Маған осы подкастты көруіме, ұлым кеңес берді. Ол өзі кітапты өте жақсы көреді. Подкасттарыңыз, кітап оқуға деген құлшынысты арттыруға себеп болып,, ұрпақтарымыз кітапсүйер, білімді ұрпақ болсын деп тілейміз
Таяуда ғана подкастарды көре бастадым. Қатты ұнады,осындай подкастарды жастар көбірек көрсеғой деп өзім ойлаймын.Жасым 57 болсада жастардан үйретінім әлі көп екен😊 жауабын таба алмай жүрген сұрақтарға жауап табуға болады.Сіздер сияқты жастар бар болғанына өз басым мақтан етемін.Алла тағала разы болсын сіздерге🤲🏼
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Жанымдағы адамдарға,таныстарыма, құрбыларыма әрқашан осы подкастты қарауға кеңес беріп жүремін. Кітап алдың миссиясы да менің миссияма айналды. Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамын. Өзімнен,сосын жақындарымнан бастаймын деп шештім. Қазір арнайы кітап оқу челленджіне қатысамын,құрбыларыммен time to read құрып қойғанбыз. Керемет😊
@ГвенСтефани-ы6ц Жыл бұрын
Тамаша!
@FateZero-j3e9 ай бұрын
@@ГвенСтефани-ы6цбізді қосасызба
@kkhrmn_11 ай бұрын
Жеке өзім үшін өте актуалды тақырыптар қозғалды. Аллаһ разы болсын! Баршамызға, тыңдатқандарға да тыңдағандарға да🤓!
@Oirat.Zhumash Жыл бұрын
Бітпей қалған подкастай болды, жалғасын күтемін....
@publichealthcare23 Жыл бұрын
Тілді үйрену үшін маңыздысы - тыңдау деп жатады. Жалпы жақсы нәрселерді тыңдаған сайын өзіңді бір рухани бай ортаның мүшесі ретінде сезінеді екенсің. Әрине, алғысым шексіз! Саналы, ойлы азаматтарымыздың саны арта берсін!
@Sabina002-s6c Жыл бұрын
Иә өте керемет сезім
@laimgod3532 Жыл бұрын
Бала кезімде кітаптар көп оқитынмын әсіресе,көркем әдебиет.шығармаларға қызығып оқитынмын.Кейін өтпелі кезеңде мүлде оқу деген жөніне қалды.Сотка шықты.Түрлі арзан дүниелерге қызығып, жастықтың буы ізденіс пен білімге ықылас аудартпады.Аллаға шүкір соңғы 1 жылда әр түрлі салада кітаптарға зейін😮 ашылып, сәлде болса көкжиегіміз кеңейіп жатыр. Біріншіден Алла және осы мырзалардың ықпалы .Және меніңде аз маз кітап оқу кезінде байқаған нарсем.Бір уақытта өзіңе қызық тақырыпта 3 4 кітап алып оқығанда арасында Діңгегіміз асыл дінімізге қатысты көп байланысты байқадым.Мысалы ,М.Мэнсон "Тонкости пофигизма" ішінде көп жерінен күнделікті естіп жүрген аяттар .сүрелердің сыртқы мағыналарын түсініп ұғына бастайсың.Тіпті Абай ,Шәкәрім аталарымздың өлең жолдарымен байланыс тауып аласың .👍👍
@bakzhuldyz Жыл бұрын
Қазіргі заманың зиялылары дер едім сіздерді! Еңбектеріңіз ақтала берсін. Құндылығымды анықтап берген подкаст болды! Алғысым шексіз!!!!!
@АйнашШатенова-й5ю Жыл бұрын
Жүргізуші Даниярдың салмақты жүзбен айтқан әдемі, ойлы әзілдері, сұхбатты жан-жақты, барлық қатысушыны қамти отырып шебер жүргізетіндігіне тәнтімін!!! ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖІГІТТЕР!!!
