Академик М. Рахметов Тайсойған құмы мен қырлығынан мұнай өндіру үшін геологиялық барлауға қарсы.

  Рет қаралды 607

Esenbai Nurov

Esenbai Nurov

Ай бұрын

Пікірлер: 6
@esenbainurov
@esenbainurov 29 күн бұрын
«ЕмбіМұнайГаз» АҚ Бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары Қ. Көзовтің назарына!!! Атырау облысының құрметті азаматы, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі, КСРО құрметті мұнайшы, ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы, ҚР Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР кен орындарын алғаш ашушы, ҚР Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Рахметов Мақаш Рахметұлымен 2024 жылдың 28 мамыры күні Мақаш ағаның өз келісімімен үйіне барып, сұхбаттастым. Аға менің Қызылқоғадан келгенімді естігеннен кейін өзінің туған жері Сағыз ауылдық округіне қарасты Ақшелек деген жерде дүниеге келген, ол жер көлі, су мол жер болғанын, кейін суы құрғап құла дүзге айналғанын айтып өтті. Өзімнің алдын ала телефонмен айтқандай, Тайсойған өңірінен «Ембімұнайгаз» АҚ болашақта мұнай өндіру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылдың 14 қарашасында тұрғындар түбегейлі қарсы болғанына қарамастан, биыл 19 маусым айында Тайсойған ауылына қоғамдық тыңдау өткізуге келгелі жатқанын айта келіп, мұнай саласының академигі Мақаш ағадан пікір білдіруін сұрадым. Академик «Атырау облысының Қызылқоға ауданының Тайсойған құмы мен қырлығынан мұнай өндіруге болмайды, Ембімұнайдың басшыларына менен сәлем айта бар, академик М. Рахметов қарсы деп, айтты де, егер, мұнай өндіргісі келсе, басқа қай жерден мұнай өндіру керек екенін менен сұрасын, ал Қызылқоғаны жөніне қалдырсын» -деді. Ауданның мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы органдары да, заң тұрғысында шешу үшін ҚР 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 67 бабының 2 тармағының 8 тармақшасына сай, гидрогеологиялық-жер асты суларының бірегей көздерін сақтау үшін жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аймақ құру мәселесін облыс әкіміне дейін көтеріп жатқанымызды жеткіздім. Есенбай Сәмекұлы Нұр 28.05.2024 ж.
@user-zu6gm5zu1z
@user-zu6gm5zu1z 29 күн бұрын
Есенбай депутатымызды аудандық басқа депутаттар неге қолдамайды? Елі үшін, жері үшін, халқы үшін шырылдап жүрген азаматымыздың қадірін білейік. Суымыз ластанбасын, лайланбасын, халық біздер қарсымыз.
@user-tk2by8ne7k
@user-tk2by8ne7k 29 күн бұрын
Мунай ондируге тубегейли карсымыз . Халыктык карсы болып туруынын астарында негиз жок емес шыгар .
@esenbainurov
@esenbainurov 29 күн бұрын
МҰНАЙМЕН ІЛЕСЕ ШЫҒАТЫН ШИКІ ЗАТТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ Грипон-дегеніміз мысалы 1000 метр скважин қазады ғой, сол скважинаны қазып болғаннан кейін темір стволдың сыртын цементировка жасайды. Оның қалыңдығы 4-5 см болады. Астынан бастап, цементировка жасап, тұрбаның айналасына раствор айдап, цемент жердің бетіне шыққанша айдайды. Бетіне раствор шыққаннан кейін 2 тәулікке кептіруге (отстой) қояды. Отстойға қойғанда жер астында температура болады, цемент сол жерде қатып қалады. Ана скважинаның вентилін ашқанда су трубаның сыртына шықпайды. Барлық сұйықтың трубаның ішімен шығады. Енді бір жерде құйылған раствор сапасыз (некачественной) болып, бір жерінде төменгі жағында жолақ қалуы мүмкін. Пласты-скважина бірнеше пластыдан тесіп өтеді. Пластар қабат-қабат (слой) жатады. Слой 5 метрден кейін, 10 метрден кейін, 15 метрден кейін болады. Промсылда өндіргенде ең бірінші 1000 метрдің ар