ЖАРҚЫН СӘЛЕНҰЛЫ: БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР АТА-АНАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕЙ БАСТАДЫ

  Рет қаралды 5,745

Dulat Tastekey

Dulat Tastekey

18 күн бұрын

Көпшіліктің сұрауымен Жарқын Сәленұлымен тағы да бір әсерлі әңгімені назарларыңызға ұсынамыз!
2:28 Абайдың он тоғызыншы қара сөзінен артық сөздің қадір-қасиетіне берілген баға бар ма?
4:00 Өткен подкасттан кейін Жарқын Сәленұлының өмірінде не өзгерді?
7:47 Жүректің көзі ашылса...
8:20 Жарқын мырза шешендікке баулиды ма?
12:03 Қазір балаларға тәрбие беретін абыз ақсақалдар бар ма?
12:44 17 жасында Саққұлақ би атанған кім?
18:18 «Біздің оқушылар өзінің ата-анасы мен қоғамдық ортасын тәрбиелей бастады»
19:03 Бүгінгі күні ата-ана баласымен сырласады ма?
19:45 «Біздің мектеп оқушыларының шешендігі»
23:34 «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»
29:00 «Орыс тәрбиесін алған адам ұлт қызметкері бола алмайды»
36:10 «Оқушыларым өздері 20 минуттық анимациялық фильмді қазақшаға аударды»
39:00 «Үлкен деңгейдегі журналистермен деңгейлеc оқушылар өсіп келе жатыр»
39:50 «Мықты бизнесмендер өздерінің кәсібін сөз саптауы арқылы дөңгелеткен»
40:19 «Шешендікке жақын адам басқа тілдерді де оңай меңгереді»
41:09 Шешендік өнерді меңгерген жандар қай салада қызмет етеді?
47:12 Жарқын Сәленұлы жоғары оқу орындарына ренжулі
47:46 «Ақ костюммен жердегі қалған қоқысты өзім теріп қалдым»
48:00 Жарқын мырзаның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке назы
53:00 «Жарқын Сәленұлына да сын қоюға болады»
1:00:38 Дулат Тастекейдің жынын келтіретін сұрақ қандай?
1:03:20 Төле бидің шешендігі
1:04:20 «Бір ауыз сөзбен жұбатудың» маңыздылығы
1:07:38 «Ымды білмеген дымды білмейді»
1:08:55 Қалауын сұраудың ғажайып үлгісі
1:10:32 Абай мен Қиясбай
1:11:12 Сырымның Бөкен биге амандаса баруы
Instagram:
@dulat_tastekey
@salenuly

Пікірлер: 106
@user-ht3qp8gn4g
@user-ht3qp8gn4g 16 күн бұрын
Бірінші сұхбаттан біраз нақыл сөздерді жаттап жүрген жерімде айтып жүрмін. Осындай бағдарламалар көбейе берсін.
@user-ep3ud8ie9k
@user-ep3ud8ie9k 5 күн бұрын
Кеш жарық ағай! Аяулым Бақытқызы. Мен бұл сұхбаттан өзіме одан сайын шешендікті білуге,үйренуге жігерлендіретін қуатты сөздерді ойыма түйдім.Ақарыс пен Шадиярдың бұл сұхбатқа деген пікірлеріне көз жүгіртіп шығып соңында өзіме де сұхбат қызықты болып көрген жайым бар.Бірақ,ерінбей уақытымды бөліп көргеніме еш өкінгенім жоқ.Сұхбат барысында сіздің осы шешендік өнер жолында сіңірген біраз еңбегіңіз тіпті осындай керемет мұғалім болуға дейін қаншама еңбек еткеніңіз жайлы да білдім.Сұхбатта өзіңіз айтып өткендей қазір шешендікке деген құлшынысы жоғары балаларлың көбеюі қатты қуантты.Сосын мына қазіргі адамдардың бұрынғы тарихын,бабалардың іс-әрекетін білуге ,тануға мүлдем қызығушылығы мүлде жоқ тарих деген ол жай ертегі,бөскен әңгіме дейді.Бірақ,Әлихан Бөкейханның өзі мақаласында бұрынғы тарихымыздан хабардар болсақ,бабаларымыздың мұрасын,құндылығын,бұрын қандай адам болғанын біле аламыз және соны үлгі тұта отырып өз өмірімізді құрамыз дейді.Сізде жаңа айтып өткен Жолжақсы Әсет ағамызда өзінің бабалары қандай болғанын аңғара отырып,неге сондай жақсы,шешен болмаймыз деген екен.