«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ: БАС ЖҮЛДЕ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БЕРІЛЕДІ

  Рет қаралды 110

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ

16 күн бұрын

«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ: БАС ЖҮЛДЕ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БЕРІЛЕДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы арасында ұйымдастырылған «Денсаулық» спартакиадасы мәреге жетті.
Жаңадан пайдалануға берілген «Дәулет» жабық спорт кешенінде спорт жарысының жеңімпаздары марапатталды. Тартысты сайыста ұжым командалары арқан тарту, шахмат, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және футболдан намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте ректорат мүшелерінен құралған ойыншылар бас жүлдені (300 мың теңге) талассыз жеңіп алды.
Барлығы 8 команда қатысқан жарыста ректорат мүшелері командасы волейбол, үстел теннисі, футболдан қарсыластарына дес бермей, бірінші орын биігінен көрінген еді. Ал, арқан тарту мен шахмат ойынында физика-математика факультетінің ойыншыларына шақ келетін қарсылас табылмады. Сондай-ақ, IT департаменті, тіркеу офисі, тест орталығының ойыншыларынан құралған команда баскетболдан үздік танылды.
Айта кетелік, жарты ғасырдан астам тарихы бар дәстүрлі спартакиаданың биылғы жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрап, барлық ойыншылар мен жеңімпаздар марапаттан құр алақан қалған жоқ. Ал, бас жүлдені жеңіп алған ректорат мүшелері командасы 300 мың теңге қаржылай марапатты Балалар үйіне қайырымдылық ретінде аударуды ұйғарды.

Пікірлер
10 САМЫХ НЕЗАБЫВАЕМЫХ МОМЕНТОВ В ИСТОРИИ ФУТБОЛА
19:06
-5+3은 뭔가요? 📚 #shorts
0:19
5 분 Tricks
Рет қаралды 13 МЛН
Подъем в ледяную гору. Китай против Quattro
15:32
Поднебесный Гараж
Рет қаралды 3 МЛН
🇹🇲🥊 Medine Rejepbaýewa "Phoenix" Çempiony boldy.🔥
22:27
Shocking Backhand Table Tennis Secrets! Master the Backhand Topspin & Backhand Flick Like a Pro!
9:54
Arman Tsarukyan vs Damir Ismagulov | FULL FIGHT
16:04
UFC Eurasia
Рет қаралды 718 М.