Африкалықтан бала тапқан қазақ әйелі /Серік Шайман/әңгіме

  Рет қаралды 318

ДЫБЫСТЫ КІТАП

ДЫБЫСТЫ КІТАП

23 күн бұрын

Қосарай қаласының тап ортасындағы әкімдік үйінің алдында, тәу заманнан бері қала халқы дем алатын көлемді саябақ бар. Мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің үшінші күні әдемі бір әйел үш-төрт жастар шамасындағы баласын жетелеп, осы саябаққа кіре берді. Демалыс күн болғандықтан ба, адам көп екен. Отырар орынның біразы бос емес. Серуендеп сейіл құрып жүргендер де жетіп артылғандай. Баққа кіре бере әйел тусыртындағы тоғыз қабат ғимаратқа жаутаң-жаутаң етіп бір екі рет қарады. Көкірегінде бәрі сайрап тұр. Қай жылы, қай қабатта отырғаны, басшыларының мінез-құлқы, жұмыс әдістері бәрі-бәрі есінде.
- Виталий Сергейұлы деп аталатын басшысы төңірегіне көрікті әйелдерді жинағыш еді. Құдды бір гарем сияқты. Өзі келбетті, әрі шет тілінің маманы болғандықтан бұл да элита ортасына жастайынан тап болды. АҚШ-тан бір делегация келгенде аудармашылығымен бірден көзге түсті де әкімдік мұны мектептен жұлып алып өз қатарына қосты. Әуелі жұмысты офис-менеджерден бастады. Әйтсе де көбіне іскерлік кездесулерде жүретін. Тіпті аудармашы болмағанның өзінде қонақасыларда қызмет көрсетеді. Басты себеп - келбеттілігі, тез тіл табыса алатын сергектігі тағысын тағылар. Ресми аты-жөні Сағила Беймұратқызы. Қатарластары оны еркелетіп "Сакуша" дейді.
Сол Сакуша баласын жетелеп әрі-бері жүрді де бақтың түпкі жағындағы жалғыз әйел отырған бір бос орынға жайғасты. Анау әйел екеуі ауыздары жыбырлап амандасқандай болды. Әйел жетпісті алқымдап қалған, екі жағы суалып, бетін әжім басқан кексе кісі екен. Екі көзі жаутандап, бұған бір, баласына бір қараумен болды. Бұл қарастың мәнін Сакуша бірден түсінді. Бала өзгеше, шашы бұйра-бұйра, өзі көмірдей қап-қара. Тура сойып қаптап қойған африкалық. Тілі қазақша ана-мынаны сұрап тақылдап тұр. Кексе әйел: "Алда құдай-ай, мына бейшараның қызы ойнақтап жүріп от басқан болды ғой, немересі болуы керек. Анау қара халықтан тапқан шығар" деп ойлады. Сакуша сыр берген жоқ, үндемей отыра берді. Кексе әйелдің шыдамы таусылды.

Пікірлер: 2
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 21 күн бұрын
Құрметті тыңдарман! Менің арнама тіркеліп, пікір қалдырып, ұнаса лүпіл баса отырыңыздар! Алдағы уақытта сіздерге ұнайтын әңгімелер мен ғибратты әңгімелерді менің арнамнан ести аласыздар! Сіздерге рақмет!
@user-ck5cr9un6s
@user-ck5cr9un6s 21 күн бұрын
Құдай сақтасын 😮
Uma Ki Super Power To Dekho 😂
00:15
Uma Bai
Рет қаралды 46 МЛН
Balloon Pop Racing Is INTENSE!!!
01:00
A4
Рет қаралды 16 МЛН
Stupid man 👨😂
00:20
Nadir Show
Рет қаралды 28 МЛН
ТОРҒЫН ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ "ЕЛЕС" #аудиоәңгіме
7:51
ДЫБЫСТЫ КІТАП
Рет қаралды 380
ҚАУЫШУ /КАУЫШУ Мақсат Рсалин 1-БӨЛІМ
18:26
ДЫБЫСТЫ КІТАП
Рет қаралды 356
Ажын деген кім? Қазақ білуге тиіс
6:22
Nurmakhanov Nurkhan
Рет қаралды 72 М.