Алайда,менің көңілім түскен бір сәт ол мына жоғарыда отырған биліктегі адамдардың сіздің ұсынысыңызды құптамағаны.Бірақ,еш берілмей жүрген жерінде әрбір оқушыға өзіңіздің білікті ұстаз екеніңізді білдіріп,оқушыларды жақсыға қарай үйреткеніңіз яки өз ықпалыңызды тигізгеніңіз өте жақсы және осы сіз секілді кез келген жерде аталы сөз айтатын ұстаздардың көп болғанын қалаймын.Ақарыс айтып өткендей,сыныптасым Нұрасылдың да жеткен жетістіктері жайлы айтылғанда қатты қуандым.Нұрасыл өзгелерге үлгі боларлық жігіт болып келе жатыр десемде болады.Өзімізбен жасты баланың мақала жазып,қырықтан аса шешендік әңгіме жаттап,сайысқа түскені бұл бір үлкен жетістік және соның бағаланғанына қуаныштымын. Сайып келгенде,бұл сұхбатты көргеніме еш өкінбеймін.Біраз мәліметтер жинап,тағы да мәнді,мағыналы ұлағатты сөздерді де ойыма сақтап алдым.Жалпы айтқанда сұхбат мен үшін тиімді болды .
@user-wh8rk5qc7u
@user-wh8rk5qc7u 12 күн бұрын
Санжар Керімбай да,Сіздер сияқты тамаша іс жасап жүр.Рақымет Сіздерге👍📚💯
@kusaiynbeknur513
@kusaiynbeknur513 5 күн бұрын
Дулат Тастекей мен сіздің араңыздағы сұқбат өте пайдалы һәм мағыналы болғаны айтпасамда белгілі деп ойлаймын. Сұқбатты көптеген желілерге тарату керек. Қазіргі уақытта көбі(көпке топырақ шашпаймын) газет, кітап оқымайды. Шешендік өнерді жан-жақты дамыту үшін, тағылымы мол, тәлім-тәрбиеге толы осындай сұқбаттарды әлеуметтік желілерге таратсақ, сонда ғана еліміз көркейеді. Жүсіпбек Аймауыт атамыз «Адамның өзі көркейсе ұлты көркеймейді Ұлты көркейсе өзі де көркейеді» дейді емес пе? Егер елімізді көркейтетін осындай жалынды азаматтар болғанда, біз еліміздің атын шығаратын бала, елге сыйлы беделді болар дана тәрбиелей аламыз. Ал, сол қадамдарды ең алдымен өзімізден бастау керек деп ойлаймын. Осы сұқбатты көру арқылы сол қадамдарды ақырын жүріп, анық басып келеміз. Бірақ, жетістікке жету үшін бастан қиындықты да өткеру керек қой. Осы жолда билікке де көтеріліп, ұсыныс тастадыңыз. Өкінішке қарай, олар сізді құптамады. Бұл еліміз үшін сын деп ойлаймын. Үлкен тарих болып, оның болашағы болмау өрескел қателік. Сіздің шешендік өнерді дамытудағы ісіңіз көптеген адамға үлгі болатыны сөзсіз. Бұл сұқбат Дулат Тастекеймен бір емес екінші рет өткені бәрімізге белгілі. Сол екі бөлімді де үзбей көріп келе жатқан азаматтардың қатары толыққаны да айдан анық. Тек көріп қана қоймай, оның мән-мағынасын толық түсінгендерде бізге мәлім. Оның бір дәлелі: жақында тау бөктеріндегі Райымбек ауданында өткен аудандық шешендік сайыс. Бұл сайысты өткізуге ерен еңбек етіп, елімізге қажет бегзада өнерді дамыту жолында еңбек еткен, өзінің туған жерінде де бетке ұстар, беделді, сыйлы азаматтардың қалыптасқанын қалаған- Олжас Тұрсынқожа ағамыз. Олжас аға өзінің жұмыс бағыты құрылыс болғанменен, елді жан-жақты дамыту үшін тер төкті. Елінің бетке ұстар азаматтарының біріне айналары сөзсіз. Қазақи қаймақ тілімен қайыра айтқанда, осындай мән-мағыналы сұқбаттар елімізде кемеңгер бабалардың көреген ұрпақтарын тәрбиелейді. Сондықтан, бұл сұқбаттың пайдасы біз үшін де, ел үшінде зор. Әрі бұл сұқбатты көрген адамның қандай ой түйері тайға басқан таңбадай анық байқалады. Сұқбатқа тән бір сөзді айтқым келіп отыр: «Қара қылды қақ жарған жақсылардың белгісі» Сол жақсылардың бірі болайық. Сол жақсыларды тәрбиелейік!
