Қаңтардан кейін халықта қорқыныш пайда болды - Бекжан Тұрыс

  Рет қаралды 47,016

Abay Live

Abay Live

Күн бұрын

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - актер Бекжан Тұрыс. Ұлттық тәрбиені өнер арқылы насихаттап жүрген, біреуге ұнайын деп өтіріу көлгірсімейтін азаматпен руханият жайлы сөйлескің келе береді.
Сұхбатта актер қазақы тәлімге құрылған қойылымдарын мемлекеттік телеарналарын керек етпей лақтырып тастағанын, театрлар да қолдамағанын айтып ашынды.
Діннің қаруға айналуы, адасқан жастар, қаңтар оқиғасынан кейінгі әділетсіздіктер, қара басының қамын күйттеген өнер өкілдері мен жазушылар, кино туралы сөйлестік. Мархабат!
00:00 Анонс
01:00 Сұхбатқа сирек шығу, көпсөзділік жайлы
02:57 Жастар дін ұстаздарын фанатизм деңгейінде тыңдайды. Дұрысы қайсы?
05:22 «Дінді қаруға айналдырып алдық»
08:00 Қаңтар. «Әуежай ісімен сотталғандарға әділетсіздік жасалды»
09:40 «Қаңтардан кейін халық қатты қорқып қалды»
11:58 Бекжан Тұрысты билік неге естімейді?
13:43 «Қаңтарда екі жазушының ғана үні шықты, зиялы солар»
16:06 «Билік бізді сынай алады, біз неге оларды сынай алмаймыз?»
17:07 Қай депутат жақсы жұмыс істеп жатыр?
20:55 Бекжан Тұрыстың бенефисі. Неге ұлттық тәрбие туралы қойылымды телеарналар мен театрлар қабылдамады?
26:01 «Жастар ойына келгенін істеп жатыр»
27:42 «Ардан аттадық»- қазіргі қазақ кинолары туралы
31:30 Біздің билікке ұлттық идеология керек пе?
37:03 Жетімнен қыз алма. Неге олай ?
39:45 Балалар үйі жайында
41:17 «Үлкен қызметте істейтіндер әке-шешесін қарттар үйіне өткізді»
42:57 Тоқаевқа кеңес
#БекжанТұрыс #AbayLive

Пікірлер: 198
@user-je1kw9ll8i
@user-je1kw9ll8i 9 ай бұрын
Бекжан әр қазақ менің жалғызым деп жүрген азамат.Әттең тонның келтесе ай...
@user-hu1vn1ye2q
@user-hu1vn1ye2q 8 ай бұрын
Бекжан өте тамаша сухбат бердің. Тыңдар қулақ болса , орынды айтылды. Мен Бекжанды сонау 90 жылдардан білемін. Сол кездерде өнерге , Дулыға , Асылбек , Жалғас , Бекжан секілді жастар жарқ етіп шықты. Міне солар әлі кунге дейін , өнердің таза жолында келе жатыр. Аман болыңдар!
@zhunisbekakmoldayev4746
@zhunisbekakmoldayev4746 8 ай бұрын
Бекжан шындықты бетке айтатын мінезің нағыз жігіт - азаматтық. Әттең қазақтың ұлдары алаш арыстарындай неге батыл емес, дүние қуған дүниеқоңыз, ұсақ болып кетті. Шындықты айтпасақ, өтірікпен болашақ жасай алмаймыз....көкірегі ашық ел деген азаматтар көбейіп, қазақ мемлекеті аяғынан тік тұрса деген арман.
@user-or8xj2fy8e
@user-or8xj2fy8e 8 ай бұрын
Тыңдап жұргізушіге де Бекжан ағаға да рақмет. Сөз əдебі, елге жанашарлық, бəрі үйлесім тауып тұр.
@user-ru5ye5yq9b
@user-ru5ye5yq9b 8 ай бұрын
Бекжан, Айналайын, көп жаса! Айтарың көп Азаматсың, аман бол, сенен үлгі алатын қазағым да көп болсын.
@user-ej4rd2uf2m
@user-ej4rd2uf2m 9 ай бұрын
Қазақтың адал Ұлы.аман болыңыз
@user-cx2wo5vd1h
@user-cx2wo5vd1h 9 ай бұрын
Құлағымның құрышын қандыратын әнгіме болды. Абайға рахмет.
