Шашылып қалған адам денесін жинадық | Жаңа министр жаңа тәртіп әкеле береді | ЕҢБЕК АДАМЫ #16

  Рет қаралды 14,418

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Қайрат ТІЛЕУ - фельдшер.
2019-шы жылы дүниенінің дидары өзгерді. Ақша, байлық, мәнсап мұның барлығы адам үшін екінші, үшінші кезектегі қажеттіліктер екенін ұқтық. Біз өлерменсіп ұмтылып жүрген, біз қомағайлана, дүниеқоңыздыққа салып жүрген іс-әрекеттеріміздің бәрі бекер екен түсіндік. Құндылықтар өзгерді. Бай мен кедейдің мүмкіндігі таразы басында теңесті. Асып-тасқандар да, шалыс басқандар да тәубеге келді. Біз, жаһанның өкпесін қысып, деміктірген дерт коронавирус туралы айтып отырмыз. Әлемде 800 млнға жуық адам індеттің ілмегіне ілініп, өкінішке қарай 7 млннан астамы көз жұмды. Жер шарын үрей билеп, түшкіргеннен қорқатын заман болды. Коронавирус әлі де көше кезіп, салғырттықтың ізін шолып жүргенін ұмытпайық. Хош, сол дерт дендеген уақытта біз денсаулықтың, емін-еркін жүрудің, бастысы дәрігердің қадірін түсіндік. Медицина қызметкерлері күн-түн демей, әр науқастың жаны үшін күресті. Әлі де солай. Оның үстіне қазір тұтас елде қызылша белең алып тұр. Осындайда, сол ақ халатты абзал жандарға төзім тілеп, алғыс айтқы- ақ келеді. Бұл жоба еңбек адамдары туралы болғандықтан, бір санын дәрігерге арнамасақ қателік болар еді. Нағыз еңбектің адамы солар. Ендеше, бүгін біз фельдшер - Қайрат Тілеумен танысамыз.
Бүкіл Қазақстан бойынша 9 мыңға жуық түрлі бейіндегі медицина қызметкерлері жетіспейді. Дәрігерлердің тапшылығы сәл жоғары - 4,5 мың маман. Бұл дегеніңіз, тұтас бір өңірдің кадрлары. Мысалға, Шыңыс Қазақстан облысында бас аяғы төрт мың медицина қызметкері бар. Жыл сайын елімізде бес,алты мың жас маман даярланып шығады. Бірақ, оның бәрі бірдей сол салада еңбек ете бермейді. Әсіресе, ауылды жерге баратындар кемде кем. Сондықтан, барынша қолдау көрсетудің тетіктері жетілдіріліп жатыр. Мысалға, ауылға жұмыс істеуге барған жас дәрігер бірінші айында жеті миллион теңге алады. Аз ақша емес. Ең бастысы сол жастар ауылға ақша емес, тәжірибе жинаймын деп барып, шалғайдағы ағайынның алғысын алса игі.
Өткенде әлеуметтік желіде шу шықты. Есітіп, көрген боларсыз. Еңгезердей бір жігіт жедел жәрдем қызметкерін жолды бөгегені үшін соққыға алған. Бұл оқиға ел арасында қызу талқыланып, көпшілік бұзақыны айыптады. Нәтижесінде, біраз уақыт бой тасалап, қашпақ болған қылмыскер ұсталды. Тиісті жазасын алар. Тап осы жағдайда тұтас елдің бей-жай қалмай, медицина қызметкеріне араша түскені өзімді қуантты. Халық осы бір оқиға арқылы медицина қызметкерлерінің жұмысына құрмет танытып, алғысын білдіргендей көрінді. Расында да, біз кейде сын сойылымен сабап, қызметіне көңіліміз толмай, ауыр сөздер де айтып жатамыз. Әлбетте, басы аурып, балтыры сыздаған адам ашуға булығады. Оның үстіне, дәрігердің бәрі бірдей судан таза, сүттен ақ емес екенін мойындау керек. Бірақ, анығы сол біз ақ халатты жандарға барынша құрмет таныту керекпіз. Себебі, олар біздің басты байлығымыздың сақталуына септесіп, ауырғанда жанымызға араша түсетін адамдар. Мысалға, журналисттің көңіл күйі болмаса, материалы нашар шығуы мүмкін. Бухгалтердің өзі есеп-қисаптан сүрініп жатады. Тағысын тағы мамандықтарда қателік жасап, оны қайта түзеуге болады. Алайда, дәрігердің қателесуге хақы жоқ. Өйткені, оның бір қателігінің артында бір адамның өмірі жатыр. Бүгінгі кейіпкер Қайрат Тілеу сияқты дәрігер азаматтардың қайраты таусылмай, ел үшін еткен еңбегі жемісті бола берсін дегеміз келеді. Сау болыңыздар!