жағындағы ең астыңғы пластың майын алады. Сосын ол жердің майы таусылғаннан кейін жоғарғы пластыға шығады, астын цементтеп кетеді. Тағы жоғарыға шығады. Сөйтіп жүргенде май «аварейный цементировка» жасаған жерге тап болады. Скважинаның маңынан сыртқа қара жерден барып, тесіп шығады. Ол 10 метр жерден тесуі мүмкін, 20 метр жерден тесуі мүмкін, сол сыртқа шыққан май жайылады. Жаңбырмен жайылады. Енді ол шөптерге барып, су қалқып, шөптерді шайып кетіп, су қайтқаннан кейін май кері қатып қалуы мүмкін. Сол жердің шөптің тамырында жылқы бидайықтың, қияқтың түбін жейді. Сол түбіндегі сүйрікті тартып жегенде улы шөпті жеуі мүмкін. Енді түйелер жыңғыл, дүзгін жейді. Жыңғыл, дізгіндерге майдың пары, буы газбен бірге ұшып шыққан ылғалды ауалар шөптің бетіне барып қонады. Соны жегеннен кейін түйелерде өледі. Енді промсылда газ (факелді) жағады. Біз бірінші факелді жағамыз, ол тап-таза жанып тұруы керек. Ешқандай артында қара түтін, құйыршығы болмау керек. Сол тап-таза жанып тұрса ешқандай зияны жоқ. Енді, толық (непольной згорания) жанбаса, ылғал (влажный) бүркіп, лақтырып тұрады. Ол жел қатты болса, 5-6, 10 км шейін майдың салмағы жеңіл болғандықтан алып кетіп, 10-15 км майдың түйіршіктері шөптерге қонады. Қонғанда бетінде қабат (слой) пайда болады. Соны мал жегеннен кейін малдар уланып өлуі мүмкін. Әсіресе түйелер жылдам өледі. Мұнайшының мал өлуіне байланысты мұнай қалдығының зияны туралы пікірі.
@esenbainurov
@esenbainurov 29 күн бұрын
ЖТ-2024-04211575 ЗАРЕГИСТРИРОВАНО Заявление Атырау облысының әкімі С.Ж.Шапкеновке Қаперге: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облыстық экология департаментіне ҚР ДСМ СЭБК Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментіне ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясына Мұқыр ауылдық округіне карасты Жамансор мен Уаз кен орны арасында 27.05.2024 жылы 1 жылқынын өлгені анықталды, осыған ұқсас жағдай 2022 жылы осы округке қарасты «Green Production» ЖШС-нің Оңтүстік Қожа кен орны маңында сиырлар өлген жағдайлар болған. Сондықтан бұл аумақтың экологиялық ластану деңгейін анықтау үшін (топырағын, суын, ауасын, шөбін), ауылшаруашылығы малдарына және тұрғындарға тигізіп жатырған зиян көлемін анықтап, сараптау үшін комиссия құрып тексеруіңізді және осыған жауапты құзырлы органдардан тәжірибелі мамандарды қосуыңызды сұраймын. Депутат Е. С. Нуров ВИД КОДЕКСА Иное ПОЛУЧАТЕЛЬ Республиканское государственное учреждение "Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Атырауской области Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан" СРОК РАССМОТРЕНИЯ до 18 июня 2024 ЗАРЕГИСТРИРОВАНО 28 мая 2024 Автор: НУРОВ ЕСЕНБАЙ САМЕКОВИЧ
@user-zu6gm5zu1z
@user-zu6gm5zu1z 29 күн бұрын
Академик Мақаш ағайдың тәжірибесі мол болғандықтан, оның айтуын жоғарғы жақтағы көкелер де естіп, біліп жатқан болу керек. Сондықтан он тоғызыншы маусымдағы жиынға, елге, жерге жаны ашитындар бірігіп, қарсы екендерін білдірсе өте жақсы болар еді, әлде бұл жиын созбалап, халықты алдау ма екен? Халық күмәнмен қарайды, шешіліп қойған түйін бе екен деп?
Мы никогда не были так напуганы!
00:15
Аришнев
Рет қаралды 2,8 МЛН
Универ. 13 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:07:11
Комедии 2023
Рет қаралды 6 МЛН
MEGA BOXES ARE BACK!!!
08:53
Brawl Stars
Рет қаралды 33 МЛН
ЕКІНШІ МЕККЕ АТАНҒАН ЖЕРДІ ТАПТЫҚ
54:26
North Korea sends troops to Ukraine
12:52
NEXTA Live
Рет қаралды 341 М.
Мы никогда не были так напуганы!
00:15
Аришнев
Рет қаралды 2,8 МЛН