@Venus41741
@Venus41741 17 күн бұрын
Балалардың болашағын ойлағаны қандай тамаша. Ұстаздыққа жанын берген екен Ағамыз👍
@user-ep3ud8ie9k
@user-ep3ud8ie9k 5 күн бұрын
. Мен бұл сұхбаттан өзіме одан сайын шешендікті білуге,үйренуге жігерлендіретін қуатты сөздерді ойыма түйдім.Ақарыс пен Шадиярдың бұл сұхбатқа деген пікірлеріне көз жүгіртіп шығып соңында өзіме де сұхбат қызықты болып көрген жайым бар.Бірақ,ерінбей уақытымды бөліп көргеніме еш өкінгенім жоқ.Сұхбат барысында сіздің осы шешендік өнер жолында сіңірген біраз еңбегіңіз тіпті осындай керемет мұғалім болуға дейін қаншама еңбек еткеніңіз жайлы да білдім.Сұхбатта өзіңіз айтып өткендей қазір шешендікке деген құлшынысы жоғары балаларлың көбеюі қатты қуантты.Сосын мына қазіргі адамдардың бұрынғы тарихын,бабалардың іс-әрекетін білуге ,тануға мүлдем қызығушылығы мүлде жоқ тарих деген ол жай ертегі,бөскен әңгіме дейді.Бірақ,Әлихан Бөкейханның өзі мақаласында бұрынғы тарихымыздан хабардар болсақ,бабаларымыздың мұрасын,құндылығын,бұрын қандай адам болғанын біле аламыз және соны үлгі тұта отырып өз өмірімізді құрамыз дейді.Сізде жаңа айтып өткен Жолжақсы Әсет ағамызда өзінің бабалары қандай болғанын аңғара отырып,неге сондай жақсы,шешен болмаймыз деген екен.Алайда,менің көңілім түскен бір сәт ол мына жоғарыда отырған биліктегі адамдардың сіздің ұсынысыңызды құптамағаны.Бірақ,еш берілмей жүрген жерінде әрбір оқушыға өзіңіздің білікті ұстаз екеніңізді білдіріп,оқушыларды жақсыға қарай үйреткеніңіз яки өз ықпалыңызды тигізгеніңіз өте жақсы және осы сіз секілді кез келген жерде аталы сөз айтатын ұстаздардың көп болғанын қалаймын.Ақарыс айтып өткендей,сыныптасым Нұрасылдың да жеткен жетістіктері жайлы айтылғанда қатты қуандым.Нұрасыл өзгелерге үлгі боларлық жігіт болып келе жатыр десемде болады.Өзімізбен жасты баланың мақала жазып,қырықтан аса шешендік әңгіме жаттап,сайысқа түскені бұл бір үлкен жетістік және соның бағаланғанына қуаныштымын. Сайып келгенде,бұл сұхбатты көргеніме еш өкінбеймін.Біраз мәліметтер жинап,тағы да мәнді,мағыналы ұлағатты сөздерді де ойыма сақтап алдым.Жалпы айтқанда сұхбат мен үшін тиімді болды .