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 59
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli
Көріңіздер, нағыз батырлар туралы фильмді таратыңыздар!
@user-pg3kr7wc5b
@user-pg3kr7wc5b
Кудай ай кормегендв кореды екенсындер алла сендерге куш куат берсвн торлерыннен жаксылык кана орын алсын
@user-qq9bn6et8r
@user-qq9bn6et8r
Сіздерге алғысымы шексіз бірінші көмек қолдарынан келгнше көмегін аямай бергеніне
@gulyatattibaeva339
@gulyatattibaeva339
Нартай мырза халық қамын ойлағаныңыз үшін көп рақмет.
@user-yo2vl4nv1d
@user-yo2vl4nv1d
Рахмет еңбектің рахатын көріңдер ақ халатты абзал жандар рахметтен басқа айтарым жоқ
@gulyatattibaeva339
@gulyatattibaeva339
Ақ халатты абзал жандар еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
@rzali5787
@rzali5787
Рахмет айтудан басқа ештене айталмадым! Аллах разы болсын сіздерге 🤲🇰🇿
@user-pw1bj6us3o
@user-pw1bj6us3o
Алла жар болсын аман болсын балдарым
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e
Дірігердердің еңбегі нағыз еңбек
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-yf5mq4wh3g
@user-yf5mq4wh3g
Ак халатты абзал жандарга Мын алгыс. Алла разы болсын 😘😘
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub
Еңбегің жана берсін Нартай
@zhanar.kaparova
@zhanar.kaparova
Аман жүрсін ақ халатты абзал жандар🤲🏻
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n
Жедел жәрдем өте ауыр еңбек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n
Жарайсыңдар мамандар
@user-pf2te7lo7m
@user-pf2te7lo7m
Дәрігерлерді қолдау керек, жалақысын өсіру керек ғой!, оларға психиологиялық қысым көрсетпеу керек! Ұжымда: береке бірлік, көреалмаушылық болмау керек!
@DEPARTAMENT.RK.04
@DEPARTAMENT.RK.04
Бауырым Алар белесің әлі алда✊️,Біз сенімен мақтанамыз🖤
@user-jv7rj6fl6e
@user-jv7rj6fl6e
Жұмыста табысты болыңыздар. Еңбектеріңіз еленіп, бағалана берсін. Сіздермен кезінде қызметте болғаным үшін мақтанамын❤
@user-xf6yp2pn4r
@user-xf6yp2pn4r
Нартай жаным,айлыгын осиру керек ат салысу керек.
@user-cd7qz6ct7x
@user-cd7qz6ct7x
Жарайсыңдар халықпен ризашылығын алып жүре беріңдер
Мереке құтты болсын,жігіттер!
25:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 174 М.
SMART GADGET FOR COOL PARENTS ☔️
00:30
123 GO! HOUSE
Рет қаралды 22 МЛН
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 6 МЛН
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН
08 мамыр 2024 жыл - 09:00 жаңалықтар топтамасы
12:47
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,5 М.
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 23 М.
АҚЖАН
22:42
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 73 М.
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 227 М.