Бүгін МАРАЛДЫҒА министерствалардан коммисия келді

  Рет қаралды 19,097

Маралды

Маралды

10 ай бұрын

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің аумағында кен өндіруді және цианидті пайдаланатын алтын өндіру фабрикасының құрылысын тоқтатуды талап ету мақсатында жазып отырмыз.
Фабрика Күршім өзеніне одан әрі трансұлттық Ертіс өзеніне (елді ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын еліміздің ең үлкен су артериясы) құятын Маралды өзенінің маңында (500−800 м) Маралды ауылының тура үстіндегі тауда салынып жатыр. Бұл аймақ Қазақстанның ірі сулы жасыл массивін құрайды, өсімдіктері, жануарлары мен балықтары Қызыл кітапқа енгізілген.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, таулы аймақта цианидті пайдаланып зауыт салу үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік тарихта мысалдар жеткілікті: мысалы, 2000 жылы Румынияның Байя-Маре қаласындағы осындай алтын өндіру зауытында Дунай өзеніне цианид ағып, апат болды. ЕуроОдақ бұл апатты Еуропадағы Чернобыль атом электр станциясының апатынан кейінгі экологиялық ең қауіпті апат деп санады. 2,5 миллионға жуық еуропалық азаматтар тұтынған су ішуге жарамсыз болып шықты және Тиса өзенінің сол ластанған бөлігінде барлық тірішілік иелері өлген. Тағы бір оқиға 1998 жылы Қырғыз Республикасында Құмтөр кең орнында болды. Алтын өндіруші компанияның жүк көлігі өзеннен өтетін көпірде апатқа ұшырап, 1740 кг цианид Барысқын өзеніне төгілді, соның кесірінен 17 мыңға жуық адам зардап шекті, бірнеше адам шығыны да болған. Тағы да 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Секисовка ауылындағы оқиғаны айтуға болады. Елді-мекенге жақын орналасқан алтын өндіру зауытында бөгет бұзылып, соның салдарынан Секисовка өзеніне цианид ағып, қоршаған ортаға және су ресурстарына орасан зор залал келтірілді, бірақ бұл жағдай әлі дұрыс бағаланбай келеді.
Біздің жағдайымыздағы компания 2021 жылы ғана тіркелген, яғни бұл салада тәжірибесі жоқ болса да экологияға қауіпті жобаға мемлекеттік органдардан рұқсат алған. Сондай-ақ, аталған нысанға жер телімдерін беру кезінде Экология кодексінің, «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның, Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталды, бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің аудиторлық тексеруімен расталды. Жергілікті тұрғындардың пікірлері де ( түбегейлі қарсы екенін көптеген Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерінен көруге болады) ескерілмеді.
Мұндай зиянды фабрика салу бүкіл Шығыс Қазақстанның фаунасының, флорасы мен экожүйесінің сөзсіз жойылуына әкеледі. Еліміздің туристік бизнес, мал шаруашылығы, асыл тұқымды омарта шаруашылығы және егін шаруашылығының нысандары бола алатын су және жасыл ресурстарға аса бай еместігін ескерсек (осы аймақта бонитет баллы жоғары жерлер) бұл аймаққа табиғат қорғау аймағының мәртебесін берсе немесе оны Катонқарағай ұлттық паркімен біріктірген жөн болар еді.#маралдыэкология#маралдыэкология #казахстан #маралды
#акши #теректыбұлақ #теректыбулақ #өтей #отей #қарабет #титушки #найман #адай #абай #назарбаев #нурсултан #акши #теректыбұлақ #теректыбулақ #өтей #отей #қарабет #титушки #зайсан #зайсан #мажилис #шқо #жанаозен #жанылыктар #скандал #базарбек #бакытжанбазарбек #сулейменова #пожар #алтай #природа #казахстан #рыбалка #тарбағатай #тарбагатай #қантар #оян #маралды #казахстан

Пікірлер: 117
@user-ye2in2ef4c
@user-ye2in2ef4c 10 ай бұрын
Сіздер БҰЛАРҒА РҰХСАТ БЕРСЕҢІЗДЕР БОЛДЫ, ешқандай ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ! БҰЛАР Назарбаевтың АДАМДАРЫ!ЕШҚАШАН СЕНБЕҢІЗДЕР! ЖАБЫЛСЫН!!!