@gulmyraboranbaeva8046
@gulmyraboranbaeva8046 8 ай бұрын
Бекжанды сыйламайтвн құрметтемейтін қазақ жоқ шығар дкп ойлаймын.
@user-uw2vi1lg9h
@user-uw2vi1lg9h 8 ай бұрын
Қазақ өнеріндегі бетке ұстар өнер қайраткері жүз жасағын
@user-hp4sw3bo6k
@user-hp4sw3bo6k 9 ай бұрын
Жақсы адамның сөзін тыңдай бергің келеді ❤
@user-dj9xr2ux7v
@user-dj9xr2ux7v 8 ай бұрын
Бекжан Тұрыс замандасымыз кешегі өткен қазыналы қарттарымыздың сарқыты , қазақтың қара сөзінің қаймағын шығара қазақылықтың қамы үшін ғибратты әңгіме - сұхбат жасады !!! Бекжан Тұрыстың айтары мол , әлі де көп сұхбат жасап қазақтың келешегіне керек көп дүниелерді алып қалу керек !!! Алла тіл - көзден сақтасын , отбасыңыз аман. болсын !!! Қазақ қоғамының көрнекті қайраткері болып , келер ұрпаққа айтар ойларыңызды , насихаты мол әңгімелеріңізді жазып қалдырсаңыз керемет құнды дүние болар еді !!!
@user-be1mp6ge2t
@user-be1mp6ge2t 9 ай бұрын
Бекжан өзіңіздей санасы жоғары , көзі ашық ер азаматтар көбейсін
@tim1t112
@tim1t112 8 ай бұрын
Өкінішті, осындай текті азаматты телеарналар бағаламайтыны, осындай адамға қазақ қазір зәру. Адам іздеп жүрмін... Бекжан сондай азамат, керемет бай тілі бар, терең ойы бар, айтары бар. Нұрлан имамды көрсете бергенше, Бекжан сияқты азаматты тыңдаған көп пайда әкелер еді. Қолда барда, алтынның қадірі жоқ, ертең өкініп қалмайық, кезінде Ақселеу Сейдімбек ағамызды бағалай алмадық, қандай терең қазыналы адам еді. Шоулардан қоғам шаршады, терең ойлы, тағлымы мол бағдарламалар керек.
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
​Жәнібек(Кәрменов) ән салады,Ақселеу тамсанады,-деп рахаттанып тыңдаушы едік, қайталанбас қандай тұлғалар еді,Жәнібектің үні,ән салысы,домбыра шертісі қандай,ондай тума талант жоқ,ілуде бір туатын пенде, бәрі ерте кетіп қалды,адам іздейтін хәлге жеттік,өңкей адасқан тобыр,сауатсыз болып барады,отыз жыл жын-жыпыр 99-ағымды кіргізді келіп,нұршал көзі алақтап,толерантность деп,ал енді арылатын кез келді,бұлай кете берсе,ауған,сирия,пәкстан,ирак т.б.орта ғасырдың дүмшесіне айналады.
@user-re3py5hs9r
@user-re3py5hs9r 8 ай бұрын
Мықты сұқпат болды .✊✊✊ Жас өтер адамдарына ұстаз болуы керекқой
@user-to6eg3dd6q
@user-to6eg3dd6q 8 ай бұрын
Бекжан ағамызды үнсіз тыңдап,көп нәрсеге қорытынды шығарып алдым, рахмет!
@user-kv5kt8jh9q
@user-kv5kt8jh9q 8 ай бұрын
Бекжан мырза, өмірге өзіндік көзқарасы бар, ұстанымы , иманы мен жүрегінде жылуы мол азамат! Аллатағалам ғұмырын ұзақ қылып , халыққа берері мол болсын деп тілеймін!🙏🤲👍👆
@Adai_1987.
@Adai_1987. 9 ай бұрын
Дұрыс айтасыз әлі-ақ келеді жастар. Қазақтың қаны мықты ғой! Қазақ жеті атасыз, қыз алмайды, келеді ғой жаңа ұрпақ, өзгереді. Керемет сұхбат болды.
@user-ws9nk2np5f
@user-ws9nk2np5f 8 ай бұрын
КАЗАКТЫН УЛТТЫК КЙИМИНЕ ЖЕТЕР КЙИМ ЖОК,ОНЕРЛЕРИ,КАНДАЙЖАРАСЫДЫ,АР СЕЗОНГА БАЙЛАНЫСТЫ УЛГИЛЕРИ БАР!!! УЛДАРГАДА КЫЗДАРГАДА.
@user-jh9gu6he1t
@user-jh9gu6he1t 8 ай бұрын
Бекжан ағаның әр сөзінен рухани азық аласың! Аман болыңыз, аға!
@user-ot8ih6fz2y
@user-ot8ih6fz2y 8 ай бұрын
Тыңдай бергің келеді нағыз рухы мыкты ұлт жанды азамат
@user-gf1kn9ex7k
@user-gf1kn9ex7k 9 ай бұрын
Аман болыңыз Бекжан аға! Өте керемет сұхбат. Әр уақвтта үн қосып жүрсіз еститін құлақ болса. Шынымен де қазір идиологиялық,рухани тәрбиесі бар дүние мүлде көрсетілмейді осыны кейде әдейі істеп жатқан секелді.... Осы Тәуелзіздікке дейін рухани да ұлттық та идиологиялық та тәрбиеміз мықты болдыма деп те ойлайсың........
@user-ns4ke5nb3y
@user-ns4ke5nb3y 8 ай бұрын
жасық болмадық қансырап қалдық өз қазағымыз өзімізді атқаны жанға батты
@user-yi7zt7oh1m
@user-yi7zt7oh1m 8 ай бұрын
Кандай керемет сұқбат болды. Бекжан Тұрыс қазіргі қоғамда ьолып жатқан келеңсіздік туралы айтып отыр.
@user-dy2tu4du4j
@user-dy2tu4du4j 9 ай бұрын
Өте тамаша сұхбат болды! Бекжан аман жүр, өте дұрыс жауап бердің!
@user-xg2bw7dz3h
@user-xg2bw7dz3h 9 ай бұрын
Оте дурыс аитасыз ултка кызмет етпеймыз жастар дынге бой бурып барады сакал койып шолак шалбар киып
@Ddaravatarra
@Ddaravatarra 8 ай бұрын
​@@user-xg2bw7dz3h бул клоун д¡нш¡л меш¡т согып журген , не боларын б¡лмей журген .
@agtfmh5v2qp
@agtfmh5v2qp 2 ай бұрын
Дінмен жүргендер адал қызмет етіп жатыр.Адал асты тек дінмен жүргендер шығарады.Қазақ құриды егерде Ислам дінімен жүрмесе.Қаншама қырғын сол дінсіздіктен.Сақал деп қорқатындар,Абайда т.б сақал болды.Көселер болмаған ата-бабамызда.
@user-qo6bu9fq6q
@user-qo6bu9fq6q 9 ай бұрын
Батыр аға рақмет сізге
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 9 ай бұрын
Терең ойлы адамнан осылай терең сүбелі сөздер шығады. Бекжан ағамызды өз басым сол үшін жақсы көрем. Бірақ бір әттең айы біздің қоғамда осындай сөз ұстаған тұлғалар, көп жағдайда дін мәселесінде тілдерін тістеп қалады. Соның кесірінен қазір жастар көрінгенді ұстаз тұтып, көрінгеннің идеология илеуінде жүр. Қоғамды аврамдық діндердің дәуіріне қарай кері сүйремей, діндердің идеология екенін ашық айтатын уақыт болды. Түрлі діндер - түрлі дәуірде өз миссияларын атқарып болған идеология. Дінсіз де адам құдайсыз қалмайды. Дінсіз де адам ар-ұждансыз қалмайды. Ар-ұждан діннен ғана тумайды. Ар-ұждан, адамгершілік, жақсы тәрбие көрген саналы адамнан туады. Адамзат жүрегіндегі құдайларын құлшылық үйлеріне қуып шыққан сәттен бастап, адамзат түрлі идеологиялардың жетегінде кетті. Сол идеологиялар үшін тарихта сұмдық қырғындар қалдырды. Адам дінге емес, адам санаға мұқтаж екенін түсінетін уақыт болды. Дінде ұлт болмайды, дінде жамағат ғана болады. Діндердің түбі ұлтсыздандыруға апаратынын көз қарақты адамдар түсініп болды. Жаттың идеологиясымен ұлттық мемлекет құру мүмкін емес. Ұлттық дүние танымнан құралған идеологиямен ғана ұлттық мемлекет құруға болады. Орта ғасырлық аврамдық идеологияларды тіршілік дәптерінен сызып тастайтын уақыт болды. Біреулер айтуы мүмкін, сол идеология арқылы БАӘ, Катар, Кувейт, Сауд Арабия жақсы дамып жатыр деп. Иә, өйткені ол идеология олардың қанына сіңген ұлттық идеологиясы. Ол идеология олардың тарихи мұрасы. Ол идеология олардың мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық дүние танымдары. Ал сол идеологияны өздеріне сіңірген Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия, Мысыр қазір не болды? Бұл елдер сол құмдағы арабтардан бұрын өркениет құрған халықтар болатын.
