Үмбетей Жырау. Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

  Рет қаралды 132,088

baygobek

baygobek

3 жыл бұрын

Ей, Абылай, Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Бұл қалайдан сескеніп,
Сөзімді қойма тындамай.
Талай істер басыңнан
Өтіп еді-ау жасыңнан,
Қиын, қызық әрбір жай.
Жас күнінде, Абылай,
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай?!
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошымай,
Еш малшыға қосылмай,
Қара жерге отырмай,
Күпінді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа,
Қол-аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол шақта,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Жиырма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,
Алғашқы бақты тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда,
Қанжығаңа бас байлап,
Жау қашты деп айғайлап,
Абылайлап шапқанда...
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Сол ерлікпен хан болдың,
Әлем асқан жан болдың,
Барша әлемге даң болдың,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Қалдан ханның әскері
Іздеп сені әрі-бері,
Қапыда ұстап алғанда,
Алып барып Тәшкенде
Көр зыңданға салғанда,
Елің қараң қалғанда,
Тоқсан жақсы үш жүзден
Сені сұрай барғанда,
Өлтірем деп Қалдан хан
Орайына Шарыштың,
Сөзіне қарсы сөз айтып,
Жауаптастың, қарыстың.
Қапияда тұтылдың,
Қалмаққа бітеу жұтылдың,
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Аруағыңа болысқан,
Әділ билік қылысқан,
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай -
Абылай, сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай!
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай сый,
Ұмыттң ба соны, Абылай!
Батыры ханға сай болды,
Елің жайпақ бай болды,
Қыс қыстауы тау болды,
Жаз жайлауы көл болды,
Салқын сары бел болды,
Елге лайық ер болды,
Сарыарқа деп таңданып,
Өзге жұрт аңсар жай болды,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Айтқан сөзің ем еді,
Жолынды теріс демеді,
Қай бақытың кем еді,
Ел қорғаны көп еді,
Қалып па ең батыр таба алмай?
Жауыңның қанын ағызған,
Аузынан балды тамызған,
Би мен батыр аз болып,
Тасырқап па едің шаба алмай!?
Анау бір жылы аттанған
Әскерді қырғыз қырғанда,
Басынан оба қылғанда,
Ол хабарды ел біліп,
Көп батырмен сен жүріп,
Көзіңнің жасын көл қылып,
Кысылған әскербасының
Қасына барып тұрғанда,
Ақбоз атты шалғанда,
Мойныңа кісе салғанда,
Баба түкті Шашты Әзиз,
Содан бата алғанда,
Тілеуің қабыл болғанын,
Басыңа Қыдыр қонғанын,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Ұлы сәске болғанда
Жасаған жақсы жол беріп,
Жол бергенде мол беріп,
Ойламаған бақ беріп,
Қырғызды Тәңірім қақ бөліп,
Садырбала бітем деп,
Әтеке соғыс күтем деп,
Бірі көнбей біріне,
Садыр кетті бөлініп,
Соғысудан түңіліп,
Әтеке сынды жырықтың
Қабырғасы сөгіліп,
Шапқанда батыр төгіліп:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды,
Қуантпап па еді қауымды,
Ұмыттың ба соны, Абылай!
Дүние кезек, Абылай!
Қаласың әлі-ақ сен былай!
Артыңдағы балаңа
Табылар батыр тағы да-ай!
Сондай ерлер көп тусын
Деп тілей бер, а Құдай!
Орта жүзде қатын көп,
Туатын кейін батыр көп,
Сол мұқатар жауды деп,
Елестер көзге сағымдай.
Ей, Абылай, Абылай,
Сөзімді тыңда тағы да-ай!
Өзіңнен біраз жасы үлкен,
Дөмпеш таудай басы үлкен,
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде,
Қайрылмас қаза келгенде,
Батырың өлді - Бөгенбай!
Иманын айтып өлерде,
Иекке жаны келгенде,
Сәлем айтты үш қайта,
Кеттім деп сізді көре алмай.
Батырды қолдан өткіздім,
Сәлемін міне жеткіздім.
Жыламай тында, Абылай!
Жараға жақсы қасқарар,
Ойбайлап жаман бас салар.
Көріспей айтты демеңіз,
Осы еді біздің келген жай.
Көзіңнің жасын тыя көр,
Жақсылық бата қыла көр.
Тағы да талай бақ берсін,
Балаңа алтын тақ берсін,
Бөгенбайдай жас берсін,
Өлшеусіз мал мен бас берсін!
Бөгенбай сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр берсін халқына-ай.
Жасаған ие жар болып,
Бейіште нұры шалқығай!