@a.nurlanqyzy Жыл бұрын
Бүгінгі қазақтың Снелмандары👍
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Кітап ал подкастының арқасында кітапқа деген махаббатым ашылып, қадірін түсініп 40 шақты кітап оқыппын (аяқталғаны бар, аяқталмағаны бар, оқып жатқаным бар) Сіздерге көп рақмет❤ пайдасы көп тиіп жатыр подкасттың. Ары қарай да жалғасын тауып шыға берсінші. Егер қаражат жетпей, түсіре алмайтындай болып жатса әрқашан қолдауға,краудфандинг жасауға шынайы кітап сүйер оқырмандар қарсы емес деп ойлаймын 🎉
@QasSaq-Eli10 ай бұрын
Жақсы, Бақытты және Табысты адам болу үшін - мұсылман/басқа дінде/сенімде болу шарт емес! АДАМГЕРШІЛІК, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ДАМУ ҚАСИЕТІ КЕРЕК!
@makemaker618 Жыл бұрын
Мырзатай Жолдасбеков ағамызды шақырыңызшы, көненің көзі сұхбат алып қалу керек. Бұрын қалай болды 65 жыл бұрын студен болған білім ізденген кездері , көненің көзін көрген ағамыз.
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Сапаға жұмыс жасау деген осы! Подкасттың пайдалы болуы, біздің кітапқа деген ынтамызды ашқаны - миссияның орындалып жатқанының алғышарттары,яғни нәтижесі жайлап көрініс табуда. Әр шығарылым сайын коммент жаза бермесем де,осы уақыт аралығында шығып жатқан шығарылымдарыңыз менің өміріме үлкен ықпалын тигізіп жатыр. Алла Тағала рахым нұрын шашып,Қияметке дейін осы кітап ал жобасының әр қызметкеріне біздің оқыған әрбір кітабымыздан түйген ой мен білім,инсайттар сіздерге жақсылыққа шақырған себепті,жақсы нәрсені насихаттағандарыңыз себепті нұр болып, садақа болып, сауап болып сіздерге төгіле берсін❤Жәннәтта да кітап алдың оқырмандар клубын құрып, әңгіме өрбітіп отыруды жазсын😊
@worlddey3 ай бұрын
МашаАллах! Күшті болды? Көп көкейімде жүрген сұрақтарға жауап алдым! Бұл подкастты корыту үшін 1 рет бірнеше рет көру сияқты
@Aibat_Omirzhanuly Жыл бұрын
Өте керемет,құнды подкаст болды! Әбілқайыр ұстаздың подкасттарын,сұхбаттарын тыңдаған сайын білімге,өз-өзіңді дамытуға,жетілдіруге деген құлшыныс арта түседі.
@Ulzhan.Bakkeldi Жыл бұрын
Мен үшінде бірінші құндылық еркіндік сияқты ,басқа мемлекеттерге барып саяхаттап көргім келеді ,білгім келеді , тіл үйренгім келеді және тыныш жерде кітап оқығым келеді ,басқа ешқандай жұмысқа байланғым келмейді ,Орын Баффет секілді бір жағынан кітап оқып білімді жетілдіріп ,бір жағынан қаржы қажеттілігімді қамтамасыз ете алатын жұмыс істегім келеді .
@aliamanoff Жыл бұрын
бауырлар сіздерге мың алғыс! өте білімді екенсіздер, жаман әдеттердерден күнде күнде арылып жақсы әдет үйрену барысында өздеріңзді таптым,Рақмет
@Perii_studio Жыл бұрын
Мысалдарды жақсы келтіріп түсіндірді, келген қонақтар да, жүргізушілермен де жақсы коннект болған сияқты. Жастардың тілімен паразит сөздерсіз, қарапайым сөздермен айтылғаны ұғымды болды, әрі шабыт берді енді өзімде солай сөйлеуге тырысамын. Керемет подкаст, жоба авторларына рақмет!