@aiymbaltabekova891
@aiymbaltabekova891 17 күн бұрын
Қазір мектепте орыс тілінде сөйлеп, ойларын орысша жеткізетін балаларды қазақшаға үйретеміз деп кейде өзіміздің тіліміз күрмеліп қалады🥲
@itswhiterke
@itswhiterke 17 күн бұрын
сүбелі сөздер үшін ағаларымызға алғыс!
@user-xf9lj8of8v
@user-xf9lj8of8v 13 күн бұрын
Қай салада отырған министрлерді ең алдымен ұлытынің болашағын ойлау ұлттық құндылықтарды дамыту жөнінде сынақтан өткізу сол жөнінде аныт айтқызу содан кейін жауапкершілікті қызметке отырғызу керек лпыңдап жылпыңдағанің бәрін жауапты іске араластырмау керек
@bbaltabekovaa
@bbaltabekovaa 17 күн бұрын
Мына заманның балалары қиын 😏 Мықты тәрбие беру үшін қазіргі ата-аналардың өзі жан-жақты болу керек. Сұхбат үшін рахмет!
@crazygranny2976
@crazygranny2976 12 күн бұрын
Үйде " Сөз тапқанға қолқа жоқ" деген кітап тұратын еді. Соны туыстарымның көбі оқып шықты. Бұл 1990 жж еді. 2000 ж бір тойда жыршы жырлап жатқанда, бір келіншектің: : " Мынау не деп шайнап жатыр?"- дегенін естігенмін.😮 Радиодан домбыраны естіген жігіттің " Мынаны жоқ қылшы"- деп, дауысын өшіріп тастағанын да көрдім... Кітап оқымайтын, сөзге түсінбейтін ұрпақ пайда болды. Шешен адамдардың атағы, дәрежесі жоғары болса, мүмкін әдеп сақтап ия қорыққанынан тыңдар. Ал, жәй адамдарды тыңдамайды. Шешендік өнерге ынтасы бар таңдаулыларды баулу керек сияқты.
@user-xv8sx7gx6x
@user-xv8sx7gx6x 14 күн бұрын
Рахмет, ұлтжанды азаматтар көбейе берсін.
@Kausarboom
@Kausarboom 9 күн бұрын
Осы Құрмет қайда көрінбей кетті Маңғыстауға шөп жинаған? Аманба әйтеуір хабарыңыз барма ақкөңіл нағыз қазақ еді құртып жіберген жоқпа белсенді болып жүретін еді
@user-lf9xy5yd8v
@user-lf9xy5yd8v 14 күн бұрын
Бұл сөздерді Президентке. Депутаттарға. Министрлерге. Сол жоғарыда ел басқарған Адамдарға айтқан жөн. Әкімдерге айтыңдар. Біз тыңдаймыз, Қолымыздан ештеңе келмейді. Жемқорларты тоқтатыу керек.
@qazfilms
@qazfilms 13 күн бұрын
Бабамыздың асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа дәріптеп жүрген өзіңіздей ағалар көп болса екен! Сұхбат өте керемет өтті Дулат мырза Жарқын Сәленұлы ағамызға мың алғыс!
@Zhanerke1450
@Zhanerke1450 17 күн бұрын
Дұрыс👍 Кішкентай кезінен балдарға дұрыс тәрбие беру қажет🙌🏻
@user-qd3yr2fx5p
@user-qd3yr2fx5p 13 күн бұрын
Таныс дауыс. Бұрын қазақ радиосынан дауысын естуші едік. Нағыз қазақ азаматы.
