Момский Әңгімеде БАЙСЫРАП қалған қатындар шаршатып жіберіп еді , Жақсы болды ғой Динара келіп, Байдан басқа тақырыптар қозғалды ✊ Осылай қоғамға дұрыс жағынан ой қалдыратын қыздар көп болсын ✊
@MS-wx3vxАй бұрын
Түсінгенім: өмір - еңбек. Балаңды тәрбиелеу, ер мен әйелдің қарым-қатынасы, достарыңмен, әріптестеріңмен дұрыс қатынас құру, өзіңді күту, даму, дәмді тамақ жасап жеу, таза үйде тұру… бәрі бәрі еңбек. Сол еңбекті өзің қалағандай, өзіңе рахат сыйдайтындай етіп жасаған кезде жаның, тәнің, қалауың тынышталады💚
@АктотыХанымАй бұрын
Арине Жане соның өзі қызық емеспе😊
@honeysoul4452Ай бұрын
Ияя енбектин натижесин корген керемет сезим гой❤
@Ahik2012Ай бұрын
Кандай тамаша пикир
@КенжебайДюсембаев-ы7юАй бұрын
Динара қазақ әйелінің ойлау мәдениетін,оның отбасыдағы орнын,ер мен әйелдің міндетін жаңа, бүгінгі күнде қандай болу керектігін түсінген һәм түсіндірген Азамат..!!!
@АйнураШахметова-п5бАй бұрын
Осы подкасттан кейін , я поняла что я на правильно пути. Мен де 13 жыл болды ажырасқанмын, баламды басқаға қаратпау үшін, басқаның әй-пәйін көрмеу үшін, мүлдем ешкіммен қарым-қатынасқа түспеймін. Мен өз балам үшін, баламның өмірі үшін, өзім тудырған әлем үшін қорқамын, сақтанамын, қамқорыма аламын. Бұл өмірде менен басқа ешкім балама шынайы бақыт тілемейді . Менің де ойым: адамның бақыты екінші бір адамға , ер адамға байланысты емес. Каждый сам художник, сам режиссер своей жизни! Аллаға шүкір, бүгінгі күні балам үшін деп, өзім үшін деп алған пәтері де бар, сүйікті жұмысым да, сүйікті Ісім да бар. Аллаға шүкір, Мен БАҚЫТТЫМЫН, БІЗ БАҚЫТТЫМЫЗ (балам екеуміз) ! Мен Өмірді сүйемін❤
@dn3007Ай бұрын
Баланыз екеуниз бакытты болыныздар, тек жаксы кундериниз коп болсын ❤
@Gulshat01Ай бұрын
Именно Динара Болатты осындай әдемі жерге әкеліп түсіргендеріңіз керемет болыпты🥳🥳 себебі саяхатшы болғасын осындай жерлер Динарамен ассоциируется
Қазір қиын кезеңдердің бірінен өтудемін. Барлығы басқаша, айнала, қала, жұмыс, мен. 8 жыл оқудан кейін үлкен қалаға көшіп келдім, мамандығым бойынша алғаш жұмыс жасамақшымын, әзірге іздеудемін, өзімді төмен сезініп, құнсыздандырып бастап жатқан едім) Динара Болаттың басынан өткерген жағдайлары, батылдығы, қайсарлығы сынып қалмауға, жылап қайта тұруға шабыт берді. Одан сайын өмір сүргім келіп кетті, тынысым ашылғаандай💨🩵🌊 енді кітаптарын оқысам🥹❤️🔥 Рахмет Айнұр ханым, Динара ханым💕🫂 сіздер сияқты жандар біздерге, біздің қыздарға жарық болып жол көрсетеді. Бұл сұхбат өзгеше болды, арты фонның өзі өзінше терапия💆🏼♀️🍂🌄 P.s. Ертең менде собеседование, пожелайте мне удачи☘️
@tansholpan0323Ай бұрын
Сәттілік серігің болсын! Ойыңдағы жұмысқа оңай жеңіл тұрып кет! Табысың берекелі болсын!
@ЭльзаБауыржанова-ж4бАй бұрын
Сәттілік тілеймін❤
@КаламкасБегалиеваАй бұрын
Сәттілік! Кітап саған бұйырсын
@gulmira.kurmetqyzyАй бұрын
Сәттілік тілеймін! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді❤
@АсемОК-й5зАй бұрын
Ойлағаннан да күшті болсын 🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@GUW_ATYАй бұрын
Қазақта қалыптасқан ‘өмір көрген’ адамды ғана дана деуші еді ғой, Динара Болат мен үшін сол стереотипті бұзған бірінші адам болды. Сауатты сұқбат болды меніңше👍 Әдемі қалпыңызбен әдемі ғұмырды соңына дейін әдемі сүруді жазсын Жаратқан🙏
@madinaabdimanapova5219Ай бұрын
“Тұрмыстың Анамды жеңгенін көрдім”- деген сөзін естіп бірден, ауылдағы өз Анам есіме түсіп кетті😢. Рас, кейбір әйелді тұрмыс жеңеді… Бәрін біз үшін жасағаны, бәріне шыдағаны есіме түссе жүрегім қарсы айырлады💔. Анашым ұзақ жасаса екен, өмірдің бар жақсылығын көрсетсек екен дейміз❤🙏🏻. Сұқбат керемет болды. Айнур ханым one love 💗
@МайгульЧабиняроваАй бұрын
Не деген ашык ангиме👍 казыр еки аягым да сынып больницада жатырмын. Аягымнан тик турсам, Динаранын турымен путешествияга шыгам, Алла буйыртсын сол кунди🙏
@ЖұлдызТілеуАй бұрын
Менде 2 кітап бар. Өмірдің қиын кезеңдерінде өзіммен қалғым келген кезде оқимын деп ешкімге берми жүрмін😍 Керек жанға бұйырсын кітап. Сұхпат әдеттегідей керемет деңгейде өтті👍
@alikhanteleugaliev9339Ай бұрын
кандай кітап?
