АРСЕН ШАДИ: полиглот болудың құпиясы, студент менсінбейтін супер мамандық | Kitapal podcast #36

  Рет қаралды 17,384

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Пікірлер: 112
@ЕрланАлишер-т4е
@ЕрланАлишер-т4е Ай бұрын
Бұл подкасттың әрбір детальі менің қазіргі шақтағы студенттік өмірімнің нақ көрнісі іспеттес болды. Бірақ не десемде Шади ағаның қарама қарсы нұсқасы болып жүргенімді ұққан сияқтымын. Қазіргі өмірден түйген барша ойым мен дәл келіп тұр. Осы студенттің бойында болу керек емес қателіктерді өзімнің жасап,өміріме инвестиция емес болашағыма балта шауып өз потенциалымды толық ашпайтын бос дүниемен әуестеніп жүргенімнің дәйегі болды. Бұл продукция менің қалған студенттік шағымның нағыз түсбағдары сияқты. Рақмет
@АйнураЖусипова-я1н
@АйнураЖусипова-я1н Ай бұрын
Сіздерге көп рақмет мықты подкасттардың бірі болды өзім студентпін алған инсайттарым 1.Ағылшын тілін қалайда үйрену. 2. Қандай да бір жағдай болып қалса ақша таба алатын 2 ші мамандық игеріп алу (тігінші, шаштараз) 3. Міндетті түрде Қазақстан ішінде болсын саяхаттау. 4. Тілге қызығушылық алдымен естіп пайда болады сондықтан кино не мультфильм көріп бастаған дұрыс. 5. Тілді үйренгің келсе диалог жаттау 6. Қаржыны әр конвертке бөліп содан одан асырмай жарату 7. Ризық Алладан үйленбейде үйленіп те бала шағалы болыпта 150 000 тапсаң бәріне жетеді. 8. Бір іс ұнамасада соңына дейін жаса ол самаоценкаңа әсер етеді. 9. Студенттік кезің таза өзіңді жетілдіріп біліммен барынша басып басып қалатын кез бұндай ықылас енді болмауы мүмкін. 10. Универде болатын іс шараларға барынша қатысып ашылмаған қырларды ашып алуға болады. 11. Қолыңнан келгенннен артық жасап ал кейін өкінбейтіндей. 12. Таңғы асқа дұрыс көңіл бөлу. Сен не жесең солсың.
@ser1kowwws
@ser1kowwws 18 күн бұрын
Керемет подкаст! 11 сынып оқушысымын, ҰБТ-ға ғана концентрация қоймай, алдағы студенттік өмірімнің не болатынына көз жүгіртіп, қазірден ойланып жатырмын. Көп пайдалы мағұлматтар алдым, Арсен ағаның сөйлеу мәнері, сөздік қоры тәнті етті! Рахмет, Алла разы болсын баршаңызға!
@РайымбекОрынгали-ъ2ш
@РайымбекОрынгали-ъ2ш Ай бұрын
Қәзір мен 1-курс студентімін,мен бұл подкасты дәл уақытында қараған секілдімін.Себебі қәзіргі таңда көптеген сұрақтар санаңда өріп жүреді,жұмыс жасаймынба әлде оқуға көңіл бөлемін бе деген сынды Алайда бұл подкасты көру арқылы көптеген ақпарат алдым. 1) Студент атанған кезде сен өз ортаңнан ажырағаннан киін өзіңе жаңа орта іздей бастайсың,сондай кезде жақсы варианттардың бірі түрлі ұйымдарға қосылу. Мен бұл жерде Шәди Арсен ағамыздың айтқанын қолдаймын. 1-2 курста ешқандай ұйымдарға қосылмай тек сабаққа көңіл бөлу керек. Өз мысалымды айта кетейін. Мен басқа қалаға оқуға түсемін.Содан біраз уақыттан киін ішімде жалғыздық сезімі ояна бастайды. Соны жабу үшін түрлі орталар іздей бастаймын. Ақыры жайдарман командасына қосылып,жайдарманды бастаймын. Бұл нәрсе 2 айға созылады. Бұл кездерде сабақ жайына қалады. Бар ойым жайдарманда болады. Сонымен қоса сахнаға шығып,көрерменнің қошеметі адамды бір уақытша алдайтын секілді. Соңында жазда сабақ оқитын болдым.Осы подкасттан киін жайдарманды тоқтатып,сабаққа ерекше көңіл бөлемін
@saparulysanzhar
@saparulysanzhar Ай бұрын
Мектеп бітіріп жатқан 11 сынып оқушысы ретінде өте көп инсайттар алдым: 1)студент кезімді босқа өткізбеу үшін нақты мақсат,жоспарлар құрдым 2)1-2 жылдан кейін студент кезімде өкініп отырмау үшін қазірден қаржыландыратын ата-анам бар кезде бар мүмкіндігімді қолдану керегін түсіндім 3)Өзім үнемдеу деген сөз есіме түссе,тамақтан аяйтын едім.Енді оның қате екенін түсініп,ол ісімді денсаулыққа инвестиция деп түсінетін болдым. 4)Жетістікті сенің танымал болуың деп түсінетін едім,енді жетістіктің өмірде өз орнымды тауып,қазақ халқыма һәм мұсылман үмметіне қызмет қылу екенін түсіндім Арсен ағамды 9 ыншы сыныптан бері көріп жүрмін,өзім үшін еліктеуге лайық адам көремін. Кітап нағыз қалайтын адамдарға бұйырсын
@ErkebulanTurganali
@ErkebulanTurganali Ай бұрын
Тегін келген дүниенің қадірі жоқ,ниеттеріңізге рахмет.Сіздер маған әліде уақыттың кеш еместігін үйреттіздер.Меен мына жерде GPI төменғой,сенен мықты медик шықпайды деп ойлаушы.Бірақ менің тек қана бір ғана точка деңгейінде ойланғанымды,Медицинаның өзі көп точка екенін ұқтым.2 курс медик студент Еркебұлан👍🏻рахмет
@adilaitbaev5456
@adilaitbaev5456 Ай бұрын
Алға Еркебұлан. Біздің елімізге мықты дәрігерлер керек
@aidanaakimkizi
@aidanaakimkizi Ай бұрын
Қайырлы күн,менің атым Айдана.Қазіргі таңда Түркияда 1 курс студентімін.Әдеттеде ішінара сіздердің подкасттарыңызды тыңдаушы едім.Бүгін алдыма шыға қалғасын ашып тыңдап отырған бетім осы.Жалпы түйінмен бөліспей тұрып айта кеткім келетін дүние,ұжымдарыңызға береке берсін,дами беріңіздер.Осы подкаст арқылы сіздерді,соған қоса сіздерге келген қонақтарды танып,өзіме дамуға жол ашудамын,баршаңыздан Алла разы болсын. Мен жалпы Арсен ағамыз жайлы енді ғана біліп отырмын.Тыңдап отырып,уысымнан сырғып шығып бара жатқан уақыт үшін ойналып отырғанымда өтірік емес.Шынымен өте қысқа ойланамыз,шынымен үлкен арман мақсат қоймастан уақытымызды текке жұмсайтынымызға көзім жетті.Бастай алмай жүрген,өзіме өзім ерік бермей жүрген істеріммен уақыт жоғалтпай қазірден қадам бассам деп отырмын.Сіздерге Алла разы болсын.Бұйырса елге қызмет ететіндердің үстелінің басында жолығамыз деп сенем.Сіздерге қарап бой түзеп,сіздерге қарап жол жүреміз,сол үшін аман болыңыздар❤
@нұрболатқалел
@нұрболатқалел Ай бұрын
Білім деген ол өшпес қазына ғой. Осындай білімды азаматтар көп болсын.