@user-zq4hu3up6k
@user-zq4hu3up6k 10 ай бұрын
Халықтың талабы орындалуы керек. Халыққа не жәйылым, не табиғатқа шығып дұрыс дем алатын жер қалдырмады билік. Жақсы жердің бәрін жекеге алып қойған. Халықпен санасып, есеп беретін уақыт жетті.
@user-zu4xg3pb4u
@user-zu4xg3pb4u 10 ай бұрын
ОҢБАҒАН ЖЕМҚОРЛАР АХМЕТОВТЫ ОНЫҢ ҰЛЫН АРАШАЛАП АЛУ ҮШІН КЕЛГЕН ШЫҒАР.ҚАНШАМА ЖЕРІМІЗ ОСЫНДАЙ КҮЙГЕ ШҰРАП ЖАТЫР
@arzu_zhi
@arzu_zhi 10 ай бұрын
Олардын ауыздары майланган шыгар
@gulmyraboranbaeva8046
@gulmyraboranbaeva8046 10 ай бұрын
Дұрыс айтасыз.Ауыздары майланбаса қолдамас еді ау
@arili1685
@arili1685 10 ай бұрын
Алга Маралды !!!Қолдаймыз сіздерді!! Жемқорларға жол жок. Жердінң байлығы ол халықтікі !!Алтынды қазыр қалталарына салмақшы.
@tokotoko6126
@tokotoko6126 10 ай бұрын
Заңсыз жер қойнауын пайдалағандарды тексеріп жазалау керек ке және халықтың талабы орындалсын міндетті түрде
@user-vt6nm7gy2l
@user-vt6nm7gy2l 10 ай бұрын
Оян қазақ. Маралдыны қорғағанымыз қазақты қолдағанымыз.
@user-nn8fq5sl4p
@user-nn8fq5sl4p 10 ай бұрын
Бұлар еш нәтиже шығармайды! Жиналыс жиналыс деп халықтың берекесін кетігеннен басқа пайда жоқ!
@user-we5gd5fv5z
@user-we5gd5fv5z 10 ай бұрын
Маралдықтар, олардың өтірігіне сенбеңіздер ! Маңайлатпаңыздар ! Халыққа бірдеңе керек болса, сол министрды таппайсыздар! Сіздермен сөйлеспейді да олар! Өткенде Жаңа өзеннің мұнайшыларын қандай қылып жіберді үйлеріне-ұрып, соғып ! Адам деген да жоқ ! Бір сантиметр де жер бермеңіздер !
@bakzhimalkingushanova8555
@bakzhimalkingushanova8555 10 ай бұрын
Ничего они не решат, приехали усыпить бдительность людей пустословием своим.
@user-ly1zp1bf1e
@user-ly1zp1bf1e 10 ай бұрын
Маралды жергілікті халыққа тиесілі, халық талабы орындалсын!!!
@Rysty_____
@Rysty_____ 10 ай бұрын
Бұл министрлер емес шыпана өз қалтасын ойлап кеп отырғандар. Министр бұндай болмайт. Қаздырмаңдар. Қазатын болсп молаларын қазссын.
@user-df3km4ws3h
@user-df3km4ws3h 10 ай бұрын
Сол заңды кім шығарып жатыр Бірінші заңмен өздерің жүріңдер
@user-fs5jn9hm2g
@user-fs5jn9hm2g 10 ай бұрын
Заң заң дейді сол заңды бұзатын өздері Бұлар түгел құрымай жақсы болмайды
@user-so8hl7tm5u
@user-so8hl7tm5u 10 ай бұрын
Келген комиссия ол жерде тұрмайды халықты алдау неге табиғатқа жандары ашымайды тек ойларын да ақша жоқ еш болмайды деу керек
@user-hh6fg7nx6v
@user-hh6fg7nx6v 10 ай бұрын
Чиновников вместе с токаевым. Союгерек .
@gogitt7967
@gogitt7967 10 ай бұрын
Ассалам уағалейкум. Жарайсындар Маралды тұрғындар!!! Сіздің істерінізді колдаймын !