@xgjeaegjvc9 ай бұрын
Машаллаһ, осындай ой толғамдарыңызбен бөліскендеріңізге!! Көруді кейінге қалдырып жүргеніме өкіндім, бірнеше рет қайталап тыңдауға тұрарлық ойлар айтылды. Аллаһ разы болсын сіздерге
@dinararelated5514 Жыл бұрын
Осы айдың кітабын оқи отырып, өзімнің бір қателігімді тусіндім. Жолдасымның кемшілінін әзілмен бетіне баса береді екенмін. Оны тусінген соң ол кісіден кешірім сурадым. Ол кісіде ашылып ренішін айтты, және кешірді. Алланың қалауымен кітап оқымсғанда ол нәрсені тусінбеспе едім
@АманжолЕрбосаев Жыл бұрын
Жаксы керемет екен
@АкеркеМағлұм Жыл бұрын
Бұл подкасттың ғұмыры ұзақ болғай, боларына да сенемін! Ойымды 180 гиадусқа өзгертіп, кей жерде өзіме рұқсат бердім, транформация болды
@mirazhanaidarkizi439510 ай бұрын
Алла разы болсын! Өте керемет подкаст болды! 👏👏👏
@toktabekkyzy Жыл бұрын
Cәлеметсіздерме, көп подкаст тыңдаймын, бірақ осы үштіктің подкасттарын ерекше күтемін, сұрақтары орынды, бір-бірін жақсы толықтырады, әрі қонаққа қоятын сұрақ реттілігі, сұрақтың маңыздылығы мен дұрыс қойылуы қатты ұнайды, кейбір подкасттарды тыңдап қарның ашады, не реттілік жоқ, кейде қонақтың сөздерін бөліп жіберіп, тақырыпты аша алмай жатады. Рақмет үлкен✋
@HappyHappiness-xj4oq Жыл бұрын
Керемет бауырлар Алла тағала берекет берсін Қазағым дами берсін
@kamazhai7816 Жыл бұрын
Өте құнды , пайдалы подкаст болды. Әбілқайыр Мәдиұлын жақында танып білдім ,бір көргеннен оның сөйлеген сөзі , даналығы ұнаған кісі , жақында білсем де подкасттарын үнемі тыңдап , уақытымды бөліп жүремін , өте білімді , дана ұстаз . Сіздерге алғысым шексіз , өте керемет подкаст болды .
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm Жыл бұрын
Әрекетке өкін, болмысқа өкінбе👍
@albinauraz55479 ай бұрын
Советую пересмотреть тем, кто уже посмотрел и забыл, как я. Конечно советую досмотреть до конца.
@jannatqa1ge10 ай бұрын
Маған сіздердің әдептеріңіщ қатты ұнады Алланың мейірімімен, әдебімнің сіздерге ұқсас болғанын қалаймын, сөйлеу мәнер, өзін-өзі ұстау
@successfulkhan4671 Жыл бұрын
Әңгімелерініздің деңгейі өте бөлек! МашАлла Тек алға баса берініздер! Тек тындап отыра бергін келе береді екен!
@aruzhanabdukhashim6 ай бұрын
Әр бір подкасттарыңыз миымды қозғайдығой 👍🏻
@Jandosahmedov Жыл бұрын
Әбілхайыр ұстазбен әңгіме айтып отырғанда ұстаз қолымды ұстап отыратындай болса екен😂
@akosaurgali Жыл бұрын
Подкастта ойлану керек тақырыптарды көтергендеріңізге алғыс айтамын. Шынында да, білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз екен. Әр шығарылым сайын дүниеге кеңінен қарауға ұмтылыс пайда болды. Мені толғандырып жүрген мәселелерге ойлануға бағыт таптым десем де болады. KitapAl Podcast сәттілік сіздерге!!!👏🏼🙌🏼
@meruert.rahymhan6 Жыл бұрын
Карек кезінде әдемі подкаст болды әбілқайыр ағамен
@Qubylys_ozger Жыл бұрын
Әрекетке өкін,болмысқа өкінбе Шразаддин ❤😂
@Saya_2355 Жыл бұрын
Маған да әртүрлі кітаптарды бір мезгілде оқыған ұнайды😍 "Таң шапағы" қазақша аудармасы өте тамаша екен 👍 Басында шынымен күмәнмен оқып бастап едім қазақша біртүрлі болар ма деген. Бірақ тілі жеңіл, қазақысы күшті екен!