@zhandauletkairatuly5011
@zhandauletkairatuly5011 Ай бұрын
Арсен ағаны бақылап, тыңдап жүргеніме 2жылдай уақыт болды. Инстаграм желісенде "шай үстіндегі әңгімесін" көріп, өте қатты қызықтым. Сөйлеу стилі, айтқан сөздері ерекше болып көрінеді. Өзіме үлгі тұтатын адамдардың бірі. Әр рубрикасы, подкасты ерекше, айтатын дүниесі бөлек. Ал осы подкастта айтқандары жалпы Арсен ағаны бақылап жүргендерге таныс деп ойлаймын. Арсен аға сізге тек алғыс, алдағы жұмыстарыңызға Алла береке берсін!
@КанатМусирбаев-ы4щ
@КанатМусирбаев-ы4щ Ай бұрын
Арсен Шади мырзаның әңгімелері, келтірген мысалдары шынайы қалай бар солай жеткізіп отыр. Шынайылық экранның ар жағынанда сезіледі екен. Жоспар туралы айтқан кеңесіңіз өте өте пайдалы thank you so much.
@МариямРышатбекова-у9е
@МариямРышатбекова-у9е Ай бұрын
Подкаст бір күлдірді, бір әттеген-айларды еске түсірді. 4курс студентімін, оқуға түспей тұрған бір жылдық “ гап иеар”- де официант болып жұмыс жасағанмын(уақытша ), жұмыстағы ортам қайтесің күш жұмсап оқып, ақша тауып тек үйленіп отырсаң да жеткілікті деген сөздерді айтқанда әлгі сөздер құдды бір терең тұңғиық қараңқылыққа тартып бара жатқан “ярлык” - тай естілетін, сол кезде Шади Арсеннің парақшасын қарап, өлеңдерден шабыт алып, тілдерге қызығып , бір мақтаныш сезім пайда болатын еді, жұмыстан жиған ақшамның барлығын ағылшын тіліне салып, келесі жылы мамандығымның ағылшын бөліміне түсуіме септігін тигізген болатын. 3курста ағылшын тілінің деңгейінің арқасында Туркияда Мармара университетінде жарты жыл оқуға жол ашылды, қазір де 4курстан соң қол сілтеп тек бизнеспен айналысайын ба ?- деген сұрақпен бетпе - бет келгенде осы подкаст шығып, бәрі бір түбі ары қарай адымдап алға баспағаным іштей өзімді жейтінін де еске түсіргендей болды. Керемет, тыңдар құлақ болса әдемі әңгіме, ақыл :) бұл да бір белгі болар..
@GulnisaToktibayeva-q6m
@GulnisaToktibayeva-q6m 10 күн бұрын
Кітап ал жобасына үлкен рақмет өте пайдалы подкастар шығарылады тек алға шаршамаңыздар you are winner people
@АйғанымАманкулова
@АйғанымАманкулова 15 күн бұрын
Бисмиллях.Кітапты өте қатты алғым келуші еді.Бірақ ол үшін емес ойымды түйіндеу,өзім үшін жазып отырғаным бар. Мен СДУ универінің 1 курс стулентімін.Біздің уни студенттік клубтардың нағыз қайнаған ортасы.Бірден 4 клубқа кірдім:дебат,актер-ораторлық клуб, тіл үйренетін,фильм түсіретін.Нетуоркинг жмді дапыттып,ашылдым, мәміле жасау,тез шешім,жол табу деген скиллдарды меңгерлім.Бос уақытымда клубтарда болдым:әрі қыдырдым,әрі адамдардан көптеген құндылқтарды сіңірдім,былайша айтқанда көзім ашылды,организатор болып,өзімнің гештальттарымды жауып, көптеген жаңа сезімдерді бастан кешірдім. Сонымен айтқым келгені: сабағыңызды бірінші орынға қоя тұрып әрине, әлі жас, мүмкіндік бар кезде ,қайта келмес бізге берілген студенттік өмірді де сүру керек.Ал көбірек салмақты жоспарларды өзің де жетілген кезде 2-ші курстан бастап, клубтарды азайта отырып жалғастыруға болады.
@talantkyzy
@talantkyzy Ай бұрын
Бисмилляһ! Қайырлы кеш! Кітап ал командасы, сіздерге алғысым шексіз! Бастапқы подкастарыңыздан керемет триодан құралған жазбаларыңыздан танимын , алғашқы оқырмандарыңызбын десемеде артық болмас! Бүгінгі подкаст сенімсіз болған мақсатымнан қайырылмауға түрткі болды.Қазір 1 курс студентімін, ойлап қарасам үйренетін нәрсем,уақытым, күшім бәрі жеткілікті секілді бірақ сондада ішкі нәпсіге беріліп кету немесе менің өзгелерден қарағанда азырақ әрі артта қалып жатқандай сезімім жиі болып тұрады.Бұйырса ,өлеңдірімді топтама етіп кітап етіп шығарсам деп ниет еттім, амалын істеп жүрмін ,бірақ не үшін шығарамын? мүмкін бос әурешілік қайтесің Нұрай ? деген ойлар ішіме келе берседе осы 2025 жылдың басы басылып шығаруға тырысып жатырмын. Әзірге тек жинақтап қойдым енді шығаратын орынмен келісіп , дұрыс ойластырып аяқтау керек .Бұл бір дана кітапты шығындалып шығарғанша дәптеріңе қолымен жазып не болмаса файлға сақтай салмайсыңба? қайтпекшісің? десеңіздер, өзімде нақты білмеймін негізгі ниетім әр нәрсені жазба түрінде қалдыру керек секілді һәм өз көзіме ,қолыма кітап ретінде жинақтап ұстау арқылы одан әрі дамуыма шабыт сыйлау.Ия әрине маған әлі кітап шығару білім деңгейіме жетпейтін әрекет , бірақ осы подкастты тыңдау арқылы сіздердің айтқан сөздеріңіз қатты әсер етті . Неге дәл қазір жасамасқа? Өзімді сынап шығарып көрсем , әрине бұл жинақ ештеңе бермес сондада бәлки болашақта бір нүктемен байланысып өз көмегінде беріп қалар деп ой түйдім . Бұйырса болашақта менде кітап жазамын һәм осы кездегі істегелі жатқан жан жақты еңбегім бірігіп көмегін берер.Өзім бухгалтерия мамандығында грантта оқимын, сіздер қозғаған барлық тақырып өзіме өте таныс жағдайлар.Тіл үйрену алға қойған басты мақсаттарымның бірі ,студентке қосымша тіл білу өте керек екенін 1 семестрдан ақ айқын сезіндім.Тек ынта , әрекет һәм талпыныс болса бәрі қолымнан келеріне кәміл сенемін. Қарасам бәрі байланыспен болып жатқандай, Арсен мырзаның бірінші телеграмына қосылдым, әрі қарай жеңілдікпен біршама тіл топтамаларынан тұратын курсын сатып алуға үлгердім енді бұйырса оқырманы болғандықтан "Студентке кеңес " атты кітабын асыға күтіп жүрмін , һәм міне бүгін комбо подкастты тыңдап кітапқа дәметіп отырғаным бар) Подкаст үшін рахмет! Келесі шығарылым асыға күтудемін !