@dastan96777
@dastan96777 8 ай бұрын
Өте жақсы сұхбат. Дінді тану туралы қазақтың нанымын жақсы түсіндірді. Білімді, зиялы азамат, қазаққа жаны ашитын азаматтың бірі.
@user-jw2sf2yh5f
@user-jw2sf2yh5f 9 ай бұрын
Рахмет, дұрыс айтып отырсыз, Ата-баба алдында қарызымыз көп, қазақы салт, дәстүрге оралмай оңбаймыз, аруақтың қарғысына ұшыраған ұлтпыз, әрбір саналы алам түсінуі керек, енді біз Арапта, Орыста бола алмаймыз, әр халықтың салт-дәстүрі өзіне, ол оның ұлтық діні, дәстүрі біз әлі соны түсінбей жүрміз?.
@user-ws9nk2np5f
@user-ws9nk2np5f 8 ай бұрын
САНАЛЫ АДАМ ДЕГИСИ КЕЛГЕНАУ...
@user-nm9fg3ew2q
@user-nm9fg3ew2q 8 ай бұрын
Керемет кісі.
@user-dv6oh4qf4y
@user-dv6oh4qf4y 9 ай бұрын
Дұрыс айтады дінді фанатизм ететіндер көбейді қазақ екенімізді ұмытпау керек араб болудың қажеті жоқ қазақша айта бер дұға тілектеріңді
@user-gk3ir5yi2m
@user-gk3ir5yi2m 8 ай бұрын
Бекжан дұрыс айтасыз, көп сөзбен емес іспен көрсету керек. Керемет сұқбат болды
@user-oz5up9ll4t
@user-oz5up9ll4t 8 ай бұрын
Ассаламу Алейкум Баке аман есен сау саламатты болыңіз
@user-hp3pk6cr9p
@user-hp3pk6cr9p 8 ай бұрын
ӘРИНЕ ДҰРЫС АЙТАСЫЗ !!!
@ivaniva4006
@ivaniva4006 9 ай бұрын
Оксфорд университетінің түлегі, Ұлыбритания премьер-министрі лауазымында қызмет атқарған Маргарет Тетчер. Мемлекеттің басты құндылығы қазба байлықтары емес, мемлекеттің басты құндылығы оның азаматтары, ал мемлекеттің басты міндеті өз азаматтарының құлпырып өркендеуіне жағдай жасауы ғана.
@user-bf9kr3vb8e
@user-bf9kr3vb8e 9 ай бұрын
Өте керемет.мың жаса. Бекжан.күніге бір рет шығып тұрсаишы
@user-eg3qd6vx9p
@user-eg3qd6vx9p 8 ай бұрын
Аман болыңыз Аға.
@user-jj6mj7tm6x
@user-jj6mj7tm6x 9 ай бұрын
Аман жүр Аға ✊🔥🔥🔥🔥
@user-sw5df2pg2r
@user-sw5df2pg2r 8 ай бұрын
Бекжан Турыс сизге коп Рахмет Ия дурыс аитып отырсыз
@ulzhalgasmukanova2132
@ulzhalgasmukanova2132 9 ай бұрын
Ақын жазушылар көп шығушы еді. Көрмей жүрміз. Рухани әңгімелерді сағындық.
@user-dv6oh4qf4y
@user-dv6oh4qf4y 9 ай бұрын
Дін ұстаудың жолы осы деп адаспау керек оның қазір түр түрі көбейіп кетті
@user-iy2gm5ge3c
@user-iy2gm5ge3c 8 ай бұрын
Керемет..
