Авансы беріп алдап қойды. Әне болады, міне болады. Тұрғын үй саламыз. Жаңа қоныс -2 де Самұрық қазынаныкі дейді. Школа салып жатырмыз. Екі жерде істеп жатырмыз. Екеуінің де ақшасын бермей тұр.
Бас-аяғы 35 адам бір аптадан бері жұмысты тоқтатқан. Олар "Жайлы мектеп" жобасы аясында білім ошағы мен тұрғын үй салып жатыр. Айтуларынша, компания әр адамға кемі бір миллион теңгеден қарыз. Жалғыз жалақымен отбасын асырап отырған жандар бала-шағадан ұят болды деп қапалы.
ЖАСҰЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, құрылысшы:
Шығып кетейік десек ояқтан ақшамыздың расчеті болмаған соң шыға алмаймыз. Талаптарымыз ақшамызды қайтарса болды. Істеген еңбегімізді. Алты балам бар. Үш ұлым, үш қызым. Үйге барсам ақша сұрайды. Нан берші дейді. Мына жақта нан беретін адам жоқ ақша бермейді.
Ал құрылыс компаниясының өкілі жалақы дауына мемлекеттік сараптаманың кеш шыққаны себеп деп отыр. Бірақ бір аптаның ішінде бұл мәселенің тігісін жатқызамыз деп уәде берді.
ЕРІК БӨКЕНОВ, құрылыс компаниясының заңгері:
Құрылыстың гос экспертизасы кеш шыққанына байланысты. Содан кейін акт выполненных работты жауып, енді ақша күтіп отырмыз. «Самұрық-Қазына Констракшннан» Бұл - үлкен проект. Комфортный школа деген. Қалай ақша түседі. Бір-екі үш күнде ақша түседі. Барлықтарымен толықтай 100 пайыз есептесеміз.
Ал, сылдыр сөзге сенбейтін құрылысшылар компания маңдай тер ақымызды бермесе еңбек инспекциясына шағым түсіреміз деп тарқасты.
--------------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық