ЕКІ ЖАСАР ҚЫЗЫНЫҢ БОЙЫНДАЙ КЕЛІНШЕК

  Рет қаралды 2,490

ДЫБЫСТЫ КІТАП

ДЫБЫСТЫ КІТАП

Ай бұрын

Авторы: Раушан Төленқызы
Маған бұл оқиғаны 1983 жылы жазда талдықорғандық құрбым Жанат Салқынбаева баяндаған-ды. Бәлкім, бұл әңгімеден сіз де құлағдар шығарсыз. Осы материал­ды газетке дайындау барысында, яғни кешелі-бүгінгі бір-екі аптаның көлемінде менің қолқанаттарым, бауырларымның мектеп жасындағы балалары, олар да бұны Тараздан естіп келгендігін айтып, бірін-бірі жарыса мақұлдады. Жанат оқиға кейіпкерлерінің есімдері жадынан шығып қалғанын айтқан.
Өткен ғасырдың орта шенінде Мәс­кеудегі Медицина институтын тамам­даған ерлі-зайыпты екі жас елге оралады. Туған жеріне келіп, шипагерлік қызметтеріне кірісті. Қазақы ортада өскен жігіт ел ішіндегі әдеп-салтқа, жөн-жоралғыға жетік. Орыс қолды келіншек Мәскеуде оқығанын мақтан көре ме, әлде бары сол ма, ұлттық менталитеттен алшақтау...
Күндердің-күнінде күйеуі түс көреді. Құмдауыт, шөлдала екен дейді. Аспан айналып, жерге түскендей аптап. Дала қапырық. Ыстық ауа бетіңді шарпиды, ыстық құм табанын қариды. Шетсіз-шексіз айдалада күнге қарылып жалғыз өзі келе жатқанында тү-у-у алыста-ан сыңғыр-сыңғыр еткен қоңырау даусы естіліп, бара-бара сол үн жақындай түсті. Бір кездері қияннан кіре тартқан аттылы, түйелі керуен тізбегі көзге шалынды. Құмды өлкеде бір өзім деп ойлаған жігіт таңырқап, күнге қақталса да, өзіне қарай бет алып келе жатқан керуеннің жолын тоспаққа бекінді. Шұбатылған кірешілер айқындалып, жақындай түсті. Аңдаса, керуеннің ең алдында, сәлденің астына екі ұшы өңіріне түскен орамал салған, көзі үлкен, қоңқақ мұрынды, қаба сақал, қараторы қария түйе мініп, теңселіп келе жатыр екен дейді. Тұрған орнында қалшиып қатып қалған бұның жанына жете бере, керуенді іркіп, түйені шөктіреді. Өзі түйеден түсіп, мұның қасына келді де: «Балам, тізеңді бүк» деп малдас құрып жанына отырғызады. «Балам, әйеліңнің құрсағында төрт айлық бала бар. Қыз бала. Атын Таңшолпан деп қой. Жиырма жылдан кейін келемін» деді де, орнынан тұрып, түйесіне мініп керуенді қайта жолға салады...
Осы кезде өзі де оянып кетеді. Түн қараңғысында әлгі әзірде ғана көрген түсінен арыла алмай көп отырыпты. Таң атқан соң келіншегіне: «біздің қызымыз болады екен. Түс күрдім. Түсімде құм ішінде бір қария маған қызыңның атын Таңшолпан қой» деді. Оған келіншегі сенбеді ме, әлде, кім біледі: «да ну, тебе!.. Какое-то калбицкое имя... Таңшолпан...» депті күйеуін кекетіп. Жігіт қанша уәж айтқанымен, ол атты қызыма қоймаймын деп қарсы келумен болыпты. Бояу-бедері ап-анық сол күнгі түс жігіттің жадынан еш кетпей қойған. Тоғыз ай толғанша ол да бұл да айтқанынан қайтпады. Айы-күні жетіп, дүниеге қыз бала келді. Әкесі шақалаққа түсінде аян берген атты қоймаққа бекінді. Алайда, қырсық келіншек алған бетінен ол да қайтпады. «Сол есімді қатты қаласаң, онда қызыма Венера деп ат қоямын. Бәрібір емес пе, орысша - Венера, қазақша - Шолпан. Мағынасы бір. Таңшолпанның қажеті жоқ» деді. Текетірестің соңы «Таңын», бөліп алып, бөпенің атын Шолпан деп шолақ қайырды.

Пікірлер: 8
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
Құрметті тыңдарман! Менің арнама тіркеліп, пікір қалдырып, ұнаса лүпіл баса отырыңыздар! Алдағы уақытта сіздерге ұнайтын әңгімелер мен ғибратты әңгімелерді менің арнамнан ести аласыздар! Сіздерге рақмет!
@user-tw3ev7si8v
@user-tw3ev7si8v 23 күн бұрын
Рақмет
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 10 күн бұрын
Сізгеде рақмет!💐
@SameNurZhanggfffffffxddddddmmm
@SameNurZhanggfffffffxddddddmmm Ай бұрын
Мағынасы мол екен ❤❤
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
рақмет💐
@user-vp4kk1jl5v
@user-vp4kk1jl5v Ай бұрын
Жалғасы жоқ ба?
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
жоқ, түс Алланың аяны бекер орындамадың деумен аяқталады.
@user-vp4kk1jl5v
@user-vp4kk1jl5v Ай бұрын
@@GazizaAltynbai-ev2ws ия түс, аян деген болатынын естігенбіз. Сол орысша тәрбиенің кесірі. Сонда да орысша сөилеуге құмар сорлы халық болдық. Каналыңыз дами берсін
蜘蛛侠这操作也太坏了吧#蜘蛛侠#超人#超凡蜘蛛
00:47
超凡蜘蛛
Рет қаралды 23 МЛН
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 73 МЛН
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 79 МЛН
ҚЫТАЙ БОЛЫП ӨЛГЕН ҚАРИЯ
4:54
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 87 М.
ӘКЕМЕ АЙТЫП ҚОЙМАҢЫЗ. ӨТЕ ӘСЕРЛІ ОҚИҒА
2:34
ӨМІР КЕРЕМЕТ
Рет қаралды 5 М.
"У постели"  Ги де Мопассан   аудиокнига
19:35
Забытые рассказы классиков
Рет қаралды 789