@БауыржанЕрман-у9н
@БауыржанЕрман-у9н Ай бұрын
Өте әсерлі поткаст болды, рахмет Жалпы алларымды алдым деп ойлаймын, өз басым 2-курс студентімін IT саласын оқып жатрм, мамандық бойынша жұмыс істегім келді бірақ білімін сәл жеткілік сіздеу деп ойлап қойымдм, поткасты көріп өз даңдауымды нақтыладым. Жанжақты болуға болатын түсіндім, мүмкіндікді мейлінше жібермеу керек тігін ұқтым, өзімді жаңа қырынан ашуға жол ашқандай сезіндім. Білімсіздің күні қараң, демекші сол білімнің жигінде жүру, Мартин иденнің өмірі күшті мысал болды. Тұлғалық даму әр қашан, ой саны түзу адамға керек деп есептеимін🫡
@СезімМырзахан
@СезімМырзахан 15 күн бұрын
Қазіргі таңда аударма ісінде 3 курс оқимын шыны керек ағылшынды студенттік шақта ғана емес мектеп кезіндеде оқу керек.студенттік кез үшін айтылған ең керемет кеңестер болды мен студенттерге кітап ретінде осы Данияр Жігітбектің лайфактар кітабын Мирас кесебаевтің Әдет күшінде ұсынар едім😘 Болашақтағы студенттер және 1 курсттар тек ғана дамыңыздар уақыттарыңызды бос кетірмеңіздер және кітапалдың подкасттарын көп көріңіздер себебі пайдалы мәліметтер көп🥰 Кітап ұжымы сіздерге Арсен Шади мырза сізге көп рахмет алғысым шексіз Алдағы уақытта жұмыстарыңыз табысты болсын😘
@ЭльназТолемис
@ЭльназТолемис 23 күн бұрын
Түйін: Студенттік кез ең тиімді шақ.Осы шақ кезінде жастардың күші мен мүмкіндіктері өте көп болады.Сонымен қатар,уақытта жеткілікті.Адам осы шағында үнемі ізденісте жүру керек.Егер қандай да бір ілімге мүмкіндік туса,соны қағып алып,тез үйрену керек.Ол ілім алдағы уақытта бәрібір де керек болады.Тұлғаны қалыптастыруға өте керек дүние.Әрине де кітап оқуды ұмытпау керек және әр түрлі жанрдағы кітаптарды да көру керек.Ең бастысы денсаулық,салауатты өмір салтын ұстану.Ұйқының дұрыс режимін орнатып,тамақтануды қадағалау қажет.Пайдалы тамақтардың құны қолжетімді.Ештеңеге алаңдамау қажет.Өмірдің алдамшы қылықтарына жоламау қажет.Алдағы уақытта сол үшін өкініп қалуың мүмкін.Қаржы сауаттылығынсыз студент- студент емес.Қаржы сауаттылығын дамыту қажет.Тиынға тиын қосып та ақша шығаруға болады.Ең бастысы өзіңді дисциплинада ұстап,қолыңдығы ақшаңды керек емес дүниелерге құртып қоймау.Студенттік шақтың алғашқы кезеңінде ұйымдарға кіріп керек емес.Орта кезеңде түрлі ұйымдарға қатысып,нетворкингті нығайту қажет.Ол алда үлкен көмегін тигізіп қана қоймай,команда да жұмыс жасауды және әр түрлі сала мен ситуацияда өзіңді тануға мүмкіндік береді .Қазіргі заманда бар мүмкіндіктерді қолданып қалу қажет.Өзіңе істеп жатқан дүниең ұнамай жатса да,ерлік қайсарлықпен соңына дейін шыдап,оны аяқтау қажет.Кейін,екінші мамандықты да игеру артық етпейтінін ұмытпау қажет.Тілдерді үйрену өте маңызды,себебі ол көптеген есіктер ашады. Подкастқа дән ризамын.Арсен мырзаны енді біліп отырмын.Спикерлер де қонақпен қосылғанда,ерекше ашылып,көптеген құнды дүниелерді айтты.Өзім 1 курс студенті болғасын,осы подкаст маған дәл уақытында кездесті.Аларым мол деп жүз пайыздық сенімділікпен айта аламын!Аллаһ істеріңізге береке берсін.Әрбір подкаст маған қиын сәттерде шабыт сыйлайды.Маған осындай ағаларымыз мақтан болып жүргеніне шын мәнінде қуанамын.Дами беріңіздер!Менде сіздер сияқты ел қамын ойлайтын лидер боламын деген сенімдемін!
@АйдынКулбабаева
@АйдынКулбабаева Ай бұрын
Түйін менде 4 бала бар үйде балалармен отырып кітапты көп оқып,сабақ алып өзімді дамытып жүрген анамын,бірақ әліде оқи беремін оқуда кеш деген нәрсе жоқ.жан жақты білім алуға әбден мүмкін заманда өмір сүріп жатырмыз,үлкен оқу ордаларында әліде оқығым келеді,қолымнан келмейді деп кесіп тастамай жасап көру керек жаңа тың дүние болсада игеруге болады ИншаАллах.оқу,білім,кітап,сұхбат,кеңес, ілім мәжілісі,оқырмандар клубы ❤ ғой Универ оқығанмын,грант болғаны үшін бірақ оқып алып шықтым деп ойлаймын хотя қатты ұнамайтын 😅
@ankushfair2783
@ankushfair2783 Ай бұрын
Ассалуәғалейкум Есімім Айқын Мен алған кеңес бәріне пайдалы болсын как есть өз сөзіммен жазып шықтым рахмет Арсен ағасы,Кітап ал жүргізушілері❤. Кеңес/ Инсайттар: 1.Ағылшын 6.5 деңгейіне жеткізу. Қаңдай жағдай болсада ағылшын оқу.(Шраз мырза) Арсен мырза өзі мойындап тұрғаның айтып тұр оқу керек алдағы 4 жыл 6.5 деңгейіне жетуді мақсат ету 2.Шраззадин : сен егер өз мамандығында мысалы: мен Журналистпын мендегі мамандықта мыңдаған маман бар олардан мен қалай ерекшеленем деп ойлану,әлде көптін бірі боласынба деген ой,ағылшын дамыту ,дикция мықты қою деген сияқты мысалмен жеке стиль,имижд дегендей.ок 3.белсенділік!Икемділік. Мамандығынңан басқа өлмейтін мамандықты 100%/50% үйреніп алу (Данияр:)Студентік шақ:Үйрену шағы!!! 4.Жоспар болуы: •Права алу, •қажет деген мақсаттар •спорт түрлеріне бару 5.Қаржылық сауатты болу: •••• •1Ақша емес- ықылас ,бәрі осынын ықпалымен өздігінең келеді. •Қаңағат ету •Шоттарға бөлу •Қағаз ақша әр түрлі жерге салу. •қосымша курстарға,Дамуға қаша салу1)Деңсаулық.2)Білім.3)Шетелге шығу. 6. Қазір дайындалатын уақыт ,кейін өз уақытын келгенде өзінді көрсету,Темірді қызған кезде соғу . (Сәтті күнді күтіп жүру емес,дайындалу и жарып шығу додадағы аттай). 7.Нетвортиг. Лидерлік қасиетті дамыту, Шараларға қатысу, Мүмкіндік -адаммен 1 курста емес бірақ. 8.Әр салада өзінді көр үйрене бер олар нүкте болып жиналадыда картина болып жарық көреді ол-қабілет,сенің адами болмысын мен қасиетін киін жинақталады. 9.Деңсаулық Ұйқы, Тамақтану уақытымен Таңғы ас 1 болу керек өмірде алар орны ерекше Уақыт,Энергия бос нәрсеге құтпау, Телефонды дұрыс қолдану Байланысты дұрыстау. 10.Қолынңан келетін келгеніннң артық іс істеу, Өкінбеу 11.Үйлену оту құру,Білімге кедергі емес,тек сол мәселеді Ризықты уайымдау. Ризық-Алладаң сен тек іс әрекет істе. Әйелінмен күйеуінмен Жақсы Қарым-қатынаста мәміледі бол Пайдалы болған кітап : Мартин Иден , Алхимик, Оқиық тоқиық общем French me❤
@ankushfair2783
@ankushfair2783 Ай бұрын
Кітап ұтпасам білмеймін😂
@ulzhan_shymyrbai
@ulzhan_shymyrbai Ай бұрын
Студенттер үшін ойда туындап жүрген сұрақтардың жауабы болған топ подкаст болды. Шынында да студенттік кезең өз өзіңді негізінде өз потенциалыңды ашатын кезең.
