Екі Өзенің ортасында тұрған аулға 384млн өтірік су өткізді.

  Рет қаралды 10,474

Маралды

Маралды

9 ай бұрын

2жыл өтті суда жоқ, аулдың арығың жоққылды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің аумағында кен өндіруді және цианидті пайдаланатын алтын өндіру фабрикасының құрылысын тоқтатуды талап ету мақсатында жазып отырмыз.
Фабрика Күршім өзеніне одан әрі трансұлттық Ертіс өзеніне (елді ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын еліміздің ең үлкен су артериясы) құятын Маралды өзенінің маңында (500−800 м) Маралды ауылының тура үстіндегі тауда салынып жатыр. Бұл аймақ Қазақстанның ірі сулы жасыл массивін құрайды, өсімдіктері, жануарлары мен балықтары Қызыл кітапқа енгізілген.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, таулы аймақта цианидті пайдаланып зауыт салу үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік тарихта мысалдар жеткілікті: мысалы, 2000 жылы Румынияның Байя-Маре қаласындағы осындай алтын өндіру зауытында Дунай өзеніне цианид ағып, апат болды. ЕуроОдақ бұл апатты Еуропадағы Чернобыль атом электр станциясының апатынан кейінгі экологиялық ең қауіпті апат деп санады. 2,5 миллионға жуық еуропалық азаматтар тұтынған су ішуге жарамсыз болып шықты және Тиса өзенінің сол ластанған бөлігінде барлық тірішілік иелері өлген. Тағы бір оқиға 1998 жылы Қырғыз Республикасында Құмтөр кең орнында болды. Алтын өндіруші компанияның жүк көлігі өзеннен өтетін көпірде апатқа ұшырап, 1740 кг цианид Барысқын өзеніне төгілді, соның кесірінен 17 мыңға жуық адам зардап шекті, бірнеше адам шығыны да болған. Тағы да 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Секисовка ауылындағы оқиғаны айтуға болады. Елді-мекенге жақын орналасқан алтын өндіру зауытында бөгет бұзылып, соның салдарынан Секисовка өзеніне цианид ағып, қоршаған ортаға және су ресурстарына орасан зор залал келтірілді, бірақ бұл жағдай әлі дұрыс бағаланбай келеді.
Біздің жағдайымыздағы компания 2021 жылы ғана тіркелген, яғни бұл салада тәжірибесі жоқ болса да экологияға қауіпті жобаға мемлекеттік органдардан рұқсат алған. Сондай-ақ, аталған нысанға жер телімдерін беру кезінде Экология кодексінің, «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның, Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталды, бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің аудиторлық тексеруімен расталды. Жергілікті тұрғындардың пікірлері де ( түбегейлі қарсы екенін көптеген Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерінен көруге болады) ескерілмеді.
Мұндай зиянды фабрика салу бүкіл Шығыс Қазақстанның фаунасының, флорасы мен экожүйесінің сөзсіз жойылуына әкеледі. Еліміздің туристік бизнес, мал шаруашылығы, асыл тұқымды омарта шаруашылығы және егін шаруашылығының нысандары бола алатын су және жасыл ресурстарға аса бай еместігін ескерсек (осы аймақта бонитет баллы жоғары жерлер) бұл аймаққа табиғат қорғау аймағының мәртебесін берсе немесе оны Катонқарағай ұлттық паркімен біріктірген жөн болар еді.
#маралдыэкология #маралды #казахстан

