«БІЗДІҢ ӨМІР»

  Рет қаралды 764

Akzhol Tumenbai

Akzhol Tumenbai

8 ай бұрын

«БІЗДІҢ ӨМІР»
✍️ Ақжол Түменбай
🎼 Үкітай Ерниязов
Біздің табыс, намыстан да жоғары,
Намыстардың "арыстарға" обалы.
Біздің Отан - жалдамалы тұрғын үй,
Біздің қоғам - қайыршылар қоғамы.
Біздің билік, естімейді шындықты,
Біздің билік, байқамайды сұмдықты.
Марапатын сұрап алған қайраткер,
Медальдарін сатып алған кіл мықты.
Біздің тіл де жүре алмайды түрегеп,
Қай бабаның мазарына түнемек?!
Мемлекеттік рәміздерім сувенир,
Мемлекетім мүгедек.
Атқарам деп алда-жалда міндетті,
Ақ жағасын, абыроймен кірлетті.
Біздің әкім өскеннен соң өледі,
Біздің ақын өлгеннен соң құрметті.
Талай-талай заман салып араға,
Ақытығыңды дәлелдейсің қараға.
Біздің достық сатылады ақшаға,
Біздің бастық сатылады параға.
Көзім ашық деп ойлаймыз күнімен,
Көз жоқ жерде бүлінеміз түнімен.
Біздің жаға жыртылады ініден,
Біздің аға қырқылады тілінен.
Шылбырыңды беріп қойып бөтенге,
Ақ ордада сауда-саттық көтерме.
Қыз мұратын орындапты көп қазақ,
Қашып кетіп шетелге.
Кім қарақшы, кім елбасы, кім болыс?
Пенделерге адам болу шын борыш.
Біздің өмір қолда барда қадірсіз,
Біздің өлім молдаларға күнкөріс.

Пікірлер: 3
@user-wu8ei6jj4h
@user-wu8ei6jj4h 3 күн бұрын
Керемет ❤❤❤❤❤❤
@user-yt4lp9tx3w
@user-yt4lp9tx3w 4 күн бұрын
👍👍👍
@user-fo6tn5kq2p
@user-fo6tn5kq2p 4 күн бұрын
Аззвмат нагыз казак ,казак емес нагыз казак ТУМЕНБАЙ биыктерден корыне бер 👍🙌
№1 “ӨМІР” туралы ең таңдаулы поэзия жинағы😍
20:13
Қайсар Берікұлы
Рет қаралды 185 М.
Looks realistic #tiktok
00:22
Анастасия Тарасова
Рет қаралды 68 МЛН
아이스크림으로 체감되는 요즘 물가
00:16
진영민yeongmin
Рет қаралды 32 МЛН
Үкітай Айжігітұлы - Найзағай көңіл
3:39
Үкітай Айжігітұлы
Рет қаралды 270 М.
МАҚСАТ АҚАНОВТЫҢ ҮЗДІК ӘНДЕРІ
15:16
QAZMURA қазақ мұрасы
Рет қаралды 210 М.
Әл-Фараби мен Үкітай//Аға туралы ең мықты ән
2:47
A clash of kindness and indifference #shorts
0:17
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 16 МЛН
СДЕЛАЛА СТАКАНЫ ИЗ БУТЫЛОК😃🍸
0:46
polya_tut
Рет қаралды 9 МЛН
Let me show you (P12)
0:21
Discovery Boy
Рет қаралды 5 МЛН