@БалданаЖумаханова
@БалданаЖумаханова Ай бұрын
Аллаһ разы болсын бүкіл атсалысқандардан!
@ShukirbekKarlygash
@ShukirbekKarlygash Ай бұрын
Қазір 1 курста оқып жатырмын.Әні-міні дегенше 1 семестр де аяқталып жатыр.Сіздердің осы подкасттарыңыз маған қатты әсер етті,айтқан ақыл-кеңестеріңізді ойға түйіп отырдым.Енді уақытты құр кетірмеуге,көп кітап оқуға тырысамын.Арсен мырзаға көп рахмет кеңестері үшін.
@ALEMAUTO71
@ALEMAUTO71 Ай бұрын
Бұл видеоны мектеп бітірейін деп жатқан туыс братішке-қарындастарға тыңдатып, тыңдаған үшін бір сыйлық беру керек сияқты🔥
@nurbeksaparbaev8234
@nurbeksaparbaev8234 Ай бұрын
Мен ойлағандай жақсы шығарылым болды сіздерге көп рахмет ! Мен қазір таңда студентпін дәл маған арнап шығарылған шығарылым болды көптеген ой түйерлік сөздер қозғалды күнделікті айтылатын сөздер болған мен сіздерден терең бір ойланарлықтай түйін және мотивация алдым ( жобада айтылған сөздерді қайтадан қайталып жазбайақ қояйын ) алдағы уақытта осы айтылған кеңестерді жүзеге асыруға барымды саламын өзімде осы айтылғандарды алдыннан ойлап жүргем енді сіздердің сөздеріңіз үлкен түрткі болды. Осыдай 🔥🔥🔥 шығарылымдарыңыз көбейіп дами беріңіздер ❤.
@АкеркеАушенова-з1з
@АкеркеАушенова-з1з Ай бұрын
Қайырлы күн! Kitap-Al ұжымына жүргізуші ағаларымызға Алла разы болсын! Қазіргі таңдағы студенттің дертін ашып айтты,сол дертті емдеудің, оның алдын қалай алу керектігіміз екенін жілігін шағып тұрып айтып берді❤️‍🔥осындай ағаларымыз барда біздің еріншектіміз ұстап, бар болашаққа өзіміздің балта шабуымыз, жастық шаққа жасалған ең үлкен қиянат деп білемін. 1,30 минуттымызды осы подкастты көруге арнау арқылы алдағы 10 жылдықта өкініп қалмайтындай ойлар түйдім. Көп рахмет 🙌🏻🙌🏻🙌🏻Алла істеріңізге береке берсін!
@saltaabikenova588
@saltaabikenova588 10 күн бұрын
Көп рақмет! Көбірек подкаст салсаңыздар! Сіздердің подкаст өте қызықты!
@НаурызбайАкашев
@НаурызбайАкашев 9 күн бұрын
Салембердік Жаңаөзен қаласынан ! Қызым ұлым 13 ,14 жас және өте пайдалы сұхбат болыпты яғни кей жағдайда өзіміз баламызға ақыл айту емес жол көрсету қыйын соғады мен өзім күнделік жазам жане оны балаларға көрсетпеймін бырақ олар алып оны оқыды білем сол жерге түртіп жазып қойатындай сұхбат болыпты көп рахмет сәттілік тілеймін
@nurtileuamanbekulu9687
@nurtileuamanbekulu9687 Ай бұрын
Алла сіздерге разы болсын. Қазір 3 курс студентімін. Ағаларымыздың осы подкасты арқылы өзімнің дұрыс жолда келе жатқан тұсымды және қай қабілетімді дамытпай, елемей келе жатқаннымды түсіндім. Мәселен, жұмыс істеу. Мен университетке түскенде үйдегілер тек оқы жұмыс жасаушы болма деп жібергентін. Осыны бүгін подкасттан тыңдап, көрдім. Және де ағылшын тілі. Оны практика өткен сәтте түсіндім және дереу қолға алдым. Ал осы покасттан алған инсайдым ол қаржылық сауаттылық пен ризық тақырыбы.
@БакдаулетТанатов-б8э
@БакдаулетТанатов-б8э Ай бұрын
Студент емеспін, бірақ кітапты ұтып алғым келеді) 1. Мүмкіндік туып тұрса қабілеттерді үйренуден қашпа, қорықпа - connect all dots болуы мүмкін ин шаа Аллаһ 2. Студент кезде үйлену, тұрмыс құруға болады, тек өзіміз солай болмайды деп ойлаймыз 3. Бастаған істі соңына жеткізу жақсы нәрсе
@guldari9238
@guldari9238 Ай бұрын
Подкаст өте пайдалы болды.Түйіп аларлық дүние көп.Студент кезде нүктелерді қойып ала алсақ,алдағы өмірімізде пайдасы тиетінін әрі осы уақытта бір нәрсені біліп және үйреніп алуға ашық болу керегін ұғынып отырмын.Арсен мырзаның " Студентке кеңес " кітабының электронды нұсқасын алып,оқып көріп,пікір білдірген болатынмын.Расында да талапкерлер үшін өте пайдалы кітап болмақ.Істеріңіз алға баса берсін!