@Кенжегул-ъ1юАй бұрын
Мен алғым келеді
@ЭлизаБекболотова-п8жАй бұрын
Кандай китап
@ЭлизаБекболотова-п8жАй бұрын
Мен депрессия болып журмин
@ЭлизаБекболотова-п8жАй бұрын
Китап комектесеми?
@АльбинаНуржановнаАй бұрын
Динара Болатты мен көптен бері оқимын 😘Ойын нақты әрі жеңіл жеткізетін ,посттары өте пайдалы,нәзік жан❤❤Выпускты көрмей жатып ❤ басып қойдым😅😊
@ayaraikaayaraikakz2Ай бұрын
Динара - өз өміріндегі болған, болып жатқан ситуациялардан түйін түйіп, тағылымын түсініп, қазақтың қыздарына соны әдемі жеткізіп, өзінің лайф стайлымен бағыт-бағдар беріп жүрген ару қызымыз. Сол үшін рақмет Сізге! Айнұр, еңбегіңіз жана берсін!
@Нури-ю2тАй бұрын
Сұхбат емес терапия болды. Қоғамға пайдалы болу деген осындай болу керек. Адамдардың керек кезде көзін ашып, көкірегін ояттыңыздар. Көп рахмет. Берекелі, мерекелі өмір тілеймін👏🏻👏🏻👏🏻
@ГулмираАбдирова-с8йАй бұрын
Ақша жинай алуы, мақсатқа жетудегі табандылығы, өз өмірінен, әрбір сәттен ләззат ала білуі ұнады. Өмірдің мәнін жақсы түсіндірдіңіз 👌
@АнарАкмолдина-о9бАй бұрын
Динара кітаптарыңыз сатылымда барма, қай жерден сатып алуға болады, болмаса маған екі кітабыңызды сыйға бересіңізбе😂.Керемет əңгіме болды.Рахмет көп! Аман болыңыз красавица!
@АкеркеАкимжанова22 күн бұрын
@@АнарАкмолдина-о9бкаспи магазинде бар
@tolkynkenetbaeva5605Ай бұрын
Мен Динара Болатты танығанға дейін айналаммнан негатив көрген екенмін. Динара ханымды көріп өмірді соншалық қаптаған тірлікке қарамай сүйетініне тәнті болғанмын.Әліге дейін өмірдің ғажабын сүюге сүйсінуге үйретіп келе жатқан жан ❤❤❤❤
@arykovakyzzhan_informatikАй бұрын
Самая лучая, мен инстаграм парақшасын бақылап, оқып отырам. Өте күшті кісі. Экранның ар жағынан таза, аурасы мықты Адам екені сезіледі. ❤❤❤
@almagulbekturganova1987Ай бұрын
Динара, красавица, всегда была особенной, горжусь что училась с таким глубоко мыслящим человеком в одном классе! Умница❤❤❤❤
@ГаухарБимырзаАй бұрын
Динара Болат 💜💜💜 өмірге еркелейде және сүйсінеде білетін ерекше жан! Әдебі мен мәдениеттілігі жоғары, қоғамға айтары мен береріде орынды айтылып жеткізілген.
@ФаризаАнапия-ф3дАй бұрын
Бірінші рет отзыв жазуым мамский ангиме ге, Динара ханым оте мудрая женщина ❤ ешкандай артык эмоциясыз, жылап, мыжып кетпей, накты, адеми оз ойын жеткизди! Коп рахмет ❤
@MariToleugaliАй бұрын
Көрмей тұрып лайк бастым.Құнды сұхбат екеніне сенімдімін.Динара ханым әрдайым пайдалы тақырыптар қозғайды.Әсіресе,қыздар,әйелдер үшін.Ойың әдемі,жинақы жеткізеді.Кітаптарың оқымаған жандар болса,оқуға кеңес беремін👍
@botagozmurzagaliyeva517Ай бұрын
Красивая локация, красивая и очень интересная гостья,приятная внешность, грамотная речь, которую хочется слушать. О Динаре узнала благодаря подкасту и что особенно приятно, мы земляки и даже рождены в одном посёлке.
@ОеоеоеоеетоааооТстаоаоаоаАй бұрын
Жаным Ди ханымның қанша жылдық оқырманымын.оның даналығына, өмірге деген көзқарасына ғашықпын.әйелдерге жол көрсететін жарық күн сияқты энеогиясы мықты келіншек.әрдайым осылай әдемі ақылды күйіңізде аман сау жүре беріңіз
@АяулымСейіт-щ4сАй бұрын
Подкасттың осындай әдемі локацияда түсірілгені үшін рақмет! Дауыс бәрі жақсы естіліп. Мына локация Динара Болаттың сөздерімен керемет үйлесіп тұр😍🙌🏻
@saltaserikbaeva1178Ай бұрын
Мамский әңгімеге мың алғыс, өмірдің әр белесіне ерекше көзқараспен қарап, дұрыс шешім қабылдауға көмегін тигізіп жатыр деп сенемін. Динара ханымның мамский әңгімесінен өмірдің құнын, бақыттың дәмін, отбасылық сыйластық сезімін, батыл ана жүрегін❤. Сенімді әйел, сезімді әйел, жігерлі әйел энергиясын сезіндім 😊😊😊. Өмір біреу, бір өмірде шексіз бақыт сәттері бұйырсын.