Пікірлер: 167
@baygobek
@baygobek 3 жыл бұрын
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан, Қиын, қызық әрбір жай. Жас күнінде, Абылай, Үргеніштен мұнда кеп, Сарыарқаны жерім деп, Қалың қазақ елім деп, Келмеп пе едің жаяулай?! Төле биді тапқанда, Күндіз түйе баққанда, Жалғызбын деп шошымай, Еш малшыға қосылмай, Қара жерге отырмай, Күпінді салып астыңа, Жең жастанып басыңа, Қол-аяғың төрт жақта, Жатушы едің сол шақта, Ұмыттың ба соны, Абылай! Жиырма жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын қаққанда, Қанжығаңа бас байлап, Жау қашты деп айғайлап, Абылайлап шапқанда... Ұмыттың ба соны, Абылай! Сол ерлікпен хан болдың, Әлем асқан жан болдың, Барша әлемге даң болдың, Ұмыттың ба соны, Абылай! Қалдан ханның әскері Іздеп сені әрі-бері, Қапыда ұстап алғанда, Алып барып Тәшкенде Көр зыңданға салғанда, Елің қараң қалғанда, Тоқсан жақсы үш жүзден Сені сұрай барғанда, Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда тұтылдың, Қалмаққа бітеу жұтылдың, Шешендік жолын тұтындың, Үш ауыз сөзбен құтылдың, Ұмыттың ба соны, Абылай! Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай - Абылай, сенің тұсыңда Сол бесеуі болыпты-ай! Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый, Ұмыттң ба соны, Абылай! Батыры ханға сай болды, Елің жайпақ бай болды, Қыс қыстауы тау болды, Жаз жайлауы көл болды, Салқын сары бел болды, Елге лайық ер болды, Сарыарқа деп таңданып, Өзге жұрт аңсар жай болды, Ұмыттың ба соны, Абылай! Айтқан сөзің ем еді, Жолынды теріс демеді, Қай бақытың кем еді, Ел қорғаны көп еді, Қалып па ең батыр таба алмай? Жауыңның қанын ағызған, Аузынан балды тамызған, Би мен батыр аз болып, Тасырқап па едің шаба алмай!? Анау бір жылы аттанған Әскерді қырғыз қырғанда, Басынан оба қылғанда, Ол хабарды ел біліп, Көп батырмен сен жүріп, Көзіңнің жасын көл қылып, Кысылған әскербасының Қасына барып тұрғанда, Ақбоз атты шалғанда, Мойныңа кісе салғанда, Баба түкті Шашты Әзиз, Содан бата алғанда, Тілеуің қабыл болғанын, Басыңа Қыдыр қонғанын, Ұмыттың ба соны, Абылай! Ұлы сәске болғанда Жасаған жақсы жол беріп, Жол бергенде мол беріп, Ойламаған бақ беріп, Қырғызды Тәңірім қақ бөліп, Садырбала бітем деп, Әтеке соғыс күтем деп, Бірі көнбей біріне, Садыр кетті бөлініп, Соғысудан түңіліп, Әтеке сынды жырықтың Қабырғасы сөгіліп, Шапқанда батыр төгіліп: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Ұмыттың ба соны, Абылай! Дүние кезек, Абылай! Қаласың әлі-ақ сен былай! Артыңдағы балаңа Табылар батыр тағы да-ай! Сондай ерлер көп тусын Деп тілей бер, а Құдай! Орта жүзде қатын көп, Туатын кейін батыр көп, Сол мұқатар жауды деп, Елестер көзге сағымдай. Ей, Абылай, Абылай, Сөзімді тыңда тағы да-ай! Өзіңнен біраз жасы үлкен, Дөмпеш таудай басы үлкен, Жасыңда болған сырласың, Үлкен де болса құрдасың, Сексеннен аса бергенде, Қайрылмас қаза келгенде, Батырың өлді - Бөгенбай! Иманын айтып өлерде, Иекке жаны келгенде, Сәлем айтты үш қайта, Кеттім деп сізді көре алмай. Батырды қолдан өткіздім, Сәлемін міне жеткіздім. Жыламай тында, Абылай! Жараға жақсы қасқарар, Ойбайлап жаман бас салар. Көріспей айтты демеңіз, Осы еді біздің келген жай. Көзіңнің жасын тыя көр, Жақсылық бата қыла көр. Тағы да талай бақ берсін, Балаңа алтын тақ берсін, Бөгенбайдай жас берсін, Өлшеусіз мал мен бас берсін! Бөгенбай сынды батырдың Береке берсін артына-ай, Сабыр берсін халқына-ай. Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай!
@user-mq7dn3wy6t
@user-mq7dn3wy6t 3 жыл бұрын
Хорошая песня приятная песня
@user-ym6di8vu8m
@user-ym6di8vu8m 2 жыл бұрын
🥺
@qazarkereyt9631
@qazarkereyt9631 2 жыл бұрын
Орындаушының аты кім?
@iska7662
@iska7662 2 жыл бұрын
Батыстың мақамына салып отыр, арқаның термесінің мақамы емес.
@mashkurjhusup2474
@mashkurjhusup2474 2 жыл бұрын
@@user-mq7dn3wy6t Это терме, не пысня
@user-if8nt7yx7d
@user-if8nt7yx7d 3 жыл бұрын
Тамаша .Үмбетей жырау Бөгенбайдың қасында жүрген, көзін көргендердің бірі.
@user-if8nt7yx7d
@user-if8nt7yx7d 2 жыл бұрын
Жорықшы жырау Үмбетейдің бұл толғауы (естіртуі) көркемдігімен қоса мол тарихи мәлімет беруімен қымбат.
@user-de8nh7wr2f
@user-de8nh7wr2f 2 жыл бұрын
Қасиетті Бабалар ғои. Жандары жәннатта болсын!
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-km3dl2zw6r
@user-km3dl2zw6r Жыл бұрын
ҚАСИЕТТІ БАБАЛАР ҒОИ ТҰРАҒЫҢ ЖҰМАҚ БОЛСЫН АРУАҒЫНА ТАҒЗЫМ ДЕГЕНІМІЗ ДҰРЫС.