@user-me2show
@user-me2show 8 ай бұрын
Алга Қазақстан
@usenalimbek8056
@usenalimbek8056 8 ай бұрын
халықтың үнін Айта беріңіз, Азаматтық пікір білдіріп, өз ойыңызды Ашық, Анық айтып, сын Айтсаңыз, халық сізбен бірге!
@user-cn4ww2my3o
@user-cn4ww2my3o 8 ай бұрын
Керемет әсер алдым, рахмет Бекжан аға шынайы, тутымды әңгімеңізге, осындай білімді таза талантты кісілер ден көбірек сұхбат болса екен 👍👍
@user-pz1sj1dc5h
@user-pz1sj1dc5h 3 ай бұрын
АЛЛА Тағала жарылқасын баршамызды амандық берсін баршамызға
@user-kn3nl9ek9t
@user-kn3nl9ek9t 3 ай бұрын
Әдемі,керемет сұқбат болды.Алар іліміміз көбеймін!
@Asyl_alshyn
@Asyl_alshyn 9 ай бұрын
Аға керемет айттыңыз👍👏🤝
@user-us3fr6nq6f
@user-us3fr6nq6f 9 ай бұрын
Арна құтты болсын Абай бауырым Биікте самғай бер 👍👍👍👍
@user-ex6id6rh3y
@user-ex6id6rh3y 8 ай бұрын
Аман жүріңіз,
@amank1975
@amank1975 9 ай бұрын
Осындай ағалармен замандас болғанның өзі бір ғанибет.
@talshynabdesheva4731
@talshynabdesheva4731 8 ай бұрын
Жақсыменен сөйлессең көңілің өседі-дегендей жақсы әңгіме болды.Рақмет!!! Ы.Алтынсарин "Біз надан боп қойғанбыз иектегі сақалды"-деп дұрыс айтқан.Жан-жақтан қазақ еліне тор құрылып, оның болашағын құртуға жұмыс жүруде.Соған біздің аңқау жастарымыз еріп бара жатқаны өте өкінішті. Түптің түбінде елдің жойылуына өздері үлес қосып жүргенін сезбейтін жастардың көздері қашан ашылады? Ел аман,.жұрт тынышта қыздар, әйелдер жүр қап- қара киім киім жамандық шақырып. Надан сорлылар.
@user-ol3js2kg7s
@user-ol3js2kg7s 8 ай бұрын
Бекжан Тұрыс ағамыз арлы азамат қой.. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Қазір шынымен де арлылар азайып тұрған заманда осындай кісілерге қазақ қоғамы өте зәру, дүниенің емес ар-ұяттың өлшемімен өмір сүру де үлкен ерлік деп санап едім.. Ия бізге дәл қазір қазақ ұлтын жарыққа жетелейтін рухани ұстаздар жетіспей жатқан сияқты.. Алла Өзі жар болсын қазаққа..
@user-di5nq4kr9u
@user-di5nq4kr9u 9 ай бұрын
бекжан ага оте керемет жан омири узак болсын тектитулга гои коргенкоз агамыз
@user-gw1zu2hs2k
@user-gw1zu2hs2k 8 ай бұрын
Нағыз талантты адам
@muratakylbekov3083
@muratakylbekov3083 9 ай бұрын
Бекжан құрдас жарайсың сенің айтканынды шірік билік естиді
@user-ws9nk2np5f
@user-ws9nk2np5f 8 ай бұрын
КАЗАК,КАЗАК БОЛЫП ТУЫЛДЫНБА,КАЗАК БОП КАЛЫУЫН КЕРЕК!
@AaaAaa-vj3fc
@AaaAaa-vj3fc 8 ай бұрын
Шатадан не ойнастан туғандай,өз қазағынан жерініп,дөйдаладағы арабтың сандырағын жаттап,тыңдап,бас ұрып,басымен кететіндер бас еркі жоқ,ерік-жігерден жұрдай,айдағанға жүретін,алдағанға көнетін мал іспеттес,өз сана сезімі жоқ,түйсігі төмен,еліктегіш,ергіш адасқандар.