@ka.merekeАй бұрын
1млн қаралым қылайықшы, Динара Болатты оқысаң, тыңдасаң күшті ғойй🤍
@НурбалаСактапбергеноваАй бұрын
Әдемі подкаст болды👍👏 Негізі осындағы айтылғандар "Соңына дейін әйел" кітабында жазылған, ол кітапты өзім оқып тұрмыстағы сіңілдеріме сыйға бердім. Айтқым келгені менің де тағдырым кішкене осы кісіге ұқсас, ерте тұрмысқа шығу, балалы болып ажырасу, баламды ата-анам қарасып өсіріп беру деген сияқты. Балам қазір менімен тұратынына 1 жылдан асты, ол келген кезде менде жігіт болатын тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап жүрген. Балама айтып едім басқа адаммен тұрғым келмейді, сен тұрмысқа шыға бер мен қайтадан ата-әжемен тұруға ауылға кетемін деді. Сол кезде баламның айтқанына құлақ асып жігітпен айырылыстым, басқа адам оған әке болмайтынын балам түсіндіргендей маған. Содан кейін Динара ханымның кітабын алып оқығанда дұрыс шешім қабылдағанымды ұқтым. Ересек адамды емес, баланы тыңдау керек деген сөздері маған өтті👍Қазір балам өсіп өзімен өзі болып кеткенше тұрмысқа шықпаймын деп өзіме уәде бердім. Бұрын ойымның бәрі тұрмысқа шығу болса, қазір фокусты басқа жаққа бұрып жүзуді үйреніп алдым, халықаралық жарысқа қатыстым, жүгіретін клубқа жазылдым, баламда шахматист үнемі турнирда жүреді,общем өмір тамаша😀осылай да бақытты болуға болады екен💃🏻 Динара ханым айтпақшы бақытты адаммен байланыстыруға болмайды, өзіңмен-өзің бақытты бола білу керек👍
@anarasim6918Ай бұрын
Динара ханымды танымаппын, міндетті түрде тіркеліп оқитын боламын. Өмірге деген көзқарасы ұнады, өзімнін өміріме сәйкес келеді екен, соған дәлел алғандай болдым. Және ары қарай дамуға бағдарды көргендей болдым. Рахмет
@rizayskak5176Ай бұрын
Өте қызықты кейіпкер. Дана әйел екен. Инстаграмнан бір шығып қалып еді, алайда, өмірде қызықтырақ екен. Жолы ақ болсын. Мерейі ҮСТЕМ болсын, шүкір.
@НазеркеОрманбетоваАй бұрын
Динара Болат, сіздің ой өрісіңіз өте терең, салмақты. Шешімді асықпай саралап барып шешетін, ертең, болашақ жақты елестетіп барып жүйеге келетін жан көрінесіз. Сізден кейде үлгі алғым келеді.
@marjannurgalieva7415Ай бұрын
Керемет подкаст. На одном дыхании қаралды))) Өте көп өзекті мәселелер талқыланды❤Динараны танымайтын едім.Енді кітабын оқу бір міндет болды. Тамаша👏👏👏өзімнің үй алам деген мақсатым, мақсат емес арман екенің түсіндім, будем работать над этим)))
@Айгюль-ф8цАй бұрын
Добрый день! Восхищена смелостью и открытостью Динары❤. Мы были близкими соседями, мой пап называл отца Динары інім и всегда поддерживал её маму добрыми словами и комплиментами (в очередной раз понимаю насколько был проницательным мой папа). В нашем доме никогда не велись посторонние разговоры и поэтому только сейчас узнала из уст Динары что до приезда в наш поселок были проблемы со здоровьем. Очень рада что наши умные, красивые, мудрые девушки находят силы и возможности реализовать себя и помогают другим. Желаю Динаре не останавливаться и быть ещё успешнее!!!❤
@NurmukhamedovnaАй бұрын
Услышала для себя инсайт - беречь свой ресурс, не распыляться☺️ обозначить свои приоритеты, жить в своем темпе, успевать важное и главное❤️ благодарю за прекрасную гостью и содержательную беседу. Впервые вижу Динару, воодушевлена, восхищена, такая другая, искренняя, не стесняющаяся в хорошем смысле, в общем, масштабная личность🤩😍😚👍
@fastergames214710 күн бұрын
Керемет подкаст! Қыздарға арнаған тост демекші- әйел бақыты тек қасында ер азамат болуы байланыстыратыны терең ойға әкелді😢. Әбден біздің санамызға (из поколения в поколение) батып кетті, содан көп әйелдің күйзелістері, өмірдегі көңілсіздіктері. Осы маңызды ойды дамытып, әйел адамға жеткізгеніңіз үшін алғыс. Әр ана қыздарына соны жеткізсін деп тілеймін ❤
@budur1091Ай бұрын
Көзі ашық көкірегі ояу әйел шаббыттандырмай қоймайды🤩 Саналы өмір, еркін ой, өзінің құндылықтарынан таймау, өзін өзі тану, бүгіннің қадірін білу. Мына сөздер менімен байланысты болса екен Ди ханым секілді❤
@aiymavАй бұрын
Қандай күшті сұхбат. Негізі Динара Болатқа 7-8 ай бұрын жазылғанмын,инстаграмына.Бірақ өзім үшін аша алмай жүр едім.Посттары ұнайтын,бірақ бір на одной волне болатындай болып түсіне алмай жүрген едім.Осы сұхбатты көріп, сондай байсалды,шынайы,өмірге үлкен даналықпен қарайтын Динараны қарап өзімнің ішімдегі алай-дүлейде біраз басылғандай болып тұр.Мен де сол ауа жетпей жүрген декреттегі аналардың қатарынанмын.Успешный успехтың волнасынан өзімді бір өмірден, бәрінен артта қалғандай сезініп жүр едім соңғы кездері.Неге менің энергиям аз,неге барлығына үлгеріп жүрмеймін деп өз-өзімді сөгіп.Маған өзімді қабылдау жетіспей жүрген екен.Әркім өз шамасына қарауы керек деген маған бір жақсы демеу болды.Алға жылжытпай, толығымен көрген сұхбат болды,өте әсерлі,рахмет үлкен 💐💐🫶🏻
@АсемОК-й5зАй бұрын
Мен де декретте тура осы жагдайдамын
@blink_forever5998Ай бұрын