@user-dw8db9eo4n
@user-dw8db9eo4n 11 ай бұрын
​@@user-km3dl2zw6r 5цыц2😂36цеГу5г3
@babyai1262
@babyai1262 3 жыл бұрын
Қайран бабаларым-ай, жандарың пейіште болсын ин ша Алла
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-ti3ss9gq8h
@user-ti3ss9gq8h 2 жыл бұрын
Батыр аталарымыз жатқан жері жайлы болсын, жаны жәннатта болсын.
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-ti9bd8mj1o
@user-ti9bd8mj1o Жыл бұрын
Туркестан
@user-mk1xg6sr2q
@user-mk1xg6sr2q 2 жыл бұрын
Рақмет осындай толғау салғаныңызға Ұлы бабаларымыздың рұһы қазақ елін қолдасын
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-gn5yn1yv4d
@user-gn5yn1yv4d 3 жыл бұрын
Керемет. Жырауды Хан тындаган заман. Соз торкинин тусинген Бабаларымай. Жандарын Жаннатта болсын..
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@steppetm6374
@steppetm6374 Жыл бұрын
Әмин 🤲
@user-nb9or8ne1n
@user-nb9or8ne1n Жыл бұрын
Қазыргілер тыңдамақ түгіл түсінбейдіде😂.....
@user-ml2jq2mw3b
@user-ml2jq2mw3b 2 ай бұрын
жәннәтіңе өзің бар, жабайы араптың жәлеп қатындарымен араққа тойып әмпи жәмпи болып жатасың жетісіп ешәкалла
@user-jy8iv4op9z
@user-jy8iv4op9z 3 жыл бұрын
Керемет. Тунып турган тарих. Биздин тарихымызды жок кылганда бизде ауыз адебиети бар екеннин байкамаган гой.Бари бир шыгып жатыр.
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
ЖАСА ЕР АЛАШ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 ЖАСА БАТЫР ҚАЗАҚ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-vl1bk4fo5v
@user-vl1bk4fo5v 2 жыл бұрын
Ой, дүние ай, бұлар да кетті өмірден, Аллаһ алдынан жарылқасын, иманы жолдас болсын! Амин!
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
ай Кайран батыр аталарым ай ...
@user-if8nt7yx7d
@user-if8nt7yx7d 3 жыл бұрын
Жорықшы жырау Үмбетей Бөгенбай қосынында болған.
@user-tc8ob8ee4o
@user-tc8ob8ee4o 2 жыл бұрын
Осындай батырларымыз бен хандарымыздың жандары жаннатта болсын! Аруақтар қолдап, ешкімге жалтақтамайтын, шын тәуелсіз ел болайық
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-km3dl2zw6r
@user-km3dl2zw6r Жыл бұрын
ТАҢІРІМ ТІЛЕУІҢДІ БЕРСІН ӨМІН ӨМІН ӨМІНДІМ.
@user-km3dl2zw6r
@user-km3dl2zw6r Жыл бұрын
ТАҢІРІМ ТІЛЕУІҢДІ БЕРСІН ӨМІН ӨМІН ӨМІНДІМ.
@user-gc6gs5mh3j
@user-gc6gs5mh3j Жыл бұрын
Аллаһ Тағала рахым етсін ата бабаларымызды аминь!
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@sss2mi547
@sss2mi547 3 жыл бұрын
Осы қайғылы хабардан кейін Абылайда ауырып өмірден өтті
@user-ju7hp1zh6w
@user-ju7hp1zh6w Жыл бұрын
Қайдан білдің
@sss2mi547
@sss2mi547 Жыл бұрын
@@user-ju7hp1zh6w Ильяс Есенберлин көшпенділерде жазылған
@nabiratazh22
@nabiratazh22 Жыл бұрын
Бір естірту жырында, Абылайдың бар өмірі мен қатар халқымыздың қанша тарихы жатыр, керемет!!!
@user-mu2bv3ii4n
@user-mu2bv3ii4n 3 жыл бұрын
Қайран батыр бабаларым , әруақтары қолдап демеп журсін!
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@user-vc8pe6iv1f
@user-vc8pe6iv1f 2 жыл бұрын
Касиетиннен айналайын Бабаларым.Жагатын торинде болыныздар
@user-qc1jg8ct2k
@user-qc1jg8ct2k Жыл бұрын
Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?
@user-oh6xh4gm7c
@user-oh6xh4gm7c 2 жыл бұрын
Оте жаксы керемет
@user-rm8dp3os7u
@user-rm8dp3os7u 2 жыл бұрын
Сыр елінің махамымен жақсы шығыпты
@GggGgg-dn1zr
@GggGgg-dn1zr Жыл бұрын
Хандарымыз қайтып келсеғой шіркін
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f 3 жыл бұрын
Иманы саламат болсын, бабалардың!
@user-jq1qe6se6o
@user-jq1qe6se6o 2 жыл бұрын
Әмин
@user-kv8qr1vy8p
@user-kv8qr1vy8p Жыл бұрын
Орындаушы керемет Даусы терменің мазмұнын ашып қайғының реңін келістіріп тұр Əншінің атыжөнін жазу керекқой Өнер ің өрге бассын ƏНШІ қыз
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t 8 ай бұрын
​@@user-kv8qr1vy8pбул Кунсулу Турикпен деген сыр бойылык жыршы кыз ғой деймин, дауысы , мәнери уксайды.
