Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұраларын зерттеу орталығы

  Рет қаралды 478

Baktybay ZHAILAU

Baktybay ZHAILAU

7 жыл бұрын

Ш. Есенов атындағы КМТИУ жанындағы Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұраларын зерттеу орталығының негізгі мақсаттары:
- Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұраларын қауіпсіз әрі тиімді қолдану мен қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешуге әлемдік қоғамдастықты тарту;
- Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұраларын жұмыстың заманауи түрлері мен әдістерін қолдана отырып зерттеу мен қорғауда және пайдалануда күш біріктіру;
- өңірдің тарихи-мәдени мұраларын көппәнділік зерттеу құралдарына негізделген ҚР мен Каспий маңы мемлекеттері ғалымдарының кәсіби консолидациясын құру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Орталық қызметінің төмендегі негізгі міндеттері анықталды:
- өңірдің тарихи-мәдени мұраларының нысандарын қорғау және зерттеу мәселелеріне талдау мен мониторинг жасау;
- өңірдің тарихи-мәдени мұраларын, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениеттің элементтерін, аймақтағы халықтардың фольклорын, салт-дәстүрін, сенім-нанымын зерттеудің біртұтас жүйесін қалыптастыру және қайта құру;
- Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер үшін Арал-Каспий өңірінің қайталанбас тарихи-мәдени мұраларын зерттеу, сақтау, қайта жөндеу, сақтап қалу саласында ғылыми-әдістемелік, практикалық нұсқаулықтар жасап шығару;
- аймақтың тарихи-мәдени мұраларын зерттеу, сақтау саласында халықаралық ғылыми байланысты дамыту мен нығайтуға ат салысу;
- гуманитарлық ғылым мен ғылыми білімді жариялаудың теориялық мәселелерін талдау;
- ғылыми әлеуетті дамыту және жетілдіру, ғылыми және мәдени қызмет саласында аймақтың интеллектуалдық әлеуетін өсіру үшін мамандар мен ғалымдардың ынтымақтастығын нығайту;
- аймақтың мәдени мұрасының ортақ мәліметтер қорын жасақтау;
Ғылыми зерттеулер ғылымның 4 бағыты - филология, тарих, этнопедагогика, мәдениеттану бойынша келесі тақырыптарда жүргізіледі:
- Маңғыстаудың әдеби-тілдік мұралары,
- XVIII-XX ғасырлардағы Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму динамикасы;
- Батыс Қазақстанның білім беру саласының даму тарихы,
- Маңғыстаудың көркем мәдениетінің семиотикасы.
Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері аймақтық ғылыми зерттеулерге орта мектеп оқушыларын, университет студенттері мен магистранттарын тарту бағытында әдістемелік және ұйымдастырушылық, ғылыми кеңес беру және ғылыми жетекшілік жұмыстарын жүргізеді.

Пікірлер
ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ ҚҰЛШАР КҮЙШІ
6:50
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 11 М.
ELE QUEBROU A TAÇA DE FUTEBOL
00:45
Matheus Kriwat
Рет қаралды 36 МЛН
Countries Treat the Heart of Palestine #countryballs
00:13
CountryZ
Рет қаралды 20 МЛН
Бастауышпен қоштасуға Шақыру
1:02
Үздік ұстаз
Рет қаралды 131
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ (05.01.1935 - 24.01.2011)
34:26
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 36 М.
Японский язык с нуля, 2 урок. Комплексный онлайн курс.
35:14
АҚЫН ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИМЕН СҰХБАТ (2008)
22:21
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 3,1 М.
АЙТ-МАН - СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН
1:47:07
Baktybay ZHAILAU
Рет қаралды 38 М.