БҮГІН МЕНІҢ АПАМНЫҢ ТУҒАН КҮНІ! Автор: Ақжол Түменбай; Оқыған: Айдар Ілескен

  Рет қаралды 118

Akzhol Tumenbai

Akzhol Tumenbai

Күн бұрын

БҮГІН МЕНІҢ АПАМНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!
Балалық-ай балпаңдап жазым басқан,
Тағдырыма мехнат жазылмастан.
Мына менің табаным жарақатсыз,
Ал апамның маңдайын әжім басқан.
Қадір қашқан менен де ұят налып
Аспан неге жылайды жиі ақталып.
Ажарына апамның әжім түсті,
Әжемнің жеңген тағдыр сияқтанып.
Көрмейсің бе тірліктің тербелуін,
Мен өмірге ал маған келді өмірім.
Есім кетіп әлди мен есіл үнге
Еңбектеуден басталды-ау пенделігім.
Апа мен қырт өмірді көксемедім,
Көксемеуге бар еді көп себебім.
Тоймай қалған қозыдай дүре тиіп,
Етегіңе оралып өскен едім.
Шөккен еңсе, ақ түскен тау ғұмырға
Кәрілік кәрленеді жау қырында.
Аяғыңның астында аят болған
Жұмақтың иісі бар жаулығыңда.
Мысқыл күлкі мүжігең мүрде мұңды,
Күпі киген қара өмр кімге нұрлы.
Бүкірейген апама қарап, білем
Мен кімнің арқасында жүргенімді.
Тар құрсағын кеңітіп құндақтаған,
Емізген, еміренген қымбатты адам.
Тас емшегін жібітіп таңдайымды
Ана сүтінен құрғатпаған.
Мен апамның жастығын ұрлап барам.
Қазақы үй, қарт ата-ана, тентегі бір
Күрмеуге келмей қалған келте ғұмыр.
Әне-міне дегенше түгесілер
Әжем айтқан әй жалған ертегі өмір.
Сөнді жұлдыз, құба таң бозарды да,
Болмай отыр болмағыр мазам жүдә.
Апамның туған күні өткен сайын,
Әжем келе береді көз алдыма...

Пікірлер: 1
@КарлыгашСражадинова-ч7д
@КарлыгашСражадинова-ч7д 11 ай бұрын
Ақжолжан тілеуіңді тілеген,еркелігіңді көтерген ,сен ауырсаң ол кісінің жаны ауырған,алыста жүрсең сағынған Апатайың аман болсын!
didn't manage to catch the ball #tiktok
00:19
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 32 МЛН
Good teacher wows kids with practical examples #shorts
00:32
I migliori trucchetti di Fabiosa
Рет қаралды 12 МЛН
Watermelon magic box! #shorts by Leisi Crazy
00:20
Leisi Crazy
Рет қаралды 115 МЛН
Жаңа уағыз “Сабырдың 4-түрі”
18:13
Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
Рет қаралды 152 М.
Movie "Mom, I'll Grow Up"
15:13
Общее Дело
Рет қаралды 1 МЛН
Мудрые цитаты Конфуция, которые меняют твое сознание!
11:47
Марина Соболева Жизнь без найма!
Рет қаралды 9 М.
didn't manage to catch the ball #tiktok
00:19
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 32 МЛН