@akarysmurat7477
@akarysmurat7477 Жыл бұрын
Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан, Қиын, қызық әрбір жай. Жас күнінде, Абылай, Үргеніштен мұнда кеп, Сарыарқаны жерім деп, Қалың қазақ елім деп, Келмеп пе едің жаяулай?! Төле биді тапқанда, Күндіз түйе баққанда, Жалғызбын деп шошымай, Еш малшыға қосылмай, Қара жерге отырмай, Күпінді салып астыңа, Жең жастанып басыңа, Қол-аяғың төрт жақта, Жатушы едің сол шақта, Ұмыттың ба соны, Абылай! Жиырма жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын қаққанда, Қанжығаңа бас байлап, Жау қашты деп айғайлап, Абылайлап шапқанда... Ұмыттың ба соны, Абылай! Сол ерлікпен хан болдың, Әлем асқан жан болдың, Барша әлемге даң болдың, Ұмыттың ба соны, Абылай! Қалдан ханның әскері Іздеп сені әрі-бері, Қапыда ұстап алғанда, Алып барып Тәшкенде Көр зыңданға салғанда, Елің қараң қалғанда, Тоқсан жақсы үш жүзден Сені сұрай барғанда, Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда тұтылдың, Қалмаққа бітеу жұтылдың, Шешендік жолын тұтындың, Үш ауыз сөзбен құтылдың, Ұмыттың ба соны, Абылай! Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан Керейде батыр Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай - Абылай, сенің тұсыңда Сол бесеуі болыпты-ай! Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый, Ұмыттң ба соны, Абылай! Батыры ханға сай болды, Елің жайпақ бай болды, Қыс қыстауы тау болды, Жаз жайлауы көл болды, Салқын сары бел болды, Елге лайық ер болды, Сарыарқа деп таңданып, Өзге жұрт аңсар жай болды, Ұмыттың ба соны, Абылай! Айтқан сөзің ем еді, Жолынды теріс демеді, Қай бақытың кем еді, Ел қорғаны көп еді, Қалып па ең батыр таба алмай? Жауыңның қанын ағызған, Аузынан балды тамызған, Би мен батыр аз болып, Тасырқап па едің шаба алмай!? Анау бір жылы аттанған Әскерді қырғыз қырғанда, Басынан оба қылғанда, Ол хабарды ел біліп, Көп батырмен сен жүріп, Көзіңнің жасын көл қылып, Кысылған әскербасының Қасына барып тұрғанда, Ақбоз атты шалғанда, Мойныңа кісе салғанда, Баба түкті Шашты Әзиз, Содан бата алғанда, Тілеуің қабыл болғанын, Басыңа Қыдыр қонғанын, Ұмыттың ба соны, Абылай! Ұлы сәске болғанда Жасаған жақсы жол беріп, Жол бергенде мол беріп, Ойламаған бақ беріп, Қырғызды Тәңірім қақ бөліп, Садырбала бітем деп, Әтеке соғыс күтем деп, Бірі көнбей біріне, Садыр кетті бөлініп, Соғысудан түңіліп, Әтеке сынды жырықтың Қабырғасы сөгіліп, Шапқанда батыр төгіліп: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Ұмыттың ба соны, Абылай! Дүние кезек, Абылай! Қаласың әлі-ақ сен былай! Артыңдағы балаңа Табылар батыр тағы да-ай! Сондай ерлер көп тусын Деп тілей бер, а Құдай! Орта жүзде қатын көп, Туатын кейін батыр көп, Сол мұқатар жауды деп, Елестер көзге сағымдай. Ей, Абылай, Абылай, Сөзімді тында тағы да-ай! Өзіңнен біраз жасы үлкен, Дөмпеш таудай басы үлкен, Жасыңда болған сырласың, Үлкен де болса құрдасың, Сексеннен аса бергенде, Қайрылмас қаза келгенде, Батырың өлді - Бөгенбай! Иманын айтып өлерде, Иекке жаны келгенде, Сәлем айтты үш қайта, Кеттім деп сізді көре алмай. Батырды қолдан өткіздім, Сәлемін міне жеткіздім. Жыламай тында, Абылай! Жараға жақсы қасқарар, Ойбайлап жаман бас салар. Көріспей айтты демеңіз, Осы еді біздің келген жай. Көзіңнің жасын тыя көр, Жақсылық бата қыла көр. Тағы да талай бақ берсін, Балаңа алтын тақ берсін, Бөгенбайдай жас берсін, Өлшеусіз мал мен бас берсін! Бөгенбай сынды батырдың Береке берсін артына-ай, Сабыр берсін халқына-ай. Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай!
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
Қабанбай мен Бөгенбай Қазақтың сол замандағы ең мықты ең алып батырлары
@mashkurjhusup2474
@mashkurjhusup2474 2 жыл бұрын
Абылай дай, Кабанбай дай, Богенбай дай, кайдасындар бабалар, камкор болган батырлар !
@yrysbekomarbayev1959
@yrysbekomarbayev1959 Жыл бұрын
Қазақ тарихындағы ең ақылды, жаужүрек, стратег батыр мен үшін
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t 8 ай бұрын
Батыр бабаларымыздын рухы жасай берсин.
@kualalumpur9505
@kualalumpur9505 2 жыл бұрын
Мәдениеті, сөз әдебі жоғары, сөздік қоры кең... естіртудің өзін қалай жеткізген.... сөз жоқ, керемет!