@Nurzat_Adilshe10 ай бұрын
Айтадығой ойлап жүрген нәрсең тіліңнен шығады,сосын ол әдетіңе айналады,ал әдетің ол менің өмірің деп.Бір подкаст көріп ештеңе өзгеріп кетпес бірақ осы тақырыпқа ұқсас подкасттар көре беру арқылы өзіңе керегін табасың👍🏻
@ДилнозаБабаева-я7ы Жыл бұрын
Кітапал клубының мүшелерінен лайк😅❤
@ТорғайАқжарқын Жыл бұрын
Әбілқайыр ұстаздың көзқарасын, білімін өз басым қатты құрметтеймін. Алла разы болсын
@АсельТалтанова10 ай бұрын
Мәссаған,біз бір кітапты бір ай оқимыз ғой😊
@neat_2023 Жыл бұрын
Мен үшін аса қажет тақырып қозғалды. Құндылық жайында жақсы айтылды. Мендегі мәселеге осы подкастта айтылған құндылық иерархиясы бойынша әрекет етіп көремін, көмегі тиеді деген ойдамын. Сіздерге рахмет! KitapAl дами берсін, подкаст дами берсін, еліміз дами берсін❤
@АйсанаОтеубай Жыл бұрын
Әдет қалыптастыруға көп инсайттар алдым, ойланаларлықтай дүниелер айтылды, подкаст үшін рахмет🤍
@МухаммедАкылбек-ч4л Жыл бұрын
Өте керемет болды, сіздерге Алла тағала разы болсын, Әбілқайыр ұсазды тағы да шақырсаңыздар, осы тақырыптың төңірегінде әңгіме өрбітсеңіздер.
@ТорғайАқжарқын6 ай бұрын
Осы подкастты 4- ші рет көріп отырмын. Әр тыңдаған сайын Әбілқайыр ұстаздың біліміне тәнті боламын 😊
@Jandosahmedov Жыл бұрын
Әбілхайыр ұстаз сиякты менде түн адамымын. Түндегі уәждемемді, таңертеңге ауыстырса әлемді жаулап алатын шығармын😂
@ГульназКулмаханова3 ай бұрын
Осындай жігіттердің бар болғаны қуантады. Алла сәтін салсын кәсіптеріңізге
@story.shifters10 ай бұрын
Пайдалы! Үлкен рахмет 🙌
@БауыржанТурар-ы3и Жыл бұрын
Ма ша Аллаһ адамдар сөйлесу арқылы біраз дерттерден жазылады деген❤ өмірдің мәні кіргендей болдығой
@ЖаксыгульБекпейсова Жыл бұрын
Барака Аллаху фикум. Маган Раббымнын сози кунды , Каламушшариф, ягни Куран китап. Сиздерге Аллаху СУБИХАНА уа тагаланын нуры жаусын,омирилериниз берекели болсын. Тындаушылар коп болса екен.китап окитындарда коп болар еди.
@_Karatau_2024_ Жыл бұрын
Әбілқайыр бауырым саламалейкум. ЕУИКта бір курста оқыдық. Дами беріңіз бауырым!
@АйнурАбаевна-д1и8 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды, түйгенім көп болды.
@keikibatir1496 Жыл бұрын
Керемет подкаст болды. Керемет тақырып. Алла разы болсын
@ЫрысбекХоджакелдиев8 ай бұрын
Керемет Алла өмірлеріңе береке берсін жарайсыңдар жігіттер!
@rimakalieva603510 ай бұрын
Қайырлы күн! Подкастта айтылған кітаптарды осында жазып қалдырып отырсаңыздар керемет болар еді.
@АллабергенТляев-х7щ3 ай бұрын
Поткаст керемет , мен осы ортада отырғандай сезініп отырдым күшті
@albafromkz6651 Жыл бұрын
Керемет видео. Бұл интервью әңгіме форматта күшті нәрсе екен. Өзіңді зиялы, мықты қауымның қатарында отырған сияқты сезінесін.