@ТоғжанАйтбай-л6б
@ТоғжанАйтбай-л6б Ай бұрын
Керемет кеңестер үшін алғыс!Дами беріңіздер,өсе беріңіздер.🔥
@РыстыБазарбай-и5ю
@РыстыБазарбай-и5ю Ай бұрын
Өте пайдалы подкаст болды,✅✅✅Алла разы болсынн
@asylhankadyrbek3746
@asylhankadyrbek3746 Ай бұрын
Бастаған ісіңді ұнамай жатса нәтиже көрсетте шығып кет өзіңе деген сенімділікті арттырасың түсірмейсің Жұмыс ұнамайтын 1 ай болмай шығып кететінмін Қазір кемі 1 ай істеу деген шарт қоямын өзіме керемет рахмет
@asylhankadyrbek3746
@asylhankadyrbek3746 Ай бұрын
Мирас ағам жақсы айтты. Тамақ дұрыс іш. Мен студентпін және тамақ жасап үйреніп, ішіп жүрем. Бұл әлде қайда арзанға шығады чем… Жалпы таңғы ас мәселесі керемет айтылды. Дәке: ужин маңызды емес қайта аш жатқаның жақсы қолданамын
@asylhankadyrbek3746
@asylhankadyrbek3746 Ай бұрын
Жазғы демалыста саяхаттау. Ел ішінде болсын. Аз аздан откладывать етіп соның кайфына кіріп алу
@perolajeksenqizi2901
@perolajeksenqizi2901 8 күн бұрын
Кітап ал Подкатс алға! Дами берсін!
@makosnya
@makosnya 9 күн бұрын
Ия мен жүзуді білмеймін 21 демін , қыдырсаң әлемді аралап міндетті түрде жүзіп уйрену керек сияқты ✌🏻 Ақтауға барғанда жүзе алмай жағаларда жүргеніміз бар құрбыммен , бірақ сондада саяхат жаксы өтті , бірақ келесі трип шетел үшін жүзіп уйренгім келеді , ары қарай серфинг деген секілді есіктер ашылады 😍
@zhansayaq719
@zhansayaq719 Ай бұрын
Өтее пайдалы подкаст болды Аллаһ разы болсын
@aiymm_07
@aiymm_07 21 күн бұрын
Қайырлы күн, мен 1курс студентімін. Бұл подкастты қазір көргеніме өте қуаныштымын. Себебі 1семестр бос ойын күлкімен қалай тез өтіп кеткенін өзім байқамай қалып едім,енді алдағы курстарды өзімнің болашағым үшін пайдалы өткізуге тырысамын.Сіздерге көп рахмет осындай пайдалы біліммен бөлісіп жатқандарыңызға
@АкеркеАушенова-з1з
@АкеркеАушенова-з1з Ай бұрын
Алған Түйіндерім 1.Сен-Студентсің және қазіргі сәтпен өмір сүріп үйренуің керек. Ол кешегі өткен қателікке өкіну емес, болашаққа қатты сеніп қалу емес, нақты қазіргі уақытпен, қазіргі сәтпен өмір сүру. 2.Студенттік шақ-сені ӨСІРЕДІ немесе ӨШІРЕДІ. Сенде таңдау бар. 3.Және ең басты түсінуің керегі-Алланың саған осы оқу, білім алу, түсіну деген баға жетпес нығметті беріп жатқаны. Айналамызда бәрі оқып жүр ғой деп ойлап жүруің мүмкін, бірақ сенің ойыңдағы бәрі ол Әлемнің 1%-ғана, сондықтан студенттік шақты нәсіп еткен Аллаға шүкір етіп, не істеп жүрмін қазір мен? Еліме, жұртыма қалай пайдалы болсам болады? Жарайды жұртты қоя бер қалай өзіңе пайда беріп жүрсің соған бір көз жүгіртші. 4.Аллаға деген шүкіршілігімізді білдірудің бір әдісі-Алланың берген нығметін пайдаланып, соны іске асырып, өзіңе және айналаңа бір пайдаңды тигізе алуың. 5.Абай атамыз айтқандай-Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан демекші, басқалармен өзіңді салыстырамын деп өз-өзіңді құнсыздандырма, аз-аздан үздіксіз жасалған амал Аллаға ең сүйікті амал. Жалпы бұл 1 курс студентінің өзі үшін түйген аз-маз түйіндері.
@ademi_asqarqyzy
@ademi_asqarqyzy 22 күн бұрын
Өтееее пайдалы әрі қызықты шығарылым болды ! Іздеген нәрсең өзің шыққан жерден шығуы мүмкін . Бастысы іздену !
@saya_design_
@saya_design_ 12 күн бұрын
Алаш арыстары сияқты отырсыздар🥰😍
@Био-шылаушынСарыағаш
@Био-шылаушынСарыағаш Ай бұрын
Бәрекелді Арсен,керемет пайдалы поткаст болды-деп ойлаймын елдегі азаматтар мен азаматшаларға.
@ЕржанМералиев-ы7м
@ЕржанМералиев-ы7м Ай бұрын
Құндылыққа толы өте тамаша подкаст болды❤🎉
@saparbeisen5216
@saparbeisen5216 21 күн бұрын
Суы көп болып кетсе алдын ала кешірім сұраймын. Түйін деген әр адам өз тәжірибесі мен көргеніне қарай алуан түрлі болуы мүмкін, менің жағдайымда ағылшын тілін оқуға осыған дейін тек себеп не мақсат іздей беріппін. Сол бір жауапсыз сұрағыма кенедей қадалып "керексіз" сияқты деген іштей келісімге келіп жүрген екенмін, осы нәрсені универде оқып жүрген француз тіліне де қолданып немқұрайлылық танытып жүр екенмін. Қазіргі таңда 2 шет тілі, шет тіл мұғалімдерін даярлау мамандығындамын, өзімді сіздер сияқты көп студентпен салыстыра отырып кеш деп ойлай беруім де үлкен қателігім болуы керек. Мектеп уақытынан мен өзімді кішкене де болса рухани толықтырмай мен 6-7 сыныбым смартфондар эрасы бастауына тура келіп тек назарым ойындарда болды. Мектебім көп талап етпегендіктен оңай 5 алып жүрдім барлығын "поверхностно" білетінімнің арқасында себебі мұғалімдер де өз тақырыбында көп білмейтін. Түйін емес өз таризымды айтып өзімді ақтап алуға айналып кетті ғой, телефон туралы жақсы қозғалды, мен сол бала шағымда толтыра алмаған оқи алмаған көре алмаған рухани бостығымды қазір студент кезімде көп аниме қарау, көп болмаса да кітап оқуға ғана құртып жүргенімді қазір түсіндім. Университетте де тек сұрағынды ғана орындап сосын ұмыт қалып жатқан дисциплиналар. Соңғы түйін жоспар қоя білу мен үшін
@saparbeisen5216
@saparbeisen5216 21 күн бұрын
География тарих, басқа да салалардан аз аз ғана білгеніммен өзімді ақылды санап жүрген мектеп уақытын еске алсам олда қатты кері әсер берген болар деп ойланамын
@YerbolkyzyAkerke
@YerbolkyzyAkerke 24 күн бұрын
Өте пайдалы сұхбат болды. Рақмет!!!