@user-rb8gi5sn8i
@user-rb8gi5sn8i 10 ай бұрын
Осылар өздеріне келгенде заңшыл бола қалады екен тоз тозын шығарып халықты улап жатқандары қандай заңға сәйкес халық қарсы болса министр тұрғой президентте тыңдау керек халықсыз ешқайсың ешкімде емессіңдер
@user-yc3mj2fo4g
@user-yc3mj2fo4g 10 ай бұрын
Маралды қазақтары, халқым, Қазақстан азаматтары барлығы сіздерді интернеттен қарап отыр, сіздерді қолдаймыз. Алға Казахстан, қазақ халқын ата бабаның аруағы қолдасын!!!
@user-rs4rg2dn3k
@user-rs4rg2dn3k 10 ай бұрын
Министерство турмак Марстан ушып келседе ешкимнин правосы жок халыктын жерин халыктын руксатынсын паидалануга
@user-ji4yk8mb3z
@user-ji4yk8mb3z 10 ай бұрын
Табигатты сактайык
@user-jm3ec9fk1u
@user-jm3ec9fk1u 10 ай бұрын
Алға ,маралды тек халықты қолдаимыз
@user-lj8hp6nn1i
@user-lj8hp6nn1i 10 ай бұрын
Ағайын мына мисистр депутат әкім деген арамзат тар ға сенбең, нашарбай дың түлектері 30жыл дың еңбегі. Талаптарыңды соңына дейін орындатың. Әр облыс осылайша талаптарын айтып нық тұрса бәрін орындайды сәттілік тілеймін тек алға
@user-ro1fm1ff8r
@user-ro1fm1ff8r 10 ай бұрын
АЛҒА МАРАЛДЫЛАР ӨЗ ӨМІРЛЕРІҢ ҮШІН, ЖЕР ҮШІН, ТУҒАН ЖЕРДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН, ЭКОЛОГИЯ ҮШІН КҮРЕСІҢДЕР, ✊✊✊КҮРЕСТІ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗІҢДЕР, ЖЕҢУГЕ ТЫРЫСЫҢДАР, КҮРЕСІҢДЕР 👊👊👊 ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТІҢДЕР 👊✊👊✊🇰🇿🇰🇿
@user-du2os4od9c
@user-du2os4od9c 10 ай бұрын
Келеді -кетеді,келеді-кетеді,а толку О !!! Маралды,вперёд! До победного конца!
@user-tt1yn5kb5y
@user-tt1yn5kb5y 10 ай бұрын
Курметтi Маралдынын тургындары жерды сактап каланыз, жер халыктiкi болса, конституция да айтылгандай, халык казба жумысына карсы, алтын болсын, мунай болсын, не болсада, жерды мал осiруге, бидай осiруге, тек таза жумыска пайдалану керек.
@user-re7vc7om4c
@user-re7vc7om4c 10 ай бұрын
Заңды өздеріне қандай керек солай қылып жазып алады.Тоқаевқа жеті жылға тақта отыру керек болды референдум жасай салды
@user-lq3rd1jf8c
@user-lq3rd1jf8c 10 ай бұрын
Маралды халқының мүддесіне шешілсін! Жемқорлар халық емес, халық жауы.
@MARALDY_SOS
@MARALDY_SOS 10 ай бұрын
Коммисиядеп 2 айда ушыншырет келді өтірік уакыт созған
@TuranNomad
@TuranNomad 10 ай бұрын
Сенетін Билік жоқ , бәрі өтірік ... СЕНБЕҢІЗДЕР .
@gulmirausenova1047
@gulmirausenova1047 10 ай бұрын
САЛДЫРМАҢДАР.ОЛАР ҚҰЛҚЫНДАРЫН ОЙЛАЙДЫ.ТАБИҒАТЫ ТАМАША ЖЕРДЫ ҚҰРТАДЫ.УЛАП ӨЛТЫРЕДЫ.
@user-rs4ey5mq6z
@user-rs4ey5mq6z 10 ай бұрын
Хватит поддерживать клан назарбаева. Даниала Аметова, его сына и родственников друзей, с которыми они обворовывали народ проверить и конфисковать все ,что они присвоили. Бандитов, которые избивали людей наказать по закону Казахстана.