@АйнашШатенова-й5ю Жыл бұрын
Көп РАХМЕЕЕТ сіздерге 👏🏻👏🏻👍🏻👍🏻❤️Сіздердің әр жаңа подкасттарыңызды тыңдай отырып, елімізде осындай білімді, саналы,ұшқыр ойлы, кітапқұмар жастардың барына қуанамын... Аллаға сансыз шүкір ЕТЕМІН!Жасым елуден кеткен тәжірибелі мұғалім болсам да, сіздердің әр шыққан подкасттарыңыздан өзіме жаңа ой түйемін... Өсе беріңіздер, дами беріңіздер! Алла екі дүниенің бар жақсылығын нәсіп еткей СІЗДЕРГЕ!♥️
@aray198411 ай бұрын
Алла разы болсын. Қте пайдалы подкаст болды
@ЖақсылықСұлтанұлы-э1ь Жыл бұрын
Мә шәә Аллаһ өте керемет берекесін берсін
@ereketultaev85311 ай бұрын
Оқимын деген кітап көп болса , қайсынан бастаған ең дұрысы
@tolkynagyla1413 Жыл бұрын
Мен сіздерді кездестіргеніме қуанамын, сіздер менің кітапқа, тілге деген өмірге көзқарасымды толықтй өзгертіңіздер сіздерге көп рахмет осылаи юутупта түсіріп жүре беріңіздер👏🏻👍🏻
@aigulibragimova3785 Жыл бұрын
Жігіттер жарайды! Осы інілерімді тыңдасам, жан дүнием бір тынығады. Өмірге деген көзқарасым өзгереді. Жаныма азық аламын.❤❤❤❤❤
@aruzhanshami Жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст болды☺️, ұйқы режимымды дұрыстай алмай жүр едім, ерекше энергия мен жаңа идеялар алдым✨
@Alibi_Adilov Жыл бұрын
Мен бұл подкасттан алған инсайтым өзіндік бір құндылықты табып, соған қарай амал жасау немесе сол арқылы белгілі бір миссияны орындау. Сіздірге Аллаһ разы болсын өзіме бір үлкен сабақ (лекция) болды десемде болады.
@АйданаАспандиярова Жыл бұрын
Мен бугин осы подкастты тындадым оте асерли озиме керек копппп акпарттар алдым билмейтиним коп Аллах тагала зейнимизди ашсын Робби Зидни Ильман 🤲
@meyirgli_amangeldiuly Жыл бұрын
Алла білімдеріңізді қайырлы-берекелі етсін! Өте жақсы сұқбат болды!👍 Енді өмірімізде пайдалана алсақ нұр үстіне нұр болар еді.
@iliyasbaigazy7798 Жыл бұрын
Өзімнің құндылық тақырыбындағы басты сұрақтарыма жауап алдым. Өте керемет подкаст болды. Дерттену туралы жақсы айтылды. СУПЕР👍
@BaurzhanBekzhanuly Жыл бұрын
Субхааналлаһ
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm Жыл бұрын
Аал Бисмиллях, сүйікті подкастым, құрметті қонақ. 😊Алла зейінімізді ашсын🤲
@JKA92 Жыл бұрын
Осы подкаст қонағы ретінде келесі кісілерді көргім келеді: -отбасылы әйел адам екі-үш баласы бар. ( кітап оқуға қалай уақыт таба алады, қаншалықты көп оқиды, қандай кітаптар оқиды) - ауылда тұратын, тұрмыс тіршілігі қайнап жататын ана немесе әке. (Соған қарамастан кітап оқуға уақыт табатын).
