Рет қаралды 32
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
Мақтаарал ауданы,Мырзакент кентіндегі "Мырзакент" спорт кешенінде "Ауыл" партиясы Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы "Ауыл барысы" турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа 300- ден аса спортшылар қатысты.Марапаттау рәсіміне Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бахыт Насырханұлы, партия өңірлік филиалының төрағасы,облыстық мәслихаттың депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы, төраға орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы қатысып, жеңімпаздарға сый-сияпат жасап, белбеулер мен медальдар,қаржылай сертификаттар мен түйе палуанға жеңімпаз кубогі табысталды.
Жарыс сегіз салмақта өткізіліп, жасөспірімдер арасындағы "Ауыл барысы " турнирінің түйе палуаны Кентау қалалық номері 1 Бекзат Саттарханов атындағы "Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Сұлтанғалиев Дархан Жахангирұлы атанды.
Жарыс соңынан барлық спорт сүйер қауымға орталық мешітте тамақ беріліп, құран оқылды.