@user-ko2jf8ly5x
@user-ko2jf8ly5x 10 ай бұрын
Сембениздер буларга отирик айтады.
@user-lg1gz3es3q
@user-lg1gz3es3q 10 ай бұрын
Руки прочь от Маралды!!!!!¡!!!
@user-gb2we4fe4f
@user-gb2we4fe4f 10 ай бұрын
Маладес ага булар окимет бандид болган гой халыкты мал корип жур булар
@user-gb2we4fe4f
@user-gb2we4fe4f 10 ай бұрын
Атырау Актау Алматы Караганды барин битирип енди осы жака кошти ма халыктын жагдайын жасасын сосын коремиз бандид
@user-kv9sw2hs3g
@user-kv9sw2hs3g 10 ай бұрын
Ол қандай заң, халықтың талабына сәйкес келмейтін!?
@gulmirausenova1047
@gulmirausenova1047 10 ай бұрын
Халық қарсы тұру керек...ШЕКЫСПЕЙ БЕРЫСПЕҢДЕР.
@user-db6ed3wo7e
@user-db6ed3wo7e 10 ай бұрын
ХАЛЫҚТЫҢ ЖАН АЙҚАЙЫНА ҚҰЛАҚ АСПАҒАН САНАСПАҒАН ЗАҢНЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР
@uzakbaiadildiyev7301
@uzakbaiadildiyev7301 10 ай бұрын
Халыкым жемкорларга, парахорларга жол бермендер, токаевты куртындар
@user-jv7ko3gy8b
@user-jv7ko3gy8b 10 ай бұрын
Қарға карғаның көзін шұқымайды.Ахметовқа қарсы шықпайды ешкім Ішіп жемдері бір.Отыз жыл ішінде əбден бір біріне байланған жемқорлар ғой бəрі.Жарайсыңдар,бастаған істердің сәтті аяқталсын
@Musina.-
@Musina.- 10 ай бұрын
Жауыз жемқор құзғындарға жем болмаңдар халқым!
@aimanomirbekova6059
@aimanomirbekova6059 10 ай бұрын
Келген комисия әділ болса жақсы, егер құр комисия минстрдің айтқанымен келсе онда ол бос әуре қарға қарғаның көзін шұқымайды,Ахметовтың ұлы жеңіп маралды халқы бос әуершілік болып қалады,өйткені қолдары ұзын шетелдің инвесторлары мен жұмыс жасаймыз деп қолдарын бір сілтеп кете береді.
@respublika.
@respublika. 10 ай бұрын
Заң болмайды мундай арекетке бұл нағыз қастандық табиғат паркіне.
@damirkumash5882
@damirkumash5882 10 ай бұрын
Жемкорларды куу керек
@user-rn6fv2wz9c
@user-rn6fv2wz9c 10 ай бұрын
СЕНДЕРМЫН, БЫРГЕМЫЗ,, ӘРУАҚЫТТА,,,,,
@user-nb2fl2uy7u
@user-nb2fl2uy7u 10 ай бұрын
Қарғаның көзін қарға шұқымайды! Сенбеңдер!
@user-zx7qw3st7b
@user-zx7qw3st7b 10 ай бұрын
Касипкер мыкты докей болганы гой. Соган бола биздин елде канша министерство бар, солардын окилдери келипти гой. Депутатардын алдына булай бармайды. Касипкердин бет жузин кормедин. Ол ким?
@user-jk7yh9js9v
@user-jk7yh9js9v 10 ай бұрын
ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ дейді, негізгі ЗАҢ КАНСТИТУЦИЯ соны көрсетіңдер
@gulnarazh6579
@gulnarazh6579 9 ай бұрын
Фабрика салынуына тубегейли карсымыз!
@user-ff8ju3vd3r
@user-ff8ju3vd3r 10 ай бұрын
Алтын бар жерде бет жоқ, бұлар халықтан қопыққан соң ғана қайта қайта жиналыс ашып жатыр
@user-ji4yk8mb3z
@user-ji4yk8mb3z 10 ай бұрын
Халыктыгы дурыс
@user-fw1ru3kl9o
@user-fw1ru3kl9o 10 ай бұрын
Жаксы Лапшник.боласын.жогарыда😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂
@maksatirgebayev5725
@maksatirgebayev5725 10 ай бұрын
Шығайық ағайын
@lyazzatsyzdykbaeva2565
@lyazzatsyzdykbaeva2565 10 ай бұрын
Отирик комиссиялар. Халык карсы, одан не керек баска. Халыкты ызаландырмай шахтаны жап.