@user-cs4so7oz6y
@user-cs4so7oz6y 8 ай бұрын
Құрметті Абай мырза, бауырым! Салихалы сұхбат үшін көп рахмет, тұшымды тамаша әңгіме болды! Белгілі Алаштанушы Елдос Тоқтарбай бауырымызды интервьюге шақырыңызшы! 🙏😘
@user-yv8se1vo6c
@user-yv8se1vo6c 8 ай бұрын
Қазіргі кезде Бегжан тәрізді мықты актерлар саусақпен санаулы өкінішке орай....
@user-iq5sj6pz3j
@user-iq5sj6pz3j 7 ай бұрын
Тамаша Беке аман болыңыз .Алла қолдасын.
@user-ye4lo7ch4c
@user-ye4lo7ch4c 9 ай бұрын
Отан ел үшін шыққан халықты қорқақ деуге болмаид.Батыр деу керек халықты.
@trs______k7
@trs______k7 9 ай бұрын
бұндай қазақ, ер адам, атақты адам, қаңтар туралы ойы дұрыс, қаңтар туралы айтатын, қорықпайтын адам бар ма?
@Mahambet2022
@Mahambet2022 8 ай бұрын
мына кісі дұрыс айтады !азаматтық міндетті адамгершілікпен атқару керек!
@nazarserikbayev
@nazarserikbayev 9 ай бұрын
Алтын ағатайым , аман болыңыз ! Жасай беріңіз , құрметіңіз халқыңыздың алдында арта берсін . Құрмет тұтамын , жақсылық тілеймін өзіңізге .
@mariaevanova923
@mariaevanova923 8 ай бұрын
Бекжан ага 👏👍😍🌺
@ulzhalgasmukanova2132
@ulzhalgasmukanova2132 9 ай бұрын
Аман болыңыз❤
@user-lc7jk1xk4y
@user-lc7jk1xk4y 8 ай бұрын
Бекжан балам, нағыз қазақтың азаматысың. Бежанның сұқбтынан ерекше әсер аласын. Аман жүр.
@user-dv6oh4qf4y
@user-dv6oh4qf4y 9 ай бұрын
Билік тыңдамайды айтқанмен зиялымыз деп жүргендер қорқады өз қамын ойлайды
@user-yz6iu4hi9c
@user-yz6iu4hi9c 8 ай бұрын
Рахмет аман болыңыз
@zhanserik5974
@zhanserik5974 8 ай бұрын
Өте керемет сұқбат
@NurzhanErmagambetov
@NurzhanErmagambetov 9 ай бұрын
😮Ой, Баке қанша уақыт керек, олар не спортсменба бабына келетін, осы сөздеріне келіспеймін !
@serikkazy
@serikkazy 9 ай бұрын
Осып-осып айтты. Бірақ жоғары жақ естігісі келмейді (((
@janarbaisemisova4000
@janarbaisemisova4000 4 ай бұрын
Керемет сұхбат😂
@user-yc7zp7qp8k
@user-yc7zp7qp8k 9 ай бұрын
Халықтың үндемегені жемқорларға жақсы қолайлы,оның ішінде сотта,прокурор да бар олардын бәрі бай қазір сыбайлас.
@user-ng9xm1pm9n
@user-ng9xm1pm9n 8 ай бұрын
Абыз ақсақал болатын албан бауырым аман жүрші.Бұрынғы қарияларды көргендей болам.Керемет.Дін уағызынан құлақ шаршады.Жақсы сұқпат рахмет.
@user-io4ik9pb5n
@user-io4ik9pb5n 8 ай бұрын
Бекжан ағамыз өте саналы адам.
@user-et4ky3im2e
@user-et4ky3im2e 8 ай бұрын
Ассалаума олеикум қазақ елі бар болыңдар өсіп көбеиіңдер Бекжан құрдасым қазақтын азаматы Ұлылардың артынан ерген қазақ ұлты үшін жүрегін жүлып беретін азамат Осы Бекжанын құрдасымның телф кім біледі білсе жазып жіберсе екен өтініш Тілші бала
@user-rf8mh7wx7c
@user-rf8mh7wx7c 8 ай бұрын
Қазаның жолы жіңішке, әруақтың орны биікте...
@user-tf2lq6tw5u
@user-tf2lq6tw5u 8 ай бұрын
Өте жақсы сұқбат.рақмет.аман болыныздар.
