Бөгенбай батырды жоқтау

  Рет қаралды 13,573

Kazyna-dastan

Kazyna-dastan

2 жыл бұрын

Бұқар жыраудың Бөгенбайды жоқтауы
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласында жайылған,
Мылтық атқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жерінді
Аң етімен тау қылған,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Асу салған тас бұзып,
Тарбағатай белінен.
Қол қондырған қос тігіп,
Бөрлі деген көлінен.
Қалмақты шапқан шулатып,
Қоныс қылған найманға
Бәрін қуып жерінен.
Батырың өтті - Бөгенбай!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек -
Ормандай көп Орта жүз,
Сондан шыққан төрт тірек.
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерде бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті - Бөгенбай!
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар күшін,
Қайыры болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойла келмесін,
Қарияң келіп жылап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін,
Батырың өтті - Бөгенбай!

Пікірлер: 20
@user-jq8et7cm3y
@user-jq8et7cm3y Жыл бұрын
Бөгенбай сияқты бауырларымыз көп болса екен!!!!!!!!!!!! Керемет орындау
@user-tn4ho3gz2u
@user-tn4ho3gz2u Жыл бұрын
АССАЛЯҮМАҒАЛЕЙКУМ КЕРЕМЕТ ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕҢБАЙ БАБАМЫЗ ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАРІҚ БОЛСЫҢ
@user-xm2oe3he8m
@user-xm2oe3he8m Жыл бұрын
Жоқтауды әйел адам айтады, бұл естірту
@user-pz3ux6lq8e
@user-pz3ux6lq8e 2 жыл бұрын
Керемет орындау 👍
@erasylgameskz6657
@erasylgameskz6657 Жыл бұрын
Keremet
@user-ef7ew7lb5w
@user-ef7ew7lb5w Жыл бұрын
Рахмет сізге Бөгенбай ата
@user-ue4nf8zo1w
@user-ue4nf8zo1w Жыл бұрын
👏👏👏👍👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👏👍👍👍👍
@sirgelisaltanat9204
@sirgelisaltanat9204 Жыл бұрын
Жаны жай тапсын 🙏
@user-is1zh2sk6u
@user-is1zh2sk6u 2 жыл бұрын
Осы термені орындаған кім екен, даусы ғажап
@user-jq9zk2ud2w
@user-jq9zk2ud2w Жыл бұрын
Досхан Жолжақсынов
@user-ss6oj4bn6e
@user-ss6oj4bn6e Жыл бұрын
бекполат тилеуханов
@user-is1zh2sk6u
@user-is1zh2sk6u Жыл бұрын
@@user-ss6oj4bn6e ол емес. Ол мұндайларды айтпайды)
@user-ek4pm8db7c
@user-ek4pm8db7c Жыл бұрын
Атамыз деп айтса дурыс болат бауырым дейтин дей замандасын емес
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Шоханова Гульназ Орынбаевнаға Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5тегі
@user-jt9jz7pw6g
@user-jt9jz7pw6g Жыл бұрын
Бұл жоқтау емес Батырдың қазасын Абылайханға естіртуі .Жоқтауды әйел адамдар айтады
@Danikows
@Danikows Жыл бұрын
естірту жоктау емес дузетиндер
@user-oi2xr6bp7v
@user-oi2xr6bp7v Жыл бұрын
Алла рахымына алсын Бөгенбай бабамызды
Бұқар жырау жырлайды
12:14
Kazyna-dastan
Рет қаралды 4,6 М.
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН
КІШІ ЖҮЗ ТЕРМЕСІ
9:47
NURBOL SARSENBAYULI
Рет қаралды 1,4 МЛН
Құнанбайдың Кенесары туралы айтқаны
3:12
Нұрдәулет Қайратұлы
Рет қаралды 136 М.
ӘКЕМНІҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ
7:41
Байыт Қабанұлы
Рет қаралды 1,6 МЛН
Ер Жәнібек Аллажар Қайбардың орындауында.
18:32
Асель Мадекешова
Рет қаралды 43 М.