@AselBazarbai
@AselBazarbai 5 күн бұрын
Базарбай Әсел 8"А" 1 сағатқа созылған бұл сұқбаттың негізгі тақырыбы мен басқада көтерілген мәселерін анық-қанығымен түсіндім.Бастапқыда алдыңғы сұқбат пен сол сәтте болған сұқбаттың айырмашылығын талқылады.Хакім Абайдың 19-қара сөзінен үзінді айтып, естілердің бірі болуды дәріптегені бастапқыда жақсы із қалдырды.Сонымен қатар, шешендік сөзді қолданудың жан-жақты қолдану дұрыс,бірақ дұрыс сөйледім деп, көп сөйлеп көпірудің қажет жоқ екенін ұғындым.Біздің мектептің оқушыларының шешендік сөйлеу өнері пәнінен алған білімін кез-келген жағдаятта дұрыс пікірмен қолдана алатынын білдім.Маған Жарқын ағайдың Ахмет Байтұрсынұлының "Сөздің мақсаты:белгілі пікірді түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндіру мен ғана қоймай,сол сөзге сендіру,нандыру,үйрету,балқыту ,иман келтіру" деген сөзін мысалға алғаны қатты әсер қалдырды.Одан бөлек ата-баба ұлағатын кеңінен дамытуға жоғарғы оқу ағарту министрлігінің бейжай қарағаны біртүрлі көзқарас қалдырды.Сұқбатты тыңдай отырып ШСӨ пәнінен дәріс алғандардың ойы қарапайым үлкен адамдардан қарағанда кеңірек болатынын түсіндім.Мен сұқбатты тыңдай отырып мына сөздерді дәптеріме түртіп алдым: Жанғұт шешен айтады: "1 сөз айтсаң жақсыға аталы сөзге тоқтайды, 1 сөз айтсаң жаманға өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға өмірде таң атпайды", Ахмет.Б: "Білімдіден не пайда,білгеннін жұртқа айтпаса.Үйреткенен не пайда қайырымы қайтпаса" - деген астары кең сөздер маған ұнады. Ағайдың ауқымды тақырыпқа біраз шешендік оқиғалар келтіре айтып кеткені көңілді жайдарлатып жіберді.Соңғы тұста осы мектептің оқушыларының өздері шығарған нақыл сөздерінің бірі "Ата-бабаңның ұлағатын анаңдай қадірле!" жүрекке жетіп , жүректің ішкі сезімін толғандырып жібергендей болды.Тағы да қосатыным, ағайдың сөзді жеткізу әдістерінің ішіндегі "1 ауыз сөзбен жұбату" әдісін Қаз дауысты Қазбек бидің оқиғасымен байланыстырғанды көңіліме сезімін отын ұялатты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, аталы сөзге арсыз ғана токталмайды демекші, сөз қадірін өз қадіріміз деп ұғайық және дәріптейік!
@erikbeketaev142
@erikbeketaev142 12 күн бұрын
Нағыз Ұстаз екенсіз Ұлтжанды екенсіз
@Amannzholova
@Amannzholova 17 күн бұрын
Қазақ болсақта кейбір сөздерге тіліміз келмейді😅 Қаншама білім, еңбек керек осылай мағыналы сөйлеу үшін👍
@user-kb8mg8yq2d
@user-kb8mg8yq2d 3 күн бұрын
Көзіме еріксіз жас келіп көрдім сұхбатты. Керемет!
@aiymbaltabekova891
@aiymbaltabekova891 17 күн бұрын
Сұхбат барысында Қаншама нақыл, өсиет сөздер айттыңыздар😍🥹👍🏻 Өте керемет! Сұхбат маған қатты ұнады👍🏻👍🏻👍🏻
@user-ex4hz9jf2l
@user-ex4hz9jf2l 12 күн бұрын
Барлық мектептер мен колледждерде қазақи тәрбие мен шешендік бағыттағы сабақтар енгізілуі керек. Қазір ешқандайда пайдасы жоқ факультатив пәндер көп. Солардың орнына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын курстарды берсе нұр үстіне нұр болар еді!
@Venus41741
@Venus41741 17 күн бұрын
Бата туралы дұрыс айттыңыз. Ағаларымыз 1шумақ болсада дұрыс бата жаттап алғаны жөн. Кейбір кісілер бата бергенде жаның кіреді. Қандай күшті деп қуанып қаласың
@user-mf1nr5js6e
@user-mf1nr5js6e 12 күн бұрын
Рахмет. Осындай бағдарламалар көп болса екен. Әитпесе қазіргі жастарды мешіт улап жатыр.
