Запись на стене Ұлы Адай Ұрпақтары 5 окт 2017 в 21:12 ӨСКІНБАЙДЫҢ БАЛҚАСЫМ БИДІ ЖЕҢУІ Өскінбай бірде Борсымұрын-Қарабас мекеніндегі Балқасым бидің ауылына келеді. Болыс, билердің арасында отырған Балқасым үйге кіріп амандасып болған Өскінбайға: -Әй, Өскінбай, сенің жыршы екеніңді білейін, мынау Қаратүйе-Манатадан бастап теңізді жағалай Маңғыстаудың жер-суын түгел жырлап өтші, - дейді. - Айтқаныңыз болсын, бәске не тігесіз? - дейді Өскінбай. - Не сұрасаң соны беремін. Балқасым бидің қалыңмалмен матап жас қызды тоқалдыққа алғанын, ол қыздың арманда қалған сүйген жігіті барын білетін ақын: - Жас тоқалыңызды бересіз бе, айтқаныңызды орындасам? - дейді. - Әй, не деп көкіп отырсың? - деп шу ете түседі төрдегі билер. - Жә, елде қыз құрып қалған жоқ. Жырлай алса айтқаны болсын, - дейді Балқасым. Би осыны айтысымен, Өскінбай домбырасының бұрауын түсіріп алады да ағытыла жөнеледі: Қаратүйе, Маната, Керті менен Сындыны, Бөрібас пен Бағданы Біз айталы, жан ата Онан былай сұрасаң Оғыландыда ер Бекет Әруақты ер еді Қысылғанда болған сеп. Қарамая, Кендірлі, Қансу, Тамды, Көгесем, Қарасай мен Қызылсай, Жаманжол мен Қыңырақ, Алыстығын байқасаң Тауы тұрған бұлдырап, Онан әрі ылдида Сақсұрқа мен Сүмбе су Шерін байқап қарасам Сексеуілді қалың ну, Өркеш-өркеш өрі бар Қаяса мен Шағала Қыстың күні болғанда Соның құмын панала. Онан әрі қарасаң Бүйірбасы, Күрпітау Дүлдүл ата әулие Аңыз болған керемет Тастан соққан бар түйе, Іргесінде тақ соның Құрқызыл мен бар Сүйе, Одан былай суларың Қарасеңірек, Бозат бар, Теңізін байқап қарасам Әрбір түрлі талап бар, Оның арғы басында Ауылым Құйжақ, Дәне бар, Қақпақтысы қасында Қара суды қақ жарған Темірбаба және бар. Оның былай қасында Көздіойық пен Күрткетік Кендірлі деген жерінде Жамандау салған қала бар, Оның былай қасында, Тасұшы, Тоқпақ, Қызық бар, Мына отырған ділмардың Қай сөзінде бұзық бар? Оның былай қасында Жыланды мен Құрық бар, Шын сөйлесе шайырдың Арқа жыны құрыстар. Оның арғы қасында Үрпек, Сарша, Исан бар, Қызылқұм деген жерінде Қауын салған дихан бар, Оның былай қасында Қосойық пен Еже бар Қарақұм мен Қызылжар, Өмірзақ пен Ақеспе, Қошқар ата, Құйрық, Қолтық бар. Қаражалшы, Ақшұқыр Хажы болып Машырық. Медіресе, мешіт салдырып Бала оқытып жақсы тұр. Оның былай қасында Түлкілі, Құйжақ, Саура бар Сығынды тауын жағалап Аралды, Үрпек барсақ Сауда бар Оның арғы қасында Ақкетік пен Қала бар Тауыменен өрлесең Қарасу мен Саназар Ақсу, Қолмыш және бар. Ақкетіктің қасында Жаңақала - Маяк бар, Патша құрық салғасын Қай пендеде дәйек бар? Оның былай қасында Қарақұдық, Қараған, Әтіре, Талшық, Мерет бар, Айта берсем таусылмас Жыршыңызда дерек бар. Жаз жайлауға күн ыссы Қарағашты, Борлы, Үдек бар, Терісжаға жерінде Жайлай қалсаң күзек бар, Оның былай қасында Тұшықұйы, Шат пенен Көкала тас бауыр бар, Бұл Шат деген жерінде Көшпейтұғын белгілі Көрпе дейтін ауыл бар. Оның былай қасында Қазбайыр, Діңгек, Тарталы Талай жұрттың жауласып Көп қырылған жері екен Аты аталған себебін Сол кісіге артады. Анау тұрған Дәныспан Дәныспанның атасы Уәзір