@alxbixna
@alxbixna 3 жыл бұрын
Сөзім жоқ. Керемет!!!
@user-qc1jg8ct2k
@user-qc1jg8ct2k Жыл бұрын
Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?
@user-jr7wt4vj1w
@user-jr7wt4vj1w 3 жыл бұрын
Сөз жоқ Керемет
@AMG966
@AMG966 Жыл бұрын
Абылай бабамыздың калай тауып, қызғыштай қорғап , хан тағына отырғызған біздің көреген бабалар
@user-ox8sw8mb4j
@user-ox8sw8mb4j 3 жыл бұрын
Керемет рахмет.
@user-qc1jg8ct2k
@user-qc1jg8ct2k Жыл бұрын
Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?
@taybatayba7071
@taybatayba7071 Жыл бұрын
Я РАББЫМ АЛЛА Аруак колда
@user-cp1ig2uc1e
@user-cp1ig2uc1e Ай бұрын
Керемет орындау болды
@-aksh
@-aksh Жыл бұрын
Батырды қолдан өткиздим!!!
@user-gy1ze6oy2c
@user-gy1ze6oy2c 3 жыл бұрын
👍👍👍
@nberliner77
@nberliner77 2 жыл бұрын
Дала демократиясы осы ғой, ханға тікке сөйлейтін халық
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
💯💯
@user-xw6hl3ng1b
@user-xw6hl3ng1b 2 жыл бұрын
Кординдерме ханнын абыройы кандай казакка ал казирги каранын билигин карандар кара хан болса каныпезер болады деуши еди торе торелигин жасайды ал казирги торе емес кара каралыгын жасайды кореген Амир Темирдин ози 27 мемлекетти жауласада озин амирмин деген хан Шынгыстын тукымы болмагасын
@kazakh8362
@kazakh8362 Жыл бұрын
Залым орыстар болмағаңда осы кезге дейін де төрелер басқаратын еді елді
@yrysbekomarbayev1959
@yrysbekomarbayev1959 Жыл бұрын
Бөгенбай батыр қазақ тарихындағы ең мықты, әскери қабілетті батыр болып табылады
@AltinbekKhalmukhamedov-fv2bv
@AltinbekKhalmukhamedov-fv2bv 7 ай бұрын
Табын руынан шыққан ба?
@user-mp7dz2uw8c
@user-mp7dz2uw8c 4 ай бұрын
​@@AltinbekKhalmukhamedov-fv2bvТабыннан шыкканда, Аргыннан шыкканда мыкты👍
@user-mp7dz2uw8c
@user-mp7dz2uw8c 4 ай бұрын
Жалпы қазақтын барлық батырлары мықты
@sayntlybrink4332
@sayntlybrink4332 19 күн бұрын
​@@AltinbekKhalmukhamedov-fv2bvАрғын Қанжығалы.
@amanelaman3616
@amanelaman3616 2 жыл бұрын
Қандай адамдар болған
@user-mq7dn3wy6t
@user-mq7dn3wy6t 3 жыл бұрын
Хорошая песня
@user-xm2oe3he8m
@user-xm2oe3he8m 3 жыл бұрын
Ассалам’алейкум! Это произведение про батыра Богенбая, который в преклонном возрасте, сидя на седле. Исполнитель Умбетей жырау (сказитель) доносит чёрную весть Аблай хану.
@user-xm2oe3he8m
@user-xm2oe3he8m 3 жыл бұрын
Умер сидя на седле имею ввиду
@user-ns1ej9yk4z
@user-ns1ej9yk4z Жыл бұрын
Қайран бабаларымыздың аманатына еге бола алмадық қазіргі білекті жүректі дегендер ең ақыры əскерге баруға жарамайды бірақ өз елін қорқытқанға мəз
@user-ni3ol5lj8f
@user-ni3ol5lj8f 2 жыл бұрын
Букар жырау : Абылай сен жети жасыңда Турумтайдай уул едиң, Аны да көрген жерим бар. Абылай он бес жасыңда Аркалык Абдулмамбеттин Төөсүн баккан кул едиң, Аны да көрген жерим бар. Абылай сен жыйырма жасыңда Атың жок сопол атмен жүргенсиң Аны да көрген жерим бар.
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
оттамашы мал киргизы ! ондай ырды сендер ойдан жашап алгасын ез йшак ! Абылай барып 1 шауп барыңды бас йдырген сайда кыргыз калмай калаган тауган 20 жл тыглып хан оымрден кайтканда бырак тускесындер ез дер !
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
7 жасында көрген ешкым жок ! 15 жасында түйе бағып журып жонгармен согсып ердене чарыш тайжны олтырген! чарш атакты ердене батыр хонтйжнын немеересы ал Абылай Аткты Салкам Жангыр ханның немеересы !!
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
букар жыраудын нағыз жыры бар: бурт деген быр ит бар калмакка болған малайы быз шабсканда ойратпен балактан алган чи буттар
@user-hm2fg1od5g
@user-hm2fg1od5g 23 күн бұрын
Тамаша жыр. Дегенмен, Үмебетей жырау Арқаның мақамымен айтқан болар. Сонымен де салып қойсаңыз...
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
Кара Керей Кабанбай канжыгалы Бөгенбай сары Баян мен Сағынбай кырмаппа еды кыргзыды ай умыттың соны Абьылай ... ослай айтылатын батыр Бөген жырында !