Әр нәрсе дәл уақытында болатынына тағы көзім жетті. Күнде оянғанда өзімді таңдау - ол бақыт. Осы бақытқа анализ жасап адекватты түрде жеткеніме қуанамын. Динара Болат дәл кезінде келді. 1 жылдай ішкі күйіммен сезіміммен арпалысып жүріп, тыңдап оқып жүрдім. Енді арпалысқа нүкте қойып, бақытқа жол бастайтын күн келіпті. Динара Болат Сізге алғысым шексіз ❤❤❤❤❤❤❤
@АйкерімаАй бұрын
Уау 😍 бір деммен көріп шықтым❤ Мамский әңгіменің ең үздік подкасты❤ ең үздік шығарылымы❤ Динара ханымға 2018жылдан жазылғанмын, өте жақсы көремін, сыйлаймын. Екі кітабын алып оқығанмын, қазақтың дана әйелдерінің бірі дер едім. Өмірде өзін таңдаған жан❤ Ажырасқаныма 1,5 жыл болды, самооценкам қатты түсіп кетті. Шыныменде ойлап қарасам приоритетке ер адамды, ер адамның сөзін, ойын, әрекетін бірінші орынға қойғандықтан…өзімді ұмытып самооценкамды түсіріп, сынуға сәл-ақ қалып отыр екенмін…но это же того не стоит…мына подкаст маған терең дем салды. Себебі мен күнге қарап қандай керемет күн, қандай ашық аспан бұлттар қандай әдемі дейтін қыздан жүзі сынық, өмірден көңілі қалған жанға айналғанымды өзім енді түсініп отырмын. Қыздарға айтарым күнделікке жазған пунктармен немесе ярлыкпен өмір сүрмеңіздер!!! Менде оқу бітіру, карьера жасау, шет елге шығу, тұрмысқа шығу деп пункт бойынша жүрдім бірақ ярлыктарды алып тастаңыздар. Жұмыс жасап, шет елге шыққан соң тағы да шет елге шығу, әрі шет елге оқуға түсу деген арман-мақсат қойыңыздар. Тұрмысқа шығу потолок емес және ол жерде сенің қадіріңді білетін адам болса жақсы. Қыздар өздеріңізді бірінші орынға қойыңыздар❤ Әрбір қазақ қызы приоритетке өзін қойып, соңына дейін әйел болып қалуына тілектеспін😘 Подкаст үшін көп рахмет😊
@ЖайнаргулКоныроваАй бұрын
Динараның алғашқы оқырмандарының бірімін.Екі баласын бөпе кезінен көріп,алғашқы саяхаттарына куәмін.Интернетке рақмет айтуға болады,осындай әнші емес,биші емес,бірақ қарапайым әйел өзін жасап алғаны,керек кезде шыға келгені сол интернеттен қатты қуантады.Кітап жазғаны дұрыс болды.Әсіресе,папасын қатты жақсы көремін,қызына витаминдер салып қамқорлап жатқаны елжіретеді.Саяхаттауы да бір ерекше Динараның.Мамскийге шықты подкастым дегеннен сразу ютюбты аштым.Махаббат❤❤❤
@АлияКенжешова-е5зАй бұрын
Мен Динараны бірінші рет тыңдадым, өте білімді, жан-жақты екен, маған өз ойын түсіндіруі, жеткізуі ұнады.
@akbotakazhibekova8240Ай бұрын
Кітабын оқыңыз, өте керемет,жана тыныс аласыз
@almakegenbayeva7684Ай бұрын
Ди ханым барлық қазақ қыздары мен келіншектеріне Темірқазық болып, жол көрсетіп жүр ғой. Сахаттау, көкжиегіңді кеңейту - көрсеткен жолдың ең кішкене, болмашы бөлігі. Білім ал, қызмет ет, өз уақытыңды сыйла, бала, отбасы алдындағы жауапкершілікті әдемі орында деп үйретіп келеді. "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер" деген пәлсапаға келеді. Рақмет, Ди ханым!
@qwerty-t1lАй бұрын
Осы подкаст арқылы таныдым кейіпкерді. Өмірі көз алдымнан өткендей болды. Сондай душевный адам екен. Қазіргі күнге жету жолында талай еңбектенгені көрініп тұр. Ер адамы опасыздық жасаса да отбасын сақтап қалған, мықтылық шығар, кез келген адам ондай ерлікке бармайды деп ойлаймын. Осындай батылдығын ер адамы бағалап енді жылатпайды деген ойдамын. Шын бақыт тілеймін, сіз сияқты қацсар, бытыр қыздар көп болсын ❤
@user-ot3ef5ly3mАй бұрын
Керемет сұқбат болды, Динараның сөз саптауы, әйелдік энергиясы керемет екен, менің ой түйгенім: өмірден ләззат алу, бақытты болуды таңдау, балаларға негативті шашпау, әйел болмысын сақтап қалу ал ол менде өшіп бара жатқан еді, мен табыс табам бірақ өзіне қимайтындардың қатарынанмын, құдай қаласа өзгертемін, әйелдік болмысымды ашуға тырысамын❤❤❤
@БалжанМейрбекова-х6лАй бұрын
Динара ханымды осы сұқбатұа шақырғаныңызға көп рахмет.Өте пайдалы десем артық сондай терең ойлы сұқбат болды. Паракшадан оку бір бөлек,осылай жакынырак сұқбаттасу Динара ханымның окырмандарына өте қызықты,керекті болды.Жас болса да,айтары көп. Осы сұқбатты тыңдаған қыз келіншектер өздеріне керекті акыл кенес ала білді деп ойлаймын.Айнұр болсын Динара болсын жалпы қазақтың қыздары акылдары көркіне сай гой,шіркін!!!!!!❤❤❤❤
Сәлеметсіздерме! Рақмет подкаст үшін. Динара ханымға жақсылықтар тілеймін! Ананы қабылдау, құрметтеудің маңызын өте жақсы түсіндірді, женское начало, өз өміріңе жауапкершілік алуды, өзіңді жақсы көріп, құрметтеуді, арман, тілектеріңнен бас тартпауды жақсы жеткізді, көп рақмет ❤
@doramsvideoАй бұрын
Өмірге шексіз ғашық жан - Динара ханыммен саяхаттау бұйырсын!🌀💙
@ElmiraAbzalqyzyАй бұрын
Кітап оқығысы келмейтін адамға өтетін кітап Динараның кітаптары, психологтың керегі жоқ, осы Динараның кітабын оқысаңыздар, екіншісі вообще күшті👍🏻👍🏻👍🏻, шынымен өмірді жақсы жаққа бұратын тұлға десем болады❤ рахмет🫶🏻
@ardakomirjankizi990025 күн бұрын
Әр кезде әртүрлі ой қалдырады... Керемет сөз саптау, ойын ашық жеткізу. Қаншама жеке сырын ашу, әдеттегідей батылдық. Суық сана, жылы жүрек иесі 💜.