@Ajdananurgalieva
@Ajdananurgalieva 17 күн бұрын
Қазіргі жастарымыз білімді
@aiymbaltabekova891
@aiymbaltabekova891 17 күн бұрын
Ағалардың сөз саптауы қандай керемет! Сұхбатты сүйсіне отырып тыңдайды екенсің😍👍🏻
@BibinurNurdaulet
@BibinurNurdaulet 17 күн бұрын
Құлақасып тыңдайтын сұхбат әңгімелерін ақылдарын сүйсіне тыңдайсың😊
@user-fv1gk2io4v
@user-fv1gk2io4v 7 күн бұрын
Дулат дұрыс Ер азамат . Рухани сұхбат болды.
@IslamAbirtulla
@IslamAbirtulla 15 күн бұрын
Тектиден текти туады Тектилик тұкым куады Соз саптау керемет Оте жаксы сухпат
@Alfiyaabdimannn
@Alfiyaabdimannn 17 күн бұрын
Қазір көп балалар 5-6 жасқа дейін сөйлей алмайды ғой. Шешендік өнер пәнін мектептерде, ЖОО-да пән ретінде енгізсе жақсы болар еді. Бірақ бізде көбіне айтылып айтылып қалады, іске асыру қиын болып тұр ғой 😢
@syrym.nurzhanuly
@syrym.nurzhanuly 17 күн бұрын
36:17 керемет окушылар екен казіргі таңда бізде қазақша детский контент аз,осындай кісілердің аркасында казк тілінің алар асуы алыс емес👏🏿👏🏿
@user-rw8cc3dx5j
@user-rw8cc3dx5j 16 күн бұрын
шешендік өнердеген керемет
@Ajdananurgalieva
@Ajdananurgalieva 17 күн бұрын
Абай атамыздың қара сөздерін оқып өстік
@user-yg8ry9wb6p
@user-yg8ry9wb6p 15 күн бұрын
Айтарға сөз жетпейді өте керемет шәкірттерін жиі кездесуге, сұхбаттарға шақыру керек.
@Guldesh41
@Guldesh41 17 күн бұрын
Жарқын ағамызбен уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалыппын Ой түйетін сұқпатқа рахмет
@user-he5md5id1h
@user-he5md5id1h 13 күн бұрын
Шәкірке деген ықыласы ерекше осы ағамыздың, осындай ұстаз болмады -ау
@user-yg8ry9wb6p
@user-yg8ry9wb6p 15 күн бұрын
Жиі сұхбат, кездесуге шәкірттерімен бірге шақыру. керек.
@user-fj9mx1fx5s
@user-fj9mx1fx5s 12 күн бұрын
Керемет! Аман-сау болыңыздар! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
@Grishinevgeny
@Grishinevgeny 17 күн бұрын
Дұрыс балаға кішкентай кезінен тәрбие беру қажет
@user-qf5or8lv9p
@user-qf5or8lv9p 17 күн бұрын
Сондай жақсы жаңалықтар, бәрі бітті құрдық дегеннің соңы болды ғөй тәубе
@user-bk7yk7de1q
@user-bk7yk7de1q 16 күн бұрын
Негізі оқушылармен бетпе - бет кездесулер өткізу керек,кезінде біздің бала кезімізде кездесу- сұхбаттар ,кештер көп болатын
@user-xi9eo5pm6p
@user-xi9eo5pm6p 14 күн бұрын
Азаматтар жарайсыңдар!
@user-mc8ki7bt5w
@user-mc8ki7bt5w 16 күн бұрын
30 жылғымәңгүрттер жастар ал біз ҚазСақ болып өлгіміз келеді
@Aizhana_wb
@Aizhana_wb 17 күн бұрын
Естілердің сөздерін естіп жүргеннің өзі есті болады✨👍🏼
@user-wh9po1ex8l
@user-wh9po1ex8l 14 күн бұрын
Осындай пайдалы видеолардың көрілімі өте аз кемі милион болу керек
@user-cw7ld5lp7g
@user-cw7ld5lp7g 17 күн бұрын
Көргенім жоқ бірақ керемет сұхбат болатынына сенімдімін
@aliyasharimbay6339
@aliyasharimbay6339 17 күн бұрын
Маган да унамайды сондай кисилер, биреуден жалынып сурап, бермесен ренжип сонында каргыстап кетеды гой😢😢 Оларга ким миндетты екен комек корсетуге. Сиздер акшаны аспаннан алып жаткан жоксыздар гой. Керек болса енбектенсин, тапсын, Кудайдан сурасын. Осыны Абай атамыз оз кара создеринде де айтып кеткен. Халык малды байлардан сурайды, бермесе ренжиды деп. Оны Абай атамыз надандыктан жалкаулыктан деп.