@НурмухаммедТойкара-г4ю
@НурмухаммедТойкара-г4ю 28 күн бұрын
Өте пайдалы әрі қызықты подкаст болды! ❤ Нағыз студенттерге қажетті ақпараттар! Арсен ұстазға, бәріне үлкен рахмет ❤
@YelnurT
@YelnurT 20 күн бұрын
Әрине әр адамның түйері әр бөлек ғой.Маған ең ұнағаны connect all dots сөйлемі.Яғни біз қанша көп нүкте жасаған сайын олар түбінде бірігіп әдемі бір пішінге айналады. Және біздің жасағымыз келмейтін,жасауға ерінетін істеріміз болады ғой.Міне соны соңына дейін жасау керек.Себебі адам орта жолдан сол ісін тастап кетсе өзі өзіне деген сенімділігін жоғалтып алуы мүмкін. Негізі дәптеріме осы подкасттан түйген ойларымды түртіп жазып қойдым.Ал бұл жерге өзіме ең ұнағандарын жаздым.Сәлеммен Моңғолиядан
@Alibi_Adilov
@Alibi_Adilov Ай бұрын
Ассалаумағалейкум Мен қазір 3 курста оқимын яғни студентпін. Бұл подкастта қозғалған мәселелерді түсінгенімді айта кететін болсам. Бірінші ол, бос уақытты дұрыс пайдалану яғни тек универден алған білімізбен шектеліп қалмай, қосымша білім алу. Мысалға ағылшын тілін үйрену. 4жыл ішінде белгілі бір дәрежеге жетуге болады тек ниет керек. Екінші ол, қаржылық сауаттымызды ашу. Бұл болашаққа деген дайындық десек болады. Үшінші кішігірім бір іспен айналысу. Яғни шаш алу немесе цварка сияқты бір шаруаны үйрену арқылы өшпейтін, әрдайым трендте жүретін жұмыспен айналысу. Ойыма түйген осылар
@Kween-x7t
@Kween-x7t 25 күн бұрын
Сіздерге көп рақмет!Біршама нәрселерді түсіндім!
@magzhansultanai7789
@magzhansultanai7789 Ай бұрын
Подкасттағы ұнаған және қазіргі өміріме жаңа тыныс, шабыт берген тұсы мынау екен, расында да кебір білімдер мен таланттар біз үшін қазір ешбір керегі болмаса да бәлкім 70-80 жасқа келгенде елге және әлемге қажеті болып, бір кірпіш болып қаланып қалар. Сондықтан өзіңнің жаныңа ұнамды істі атқара беру керек екен. Мұнымен бірге, түрік жазушысының мысалы ұнады, бакалавр студентімін, бірақ осы кезге дейін өз оқуымды дұрыс оқымадым, енді, болашақта осы мамандығымды толық меңгеруге бір шабыт берді. (Шади ағамыз ізгі әйелдің ер адамның өміріндегі орыны мен көрінісіне керемет тәмсіл келтірді😅. Болашақта ойымызда болады)
@jandarbekadilbek9876
@jandarbekadilbek9876 Ай бұрын
Ассалаумағалейкум мына жердегі әңгіме дәл мені айтып жатқандай болдыңыздар. Студент кезде ақша үнемдеп жұмсау. Осы нарсе ертең маған керек болады осы затты жасап үйреніп алу. Адам жасағанды адам жасайды деп қолымнан келмейді деп қашқақтамау айта берсем көп менің пікірім симай қаларма 😂
@luckyff3502
@luckyff3502 Ай бұрын
әр подкасттарыңызды жібермей тыңдаймын өте керемет
@boburirisqulov
@boburirisqulov 10 күн бұрын
1) Кейде есеп шығаруға бар ынтамды салып, су ішуге немесе өз қажеттіліктерімді өтеу үшін тұруға құлқым болмайтын. Мұны өзімнің жалқаулығымның белгісі деп есептеп жүр едім. Бірақ осы подкасттан кейін бұл шын мәнінде шынайы концентрацияның көрінісі екенін түсініп, өзімді жігерлендіруге тамаша себеп таптым. 2) өзіміздің жасап жүрген әрбір іс әрекетіміз бір нүкте екені және оның бір күн келіп бірігіп бір пішінге ие болатыны жан жақты бейімді болуға мотивация болды 3) түбін білмейтін нәтижеге емес нақты мақсатқа қарай процессті тиімді әрі дұрыс жүргізу
@Aidoss-zy8i
@Aidoss-zy8i 22 күн бұрын
✅Подкасттан түйгенім:Аллаһ Тағала құранда: Бір - бірлерінді тану үшін сендерді ұлттарға руларға бөлдік деген Аллаһтан ең бірінші түскен аяттың өзі« Оқы » деу арқылы адамзатты нәпсі шахуаттың қалауларына емес ,ілім білімге талпыну керек екенің ұғындырып тұр,Ілім алу арқылы жәннәттық жолын жеңілдейді Тіл үйрену әлемге басқа халықтың көзімен қарай білу, Знать много языков - значит иметь много ключей к одному замку дегендей, Уақытты және Фокусты барынша пайдалы нәрсеге жұмсай білу . Аллах разы болсын сіздерге керемет подкаст болды ,‼️❗
@alibekvnaaa
@alibekvnaaa 16 күн бұрын
Бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі әрі мағынасыз боды және төрт адамның ішінен тек екеуі сөйлесіп отыру көрінісі ыңғайсыз адам қарап бір инсайт алуға
@АружанАртилова
@АружанАртилова Ай бұрын
Нағыз маған керек подкаст😊
@КалЯкпш
@КалЯкпш 23 күн бұрын
Аман болыныздар
@As16043
@As16043 Ай бұрын
Керемет шығарылым болыпты😍😍😍
@kiara.g6719
@kiara.g6719 Ай бұрын
сіздерге көп рахмет! осындай пайдалы іс жасап жатқандарыңызға. мен өмірімдегі шешілмей жүрген мәселелерімнің шешімін таптым. Арсен мырзаға да үлкеен алғыс. бұйырса кітабын алуға тырысамын🎉😍
@MadinaShanshar-xw6ij
@MadinaShanshar-xw6ij Ай бұрын
Өте қызық ақпарат 2025 жылы бос өткізбеуге ақылдар😊
@morningfullofmotivation3788
@morningfullofmotivation3788 Ай бұрын
Көрмей, тыңдамай жатып “лайық”❤
@Атырау-ц1н
@Атырау-ц1н 26 күн бұрын
Менің түйгенім 1Өзіңді дамыта беру керек 2 бос уақытты жақсы нәрселерге толтыру керек
@AiTemirkan
@AiTemirkan Ай бұрын
Алла разы болсын сіздерге🥹
@batyr683
@batyr683 Ай бұрын
Керемет 👍👍👍
@ayazhandauletbek5820
@ayazhandauletbek5820 15 күн бұрын
Дүниежүзілік тарих туралы қандай кәтаптар бар екен? Өзім халықаралық қатынастар мамандығында оқып жатырмын. Осы саладағы білімім арттыратын кітаптарды айтып жіберсеңіздер. Рақмет
@EskerMEDIK
@EskerMEDIK Ай бұрын
Ассалаумағалайкум! Түйген ойларым: 1) Мамандығыңды өз ісінің шебері болатындай білім алу. Оқитын шақта оқып қалу. 2) Право алу, ағылшын тілін үйрену деген мәселерді студент кезде шешіп тастауға тырысу. 3) Денсаулыққа көңіл бөлу. Ішкен асқа, жаттығуларға. 4) Қаражатты басқарып үйрену. 5) Шамаң жетіп тұрғанынан артық етіп жасау. Өмірде барынша көп нүктелер жасай беру, күндердің күні барлық нүкте бір араға жиналады. Алланың қалауымен.