@KlaraErgeshАй бұрын
Өзіме қатты ұнайтыны-шынайлығы,тұлға ретінде өзін өзі ұстауы😍 Карантин кезден қараймын,екі кітабын да алып қанша рет қайталап оқығам. Бойжеткен шағымда өзіндік пікір қалыптастыруыма үлесін қосқан Динара ханымның кітабы мен посттары🫶🏻 (ютубта алғаш рет комент жазып тұрмын)
@ГульназаСерикбаева20 күн бұрын
Супер подкаст ооочень полезный, ее каждое слово истина, и все так честно. По настоящему доносит ценность женшины в семье и в жизни общества. Такая мудрая и сильная женщина.
@Bakjan25Ай бұрын
Соңына дейін әйел! Қандай күшті тақырып деп, кітапты іздеп қызығып оқыдым. Өте керемет, қарапайым тілде❤ Момский әңгімені көріп одан да көбірек ой түйдім. Рақмет.
@saltanatnauryzbaiqyzyАй бұрын
Подкасттан түйгенім еш нәрсеге баспен кіріп кетпеу. Ана болу да, жар болу да бәрі өз орнымен. Динара ханым үнемі айтады Балаларым үйімдегі қонағым деп. Бала шабыт болуы мүмкін, бірақ өмірдің мәні емес. Сол үшін өзіңнің қалауларыңды, өзіңе жайлылық сыйлайтын нәрселердің бәрін бірінші орынға қою керек. Подкасттан тағы бір түйгенім барлық нәрсеге салқынқанды болу және асығыс шешім қабылдамау. Әйтпесе көпшілік әйелге Измена деген ең қиын тақырып қой, ал оны өз басыңнан өткізе отырып, балаң үшін кешіру және әрі қарай бір отбасы болып өмір сүруді жалғастыру деген бұл жетістік. Жүргізуші керемет меніңше Динара Болатты жан жақты аша алды әйтпесе көп сұқбаттарда тек саяхат туралы немесе бала тәрбиесі туралы ғана айтылса бұл подкастта ата ана мен бала қарым қатынасы, отбасы, бала, карьера, декреттік кезең, саяхат бәрі қамтылды. Рақмет көп көп ❤❤❤
@Арай-б3фАй бұрын
Динара Болат-менің ең жақсы көретін, сүйсініп тыңдайтын мықты one love блогерім❤️❤️❤️!
@publichealthcare23Ай бұрын
Бақытты адаммен байлама. Мен бар болғаным үшін, өмір сүріп жатқаным үшін бақытты бола алатындай, сезімді сезіне алатындай күй кешуге ниет еттім!🥰
@roza_1984Ай бұрын
Динара ханым сізге көп рахмет🤍 Сұхбат жақсы әсер қалдырды, ой түйдім, сұрақтарға жауап алдым🙏🏻 Аман есен болыңыз! Айнура🌸спасибо вам за таких замечательный героев💫💫💫💫💫
@КымбатДосжановаАй бұрын
😢😢😢 сұхбатты көріп отырып сүйсіндім, жыладым. Өмірімде бірінше рет ютубта коммент жазып отырмын. Динара ханымға шынайы риза болғаным үшін.
@ЭльмираКаримгожина-н5ъАй бұрын
Динара Болатты басқа қырынан таныдым! Көбіне саяхатты жақсы көрген соң қарайтын едім. Өмірлік жолында талай нәрсені көргені және сол қиындықтарды өзінше жеңіл шешіп, жеңіл өмір сүретіні қызықтырды. Адам өмірі алма-кезек, бірақ бастысы өзіңнің рахат алатын кезеңдеріңді сезініп, уақытымен бақытты болып өмір сүру түйгенім😍Әдемі подкаст болды👍
@ТазагульОралбаеваАй бұрын
Жас кыздарга , келиншектерге аиелдерге арналган , мотивация болды ! Кушти тартымды сухбат болды ! Акылы коркине саи билимди ару ! 👍👏💐тазагул апа !
@zhansayabegadil8257Ай бұрын
Динара ханымның қазақша сөз саптауы қандай тамаша! Әңгімесін тыңдай бергің келеді😍 Өзін-өзі ұстауына, өмірге көзқарасына және бірегейлігіне тәнті болдым. Әрбір қазақ қызына Динара ханым секілді бақытты, саналы әрі мәнді өмір кешуді тілеймін!