Пікірлер: 36
@user-lj8hp6nn1i
@user-lj8hp6nn1i 9 ай бұрын
нашарбай дың түлектері бұл 30жыл дың еңбегі өңкей ұрылар арамзат тар үйірімен құрымай еш өзгеріс болмайды Қазақ Елінде, сондықтан ауыз бірігіп бұл жүйеден арылу керек, Қазақ Еліне президент ке жас намысшыл шыншыл Елім Халқым дейтін Азамат келсін. Қазақ Елі Халқым аман болсын.
@user-bm3dt9fy1o
@user-bm3dt9fy1o 9 ай бұрын
Әр ауыл әр қала өз құқығын қорғасын
@GG-uk2qk
@GG-uk2qk 9 ай бұрын
Тек алдыға,шегінуге жол жоқ,артымызда Маралды!!!!
@user-tg4nx9yf5s
@user-tg4nx9yf5s 9 ай бұрын
Баигус карапаиым халык аитеур баринин зардабын тартып жаткан. Эх билк окилдери кашанга деин остип халыкты зар кактырар екенсиндер.
@user-cl8mt4qe4c
@user-cl8mt4qe4c 9 ай бұрын
Тура быт-шыт болып жаға жыртыспай біздің елде бірде-бір шаруа шешімін таппайтын болғанғой сонда.Масқара мынау сұмдық масқара Аллаһым өзің сақтай гөр елімді қайда кетіп барамыз деген ой мазалайды күндіз -түні.
@user-ps5tk2qp9t
@user-ps5tk2qp9t 9 ай бұрын
Предатель Токаев шайтан Изменик Родины Казахстана ведёт страну Казахстан 🇰🇿 к катастрофе, он помогает русским Фашистам СС Нацыстам Терористам Фашисткого Государства ТероРассии 👹💀 Это большой Пазор для Мусельманского народа Казахстана ⚜️💕🇰🇿, из за Токаева и его Банды карупных Чиновников Депутатов власти Казахстана Цивилизованые страны Европы и США наложат тяжолые Санкции на Казахстан 🇰🇿 и тогда капец Казахстану и его народу Казахстана ⚜️💕🇰🇿
@user-oe6hr5yq8f
@user-oe6hr5yq8f 9 ай бұрын
Малодцы ауыл тургындары Казак ели сиздермен
@user-nn8fq5sl4p
@user-nn8fq5sl4p 9 ай бұрын
Коррупция сплошная... Вот Назик построил развитая корупционную государству.
@MARALDY_SOS
@MARALDY_SOS 9 ай бұрын
И акиматы им служат
@arzu_zhi
@arzu_zhi 9 ай бұрын
Точно назарбай построил мощную коорупированую гостдарству Коринде окиргир саткын сумырай
@user-sj6hn8ii1s
@user-sj6hn8ii1s 9 ай бұрын
Отыз жылдың жемісі
@user-yl6oo2wk5s
@user-yl6oo2wk5s 9 ай бұрын
Халықты ашу-ызаға әкеліпиотырған билік басшылары. Маралдылықтар ақша жұмыс сұрап отырған жоқ. Табиғатты қаз қалпында сақтап қалу басты мақсат.
@user-nl8kl1ks6i
@user-nl8kl1ks6i 9 ай бұрын
Госзакуп-ұрлықдеген сөз.
@user-ff8ju3vd3r
@user-ff8ju3vd3r 9 ай бұрын
Қаншама былықтары әлі шығады
@user-nl8kl1ks6i
@user-nl8kl1ks6i 9 ай бұрын
Əкім ештеңе шешалмаса ондай əкім не үшін керек, халыққа ешпайдасы жоқ, қолынан ештеңе келмейды, бұндай əкімды қуу керек.
@zhakenuspanov2412
@zhakenuspanov2412 9 ай бұрын
Ис козгау керек жер астында акшаны комып кетеды ,бiздын аулда тура солай ,технология сакталмайдi Бекер кеткен бюджеттен кеткен акша ,Каргалы аулы ,Джамбыл районы,Алматы облысы ,Озенде сарылдап Су агып жатыр ,бiз суга жарымай отырмыз,Жетысу деп аталган жерде,(Семиречье).
@Zefamif
@Zefamif 9 ай бұрын
Не дейді тағы? Енді бұған кім жауапты?
@user-qy2ty1nr3s
@user-qy2ty1nr3s 9 ай бұрын
Маралдыға су тартуға бөлінген қаржыларының сұрауы жоқпа ? Неге тексеру жүргізілмейді. Ауылдың табиғатын, суын , жерін қорғаған халықты жалған жаламен қысымға алып , қылмыстық іс қозғағанша. Міне халық ашық айтып тұр ғой.
@poiytrr939
@poiytrr939 9 ай бұрын
сиздер ауылдан бир сайт ашып ютуб жариалап отырындар аким не стеди жане баска ауылдар
@damirkumash5882
@damirkumash5882 9 ай бұрын
Куу керек буларды урыларды
@galiyasadirbaeva777
@galiyasadirbaeva777 9 ай бұрын
Мемлекет ай қарап жүрме? Экология министрі кукла ойнап жүр ма?
@user-sg9nm1dt6x
@user-sg9nm1dt6x 9 ай бұрын
Акымнын қужыреты тендерден өзынын ставкасын алды болды
@user-xx2gm3ge3s
@user-xx2gm3ge3s 9 ай бұрын
Бүкіл Қазақстан қолдайық маралдыны..
@user-sj6hn8ii1s
@user-sj6hn8ii1s 9 ай бұрын
Ауыл тұрғындары жегендерін құссын су жүргізгендер ұйықтап болдық
@user-so8hl7tm5u
@user-so8hl7tm5u 9 ай бұрын
Антикор қайда недеген ақша бюджеттің ақшасын жымқырып жатыр
@MARALDY_SOS
@MARALDY_SOS 9 ай бұрын
Солармен
@user-yl6oo2wk5s
@user-yl6oo2wk5s 9 ай бұрын
Ақшаны қалталарына салу миллиондап неге центральная вода керек қос өзеннің ортасында мөп мөллір таза су бар, әр үйде колонка басып қалсаң таза су шығады бала кезімізден солай өстік. Қазақтың суы жоқ облыстарына бермей ме сол ақшаны или суармалы егін салып отырған шаруашылықтарға
@ordataevazaynegul9631
@ordataevazaynegul9631 9 ай бұрын
Зато жап жақсы ,асфальт болмаса да жол болған ,бүкіл ауылдың ішіне су өткіземіз деп ,қазып жаппай кеткен ,оны көргенде жылағың келеді
@user-ee3qk4lr6k
@user-ee3qk4lr6k 9 ай бұрын
Казактын а ты казак , , әрқашан онбайт, сантиметр сайын жемқөрл😅ық,
@user-wi3ny9vf8l
@user-wi3ny9vf8l 8 ай бұрын
Антикор бар емеспеді.
Құлсарыдағы наразылық. Халық неге толқыды?
4:20
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 51 М.
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 618 М.
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 916 М.
QOSLIKE ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 16.05.24
14:52
_qoslike_24
Рет қаралды 12 М.
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 618 М.