@zhnizhan657
@zhnizhan657 Жыл бұрын
Қандай керемет айтылған !
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👏👍👍👍👍
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
казак ка жар астынан кастык кылагна орыс кытай калмак кыргзды кынатадй кырган Хас баһадүр бытыр бөген ер Ерасыл !!
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
ЗАЛЫМ КЫТАЙ ОЙРАТ КАЛМАК КИРГИЗ БУРТТАРДЫ ЖОЙГАН БАСЫ БАРДЫН БАСЫН АЛЫП БАСЫ ЖОКТЫ ТЕЗЕРЛЕТКЕН АЛЫП ХАН ЖАНЕ БАТЫР БӨГЕНБАЙ МЕН КАБАНБАЙ !!
@user-xg8qs9uf2k
@user-xg8qs9uf2k Жыл бұрын
Қасиетті Қазағым ай. Қаралы хабардыда санамен жеткізе білген
@user-ge6cq2ml4m
@user-ge6cq2ml4m 2 жыл бұрын
Қайран батыр бабаларым жатқан жерлериниз жайлы болсың қолдап қуаттап демеп жатабериниздер.
@user-uk7xv6ih6f
@user-uk7xv6ih6f Жыл бұрын
Әумин!
@kuatalkanov1869
@kuatalkanov1869 2 жыл бұрын
Абылайға зарболған заманай
@user-bh3hf1bd8w
@user-bh3hf1bd8w 2 жыл бұрын
Сізге бір сәлем
@user-ot2ju9dy3x
@user-ot2ju9dy3x 2 жыл бұрын
Жаксы айткан маладес кыз март кыз екен
@user-kp8mt3jc7x
@user-kp8mt3jc7x Жыл бұрын
Кандай керемет терме .Кунанбаев Кайырбек .
@user-gp2lm6br9k
@user-gp2lm6br9k 3 жыл бұрын
Кайтадан Казакка хан сайлау керек канша нурланган султан болса да каранын баласы гой хан бола алмайды
@nvrhat
@nvrhat 2 жыл бұрын
Хан болса да, патша болса да бір отбасы билейді. Осы Нұрсұлтанның жүйесінен өтіп кетсек, бәрі жақсы болып республика болып 4 жылдан жаңа президент сайлап отырсақта ел жақсы болады
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Оте дурыс айттын айналайын каранын урпагы болсын хан тукымы болсын Халык Ози тандап Сайласа ол халыкты тындайды ар облска султан тагайындап аудандардп киши султандар болса акылшы табылпды биздин Халык сауатты Оз акылын Ози биледи Оз жерин Ози коргай алады мен кой баккан адаммын менде билип отырмын халыкпен Калай жумыс жасауды аллам жар болсын
@user-in8pe8qi7v
@user-in8pe8qi7v Жыл бұрын
Жайл қырғыны қырғыз тарихында ұлы трагедия саналады. Абылайдың ұлы қолбасшылары Бөгенбай мен Қабанбай Жайл қырғынына қатысқан. Жорықшы жырау Үмбетей де Бөгенбай батырдың қосынында болған. Ол да бұл қырғынды көзімен көрген. Бұл тарих.
@Auelbek-dk7vy
@Auelbek-dk7vy 2 ай бұрын
2024❤
@user-co4wk1zi6l
@user-co4wk1zi6l Жыл бұрын
Қайраң бабаларай жандарың жанната болғай мен ойлаймын негізі нағыз қазақ солзаманда болғанау кәзіргілер қазақ смақтарау
@metasana7367
@metasana7367 2 жыл бұрын
Батыры әрі жырауы ханына батырының бақи болғанын естіртті, Абылай қандай күйде болды екен а ?
@nvrhat
@nvrhat 2 жыл бұрын
Құдай сақтасын, бірақ досың өлсе қандай күйде боласын?
@user-xx6ps2ep9g
@user-xx6ps2ep9g 2 жыл бұрын
@@nvrhat әкесіңдей жаста болған адам, әкесіңдей көрді емес пе оны қайдағы дос
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Осыдан кейин Абылай ауруга шалдыгып коп узамай дуние салыпты дейди олкездеги адамдар оте сауатты каглез келеди жыр басталганнан ол билип отырады тосын жагдай болганын алиптин артын кутеди барин ишине сактайды босансымайды халыктын алдында Халык алсиреп калады деп . Кенесары да жорыкта жургенде жаулары бесикте жаткан егиз улын олтреди естиртип барганда козине жас алмаган Бесикте жаткан шакалак халкымнан артык емес деп елине келген сон жагыз ози еки кун жок болып кеткен сонда балаларынын басына барып коз жасын кол еткен деседи . Абылайау Абылай болганыай бул калай мен кеткен сон Абылай артымда урпак калмайдай деген жоктауы бар содан халкы издеу салды сонда акылшысы ол балдарынын касында барып алып кайтындар деп еки уазирин жибереди .. еки бейтти кушактап батыр уйыктап жатыр деп еки козден аккан жас жерге синип жатыр деп айткан екен уазирлер . Ой шолак дунеай суйткен кенекем комилиейде калдау басын орыстар алып кетти етин кыргыздар асып жеди сорпасын балаларга ишкизип кенсарынын басын алып келип кмбей казакка бостандык жок айтканым айткан аллам кеширсин мени
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
За
@user-mj2ix4xx1b
@user-mj2ix4xx1b 9 ай бұрын
Керемет тереме
@user-to2on5yu2s
@user-to2on5yu2s 4 ай бұрын
Көзіме жас келіп отыр!
