Халық жейтін кәмпиттің қандай қорқынышты құпиясы бар? | Мұрыннан қан кетті | ЕҢБЕК АДАМЫ #40

  Рет қаралды 18,209

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

23 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: АҚТОЛҚЫН МІНАЙДАРҚЫЗЫ -кондитер.
Сіз шекара асып сапарлаған кезде шетелдіктерге қандай кәде сый апарасыз? Мен мысалға, таныс та, бейтаныс адамдардың бәріне Қазақстанның брендіне айналған мынау шоколодты беремін. Туымыз бейнеленген, дәмі де тіл үйіреді. Әлі күнге дейін тап осы шоколадтқа қатысты теріс пікір естімеппін. Бұл расында да біздің брендке айналды. Маркетингтің тағы бір тәсілі болды. Хош, айтпағым елімізде тап осы школоад ғана емес, жалпы кондитерлік өнімнің қуаты жоғары. Мысалға, Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі былтыр 11,3 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарасақ, былтыр импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы 52,8 пайызға жеткен. Өткен жылы барлығы 100 мың тоннаға жуық өнім шығарылған екен. Соның тең жартысына жуығы экспорттың еншісінде. Жалпы, бізде алып кондитерлік фабрикалар бар. Солардың бірі -Қостанайдағы Баян Сұлу. Сол жерде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Ақтолқын Мінайдарқызы бүгінгі кейіпкеріміз. Еңбегінің дәмі татты технологтардың жұмысы жайлы біле отырайық.
Немістің қаламгері Готхольд Лессингтің бір керемет сөзі бар. Мақсаты айқын және сол мақсатына жету жолында баяу болса да үздіксіз қадамдар жасайтын адам, әр нәрсенің басын бір шалып, мақсатынан жаңыла беретін пысықтан бұрын жетістікке жетеді»,-дейді. Ұлы адамдар бірдей ойлайды. Тап осы тұжырымды біздің, һәкім Абай «ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес заяға»,-деп керемет түйіндеген. Бүгінгі кейіпкеріміз де сол ұстанымның ұтымды екенін дәлелдеп отыр. Ол әуелі қарапайым жұмысшы ретін фабрикаға кіріп, кейін сол фабриканың мұрындық болуымен білім алып, тәжірибе толықтырып, қазір білдей бір технолог маманына айналды. Егер адам шын қаласа, кез келген мамандықты меңгеріп, игеріп кетуге қауқарлы. Тек, құнт-құлшыныс болса жетерлік. Еселі еңбек жемісін бермек деген осы.
Кейіпкеріміз әке арманын орындады. Балаларым білім алсын, белгілі бір мамандық иесі болсын, кәсібінде жетістікке жетсін деген әкенің аманаты жүзеге асты. Ақтолқын кондитерлік өндірісте өзіндік жолы бар білікті маманға айналды. Осындай өз жұмысын, мамандығын шын сүйген адамдар қызметте де, өмірде де талай асуды бағындырмақ. Сондытан, анау жұмыста жалақы аз, мынау жұмыс ауыр, басқасында қызметтік перспектива жоқ деп налып, сылтаудан өз жолына бөгет сылайтын жастар бүгінгі кейіпкеріміз ьсияқты нағыз еңбек адамдарын көріп, үлгі алса дейміз.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 103
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 22 күн бұрын
Көріңіз! Таратыңыз! Қарапайым еңбек адамдарын қолдайық!
@shashak.5838
@shashak.5838 17 күн бұрын
Әншісымақтарды марапаттағанша,осындай еңбек адамдарының еңбегін бағалау керек,баян-сұлу фабрикасы талай қиындықтан өлмей келе жатқан фабрика
@user-ve5qp4kb1f
@user-ve5qp4kb1f 8 күн бұрын
Еңбектері жемісті болсын. кәмпит і балалар жейді.үлкейгесін аз жейді.