деген хан екен, Түркістанда оқыған Отыз сегіз бала екен, Әмір Мағрұп бұйрықпен Жайық содан болсын деп, Таушық пенен Ұланақ Бір түнде ұшып Дәныспан Соған келіп сұлаған... Жыңғылды менен Қарқын бар Балдағы алтын ақ болат Суырсаң жауға жарқылдар, Онан былай қасында Тұшыбек пен Бесбұлақ Жайылып жатқан тауында Таушы баққан ешкі-лақ, Оның былай қасында Аққауын мен Керіз бар, Аңыз қылған айтулы Қала салған жерің бар, Оның былай қасында, Ағашты, Шоңжы, Оңды бар, Шоң деген судың басында Құрманалы хәзірет Мешіт салған Қоңды бар, Онан әрі жүрсеңіз Өңеже мен Шилі бар, Бұрынғы өткен қарттарда Нендей дана, мыйлы бар, Қатты ұйы, Елік, Өгіз - Өреуіл Түрікменнің жері екен Қара атын қиғаш мінгізген Батыр туған сол күнде Аты аталған Көреғұл, Оның былай қасында Тау тұмсығы - Бердалы, Жаңғызеспе, Маната, Cөгe көрме сөзімді Манағы айтқан жеріңе Жаңа келдім, жан ата.. Өскінбай жырын кідіртіп, тершіген маңдайын сүртіп, алқа-қотан отырғандардың лебізін күтеді. Тыңдаушылар болса мына тың жыр жолдарын ұйып тыңдағандары соншалық,қапелімде ауыздарына сөз түспей қалады. Сол кезде Балқасым би: -Өскінбай уәдесінен шыға алмады-ау, - дейді. -Неге?, - деп: жұрт оның бетіне аңтарыла қарайды. -Өскінбай менің ауылыма дейін жырлай алмады, олай өтті, былай өтті, қақ ортада жас тоқалыммен алаңсыз қалып қойдым, - деді би. Мұны естіген Өскінбай домбырасының бұрауын қайтадан асықпай түсіріп алып, қайтадан жырлап кетті: Қараған мен Босаға, Қарашық пен Сайқұдық, Бесоқты мен Тоңаша Малы жатыр оңаша, Жаққан отын қарасаң Сексеуіл мен томаша. Оның былай қасында Ақшақұйым, Машырық - Айтпайын ба жасырып? Мырзайыр мен Басқұдық Жылқыға жаман болғасын Айтпай кеттім қас қылып, Бекі менен Сәубеттің Төрткілі жатыр қасқиып. Дандыбас пен Жантақты, Ұйқылы мен Боржақты, Үшқиы, Саура ортада Айтпай кетер деп пе едің Сауытты мен Құйжақты? Балша, Шіңгір суың бар, Ел келгенде паналап Майбұлақ, Қарасеңірек Мал жаюға кеңірек Оның былай қасында Жиделі мен Ақбұлақ Қыстың күні болғанда Ащы судан іше алмай Мұз ояр елі шапқылап. Оның былай қасында Үдек, Мінер суың бар, Мінер судың басында Қалың қамыс нуың бар, Оның былай сыртында Өзен, Шынжыр белгілі Борсымұрын, Қарабас, Шөбін байқап қарасам Бұйрығын, жусан аралас. Қызыладыр, Астау-ой Ол ит тиген арам ас, Күн жаумай елі бара алмас, Оған жалғас көлбеген Қауынды мен Қорғанбай Уақ малға жайы жоқ, Екі-үш қара күнелтіп Аз ғана күн тұрғандай...
@amangeldishygyrbaev50633 жыл бұрын
Бәке,сау,болыңыз,өнериң,өрғе,өрлей, берсін
@СакенБалгаев3 жыл бұрын
Пай- пай керемет 👍🏾👍🏾
@АлияУскинбай3 жыл бұрын
Шындық пен сұмдық ораза қабыл болсын сіздерге үлкен рақмет.
@КонарбайСабиров2 жыл бұрын
Жараисын жырын тасыи берсин онерин орлеи берсин бир минин жоқ аиткыш екенсин
@ГражданинРК-р7й2 жыл бұрын
Паай менин агамнын дауысын ай ширкин
@Acas-n1h Жыл бұрын
Ақкөке мен ғой Айдын
@ГражданинРК-р7й Жыл бұрын
Бурынгы айтып жургенинин жаксы едиго братжаным
@АбзалАбдикеримов-р3к3 жыл бұрын
Жер су аттары әлі күнге дейін өзгермеген, сол күйінде сақталған шалдардың айтып кеткен атауымен айтылып жүр әлі де.👍