@ФаризаАлтынтуяковаАй бұрын
Керемет осы подкастты өзіме көруге қимай біреу бөліп жіберетінди😊 онтайлы уақытты күтіп, больницаға емделуге жатқан күні көремін деп сақтап көрдімғой❤ ем алып жатырғаныма қуанып және подкастты көріп екі есе қуаныш сезімі❤ сізді ерекше сыйлайтын әр постыңызды үзбей оқитын оқырманыңыз Фариза😊😘
@АидаАбжанова-д7щАй бұрын
Қазақтың білімді, көзі ашық қыздарының сапалы, пайдалы сұхбаты! Рахмет! P.S. Қыздар, бәріміз бір-бірімізге жанашыр болайықшы, бір-бірімізді көтерейік, қолдайық!!!
@aigulkalybek9259Ай бұрын
Қайырлы күн! Маған Динараның, өмірдің мәні не дегенге айтқан жауабы өте қатты ұнады, менікіне прям дөп түсті ❤ Рақмет ойларыңмен бөліскеніңізге. Кітапта не жазылған екен деген ой енді😊
@Диана-д9ю8дАй бұрын
Динара Болат деген кісіні бірінші коруім.Оте керемет әсер берді маган. Созі тузу,айкын,анык ойын жеткизе билетин жан екен🥰. Инстадан тауып подписка жасап бакылап отыруга турарлыктай жан екен. Соз тараптауы катты унады😍. Момский ангимени откизбей карауга тырысамын. Керегин алып отырамын әр келген конактан🙏🙏🙏❤️
@xiaoshiguang001Ай бұрын
Өте мағыналы, тәрбиесі зор подкаст болды, жаңа замандағы қазақ қыздарының символы болуға әбден лайықтысыз! Қазақ қоғамындағы қаншама қыздарға әділетсіз көз қарасты өзертуге үлкен үлес қосып жатырсыздар деп ойлаймын! Қыздарда осы подкастты көріп оянып, дамып, жарқын болашақ, әдемі өмір сүру өз қолдарында екенін түсініп шабытнуына тілектеспін! Жеке өзіме қатты ұнады, жобаға рақмет, осындай көзді ашатын, жанға демеу беретін шығармаларыңыз көп бола берсін❤
@aliyakaliyeva9287Ай бұрын
Өте мықты сұхбат болды. Динараның 2 кітабын да оқып үлгердім. Өмірге шексіз ғашық кітабын өсіп келе жатқан қызыма деп сақтап қойдым. Астанадан Шымкент қаласына жұмыс бабымен көшіп келдік. Адамдармен танысасың, көрші -қолаң дегендей, сол кезде шаршаған қыздарды көргенде Динара Болаттың кітаптарын алып оқышы, болмаса парақшасына жазылшы деп айтып кетемін. Осы Динараның парақшасына жазылғаннан кейін жай ағаштарды, гүлдерді, тауларды көріп тамсануды сүйсінуді, қарапайым заттан ләззат алуды үйрендім. Әр таңым жұмысқа дейін күнделікті үйдің қасындағы парктегі әдемі гүлдерді көруге барамын. ❤
@raylarabatova8752Ай бұрын
Керемет! Осы түсірілімді ауылды жердегі қыз келіншектер көбірек көрсе екен. Бала тәрбиесі үшін қажет дұрыс ойлар көп! Әсіресе қыз баласын тәрбиелеуге, еркін және білімді етіп тәрбиелеу нақты көрінеді. Алғысым шексіз💐💐💐
@Lauradil_1Ай бұрын
Недеген керемет сұхбат😍Динара Болат дегенде бірден даналық, сұлулық,жылулық,өмірге құштарлық, түрлі- түсті, қанық бояулар, саяхат ойыма келеді. Көп жағдайда елей бермейтін Құдайдың берген нығметтерін көруді, кішкентай нәрседен бақыт құрап алуды,қиындатпай жеңіл, әдемі өмір сүруді үйреніп келемін. Осы жолы қайсар, батыл қырынан таныдым.Шынайы өмір тәжірибесімен, білімімен бөлісіп, қыз-келіншектерге бағыт- бағдар беріп жүрген еңбегіңіз жемісін бере берсін. Отбасыңызда, өзіңізде бақытты, шуақты сәттер көп болып, айтар дүниелеріңіз таусылмай, қаламыңыз ұштала берсін❤❤❤
@МаржанКопбосыноваАй бұрын
Өте керемет ой түйгізетін, қазақша ойын керемет жеткізе алатын, сөз баптауы ерекше бір тұлғаны естіп көргеніме қуанып, сүйсініп отырмын. 😍👍🏼 Бұған дейін Динара ханымды білмеппін, естімеппін. Көптеген айтылған ойлары жүрегіме жетіп, Саяхатқа деген құштарлығым одан әрі ашылып отырмын. Рақмет Сіздерге!