@user-py5nf6ti3t
@user-py5nf6ti3t 18 күн бұрын
Отандық өнеркәсіптің өркендеуіне еңбек етіп жатқан, сіздерге рахмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 22 күн бұрын
Тәтті кәмпит қазақстан тәттісі сыйлыққа көп апарамыз
@user-lh7iy2zm2l
@user-lh7iy2zm2l 15 күн бұрын
Рахат фабрикасынан. Баян сулудың конфеттері дәмді, еңбектерің жансын, рақмет сіздерге
@user-ss7go9xr8t
@user-ss7go9xr8t 18 күн бұрын
Тамаша. Еңбегінің Жемісін Көре Берсін. ӘМИИН. 😍😍😍😍😍❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️👍👍👍👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Жұмыс жоқ дегендерге айтар еді міне қанша таза еңбек адамының өмірімен таныстық осы фильмдердің арқасында
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 22 күн бұрын
Жарайсыңдар тәтті өндірушілер
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Ұрпақтар тәтті жақсы көреді сондықтан отандық өнімнің орны бөлек
@shashak.5838
@shashak.5838 17 күн бұрын
Молодец,біздің қазақтың қызы,еңбегі жансын!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Жарайсыңдар өз еңбегін бағалай білген жандар
@user-pn4fj4wi1d
@user-pn4fj4wi1d 16 күн бұрын
Рахмет Нартай аман болыңыз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Еліміз аман жұртымыз тыныш болып өміріміз де осы тәтілердей тәтті болсын
@user-hg5fv9is7g
@user-hg5fv9is7g 19 күн бұрын
жесең де өлесің ,жемесең де өлесің ,әр нәрсені орнымен - аз -аздан шамалап жеу керек та.
@user-mc6xn5zl4h
@user-mc6xn5zl4h 18 күн бұрын
Баянсулу п=во Кустанай очень вкусные конфеты,огромный ассортимент и все натуральные,особенно гриляж,каракум и красный мак,лимонный мармелад.Здоровья и счастья вам,всему коллективу кондитерской фабрики,спасибо генеральному за подбор таких кадров❤ уважением с гор Байконура❤❤❤❤
@user-om3sw5mx2x
@user-om3sw5mx2x 21 күн бұрын
Нартайдай азаматтарымыз көп болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Зейнетке шыққанша осы жерде болудың өзі мықтылық
@user-jh8bs7ir7v
@user-jh8bs7ir7v 15 күн бұрын
Алматы кондитер фабрикасы Рахат, кәрістер келгеннен бері ПАЛЬМА МАЙЫН қолданады - печенье, вафли, шоколад. Ол май ағзаға өте зиян.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 22 күн бұрын
Жұмысына өте жауапты жан аман жүр
@user-cp1om7nx1w
@user-cp1om7nx1w 20 күн бұрын
Нартай қаралым арттыру үшін тақырыбын өзгертуді қою керек!
@FF_QZR
@FF_QZR 19 күн бұрын
Соны айтам коркынышты неси бар
@user-fj6mc2mn2l
@user-fj6mc2mn2l 17 күн бұрын
Соны мен де тақырыбын оқып ойланып отырсам😂дымыда жоқ
@user-qf1ef7di5f
@user-qf1ef7di5f 17 күн бұрын
Жарайсыңдар кабинеттің аттары қазақ тілінде жазылған,өзі Қазақ тіліне құрмет беріп отыр директор, Ақтолқын ханым Мықтысыз❤
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі міне біздің елде осындай саланың да қызығы менқиындығын көрсетіп үлгірді
@user-kr1us4ff7u
@user-kr1us4ff7u 22 күн бұрын
Құдай қаласа 33тегы балаңыз үйге жақсы,мейірімды келін әкелсын!🙏🙂Менің де балам 31 де әлы үйленбеген.
@user-sr2vs5vh5h
@user-sr2vs5vh5h 21 күн бұрын
Менің де ұлым 33-те, әлі келін түсіргем жоқ. Қазір ұлдардың бір талайы үйленгенді қойды ал қыздарымыз да кәрі қыз атана бастады.
