ЕҰУ-да Қазақстан мен Қырғызстан ғалымдарының форумы өтті

  Рет қаралды 683

ENU OFFICIAL

ENU OFFICIAL

Ай бұрын

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан мен Қырғызстанның өзекті мәселелерін шешудегі ғылымның даму перспективалары» атты ғалымдар форумы өтті. Оған ғылым және жоғары білім министрліктерінің, ғылым академияларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының жетекші өкілдері мен жас ғалымдар қатысты.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан мен Қырғызстан ғалымдарының форумы екі елдің ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайта түсетінін атап өтті.
«Форумның мақсаты - өңірде ғылым, технология және білім беруді дамытуға, Қазақстан мен Қырғызстанның ғалымдары мен ғылыми институттары арасында білім мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесу, сондай-ақ өзекті ғылыми мәселелер мен бастамаларды белсенді талқылау үшін платформа құру болып табылады. Бүгін өткізілген іс-шара екі ел ғалымдарының бірлескен ғылыми жобалар аясындағы ынтымақтастығын арттыруға, жас ғалымдарға қолдау көрсетуге, олардың ғылыми іс-шаралар мен ғылыми бағдарламаларға қатысуын ынталандыруға, сонымен қатар білім мен ғылымды дамыту үшін екі елдің білім беру мекемелері мен ғылыми институттары арасында серіктестік орнатуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.
Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі қырғыз әріптестеріне Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілгенін және бұл бағытта ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Форумға қырғыз делегациясын Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Догдуркул Кендирбаева басқарып келді.
«Бүгінгі таңда ғылымның шекарасы жоқ және біздің ғалымдар бірлесіп талқылай алатын, шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелерді көтеретін көптеген үйлесімді тақырыптар бар. Биылғы форум екі елдің ғалымдары үшін ғылыми зерттеулермен, сондай-ақ белгілі бір салада жинақталған тәжірибемен бөлісетін бірыңғай платформа құруға мүмкіндік береді», - деді Қырғызстанның Білім және ғылым министрі.
Форумда Қазақстан мен Қырғызстанның академиялық ұтқырлық аясында білім беру саласындағы ынтымақтастығы, ғылыми кадрларды даярлау, технологияларды коммерцияландыру, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастық және тағы басқа да мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағиннің «Y-хромосома полиморфизмінің деректері бойынша қазақтар мен қырғыздар популяциясы арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбындағы баяндамасы форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Алқалы жиында басқа қатысушылардың да баяндамалары тыңдалды.
Форумды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.

Пікірлер: 2
@siya5433
@siya5433 Ай бұрын
Ендігі жыды осы мекемеде білім алуды бұйырса екен🤲🏻
@Arlan3791
@Arlan3791 Ай бұрын
Қандай ғалым ештеңе ойлап тапқан біреуі де жоқ, әншейін ғалым деген аты бар болды.
Ақорда | Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары
13:54
Белсенді Байболат Күнболатұлы АҚШ-қа көшіп кетті
8:03
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 2,2 М.
Универ. 13 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:07:11
Комедии 2023
Рет қаралды 693 М.
Pray For Palestine 😢🇵🇸|
00:23
Ak Ultra
Рет қаралды 36 МЛН
$10,000 Every Day You Survive In The Wilderness
26:44
MrBeast
Рет қаралды 102 МЛН
UFC 302 : Махачев VS Порье
02:54
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 1,3 МЛН
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 258 БӨЛІМ! 08.06.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 22 М.
2023 - ENU үшін табысты жылға айналды
4:45
В ОРЕНБУРГСКУЮ ОБЛАСТЬ ПРИБЫЛ ГУМАНИТАРНЫЙ ГРУЗ ИЗ РЕСПУБЛИКИ КЫРГЫЗСТАН
1:43
Оренбургское региональное телевидение
Рет қаралды 112 М.
Reaching higher with ENU!
2:49
ENU OFFICIAL
Рет қаралды 1,1 М.
Кыргыз Республикасынын Президентинин Администрациясынын коллегиясынын жыйыны
2:30:34
Министрлер Кабинети / Кабинет Министров
Рет қаралды 13 М.
Универ. 13 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:07:11
Комедии 2023
Рет қаралды 693 М.