@user-jx5dx8lz3k
@user-jx5dx8lz3k 10 ай бұрын
Биліктің иттеріне сенбеңдер халқым жүз тенге қалтасына салса босқаша үреді. Өкінішті адал бауырлар аз олар мені кешіреді
@user-id1lb5nl2f
@user-id1lb5nl2f 10 ай бұрын
наймандар котерилсе киын болады коттерин коктен келеди
@ADGAdg-sf1hu
@ADGAdg-sf1hu 10 ай бұрын
Зан деген акымактык табигат тур тагдыр тур большаков тур. Кайтпандар зан деген кагаз барады да суртеди суртип жур.
@user-un7vz2cb7w
@user-un7vz2cb7w 10 ай бұрын
Қандаи заң? Біздің Қазақстанда заң барма, заңды министрлер өздеріне қараи бұрып алған.😅
@user-nd7zk8hg2o
@user-nd7zk8hg2o 10 ай бұрын
Алға Қазақ!
@user-db6ed3wo7e
@user-db6ed3wo7e 10 ай бұрын
ЕЛДІ ХАЛЫҚТЫ БИЛЕП ТҰРҒАН ВОРОВСКОЙ КЛАН
@user-pj4wd8dk8k
@user-pj4wd8dk8k 10 ай бұрын
Заң дейді өздеріне бұрмалап алған соң ондай заңның тұк қажеті жоқ
@user-oo2wj6tm7s
@user-oo2wj6tm7s 10 ай бұрын
Сенбеңдер еш бір БИЛІК ӨКІЛІНЕ ... ОСЫДАН КӨР ДЕ ТУР ... КҰШТЕП НЕ АЛДАП ЗАВОД САЛЫНАДЫ ... ЖЕР ХАЛЫҚҚА ТИЕСІЛІ ...УЖЕ ҰШ ЖЫЛ БОЛДЫ ҚАЗЫП БАЙЫП АХМЕТ КЕТТІ ..ОНЫҢ ОРНЫНА КЕЛГЕН ƏКІМДЕ МАЙ ШЕЛПЕККЕ КӨЗІ ТҰСКНН ҒОЙ НЕ ƏКІМНІҢ.БАЛАСЫ МА НЕ ТУЫСТАРЫ МА НЕ ҚАЛТАЛЫ БІРЕУ БОЛАР ... ƏЙТПЕСЕ НЕГЕ СОЛ МАРАЛДЫҒА БИЛІК ҚАДАЛЫП ҚАЛДЫ ..БІР ШЕШІМ ШЫҒАРУ БОЛАР ЕДІ ..ТУРИСТІК БАЗАЛАР САЛСЫН ..ЖОЛ ЖАСАСЫН ..ШАҒЫН АЭРОПОРТ САЛСЫН ...ҚЫСЫ ЖАЗЫ ҰШЫП ҚОНАТЫН ТУРИСТЕР КЕЛЕДІ ..СОСЫН ШАҒЫН ӨНДІРІСТЕР АШУҒА КӨМЕК БЕРСІН ..ҚАМЫСТАН БҰЙІМ ЖАСАЙТЫН ..САЗ БАЛШЫҚТАН .ЫДЫС ДИЗАЙІНДІ ЖАСАЙТЫН ...ТОҚМА ТОҚИТЫН ШАҒЫН ӨНДІРІС . АҒАШТАН БҰЙІМ ЖАСАЙТЫН ...БАЛ ӨНДІРУГЕ БАЛ АРАЛАРЫН АЛҒЫЗЫП БАЛ ӨНДІРСІН ..ҚАЗАҚТЫН ҚОЛЫНАН БАРЛЫҒЫ КЕЛЕДІ .. . ЖЕРДІ ҚОПАРМАЙ АҚ ХАЛЫҚ КҰН КӨРЕ АЛАДЫ ... ПРЕЗИДЕНТ ƏДЕЦІ ЕСТІМЕЙДІ МА... ОРЫСТАР ШУ КӨТЕРСЕ .???.ЖЕТІП КЕЛІП ОЛАРДЫҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАР ЕДІ ...???