@user-pk7eh3ne8v
@user-pk7eh3ne8v 19 күн бұрын
Меніңде ұлым үйленбеді,бәріңді түсінемін.бағы ашылсын балдарымыздың
@user-bc5ic1es8i
@user-bc5ic1es8i 18 күн бұрын
Машааллаһ балаларыңыз орнын тауыптыгои енди одан артык не керек ,шукірлі болыңыз !!! Тек енди үйленсе , бакытты болсын !!!
@user-sr2vs5vh5h
@user-sr2vs5vh5h 17 күн бұрын
Әмин, айтқаныңыз келсін🤲
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 22 күн бұрын
Керемет👍👏
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 22 күн бұрын
Баян сұлу орталығы өте тамаша
@user-uj5ij6sl2r
@user-uj5ij6sl2r 21 күн бұрын
Әйелдер жүрген жерлерінде Ұрыспай тұрмайды. Бастары піспейді.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Қазақстанда ештеңе жоқ демей міне қаншама жұмыс орны бар еңбектенейік
@user-eh6sz2qs3t
@user-eh6sz2qs3t 21 күн бұрын
Сіздердің конфеттеріңіз жақсы сіздерге денсаулық жақсылық болсын.
@wrest_joldasbaev_2481
@wrest_joldasbaev_2481 17 күн бұрын
Рахмет сиздерге бауырлар Казакстан канфетиндей канфет жок хеш бир елде Каракалпак халкы суйип жийдигой канфеттеринди Аман болыныз
@almagulzhunisbekov5656
@almagulzhunisbekov5656 17 күн бұрын
Тәттілер болғаны жақсы Көп емес аз аз жеп тұрамыз Тойларымыз канфетсіз өтпейт
@user-or4fw4dz9c
@user-or4fw4dz9c 21 күн бұрын
Ел болды деген осы.жаксы , ,сөз..жаксы мінез..одан артық не керек..тусинген адамға.жумыстарын ілгері басын.бұ да бір Алланын қалауымен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Еңбектерің еленсін таза еңбек адамдары
@user-xc4be7sj5j
@user-xc4be7sj5j 22 күн бұрын
Кәмпиттің зианы былай тұрсың,оның бағасы айтсай еттенле қымбат айсайын қымбаттады ещё.
@user-jo6rg7wt8h
@user-jo6rg7wt8h 22 күн бұрын
Мен кәмпит жемеймін. Барлығыңа жемеуге кеңес беремін.
@user-uh7vw5bd8j
@user-uh7vw5bd8j 17 күн бұрын
Неге?
@user-fj6mc2mn2l
@user-fj6mc2mn2l 17 күн бұрын
Оның да пайдасы бар организм ге. Организм жеген тамақтан керек нәрсені сіңіріп, керек емес нәрселерді дәретпен шығарып тастайды ғой
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 22 күн бұрын
Кәмпит жейтіндер бар арамыз да
@user-og9fn3xu5o
@user-og9fn3xu5o 21 күн бұрын
Совет одағы кезінде Ақтөбедегі кондитер фабрикасы номері 1ші болды десем өтірік болмас деп ойлаймын.Кондитер фабрикасының шығарған әрбір өнімі сұранысқа мықты болды.Сүтті кәмпиттері,гриляж кәмпиттері,печеньелері өте дәмді еді
@user-qq3zz7xh4h
@user-qq3zz7xh4h 21 күн бұрын
Ссср орыстың окупациясы құрсын басқыншылар комунисттер
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 22 күн бұрын
👏👏👏👏
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 22 күн бұрын
🙌🙌🙌🙌
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 22 күн бұрын
👍👍👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Ұрпақ тәрбиесі деген өз өмірің жүріс тұрысың адалдығың сыйластығың өз болмысыңмен үлгі болу
@user-gh3xx5jv3w
@user-gh3xx5jv3w 17 күн бұрын
Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер нағыз адал еңбек тіке тұрып
@user-ko5hy8jj5g
@user-ko5hy8jj5g 21 күн бұрын
Түк тұсінбедім , қандай зияны бар?