@user-gi1de3cy8s
@user-gi1de3cy8s 8 ай бұрын
Бала кезімде бір ескі кітаптан төте жазудағы жазылған дәл осы нұсқасын оқып едім..кейін басқалардың өзгертіп айтып жүргенін(мұнда аты аталмаған батырларын қосып) естіп қалып жүрмін..Тархқа қяанат жасауға болмайдығой
@user-xd4io9uw8e
@user-xd4io9uw8e 2 жыл бұрын
💯💯💯💯
@erlansansyzbaev4528
@erlansansyzbaev4528 Жыл бұрын
Не деген керемет естірту...
@user-gk9jy6lg1j
@user-gk9jy6lg1j Жыл бұрын
Руы Керейде батыр Жанибек! Керей хан жане Жанибек хан бир кезде болмаган Жанибек хан алтын орданын ханы Абылай ханнын атасы
@nurgalid5449
@nurgalid5449 Жыл бұрын
Бұл жерде Жәнібек ханды айтып жатқан жоқ. Шақшақұлы Жәнібек батырды айтып отыр. Жәнібек хан ешқандай рудан шықпаған ғой. Ол төре ақсүйек Шыңғыс ұрпағын ғой. Не деп шатасып отсын сен?
@user-rg5kt5ir8x
@user-rg5kt5ir8x Жыл бұрын
@@nurgalid5449 Шақшақ Жәнібек емес. Керей ер-Жәнібек!
@user-ti9bd8mj1o
@user-ti9bd8mj1o Жыл бұрын
Богенбай мой предок в девятом колене.
@user-em7jb2xk4d
@user-em7jb2xk4d Жыл бұрын
Мына жырмен қоса , тілдің құдыретін кім түсінді.
@oiynsalystyr5265
@oiynsalystyr5265 3 жыл бұрын
@baygobek , are you girl ?
@user-lb6yu8ud4m
@user-lb6yu8ud4m 2 жыл бұрын
БОКЕНбай.
@myrzantolebialashqazaq5464
@myrzantolebialashqazaq5464 2 жыл бұрын
Бұл Қанжығалы Бөгенбай
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Канжыгалы богенбай каракерей кабанбай шапырашты наурызбай уш батырым турганда казагымды жау алмас улы жузде Торе болган Толе би Каз дауысты Казыбек киши жузде айтеке уш биим турганда казагымды дау алмас деп букар жырау жырлаган
@user-lb6yu8ud4m
@user-lb6yu8ud4m 2 жыл бұрын
​@@myrzantolebialashqazaq5464 Тусинегин анатилин туралы нол. Дурыс аты БоКенбай. БоКен деп кииктин еркегин айтады(Кейбирде Ак Бокен дейди. БоГен деген соз казакта жок. Сауатсыз Каранын бурмалап айтканы.. Ауели тилинди жатта, сосын мылжында. Тусиндир маган,"Боген" деге соз не мазмын былдидреди?. Сен сиякты шалалар адамнын динкесин куртады.
@user-cd1kb8ts5o
@user-cd1kb8ts5o 2 жыл бұрын
Калмактар Дизлайк Койыпты
@qazaqtobet
@qazaqtobet Жыл бұрын
Кызгыздар 😁
@qazarkereyt9631
@qazarkereyt9631 3 жыл бұрын
Жырды орындаған кім?
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t Ай бұрын
Кунсулу Турикпен деген Кызылордалык жырау .
@user-jv5zq9nr9y
@user-jv5zq9nr9y 5 ай бұрын
Орындаушысы кім?
@qazaqtobet
@qazaqtobet Жыл бұрын
Кызгызды ондырмай сабаганго...брак омир алма кезек немересын кыргыздар олтирды....
@user-zy5rp6kk2b
@user-zy5rp6kk2b 2 жыл бұрын
Ыргагын келтире алмай отыргой. Созй жаксы. Ер адам айту керекко буны
@user-xk9jw3rt2f
@user-xk9jw3rt2f Жыл бұрын
Ер адамдар айта алмай турган шыгар.
@user-on888
@user-on888 Жыл бұрын
Орындаушының есімі кім?
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t 19 күн бұрын
Кунсулу Турикпен деген Кызылордалык жырау кыз.
@user-jr7pg1ke2l
@user-jr7pg1ke2l 3 жыл бұрын
Оисаубол
@taimovjolasbai1455
@taimovjolasbai1455 2 жыл бұрын
Әбілқаиырхан Абылаиханнан мың есе артық хан болыпты -оны жасырып аитпаиды -іздеп көр еңіздер болады
@sauranalashiaiev7381
@sauranalashiaiev7381 Жыл бұрын
ой мал быру аға быру йнсы 1745 жл өтсе Абылай 1781 отты ! несын салстрсын Абыла мен Нуралы тең бйлык кылган нуралын орстын иты болған
@user-jc6vj5cl3q
@user-jc6vj5cl3q Жыл бұрын
Орындаған кім екен?