@НурсултанБорибай-б1э
@НурсултанБорибай-б1э Ай бұрын
Түйін: Тіл үйренуде диалогты жаттау маңызды. Жадты жақттықьыру үшін жаттауды қолдау керек. Жетістік өмірде өз орныңды табу. Студенттік шақта студенттік өмірді жоспарлайды алу керек. Ағылшын тілін меңгеру арқылы бәсекелестікті арттыруға болады. Өлмейтін мамандық меңгеріп ал, себебі алда не боларын білмейсің. Студенттік қаржылық сауаттылық маңызды. Өзіңді әр қырынан ашып көр. Бітірмей бастаған ісіңді тастау өзіңе деген сенімділікті жоғалтады. Кітап шынайы қалаған адамға бұйырсын.
@AmangulDzhamgirbaeva
@AmangulDzhamgirbaeva Ай бұрын
Жалпы өзім, подкаст тыңдау барысында, бірдеңе жаза кетпесем болмайт деп отырғанмын. Соңын тыңдағаннан кейін коммент жазуға үлкен шабыт оянды😅 Студент болуға бұйырса 6-7ай қалған бір абитурент ретінде ойымды жазамын •Қаржылай сауаттылық болу керектігін түсіндім, бұны мен Робберто Кийосаки кітабынанда көп оқитынмын, бірақ аса қатты мән беріп көрмеппін. • Студент болған уақытыңда сен нақты мақсатыңды біл, сен қандай сала маманы боласың болашақта дегендей.. және де сен мақсатыңды анық білсең барлық фокусыңды бір жерге қаратасың. • Сені қаржы мәселесі уайымдатпасын, егерде сен ақша табуың керек деп оқуды тастайтын болсаң, жастығыңды құрытып аласың деген сөз. •Жастығыңды тек БІЛІМ АЛУҒА САРЫПТА! • Денсаулық мәселесі жайлы ойлан, күн тәртібі бойынша тамақтан себебі денсаулық болмаса сен осы алған білімдеріңді басқаларға бере алмай қалуың әбден мүмкін. •Айналаңа пайдалы болуүа тырыс, тек ала бермей, беруді де үйрен. Сенің алған білімің болашақ ұрпаққа пайдасы тисін, бұны өзіңе міндет деп біл! Түсінгім осы болды, пайдалы болғандарыңыз үшін рахмет❤
@multiki-tw
@multiki-tw Ай бұрын
Подкасттан түйгенім, студенттік шақты барынша пайдалы өткізу , өзіңнің шамаңнан тыс дүиені жасап қалу осы шақта себебі келесі өмірлік кезеңіңде өкініп қалмас үшін. Білім өмірлік қазына білімнен ақшаны аямау Біреудің өмірін өзіңе тартуға тырспау біреудің өмірлік жолы саған идел болып көрінбеуі қажет әр адамның өзіндік жолы бар Өмірде өз орныңды табу Тәкәппарлыққа салынбау Әрдайым өзіңді дамыту жолында болу Бастаған дүниеңді аяғына дейін жеткізу Уақытыңды өміріңе пайда алып келетін дүиелерге арнау Уақытыңды жоспарлау Тіл үйрену, бір тіл білу сенің жаңа бір қырыңды ашады сен бір тіл білсең тағы бір адамсың дейді ғой тіл білу саған мүмкіндік береді Ақшаңды тиімді жарату Ақша жинап үйрену Саяхаттау Еңбек ету , дәл қазіргі қолыңдағы мүмкіндіктермен әрекет жасау
@adilaitbaev5456
@adilaitbaev5456 26 күн бұрын
Достар Сәлем! Мына подкаст студенттер үшін өте пайдалы деп санаймын. Подкастты жүргізіп отырған төрт адамда студенттік шақтарын тиімді пайдалаған себепті бергендері мол болды. Мен келесі инсайттарды түйіп қорытындылағым келіп тұр. Ең бірінші, мамандығыңды үйреніп жүрген кезде, 5-10 жылдан кейінгі мамандығыңның болашағын ойла! Қандай қабілеттерді талап етеді, ол кезде бұл мамандық қандай талаптарға сай болу керек деген сұрақты өзіңе қой! Осы сұрақтарды қою арқылы, сен қатарыңнан бірнеше қадам оза аласың. Мысалы Шраз мырза мамандығының болшағына Ағылшын тілін керек ететінін сезіп, алдын ала үйрене бастады. Нәтижесі, жаңа мүмкіндіктер есіктерін айқара ашты! Бір қызығы, сіздің ойлап отырған, яғни керек болып қалады ау деген қабілет дәл қазір актуалды болмауы мүмкін, бірақ уақыт өткен кезде бұл сізге пайдалы болады. Сонымен қатар бір салада мықты маман атануыңыз үшін сол салада күніне, тұрақты түрде 30-60 минут арнаңыз, сол кезде мықты маман атанасыз! Мүмкіндік болса қосымша ақша табатын бір машықты меңгеріңіз, мысалы, үй жөндеу, киім тігу, шаш қию. Сіздер қазірден бастап қаржылық сауаттылыққа көңіл бөліңіздер. Қалау мен қажетіңізді ажыратып, ересек өмірге сақадай сай тұрыңыз!
@perolajeksenqizi2901
@perolajeksenqizi2901 8 күн бұрын
Кітаптың аудиосын, оқып, қалай юткбқа жүктесек болады
@albinaborikhan5825
@albinaborikhan5825 Ай бұрын
4 курс студентымын дәл қазір тура солай болып жатыр, мақсатым жоқ алға, ойлаудың өзі миға ауырлау не нәрседен бастарыңды білмейсің🙂
@albinaborikhan5825
@albinaborikhan5825 Ай бұрын
Енді әттең неге 1курстан бастап ағылшын н/е басқа тіл үйреніп бастамадым екен деп, өйткені көп нәрсені осы 4курсқа келіп осознавать етіп жатырм🙂 бірақ өткенге өкінбеу керек энергияңды алып қояды🙂 лучше алға қадам басқан дұрыс, жасым бар болғаны 20да алда жетістіктерім көп болар🤗
@dafkasdfbnmkml
@dafkasdfbnmkml 15 күн бұрын
Тіл үйренуге қызығұшылық артты
@АйдынКулбабаева
@АйдынКулбабаева Ай бұрын
Оқығандарыңыз үшін отырсыздар ғой енді оқу туралы әңгіме айтып 😊
@eldinnazy
@eldinnazy Ай бұрын
Таңғы асқа рухани азық ретінде пайдалы подкаст болды. Ағаларға Алла разы болсын! Бұл подкасттан түйген ойларым мыналар: -Өз басым “қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі” мамандығында оқимын. Ағылшын тілін қанша үйренгім келсе де, ол дүниенің тек қазіргі сәттегі пайдасын ғана ойлайды екенмін. Маған қазір не үшін керек? деген сынды. Осы подкасттан кейін,студент шақ-нағыз ағылшынды жетілдіріп алатын кезең деп түйдім. -Қаржылық сауаттылығыңды қалыптастыр. Яғни, студент шақта эмоциялар үшін орынсыз шығындар жұмсап қоямыз. Сол нәрсені реттеу, қаржыны қалай жұмсайтыныңды жоспарлау қажет. -Алдыңа нақты мақсаттар қою. Кім болатыныңды, қандай адам болатыныңды қазірден ойлау,ақыл таразысына салу. -Спортшылар үлкен алаңдарға шықпас бұрын бірнеше жылдар бойы шынығатыны секілді, студент шақ- үлкен өмірдің алдындағы дайындық, шынығу кезеңі. Замандастарым үшін де пайдалы ойталқы болды деп ойлаймын. Көп рақмет🥰
@Natali_Dukun
@Natali_Dukun 16 күн бұрын
Здравствуйте!🙌 Подскажите, как с вами можно связаться.