@ZhanerkeZholdybay
@ZhanerkeZholdybay 17 күн бұрын
Тәрбие тал бесіктен❤️
@eroxa6109
@eroxa6109 12 күн бұрын
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.
@user-gj7lr9cp1q
@user-gj7lr9cp1q 16 күн бұрын
өте керемет, балаларымды жақсы тәрбиелеуге тырысам.
@user-dm6vp4go5b
@user-dm6vp4go5b 17 күн бұрын
Дұрыс айтасыз✊🏻✊🏻🔥
@shibi0192
@shibi0192 17 күн бұрын
“Асханаға асыққан баладан ұлы ғұлама қайдан шықсын” дегеніңіз🔥🔥🔥🔥🔥
@bake_tdk
@bake_tdk 14 күн бұрын
Пайдалы сухбат екен👍🏻
@sel.zhumat
@sel.zhumat 16 күн бұрын
Өте керемет сұхбат болды, маған ұнады🙂
@OlzhasKudaibergen-rm1oo
@OlzhasKudaibergen-rm1oo 17 күн бұрын
Осындай сухбат кобирек болса керемет 🔥
@user-iq4pi3fu4l
@user-iq4pi3fu4l 14 күн бұрын
Жақсы сұхбат болды.
@tohanovn
@tohanovn 17 күн бұрын
Қызықты,пайдалы сұхбат👏
@atyraukazakhstan1708
@atyraukazakhstan1708 16 күн бұрын
Қазақ қобыз , домбыраның үнін түсінген қазақ едік. Исламисттер мен християндар келіп мәңгүрт қылып тастады .
@eroxa6109
@eroxa6109 12 күн бұрын
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас. -Абай Құнанбайұлы Мұсұлмандар мәңгүрт қылдыма сонда🤫🤔
@atyraukazakhstan1708
@atyraukazakhstan1708 12 күн бұрын
@@eroxa6109 Мәңгүрт болмаңдар, Абай ондай сөз айтып , куәлік беретін Расул ма не !.
@user-wl7gc1lm9l
@user-wl7gc1lm9l 17 күн бұрын
Жарқын-👍👍
@janekkin_15
@janekkin_15 17 күн бұрын
қызықты сұхбат екен 👏👏👏
@user-bk7yk7de1q
@user-bk7yk7de1q 16 күн бұрын
Жанды болмаса ,интернеттен баллар көрмейді,уақыт болса аралап ...
@Venus41741
@Venus41741 17 күн бұрын
Мағынвлы сұхбат болды👍💯
@Grishinevgeny
@Grishinevgeny 17 күн бұрын
Қызықты пайдалы сұқпат болды
@sarashabden
@sarashabden 17 күн бұрын
Төле биді айтқандарыңыз орынды болған! Жоңғарлардың тұтқынынан Абылай ханды өз шешендігінің арқасында босатыа алды емес пе..?
@Aizhan756
@Aizhan756 17 күн бұрын
Керемет сұхбат 👍
@zh.gulmira
@zh.gulmira 17 күн бұрын
Сөз саптауларыңыз қандай керемет👏
@Gaisa_Muzaparkhanov
@Gaisa_Muzaparkhanov 17 күн бұрын
Қазіргілер іштен оқылып туылады ғой😄
@user-le8kn1qw1m
@user-le8kn1qw1m 15 күн бұрын
Керемет
@user-sr2qv6lx4e
@user-sr2qv6lx4e 9 күн бұрын
Тау тұлғалар да бүгінде бар екен-ау.