@moldir_bekeyАй бұрын
Өте керемет подкаст болды. Динара Болат, Айнур Ильясова сіздерге Алла разы болсын🤲🏼 Әйел адамдардың дәрежесін, құнын көтеріп, маңызды ақпараттармен, ойларыңызбен бөліскендеріңіз үшін алғыс❤️ Декреттегі ана ретінде түйіп алар ойлар өте көп болды, көптен саяхаттағым келеді, бірақ 1040 сылтау іздеп, ақшамды шашумен болдым, енді жинаймын деп шештім🫶🏻
@guldanasmagulova798Ай бұрын
Осындай тамаша табиғат аясында жүргізілген түсірілімге рахмет🥰 Дауыстарыңызды ести отырып, ар жағындағы табиғатқа тамсанып, ерекше әсерде болдым😍 Әрбір қойылған сұраққа нақты, әрі белгілі бір посылмен жауап берген Динара ханымға да алғысым шексіз❤️ Көрерменге айтары мол, жеткізері орасан, түйсікке әсер етер мол ой түйдірген керемет подкаст болды деп санаймын🥰 Түйгенім: қандай болмасын әрбір өмірлік ситуацияға ересек адам ретінде қарап, жан-жақты қарастырып шешімін шығару. “Тағдырдың жазғаны осы екен” деп қол қусырып отырмай, әрекет ету. Өз өміріңді өз қолына алып, БАҚЫТТЫ СЕЗІНЕ білу
@mehrangizturdieva935Ай бұрын
Сиздерге алгысым шексиз😊 ой өрісім кеңейіп өмір сүру дің әйел болудың қандай болатынын бағытын мақсатын айқын айтып түсіндіргенізге❤❤❤
@АсемАйтжанова-ф5щ27 күн бұрын
Керемет сұхбат болды. Динара,рахмет сізге! Күйеуіммен сөзге келіп, қатты ойға кетіп отыр едім. Өзіме керек көп инсайт алдым.
@Камшат-о3гАй бұрын
Қазақ қоғамына үйретері көп, үйретіп те жүрген нағыз мықты тұлға Динара Болат🌹Биіктік пен тектіліктің символы, қарапайымдылығымен жоғары, ешкімге ұқсамайтындығымен ерекше, шынайылығымен құнды, қазақилығымен көркем💕Қоғам үшін жасап жүрген барлық жақсылықтарыңыз үшін үлкен алғыс! Әрқашан да сізді тыңдау біз үшін қуаныш🙌🏻❤❤❤❤❤
@saidahiuazkenessari7617Ай бұрын
Қандай керемет өте әсерлі сұхбат болды мен үшін, дәл кәзіргі сәтте керек дүниелерді алдым өзіме. Декреттегі анамын үшінші декретімде жолдасым жұмыс бабымен ауылға ауысып, қаладан ауылға көшу, оның үстіне декрет , міне мен мүлде "раскисла"... Кеше кухняда жылап алғам еңкілдеп, сіздің подкастты көріп, өзіме бір жаңа тыныс алғандай, шынымен бәрі бекер емес, енсенді көтер Саида дедім өзіме. Жерлесім екенін біліп, қуанып қалдым, қызынызда менің аттасым екен😊 сондықтан бір психологқа барып келгендей болдым, көп рахмет ❤ БҚО обласы, Сайхын ауылынан Саидадан бір сәлем.
@ShynarMalikovaАй бұрын
Керемет, бүгінгі таңым күшті болды, шүкір. Динара Болатты әр кез инстада көріп қалатыным болмаса, көп бұл кісі жайлы білмейтін едім. Кітаптары жайлы да құрбыларымнан естігенмін. Бұл бір подкастта көптеген инсайттар алдым. Әр әйел - нағыз әйел болуы керек екенін. Айнұр ханым сияқты мен де сол барынша женственная болайыншы деп ниет етіп жүрмін. Ер адаидар туралы айтқагы да қатты ұнады. Ер адам да өз ролін толық атқарса, әйелдер гармонияда болады.❤
@moldirabdrisilova8106Ай бұрын
Өзіме арнайы арнап, керемет өткізген бақытты сәттерімнің бірі болды. Рахмет сізге Динара және Айнұр ханым!
@nazirajamalbekova6986Ай бұрын
керемет сухбат, бала ол бакыт екенин ешким тусинбейди. Баланы осы омирге бейиндетип тарбиелеу керек. Иманды, акылды, билимди урпактарымыз коп болсвн.
@NaziraAbzelbekАй бұрын
Динара ханымды 2019 дан бастап оқимын, екі кітабын да алып оқыдым ❤ өте ерекше жан , сұхбатты көптен асыға күттім😍😍😍
@NurzhauBeisenbekov97Ай бұрын
Түнгі сағат 1 Мен бұл подкастты соңына дейін көрдім. Себебі, тұрмыс қа шыққаннан кейінгі оқиғасы менікімен ұқсас болғанымен қызық. Ортақ көзқарас.
@aiymaibraimova7531Ай бұрын
Динараны жақсы көремін❤Өте керемет сұхбат болды. Айнұр кез келген қонақты аша біледі,сұрақтары да орынды.Сәттілік тілеймін.
@НазеркеНысанбаева-х1щАй бұрын
Мен сүхбатты тыңдап, өзіме көп дүниені түртіп алдым. Негізінде пікірлерінің көбімен келісемін. Өзімнің басымнан өткен де, өтпеген де жағдайлар бар екен, соларды өзімше саралап, санама құйып алдым. Жалпы жақсы әсер алдым. Мен де саяхаттауды, әлемнің кереметтерін көруді өзіме өмірлік миссия ретінде қараймын. Саяхатқа мүмкіндік болмаған кездерде, кез-келген табиғаттың сұлулығынан ләззат алып, өзімді қуантуға тырысамын. Динара Болаттың кітабын алып, оқып көргім келеді.