@intelectintelect2082
@intelectintelect2082 2 жыл бұрын
Жыршынын аты кім екен
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t 19 күн бұрын
Кунсулу Турикпен, Кызылордалык кыз
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Шоханова Гульназ Орынбаевнаға Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5 тегі🕋🕋🕋
@koyshkaraBaizhuma9254
@koyshkaraBaizhuma9254 2 жыл бұрын
Бұл Үмбетай жыраудікі емес,Бұқар жыраудікі
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Мумкин мумкин букар жырау толебидин акылшысы болды емеспе осындай осиеттерди урпакка жеткизип отырайык Арманда кетпеймиз замандастар
@user-hj2du2ri2y
@user-hj2du2ri2y 2 жыл бұрын
Ақтамьерді жырау найманнан Қабанбайдың қасында жүрген. Үмбетей жырау Бөгенбайдың қасында жүрген екеуі де Арғынның Қанжығалысы
@user-yt7pk8pt4t
@user-yt7pk8pt4t Жыл бұрын
Неге.Үмбетей жырау Бөгенбайдың жанында біраз жүрген
@user-dk6mj8lu1q
@user-dk6mj8lu1q 2 жыл бұрын
Бұл жыр тарихи шындық емес шылғи өтірік . Абылай ханның өмір баяны мүлдем басқаша . Тарихты білп сөйлен . Болмаса артарыңды қысып жүрін .
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Кешириниз жобасы дурыс Абылай хан Толе бидин ешкисин баккан жолбарысхан шейт Болган кезде сегиз жасында нагашысы атын билмедим кешириниз толеге акелип тапсырады тыгып уста осы бала болашакта хан тагына отырады деп жолбарыстын баласы касымханнын улы деп онсегизге кегенде шарыштын басын алады Жонгрлар Анда жургенде устап алып кетеди далада шилденин Кун асында шынжырлап устайды шарыштын айели кунде бетинн тукирип отеди касында он жасар кызы бар сонда Кыз абылайдын бетине тукирмейди козинин киыгымен карап отеди толеби абылайды алтын тас мусинге ауыстырып алады тас кудайга сонда Абылай тагы Бир затым бар ала кететин деп шарыштын кызын алып кетеди айели Зар ениреп калады куиеуимди олтирди кызымды тартып Алды деп казактар абылайдын биринши айели жонгар созимде жалган болса аллам кеширсин
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
@Куаныш Жумашев созинизди кайтып алғаныңыз жөн болар деп ойлаймын менин Ким екенимди билип кой....... Актобе де Шалкар деген ауыл бар маған карсы бок сөз айтпа бауырлар сол Шалкарды мекендеген ежелден тилеуменен кабак деген кауым бар тилеу атам батылардын дарасы Аты шыққан айт атамның баласы тилеу атам билеп тұрған кездери жыртылмаган кабактардын жағасы тыңдаңыздар созимди менин келеси кулли казак тилеу атама береси Түркістанда яссауйдын касында жатыр оның асыл сүйек денесі.мен боламын котибардын урпагы олда болған жигиттердин султаны Есетпенен Дарибайдай аулем бар Шалкаржактан ататугын нур таңым.Айгили каракулдай батыр атам алдына карсы келмес ешбир адам орыстардың ортасын как жарып бап Орынборда губернатордың басын алған.карадан хан болыпты калдыбайым созимнен жанылдырма бир кудайым озбекпенен казагымнын басын косып елине кызмет кылган ол әрдайым. Бабаларды жырға қосып шаттанам карсы шыккан калын жауға каптаган ели ушин шейт болган батырлар тилеу кабак аталармен мактанам........ Актобеден..... Сағынғали....тел .87054936147.......Куаныш мырза созинди кайтып ал котибардын аруағын козгама аузын кисайып кетеди
@user-ke8wd9nj2q
@user-ke8wd9nj2q 2 жыл бұрын
Тарихты билсендер маған жауап жазыңдар күтем барлығына жауап беруге дайынмын
@user-jb7xj9vz8v
@user-jb7xj9vz8v Жыл бұрын
Жаксы терме. Бирак катынга бекер айткызган. Еркек адамнын даусымен айтылуы керек!
@user-mw7zg2bq2t
@user-mw7zg2bq2t 19 күн бұрын
Еркек болсаң озин келистирип орындап берсенши,
@user-jb7xj9vz8v
@user-jb7xj9vz8v Жыл бұрын
Еркек адамга айткызу керек. Катын лайыкты емес мундай толгпуга
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 9 МЛН
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 68 МЛН
Абылай хан, - терме.
3:56
Talgat Jakyp
Рет қаралды 146 М.
Қабылан батыр жыры
1:05:54
Abа Kaз
Рет қаралды 4,2 М.
Абылайды сөзге тоқтатқан Бұқар жырау
3:24
ALDASPAN бірлестігі
Рет қаралды 19 М.
Қабанбай батыр
42:43
Abа Kaз
Рет қаралды 9 М.
Xamdam Sobirov - Malohat (Official Music Video)
4:39
NevoMusic
Рет қаралды 34 МЛН
Қайрат Нұртас - Қоймайсың бей 2024
2:22
RAKHMONOV ENTERTAINMENT
Рет қаралды 342 М.
Akimmmich & Bimo | Qaraközim (Mood Video)
2:45
akimmmich
Рет қаралды 707 М.
Coco Chanel
1:54
Asik - Topic
Рет қаралды 1,1 МЛН
Кешірім сұрамаймын
3:22
Дариға Бадықова - Topic
Рет қаралды 219 М.