@damirkumash5882
@damirkumash5882 10 ай бұрын
Елди жерди коргайтын Кун келди
@user-uo4yw2qe7s
@user-uo4yw2qe7s 10 ай бұрын
Ахметов тойымсыз адам Ол өз қалтасын ғана ойлайтын қан ішер.Павлодрда әкім болғанда ешқандай жағдай тұрғындарға жасамады.Только все присваивал.
@user-el7so6wp4l
@user-el7so6wp4l 10 ай бұрын
Заң олигархтар жағында
@user-dh6oo1ev4m
@user-dh6oo1ev4m 10 ай бұрын
Заң аясында деп зарлайсыңдар,өздерің көрсетіңдерші нені заң аясында алтынды қазып жатқандарыңды,аулдың тұрғындарында барлық құжаттары бар заңды осы халықтан үйреніңдер,қалай келсеңдер солай бүкіл таудағы техникаларыңды алып сол кәрістердің жерінен алтын қазыңдар,өз елің мен халқыңды тонамай оңбағандар
@spartakspartanes
@spartakspartanes 10 ай бұрын
Зан.деиди.занга.карап.жумыс.истеимиз.деиди.зан.жумыс.истегенин.кординдерма.33.жыл.боиы
@damirkumash5882
@damirkumash5882 10 ай бұрын
Куу керек буларды урыларды
@zhumabau753
@zhumabau753 10 ай бұрын
Бастама аяксыз калмаса екен
@user-cy3ez3tt5x
@user-cy3ez3tt5x 10 ай бұрын
Алға Маралды. Қайтпаңдар. Ұшқыннан от лаулайды. Ұшқын сендерсіңдер.
@user-rd1ih4sx3u
@user-rd1ih4sx3u 10 ай бұрын
Бул суайттарды тындамандар артистер бирингай кулактан тебуге келген максат биреу тонкеру керек
@user-fq8jh3oh9n
@user-fq8jh3oh9n 10 ай бұрын
Жарайсың , бауырым 😊
@user-gk8sy9gn1d
@user-gk8sy9gn1d 10 ай бұрын
Бүларға сенуге болмаиды аитатындары өтірік ................
@user-xd6vi8mz1e
@user-xd6vi8mz1e 10 ай бұрын
Кайдагы зан, карулы бандитерды калыкка карсы койган
@user-cl5jw6yw8h
@user-cl5jw6yw8h 10 ай бұрын
Недеген битпейтин комися ози ал мына алтын казгыштарга бир кунде разрешённые берди ал енди халыктын требываниясын не может исполнять
@user-xo1gb2pc9s
@user-xo1gb2pc9s 10 ай бұрын
Алтынды цианит пен кислота мен суарып алады міне біздің жаңа технология мен өзім кеніште жұмыс істеймін тұнып тұрған зиян адамға да табиғатқа да
@toyboxinc.
@toyboxinc. 10 ай бұрын
ОПГ насанжора 😤
@user-gz6bg9tf7h
@user-gz6bg9tf7h 10 ай бұрын
👍✊
@damirkumash5882
@damirkumash5882 10 ай бұрын
Отирик халыкты алдау
@user-tv3og6er7j
@user-tv3og6er7j 10 ай бұрын
Ееее қайран Қазахым
@user-qs2fl6kq2t
@user-qs2fl6kq2t 10 ай бұрын
😮❤
@user-bm3dt9fy1o
@user-bm3dt9fy1o 10 ай бұрын
Әкім қарарлар осырықтрын кекіріктерімен жуып жатыр ма
@user-nb2fl2uy7u
@user-nb2fl2uy7u 10 ай бұрын
Үфілеп - сүфілеп лапшаны құлақтарыңа орай салмасын ағайын!