@ЖазираДжумаева-ц9бАй бұрын
Ең керемет әңгіме,әр әйел затына керекті мағлұмат берді,Қандай керемет әр ситуацияны түсіндіріп айтып отыр.Әрбір адамның басынан өтетін жағдай
@Shokan-y9qАй бұрын
Әрқайсысымыз, бәріміз бақытты болуға лайықты ыз!Осындай қыздарға қарап,өмірімізді күштіі етіп алайық.Әйел бірнәрсе істегісі келсе қоймайды.Жақсы көңіл-куйде отырмын ❤❤❤
@moldirzhaxylykova9180Ай бұрын
Динара ханым❤️, алғысым шексіз Сізге! Осы подкастты быраз қыз-келіншек көріп, ойларына-ой қосатынына сенімдімін! Әдеттегідей керемет шыққан!👏🏼👏🏼👏🏼😍😍😍💐💐💐🥰🥰🥰🥰
@aigerimbekbolatАй бұрын
Студиядан да шығып түсіруге болад екен ғой😊👍🏻👍🏻
@АрайлымКенжебекова-э5жАй бұрын
Қандай керемет подкаст болды,бұндай әсерлі әңгімені естімегелі көп болды!!! Бір деммен неге екенін білмеймін көзім жасқа толып тыңдадым👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼маған күшті мотивация болды
@Botakoz_kairbaevnaАй бұрын
Менің сүйікті Динара әпкем❤ менің дұрыс шешімдерімнің себепкері, Алла разы болсын ❤
@АлмагульЕркин-ю1цАй бұрын
Керемет сұхбат. Мен мүлдем комментарий жазбаушы едім. Динараны да бірінші рет көріп, танып отырмын. Күшті мотивация берді. Денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбекте табыс тілеймін 😘😘😘
@S.Kh_lawАй бұрын
Кей кезде барлық тұрмыстық жағдаяттардың біркелкілігінен жалыға бастағанда, ютубтан осы Мамский әңгімені қосамын. Түрлі тағдырларға қасқиып тұрған әйелдің өмірі. Мәнді, мағыналы, мазмұнды. Әлі де терең сұхбаттар күтемін. Ойландырарлық айтары бар қазақ қыздары көбейсін! Бағдарлама қазақ аудиториясының сүйіктісіне айналсын!
@G_NBАй бұрын
Динара ханым сұлулық пен эстетика символы. 2 кітабы ең сүйікті кітаптарым.
@AigerimBalmuldinaАй бұрын
Бұрын ойлайтын едім неге мен ұл болып келмедім екен деп Себебі бәріне әйел міндетті әйел екінші орында Бәрі әйелге байланысты, қыздарға 40үйден тиым деген Қазір ойласаң тіпті қазір Заманда Әйел мақсат қойса өзін жақсы көрсе тауды да қопарады екен Алла тағала Әйел адамды ерекше жаратқанғо барлық жағынан АЛЛАҒА ШҮКІР ❤❤❤
@ТомиДжордан-ы5у20 күн бұрын
Жылаап қалдым ғой, түсінген адамға көөп дүние айтылды ❤Рақмет
@darikaelterekova3762Ай бұрын
Мен көрген ең жақсы интервюлардың бірі. Айнұр ханым рахмет. Сұқпатты көрген қызық болды👍🏼
@АйжанКамбарбаеваАй бұрын
Динара Болат, керемет,жас қыздар, әйел қауымы осы қызды оқыңыздар
@АкшолпанАбилдаеваАй бұрын
Мамский әңгіме подкастын үнемі көремін.Қызықты,өзіме түртіп алатын дүние өте көп! Динара ханым,сіздің түсіндіруіңіз өте әсерлі,нақты,бүкпесіз, және ақиқат.Сондай бір мардымды подкаст болды. Көп ойымдағы сұрақтарға жауап алдым. Өзін бағалау әр қыз,әйел баласына керек.Нағыз бақыт адамға байланысты емес екені барша нәзік жандыларға түсінікті және мықты білім болды деп сенемін.Еліміздің қыз-келіншектеріне көрсетіп жүрген жолыңыз үшін Алла разы болсын!💐
@ЖумагулАлдиярова-з1щАй бұрын
Мен үлкен аддамммынөзінің өмірге келген күнінен осы кезге дейін жүріп өткен жолында тигені көп парасатты жан өмір өзі сабақ❤❤❤
@nazerkeeskalievaАй бұрын
Оралымның өр тұлғалы қызы. Подкастты көріп отырып, Динара Болатпен бір заманда өмір сүріп жатқаныма тағы да шүкірім артты. Енді бой жетіп қаланып келе жатқанымда іздеген ақыл-кеңесімді, миымдағы көп сұрақтың жауабын салқындылық пен махаббатты тоғыстыра жеткізген ойларыңыздан таптым. Ең алғаш бірінші кітабыңыз қолыма түскенде әр бетін қимай-қимай оқыған едім. Екінші кітабыңызбын де дәл солай. Бір бойына даналықты жинаған жан. Адам ретінде бір бөлек, жазушы ретінде бір бөлек ерекше жақсы көремін. Барлық жағынан (қыз, ана, әйел, дос) үлгісіз.❤️ Тек өміріңіз әдемілікке толы бола беріп жазарыңыз таусылмасын.
@БердигульБактибаеваАй бұрын
Динара сізге үлкен рахмет,менің жүрегімді қынжылтып жүрген сұрақтарға жауап алдым,Аллам разы болсын🤲🤲🤲😘😘😘❤️❤️❤️
@akerkeseydahanova5505Ай бұрын
Динара Болатты әділ , батыл ойлары үшін оқитынмын. “Южанский вариант” деген сөзінен кейін сана деңгейі осылаймаа деген сұрақ туды. Өзім оңтүстіктен емеспін, бірақ оңтүстіктерге қатысты қалыптасқан осындай ойларға қарсымын. Олай ойлайтын адамдарды да
@КУННУРАйтбаева-п3лАй бұрын
Ол стериотипті айтып отыр
@БазаргульМахимоваАй бұрын
Көркіне ақылы сай, ақжарқын келіншек екен. Алла үбірлі шүбірлі болып, қосағымен қоса ағаруды нәсіп етсін. Құптайтын да, қолдамайтын да жерлерім бар. Өмір болғасын солай болуы да керек. Себебі, әркімнің шындығы өзінде.
@ЕсенЖан-л5хАй бұрын
Менің түсінгенім. Өмірдің мәні өмірді өкініш пен өткізбеу. Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Демек сен әлі шын аш болып, қажеттілік болмаған.