Рет қаралды 17,671,430
Орындаушы: Шаба Әденқұл
Продюсері: Жанат Бақыт
Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен қырық шілтен
Бөбегімнің досы ма?
Әлди, әлди, әлди ай.
Лә иләhә иллала,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Балам менің Жүсіптей
Болар ма екен келбетті?
Ажарың айдай толсын деп,
Иллаллалап тербеттім.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Тақ Сүлеймен нәбидей
Патша болар ма екенсің?
Халқың үшін қамданып,
Атқа қонар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай.
Әзіреті Мұхамбет
Сәруары болған ғаламның
Рахматының тамшысы
Нұрынан сен жаралдың.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Төрт шадияр достарың,
Жадыңа тоқы, құлыным.
Нұрланып иман бостаның.
Жүзіңнен тамсын шырының.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Тоқсан тоғыз мың машайық.
Сексен сегіз серулер,
Әлдилетіп қосайық.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Әлди, бөпем, құт бөпем,
Бұл сөзімді ұқ, бөпем.
Лә иләhә иллала
Көкейіңе тұт, бөпем.
Әлди, әлди, әлди-ай.