@user-cx7dd9ob5s
@user-cx7dd9ob5s 8 ай бұрын
Өте дұрыс айтасыз.
@user-bi6ob8rq4c
@user-bi6ob8rq4c 8 ай бұрын
Айналайын.бекжан.еститин.кулак.болса.кандай.онегели.осиетти.маглуматтар.анин.айтсаншы ширкин.омир.жасын.узак.болсын.алланын.шапагатына болене.бер.
@user-wq8yr3is5g
@user-wq8yr3is5g 8 ай бұрын
Ой бір дұрыс адам ау,Бекжан Тұрыс аға,тек тыңдайтын құлақ жоқ қой жоғары жақта.
@user-sp5xm2fz7i
@user-sp5xm2fz7i 9 ай бұрын
Бекжан Тұрыс халық ешкімнен қорықпайды. Қателеспе.
@user-iz1mf5sn6i
@user-iz1mf5sn6i 8 ай бұрын
Азаматтық ұстанымы мықты екен.
@user-fj1bg6bq8z
@user-fj1bg6bq8z 9 ай бұрын
Дұрыс адам
@ivaniva4006
@ivaniva4006 9 ай бұрын
АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон: Сөз бостандығынсыз біз бәріміз үнсіз жігерсіз бауыздауға арналған қой секілдіміз.
@Mahambet2022
@Mahambet2022 8 ай бұрын
👍👍👍👍
@user-ik4wx6vd3g
@user-ik4wx6vd3g 8 ай бұрын
Өте жақсы кiсi
@user-jx2pc9xf5k
@user-jx2pc9xf5k 8 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-fz5um5ih1o
@user-fz5um5ih1o 8 ай бұрын
Керемет
@dosantegieldos9799
@dosantegieldos9799 8 ай бұрын
Жарайсың аға жазықсызды жазалауда тоқай мен назарбай
@Mahambet2022
@Mahambet2022 8 ай бұрын
Бізге ұлыт азаттығы керек!себебі бізді билеп отырғандар орыс әлемінің өкілі, қазақтың қамын жемейды, олар бұйрық орындаушылар!
@user-fj1bg6bq8z
@user-fj1bg6bq8z 9 ай бұрын
Ассалаумағалайкум
@azizberden1187
@azizberden1187 2 ай бұрын
Бекжан ағаның инста парақшасын арагідік оқып тұрамын,өте керемет жазады, көп оқитындығы, өз-өзімен көп сөйлесетіндігі көрінеді. Бірнеше мәрте көріп те қалғанмын, қарапайым кісі, көзі төмен салып жүреді. Бауырмал, құшақтап алады... Әкемтеатрдағы "Қара" қойылымындағы рөлін Бекжан аға ойнамайды, өзі қалай бар, солай шыға салатындай әсер береді...
@nureke6931
@nureke6931 8 ай бұрын
Әттеген-ай! Ағамызды қолдамаған басты арнамыз "QAZAQSTAN" ұлттық арнасы үшін өте ұят. Кешке екі сағат Түрік сериялын бергенше мүмкіндік берсе болмас па?!🤔
@Mahambet2022
@Mahambet2022 8 ай бұрын
Ержан тұрғымбайдың халық таңдауы партиасы туының астына жиналайық қазағым !
@user-em4dp7ro3v
@user-em4dp7ro3v 8 ай бұрын
Ержанның арты күмән Алды тұман оған сенім жоқ
@Mahambet2022
@Mahambet2022 8 ай бұрын
@@user-em4dp7ro3v бізге азаттыққа жету ұшін одан басқа жолда жоқ!басқалар алды алдына жырлап, маңырап жұр!еті тірі ұлтшыл қазақтар азаттық ұшін бірігейік!
