Бауыр мен өтті үй жағдайында қалай тазаласа болады | Бауыр мен өттің қызметтерін қалпына келтіру

  Рет қаралды 517

ЕМ БОЛСЫН!!!

ЕМ БОЛСЫН!!!

5 ай бұрын

Бауыр мен өтті үй жағдайында қалай тазаласа болады | Бауыр мен өттің қызметтерін қалпына келтіру
Бауырыңыз токсиндерден «тазалауға» мұқтаж ба?
Бауырды организмге қауіпті заттарды залалсыздандыратын сүзгімен салыстыруға болады:
алкогольден;
зат алмасу өнімдерінен (билирубин, аммиак);
дәрі-дәрмек, тағамдық қоспалар, химиялық қосылыстар және т.б.
Сау организмде бауыр үнемі әрі тиімді түрде «тазаланып» отырады. Бауыр өт бөліп шығарады. Өз кезегінде өт ас қорытуға қатысып, онымен бірге бауырдан қажетсіз заттар шығарылады.
Статистика:
Бауырдан бір минутта 1,5 литр қан өтеді;
Қанның 70 пайызы ішек пен құрсақ қуысынан өтеді;
Күн сайын 600 мл өт бөліп шығарылады.
Токсиндер мен зат алмасу өнімдері жиналып қалған жағдайда, бауыр жасушаларын тікелей немесе қабыну арқылы зақымдауы мүмкін. Жасушалардың қабынып, зақымдалуы салдарынан ағзадағы фиброз аталатын дәнекер тін белсенді түрде көбейеді. Дәнекер тін бауырдың сау жасушаларын алмастырып, оның қызметін атқару қабілетін төмендетеді. Бұл жағдай асқынып кетсе, цирроз пайда болады. Дәл осы себепті бауырдың қабынуын тоқтатып, фиброздың дамуына жеткізбеу өте маңызды.
Бауыр өте төзімді және пайда болған проблемаларға қарамастан, ұзақ уақыт жұміс істей алады. Бауыр өзіне түскен күшті еңсере алмағанда қандай белгілер пайда болуы мүмкін?
Оң жақ қабырға астының ауруы;
бастапқыда көздің ағы сарғайып, артынша тері де сарғая бастайды;
зәрдің түсі қошқылданып, үлкен дәрет ашық түсті болады;
дене қышиды;
адам ісінеді;
дененің жоғарғы бөлігінде қан тамырлары «жұлдызшалары» пайда болады;
қансырау;
шаршаңқылық, енжарлық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы;
қолдың дірілдеп, жазудың өзгеруі.
Аталған белгілер бауыр аурулары кезінде ғана кездеспейді. Нақты себебін анықтау үшін, дәрігерге қаралған дұрыс. Алайда көбі ем-домсыз сауығып, бауырды өздігінен қалау тазалауға болатынын білгісі келеді.
Бауырды үй жағдайында тазалау мүмкін бе?
Денсаулықты үй жағдайында қолдау әдістері туралы көп оқуға болады. Алайда мұндай процедуралар мен «дәрілердің» көбінің тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденбеген. Сонымен қатар олардың жанама әсері бар.
Абайлаңыз! Бауырды тазалауға арналған көптеген дәрі-дәрмек өттің бөлінуін арттырып, жақсартады. Ол өтте тас пайда болуына алып келуі немесе өттегі тасты өт жолдарына ығыстыруы мүмкін. Кей жағдайларда тасты тек ота арқылы алып тастауға тура келеді.
Төменде аталған жағдайлар кезінде бауырды «тазалаудың» қажеті жоқ:
асқынған холецистит, панкреатит немесе гепатит;
созылмалы процестердің асқынуы;
өт қабында тастың болуы;
басқа да себептерге байланысты өт жүруінің бұзылуы (ісік; өт жолдарына ота жасалуы және т.б.);
жүктілік пен емізу.
Организмде қандай проблемалар бар екенін сыртқы белгілерге қарап білу әрқашан мүмкін бола бермейді. Организміңізге зиян жасамау үшін, терапевт немесе гастроэнтеролог дәрігермен кеңесіңіз. Дәрігер қажет болған жағдайда УДЗ, рентген немесе он екі елі ішекті зондпен тексеру сияқты қосымша зерттеулерге жібереді.
#емболсын #пайдалыақпарат #денсаулық #бауыр #өт
Белсендірілген көмірдің пайдасы мен зияны | БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІРДІ қолдану әдісі
• Белсендірілген көмірді...
Бауыр ауруының белгілері. Ауру бауырдың сигналдары
• Бауыр ауруының белгіле...

Пікірлер: 2
@guliguli8352
@guliguli8352 5 ай бұрын
Жақсы түсіндіргенсің❤
@user-cc4nq4cn9g
@user-cc4nq4cn9g 21 күн бұрын
Белгiлерiниң бәрлығы бар екен менде😢
«ТЕЛЕДӘРІГЕР». Бауыр циррозы қауіпті ме?
51:37
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 50 М.
Диагностика здоровья печени по ступням🔥
17:58
Dr. Berg - официальный русскоязычный канал
Рет қаралды 6 МЛН
버블티로 체감되는 요즘 물가
00:16
진영민yeongmin
Рет қаралды 98 МЛН
Vivaan  Tanya once again pranked Papa 🤣😇🤣
00:10
seema lamba
Рет қаралды 29 МЛН
13 главных причин воспаления. Как уменьшить воспаление в организме🤔
28:02
Dr. Berg - официальный русскоязычный канал
Рет қаралды 3,5 МЛН
ҚАЙЫРШЫЛЫҚ - ШАРАСЫЗДЫҚ ПА?!
4:49
Баланың есте сақтау қабілетін арттыратын витаминдер😍👏👍
0:31