@user-cq2kd3vj1t
@user-cq2kd3vj1t 16 күн бұрын
Тамаша! 🔥
@user-wh8rk5qc7u
@user-wh8rk5qc7u 12 күн бұрын
👍👍👍📚📚📚🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤❤❤
@azimyerkinov6355
@azimyerkinov6355 6 күн бұрын
Керемет 🔥
@user-lj3gj9pn9x
@user-lj3gj9pn9x 16 күн бұрын
Пай пай шіркін недеген мағыналы сөздер!
@user-ls6ge4zl7w
@user-ls6ge4zl7w 10 күн бұрын
Керемет сұхбат😍👍
@_gulnaz_0485
@_gulnaz_0485 16 күн бұрын
Керемет, үшінші бөлім күтеміз
@aiymnurgali1067
@aiymnurgali1067 17 күн бұрын
Өте бір мағыналы, өнегелі , тәрбиеге толы контент шығыпты😊
@Medet_Sadvakasov84.
@Medet_Sadvakasov84. 17 күн бұрын
Өте тамаша сұқбат
@user-zr1td8yp5s
@user-zr1td8yp5s 17 күн бұрын
Керемет әңгіме
@user-lk3bi9oq5f
@user-lk3bi9oq5f 14 күн бұрын
Мәселе пәнде емес оны оқытатын маманға байланысты .
@user-iy8vp3qu8s
@user-iy8vp3qu8s 17 күн бұрын
👏👏👏👏💪🔥
@aruka.rr2006
@aruka.rr2006 16 күн бұрын
Өте керемет әрі қызықты🤩🤩🤩🤩🤩
@user-zc3ld2ee3q
@user-zc3ld2ee3q 16 күн бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@Shabdenova.bayansulu
@Shabdenova.bayansulu 17 күн бұрын
Біздің тіл керемет қой
@zh.gulmira
@zh.gulmira 17 күн бұрын
Керемет сұхбат болды👏
@enliksharimbay5368
@enliksharimbay5368 17 күн бұрын
Неужели🎉🎉🎉
@user-wh8rk5qc7u
@user-wh8rk5qc7u 12 күн бұрын
Астанада бар ма ,балаларымызды берсек.👍
@AraiAskhat
@AraiAskhat 17 күн бұрын
керемет🔥
@user-sr2qv6lx4e
@user-sr2qv6lx4e 9 күн бұрын
Пах шіркін!
@nurdauletbayzakov6294
@nurdauletbayzakov6294 13 күн бұрын
👍
@yelddana3155
@yelddana3155 17 күн бұрын
кобынесе орысша сойлестындердын жадына сактайтын сухбат екен
@user-vc7it2dk1j
@user-vc7it2dk1j 3 күн бұрын
Керемет❤❤
@user-wl7gc1lm9l
@user-wl7gc1lm9l 17 күн бұрын
Даланың ділмәрләрі, атын ұмытып таппай жүр едім
@Bayashkau
@Bayashkau 17 күн бұрын
Оо екінші бөлімін күткен едім🔥
@yelddana3155
@yelddana3155 17 күн бұрын
кандай коркем создер😍
@user-pd7or5wk2n
@user-pd7or5wk2n 13 күн бұрын
Сөз жоқ керемет шешен. Тамаша сұхбат
@stbrgn
@stbrgn 17 күн бұрын
👏🏼
@Nargiza02
@Nargiza02 17 күн бұрын
Расыменде қазіргі балалар басқаша сияқты)
@malikim_
@malikim_ 17 күн бұрын
Шешендікке қызығушылығы жоқ оқушыларды, бұл пән несімен баурамақ? Өзін-өзі тану пәні сияқты болып қалмаса болды, қызытыра алатын, білікті ұстаз керек алдымен.
@dimash6570
@dimash6570 5 күн бұрын
7:45
ШЕШЕНГЕ АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚ
1:04:06
Dulat Tastekey
Рет қаралды 34 М.
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 11 МЛН
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 411 М.
Useful Gadget for Smart Parents 🌟
00:29
Meow-some! Reacts
Рет қаралды 9 МЛН
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 4,8 МЛН
«Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен»
57:40
КГУ "ОСШ №21", КАРАГАНДА
Рет қаралды 7 М.
Алдараспан 2024 концерт| Жаңа концерт | Толық нұсқа
3:00:19
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 367 М.
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 11 МЛН