@baiboranbel1968
@baiboranbel1968 8 ай бұрын
Ендігі Халыққа Ақылын Айтып Жөн сілтер Азаматтар Өздерің Боларсыздар Бекжан мырза Совет Сасыған Кәрі Қақпастардан Жөн білер Пенде Қалған жоқ сяқты Халық сеніп Төбесін көріп жүрген Анау Тоқтар Әубәкіров Талғат Мұсабаев тар ма Қазақ халқының Қыруға Ресейден Әскери шақыртып жүрген Немесе Алжас Амарович Соломоновтар ма Бекболат тар мен Асқарлар ма Бір Шал кетсе Екіншісі Шалдың Туфлин жалға Даяр тұрған Анау Мырзатай Қуаныштар туралы Айтудың өзі Ұят Ақсақал деп
@user-ej6dw7wp5r
@user-ej6dw7wp5r 8 ай бұрын
Сұхбаттасудан ұққаным-қазақ халқы, елі неге көсегесі көгеріп, әділетті мемлекет бола алмай жүргеніміэдің себебі- біздің жалпы қазақ ұлты жетім қалған ұлт екенбіз.Көрінгені бізді басады, таптайды, қолжаулық қылады, олай емес, осылай деп үйреткісі келеді....
@user-kt2kp8dn3e
@user-kt2kp8dn3e 8 ай бұрын
Кантарда жазыксыз адамдарды урып, согып ойларына келгенін жасап,олтирип, зорлық зомбылық жасап кинасиз жок каншама жазыксыз адамдарды сотталды Али сотталып жатыр ,каншама отбасылар балаларынан,акелеринен,кыздарынан айрылып калды,сол олип,сотталып жаткандарга карапайым халык ешкандай көмек көрсете алмай отырмыз,
@user-tz1qj6eo9p
@user-tz1qj6eo9p 8 ай бұрын
Бекжан сияқты сауатты жігіттер аз.Қазір ұлттық идеология құлдырады,болашақ бұлыңғыр.Қазақ сауаттан...
@user-qh8vc5ui4i
@user-qh8vc5ui4i 8 ай бұрын
шынында да қаңтарда жүрегінде түгі бар нағыз батыр жігіттер шығып наразылықтарын білдірді бірақ та қолында билігі бар басшылар басында миы жоқ жүрегінде қазақи мейрімі рухы жоқ менттер немесе күшіктер или шакалдар қазақтың мен деген жігіттерін ұрып соғып қамап қинап әуселесін басып қойды ,былайша айтқанда сындырып тастады жасық қылып тастады
@user-dv8md1zf2r
@user-dv8md1zf2r 8 ай бұрын
Сөйлеу мәдениеті дамыған азамат
@user-pc5re4my5u
@user-pc5re4my5u 8 ай бұрын
Жазушыда шаһидттердің ақысы бар Ахмет Байтұрсынов
@Bibizar67
@Bibizar67 8 ай бұрын
Жүректе болу керек иман,намаздамын деп мақтанадығой фанатиктер,үкімет тарапынан тексеру керек осы жұма намазға жиналатын дарды ,балашағаға шейін мешітке жиналады ,одан да білым, ғылым оқу керек ,,,,,,,,
@Ddaravatarra
@Ddaravatarra 8 ай бұрын
Бул актёр-чик меш¡т согып жатыр сендерге , - енектер¡нд¡ укалап отырындар - деп .
@Kazakstan217
@Kazakstan217 8 ай бұрын
👍
@sakenmukan
@sakenmukan 9 ай бұрын
Тамаша сұхбат болды 🎉
@user-um6dw9tr2q
@user-um6dw9tr2q 8 ай бұрын
Дін жайында діни білімі бар адамға сұрақ қою керек қой..
@abayarepov4475
@abayarepov4475 9 ай бұрын
БiЛІКТЕГІЛЕР ЭiГІЛЕМБЕК СҰМДЫҒЫН ЖАНҒА, АЛДЫРМiТЫН ЭДЕМi ТҮЛКІЛЕРҒОЙ, ІСТЕГЕН ІСТЕРІ КҮЛКІЛІҒОЙ
@user-nf5ef9cp9k
@user-nf5ef9cp9k 9 ай бұрын
Ассалямағалейкум қалайсыздар Абай бауырым өнер адамдарымен ашық әңгіме артық болар. Саясаткерлермен жасаған кездесулер маңызды қазір. Ісің алға бассын.
Glow Stick Secret (part 2) 😱 #shorts
00:33
Mr DegrEE
Рет қаралды 18 МЛН
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 116 МЛН
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 12 МЛН
«БІРЕГЕЙ». Оралхан Бөкей
40:05
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 5 М.
Glow Stick Secret (part 2) 😱 #shorts
00:33
Mr DegrEE
Рет қаралды 18 МЛН