@kitapal
@kitapal 16 күн бұрын
kitapall@mail.ru
@BDOP
@BDOP 21 күн бұрын
Араб тилине жеке подкаст отиниш
@ayazhandauletbek5820
@ayazhandauletbek5820 16 күн бұрын
Тарих туралы қандай кітаптар оқуға болады? Кеңес етсеңіздер
@kitapal
@kitapal 15 күн бұрын
Жошы Хан, Қазақ тарихының әліппесі, Дарабоз
@ҰланБерікұлы-з6у
@ҰланБерікұлы-з6у Ай бұрын
Бағдат пен Богдан деген мағыналайда ұйқастық жағынан да бір екен
@talantkyzy
@talantkyzy Ай бұрын
Данияр Жігітбек мырза ерекше богатый смех болып күлетін болыпсыз😅
@ҒалымБайсбаев-ш1ы
@ҒалымБайсбаев-ш1ы Ай бұрын
Арсен Шади Жарайсың!!!
@БағымАманбек
@БағымАманбек Ай бұрын
Қайырлы күн Подкаст мен үшін шынайы ( живой) кеңестерге толы болды .Студент ретінде не нәрселерді мақсат тұтып , бұл рөлде қалай дұрыс жүру керектігін түсіндім десем де болады . Мендегі алған инсайттар 1.Білім алу . Студенттік шақ - білім алатын , игеріп жатқан салаң бойынша мықты маман болып шығуға толық даярлық жасап , барлық білім шырынын алып қалу керек сәт . 2.Уақытың болса пайдасы бар затты игере беру .Барлығымызда бос уақыт болатыны белгілі .Студент шақта уақытыңды бос телефонға үңілу , сериал қарау немесе бос арзан ойын - күлкіге әуес бола бермей дұрыс , пайдасы бар істерді меңгере беру ( мысалы ағылшын тілі , қолөнер , кітап оқу т.б ) .Себебі ол үйренгендерің қалана келе өміріңнің бір сәтінде пайдасын бәрібірде бермей қоймайды . 3.Қаржылық сауаттылықтың студент үшін маңызы .Кейінгі өмір кезеңдерінде де қажет әрине . 4.Бастаған ісіңді аяғына дейін жеткізу .Себебі істі аяқтамай шалып кете беру өзіңе деген сенімсіздікке әкеледі ,бір жағынан бұл істе бір сәттерде саған пайдасын береді деп ойлаймын .Жеке өзім подкасттан кейін сатып алып оқымай кеткен кітаптарымды оқып шығамын деп шешім қабылдадым . 5.Денсаулықтың маңызы .Егер сенің тәнің сау болмаса қалған нәрселер түкке де тұрғысыз болып қалады .
@nurdauletsabit8804
@nurdauletsabit8804 25 күн бұрын
Жүзу ең жақсы спорт. Себебі, жүзуде терлемейсің😂
@adilbayu17
@adilbayu17 Ай бұрын
Алғыс!
@kanatalzhanov7421
@kanatalzhanov7421 28 күн бұрын
👍
@MereyKhudaybergen
@MereyKhudaybergen 21 күн бұрын
1 курс студенті ретінде нақты мақсат қоя алуыма септігін тигізген подкаст болды.Мақсат-табысты өмірдің кілті. Сен не істесеңде істемесеңде уақыт өте береді.Сол уақытты өз пайдаңа асыруды таңда.Себебі уақыт текке кеткеніне емес,оны дұрыс пайдаланбағаныңа өкінесің.Студент шақ мүмкіндіктер кезеңі,ол мүмкіндіктен құр қалма.Барынша қолыңнан келгенше,артығымен өзіңе пайдалы болуға тырыс.Бір ғана бағытта емес,жан жақты болуды таңда.Және оқы,дамы,байқап көр,қателесуге өзіңе мүмкіндік бер.Әрекет ет,берекеті бір Алладан.
@sculptor9247
@sculptor9247 Ай бұрын
🎉🎉🎉
@asylzhan5705
@asylzhan5705 Ай бұрын
🔥🔥
@astanacity4306
@astanacity4306 Ай бұрын
👍🏻👍🏻
@Мико-е1р
@Мико-е1р Ай бұрын
❤❤❤
@moldirkoz
@moldirkoz 2 күн бұрын
10 теңгелік коржик жеп өскен буын бірге көріп отырмыз сіздерді😂
@МолдирКоспанова-с9и
@МолдирКоспанова-с9и 16 күн бұрын
жасым 30асты енді кітап оқып бастасам кеш емеспа?
@Baizhan_Nurlan.
@Baizhan_Nurlan. Ай бұрын
🎉
@Мико-е1р
@Мико-е1р Ай бұрын
22:04
@МураЛегавый-у2й
@МураЛегавый-у2й Ай бұрын
Шраздың шашын жуып қысқарту керек екен
@АйғанымАманкулова
@АйғанымАманкулова 15 күн бұрын
Бисмиллях.Кітапты өте қатты алғым келуші еді.Бірақ ол үшін емес ойымды түйіндеу,өзім үшін жазып отырғаным бар. Мен СДУ универінің 1 курс стулентімін.Біздің уни студенттік клубтардың нағыз қайнаған ортасы.Бірден 4 клубқа кірдім:дебат,актер-ораторлық клуб, тіл үйренетін,фильм түсіретін.Нетуоркинг жмді дапыттып,ашылдым, мәміле жасау,тез шешім,жол табу деген скиллдарды меңгерлім.Бос уақытымда клубтарда болдым:әрі қыдырдым,әрі адамдардан көптеген құндылқтарды сіңірдім,былайша айтқанда көзім ашылды,организатор болып,өзімнің гештальттарымды жауып, көптеген жаңа сезімдерді бастан кешірдім. Сонымен айтқым келгені: сабағыңызды бірінші орынға қоя тұрып әрине, әлі жас, мүмкіндік бар кезде ,қайта келмес бізге берілген студенттік өмірді де сүру керек.Ал көбірек салмақты жоспарларды өзің де жетілген кезде 2-ші курстан бастап, клубтарды азайта отырып жалғастыруға болады.
@muslimzharas4785
@muslimzharas4785 Ай бұрын
❤❤❤
@deedarrryesss
@deedarrryesss Ай бұрын
🔥🔥
@sculptor9247
@sculptor9247 Ай бұрын
❤❤❤
Менің қолымнан келеді. Бодо Шефер. Аудиокітап
1:02:37
Әлемнің аудиокітаптары
Рет қаралды 21 М.
ДОЛЛАРҒА ҚАРАП ТҰРЫП АУЫР 7 СӨЗ АЙТЫЛДЫ !!!
35:33
Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
Рет қаралды 114 М.