@user-bm3dt9fy1o
@user-bm3dt9fy1o 10 ай бұрын
Токайдың ісі
@volchisa666
@volchisa666 10 ай бұрын
Olga kozok jigarlarim
@user-ns1ej9yk4z
@user-ns1ej9yk4z 10 ай бұрын
Не айтты өзге түгіл өзіде түсінбедіау
@ardager2408
@ardager2408 10 ай бұрын
✊✊✊🤲🤲🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@skibidi053
@skibidi053 10 ай бұрын
ахметов фабрикасы
@user-lu7py7bf7h
@user-lu7py7bf7h 10 ай бұрын
Оздерине жумыс жасайтын зан ,калыкты акымак кореди
@user-mg3in7de1p
@user-mg3in7de1p 10 ай бұрын
Болашақты кім ойлайды.балалар немерелер не болады.алтынның жолы ауыр 2:13 2:13
@user-uj3zm9ez1n
@user-uj3zm9ez1n 10 ай бұрын
Ұйалмай заң бойынша жұмыс істейміз деп қалай айтады.Заң болса халық шулайма
@user-fl2xl8vv1k
@user-fl2xl8vv1k 10 ай бұрын
Неге қысқа дұрыстап желіге салмайсыздар басы бар аяғы жоқ
@user-rw3qn2wv5v
@user-rw3qn2wv5v 10 ай бұрын
Толкы жоқ комиссия тоидық комиссияға болды халық өзі шешет әкетсін техникаларын табандарын жалтыратсын булар жаи демалып журген комиссия қолдарында бір де бір апарат прибор ештенелері жоқ судан неге анализ алмаит т.б.дальше ертіске суларыңа тусіп ішіп жеп демалаберсін
@ordataevazaynegul9631
@ordataevazaynegul9631 10 ай бұрын
Атаңның басының заіы ма,заң жүзінде ауылдің шешімі дұрыс,жер халықтікі ,ауылдық қауымдастық қарсы болса ,құрлыс салынбайды деген ,министр ,ал қайта қайта келіп кедейдің кеңесі бітпейді дегенсияқты,қанша видио ,фота ,арыз ,коммисия болды,не бітпейтін тексеру ,бұлар осылай созып жүүргенде ,фабрика салынып қойды уже,ауыл әкімі мынау ,жанында зам обл әкім Сапанов мүлдем қолынан түк келмейді пошташы,Ақышев доңгелеген шар сияқты ,өзінің пікірі жоқ ал ,халықтың қантөгісі керек сияқты осы тұоған бастықсымақ ,шенеуліктерге,жалған ақпараттық шабуыл жасады,ауыл адамдары,,черный капатель ,,деп,қаруланған төрт машина баскесер келді,тек әйелделдердің ,біздің ауыл азаматтарының сабырлығының ,білімдігінің арқасында кісі өлімі болмады,фабрика ашыңдар табиғатты ,ел жұртты,уламай пайдасы бар ,халыққа тиетін көмегі бар ал Ционид Натрии мен өндіретін алтын фабрикасына қарсымыз,алтын көшеді дейтін көне көз қариялар
@user-tg9jn7bw7n
@user-tg9jn7bw7n 10 ай бұрын
Бла бла бла …….. ОТРЫК
@user-gc3tx8jw3c
@user-gc3tx8jw3c 10 ай бұрын
Не құндарың қалды, халық өзі күн көріп отыр ғой,халықтың талабы орындалсын
Бала Жамбыл отау құрмақшы деген ақпарат рас па?
10:36
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 905 М.
[柴犬ASMR]曼玉Manyu&小白Bai 毛发护理Spa asmr
01:00
是曼玉不是鳗鱼
Рет қаралды 46 МЛН
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 146 МЛН
Miracle Doctor Saves Blind Girl ❤️
00:59
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 38 МЛН
1🥺🎉 #thankyou
00:29
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 75 МЛН
Көлікті сусыз жуу дегенді естіп пе едіңіз?
3:10
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 307 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
АПТАП / МИЛЛИАРДЕР КІМ?
7:58
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 1,7 МЛН
Маралды туралы депутаттар
2:51
Маралды
Рет қаралды 9 М.
[柴犬ASMR]曼玉Manyu&小白Bai 毛发护理Spa asmr
01:00
是曼玉不是鳗鱼
Рет қаралды 46 МЛН