@ШолпанТанашбаева Жыл бұрын
Мен үшін алғашқы құндылық білім, денсаулық,комфорт
@НурдаулетДуйсенбек-б5ф Жыл бұрын
Осы составпен тағы подкаст болса екен🤯 өте құнды болды мен үшін
@ДианаҚұдайберген-щ8я8 ай бұрын
Алла разы болсын баршаңызға өте күштіі əсер алдым өз өмірімді көрдім десем де болады Алла разы болсын тағы да🤲
@МадинаАралбай-ч3я4 ай бұрын
Тек сіздердің подкасттарыңыз ғана ұнайды. Тіл байлықтары мен,әр түрлі маңызды тақырыптарды бір бірімен үйлестіре алып кету өте қызық. Талқылаған сайын көп нарсе үйреніп жатырғандай сезінемін😄
@НурайИльясова-р5ч5 ай бұрын
Сәлеметсіздер ме ! Көөөөөп Рақмет сіздерге !!! Мен Пайғамбар (с.а.с.)туралы кітап оқып жүрмін . Сіздерден алған мағлұматтар өте керемет !!! Көп Рақмет сіздерге !!! Алла Разы Болсын !!! Жұмыстарыңыздың жеңілденіп , оңғарылуын тілеймін !!!❤❤❤
@asema_imanbek Жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 respect
@_iqro__ Жыл бұрын
paidaly boldy, birneshe suraqqa jauap taptym. teşekkürler olsun)
Мирас мырзаның өмірлік мәнін жоғалту жөніндегі айтқан сөзімен келісемін: шын мәнінде зейнетке шыққан кісілер өмірі сонымен бітетіндей, зейнетке шыққан соң өздерін қатты жоғалтады. Зейнетке шыққан соң ауруға шалдыққан көп адамды көрдім. Алла сақтасын. Алайда қазіргі, соңғы уақыттағы адамдардың түсінігі дұрысталып, өз өмірлерін ретке қоюы қалыптасып келуде. Себебі, адамдарда замамнауи түсінік пайда болып, зейнетке шыққан соң жасайтын іс табуға айналды. Бұрын, мұндайды, тек шетел фильмдерінен көруші едік
@Alibi_Adilov Жыл бұрын
Осы кісіні күтіп жүр едім осы кітап ал подкастында😅
@ШолпанТанашбаева Жыл бұрын
Көптен подкаст қарауды тоқтатып тастап едім, миым толып кетті информацияға деп. Енді мына подкастты тыңдап тағы да бастауды қолға алдым. Бірақ аз аздан
@НурлыбекЕдиге-г9ь Жыл бұрын
Бөліп бөліп екі күн көріп аяқтадым. Керемет подкаст болды. Дами беріңіздер
@НұрайЕрубаева Жыл бұрын
өте пайдалы подкаст, жүздеген инсайт, мықты спикерлер, Қазақ қоғамын дамытудағы сапалы контент үшін рахмет🔥 Алла разы болсын
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Алла разы болсын ❤ Өте пайдалы шығарылым болды.
@yerzhanqyzy_ayazhan7 ай бұрын
көп нәрсе түйдім, керемет!
@zukhrakalbaevna5606 Жыл бұрын
Өте керемет кейбір нәрселерге айтарлықтай ойым өзгеріп отыр👌🏻 құндылықты анықтау соншалықты маңызды деп ойламаппын. Осы подкасттын 2шісін күтеміз. 😍😍😍😍
@Menimenbile Жыл бұрын
Оте пайдалы акпарат,ракмет достар🫶🫂
@КарлыгашЖандаулет Жыл бұрын
1сөз жүрекке жетсе адам өзгереді екен шын мәнінде сөздің құдiретi қызық
@Dilnaz_Didarkyzy_ Жыл бұрын
Өте көп инсайдтар алдық, рақмет! Алла разы болсын! ❤
@Еркебулан-ы1ъ5 ай бұрын
МашАллах жигиттер мыкты 👍👍👍🔥
@saginaabduhalikova6760 Жыл бұрын
Құндылық темасы маған қатты әсер етті 😀Енді өз құндылықтарымды анықтап сол бойынша әрекет жасаймын Алла қаласа🥰Подкаст үшін ракмет❤️❤️❤️
@yerdoszh Жыл бұрын
Прям бомба подкаст болды, көп сұрақтарыма жауап және молынан мотивация алдым. Мына кісі мықты екен🤍
@Saulebayev Жыл бұрын
Жігіттер Алла разы болсын сіздерге
@mgzhnm Жыл бұрын
Өте сапалы подкаст Әбілқайыр ұстаз жауаптары жан жақты керемет осындай қонақтарды көп шақырсаңыздар✊ Істеріңізге сәттілік Алла берекесін берсін
@issrop Жыл бұрын
Бест оф зе бест подкаст қой❤❤️🔥🧡💜
@ГүлданаКилибай-п2ы Жыл бұрын
Алла разы болсын ішімдегі сұрақтарға шешім таптым👍🏻🤲🏻
@aydanaabdimalik962 Жыл бұрын
Подкаст жоғары деңгейде әрі жеңіл тілде, түсінікті түрде өтті, рақмет! Ойландырды...