Алматы іргесінде 30 мыңға жуық тұрғын қоқыс полигонының қолаңса иісінен зардап шегіп отыр

  Рет қаралды 1,317

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Алматы облысының 30 мыңға жуық тұрғыны үш жылдан бері қоқыс алаңынан шыққан қолаңса иістің "құрбаны" болдық деп шағымданып отыр. Айтуларынша, қазір бір мезгіл таза ауамен тыныстаудың өзі арманға айналған. Тіпті іргедегі елдімекенде егеуқұйрықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес дейді наразы топ. Сондықтан қоқыс алаңын мүлде басқа аумаққа көшіруді талап етіп жатыр. Ал полигон иесі кәсібін әкімдік өкілдері әдейі шу шығарып, тартып алмақ деп топшылайды.
Кеңдалалық көпшіліктің наразылығын тудырған қоқыс алаңы осы. Полигон тура ауыл іргесінде, шамамен жүз-ақ метр жерде орналасыпты. Айтуларынша, алғашқы жылдары қоқыстың қолаңса иісі айтарлықтай сезіле қоймаған. Бірақ соңғы кездері күлімсі иісі көшеге шығу түгілі, үйдің терезесін аштырмайтын болыпты. Сорақысы, елдімекенде есектей егеуқұйрықтар қаптады дейді наразы ел. Сондықтан қоқыс алаңы не жабылсын, не толық басқа ауданға көшірілсін деп талап қойды.
ЖАНАР АЙМҰҚАНОВА, Талғар ауданының тұрғыны:
- Кей кезде өрт болады бұл жерде. Өртейді. Сол кезде жаман шығып кетеді иісі. Крысалар көп. Үлкен-үлкен крысалар жүр.
ЖАННА КИМ, Талғар ауданының тұрғыны:
- Қоқыс алаңы үйімізден жүз-ақ метр жерде орналасқан ғой. Оның асты да, үсті де орасан зиян келтіріп отыр. Көріп тұрсыздар, шашылып жатыр. Ешкім қармайды. Ал инфекция, ауруларды мына ұшқан құс пен жүгірген жәндік таратады. Жерге сіңгені ішкен суымызға әсер етеді. Қазір сырқаттанған бала мен қарт көп.
Бұқара базынасы бекер емес секілді. Себебі жоспар бойынша бұл жерде қоқыс алаңы емес, керісінше қоқысты өңдейтін зауыт салынуы қажет болған. Бірақ сол күйі құрылыс басталмапты. Есесіне, кәсіпкер әкімдік бөліп берген бұрышқа қоқыс төгуге кіріскен. Қазір полигон 1 гектардан астам жерді алып жатыр дейді экологтар.
МИРАС БАЙСЕЙІТОВ, Талғар ауданы бойынша экологиялық кеңестің төрағасы:
- Зерттеудің нәтижесі бойынша ауаның не экологиялық, не санитарлық талаптарға сай емес екені анықталды. Ауадағы мыс пен мырыш 8-8,5 пайызға артық. Әрі полигон қоршалмаған. Жер асты суларының ластану деңгейін бақылайтын арнайы құрылғылар да орнатылмапты. Мұның бәрі елдің денсаулығына зиян ғой.
Ал басы дауға қалған тарап өз шындығымен бөлісті. Айтуларынша, әкімдік қоқыс өңдейтін зауыт салуға «бақандай 30 соток» жер бөліп, жалға берген. Сөйтіп, «істі бастаңыз, кейін қазылған карьерлердің бірін қосамыз» деп сендіріпті.
АСЫЛБЕК ҚАРАЕВ, кәсіпкердің заңгері:
- Электр энергия қуатын алуға рұқсат берудің орнына, көмек берудің орнына кәсіпкерге барлық уақытта жаңағы наразылықтар көрсетіліп отырған. Әлі күнге дейін. Қазір барып қайттыңыздар. Станок жұмыс істемейді деп айтасыздар. Станок қалай жұмыс істейді? Электр энергия жоқ болса...
Әзірге кәсіпкер мен тұрғындар текетіресі қалай шешілері белгісіз. Әйтеуір, ызалы ел оңайлықпен ымыраға келмейміз деп отыр.
Нұрболат Жаңабекұлы, Влад Шишко
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Пікірлер: 2
@user-zu3dk5us7f
@user-zu3dk5us7f Жыл бұрын
Потребительское сознания человека пока свой мусор не будем сортировать это будет продолжаться
@dauletsyrgabaev6334
@dauletsyrgabaev6334 Жыл бұрын
Каладан 30-40 км орналастыру керек кокыс тогетин және өңдейтін зауытты. Жанында 2-3кмде адам омир суру мумкин емес. Кай заманда омир сурип жатырмыз ози🤦
Инвесторлар Алматы облысын дамытуға атсалысады / Қытай жаңалықтары
9:22
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 1 М.
DO YOU HAVE FRIENDS LIKE THIS?
00:17
dednahype
Рет қаралды 28 МЛН
Универ. 13 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:07:11
Комедии 2023
Рет қаралды 6 МЛН
Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы сарайы
4:13
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 551 М.
Алматы мен Үрімші арасын жалғайтын қысқа жол салынбақ (07.06.16)
3:32
DO YOU HAVE FRIENDS LIKE THIS?
00:17
dednahype
Рет қаралды 28 МЛН