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 22 күн бұрын
👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Ұйымшылдық болса қай жұмыстың дақиынды ғы да болады
@user-hu7ep9ez2y
@user-hu7ep9ez2y 18 күн бұрын
Казiр Рахат өнімі де нашарлап кеттi
@azatzhumagul4576
@azatzhumagul4576 21 күн бұрын
Баян сұлу кәмпиттерін жемеймін. Рахаттың кәмпитіне жетпейді.
@user-wp2qo3fl1z
@user-wp2qo3fl1z 21 күн бұрын
Не істесендерде арам қосымша, дәм өзгертетін химия салмаңдаршы. Добавки вкусовые уже химия.
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 22 күн бұрын
🔥🔥🔥
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 21 күн бұрын
Біздің елде еңбек етем деген жандарға бәрі бар
@galya9396
@galya9396 18 күн бұрын
Бизде бәри болса,жастар неге жумыссыз жүр.Базар көп,сол жумыс,басқа катырып жаткан еш завод , фабрика жок.
@user-zx1ys5uc3c
@user-zx1ys5uc3c 17 күн бұрын
Мен кәмпит жемеймін ,балаларымада бермеймін
@user-qf1ef7di5f
@user-qf1ef7di5f 16 күн бұрын
Шының айтам,өзім магнумнан артек шоколадный фавлиді алам ,қатты ұнайды,буратина,шалунья,ласточка,буравестник,гүлдер,осыларды алып тұрам әрдайым,Баян сулудың тоқаштарын алып тұрам,сапасы жақсы ❤❤
@seken_kaldybay
@seken_kaldybay 22 күн бұрын
Кәмпит
@user-yx7jj2mc7j
@user-yx7jj2mc7j 18 күн бұрын
Енбектерынызалгабасынжемыстыболсынсыздергеулкенрахмет❤❤❤❤❤
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z 19 күн бұрын
Баян сұлу деген осы жерме. Түсінікті
@user-bd8dr2gr9e
@user-bd8dr2gr9e 18 күн бұрын
Бул жерде жумыс жасаитын адамдар татты жемеитын шыгар
@user-ou2wv8qi2c
@user-ou2wv8qi2c 17 күн бұрын
Баян Сулу - Маган вообще онамайды кампиттер, сапасы жаман
@user-lk7vj9to6b
@user-lk7vj9to6b 17 күн бұрын
Мен де кәмпит жемеймін. Тәтті жесем тамағыма жақпацды
@user-rj6pw5hu5z
@user-rj6pw5hu5z 13 күн бұрын
Шаршама, тоқтама. Өмірде қимылдаған ұтады. Әсіресе денсаулыққа паидалы.
@user-ot3xv3vo9x
@user-ot3xv3vo9x 18 күн бұрын
Андасанда жеймін бір екі кампит, бурын кунде кәмпит алатынмыз, қазыр алмаймыз, торт дегенді мүлде алмаймыз.
@user-bb6fc5rg8c
@user-bb6fc5rg8c 17 күн бұрын
Нартай баланы сыйлаушы едім😮.Мынасы несі? Кімнің рекламасын жүргізіп тұр?
@user-sg2uj5hp4l
@user-sg2uj5hp4l 19 күн бұрын
Балаларға жақсы кәмпит, ал енді киім тігетін фабрикасы болса тіпті күшті болар ,осы жағдайды көтерсе
@user-ow9zx1qt4u
@user-ow9zx1qt4u 18 күн бұрын
Конфеты 🍬🍬🍬🍬🍬❤
@user-ot3xv3vo9x
@user-ot3xv3vo9x 18 күн бұрын
Дукенде бір рет шоколад кәмпитті 1 кг алып, тістегенде қурт шыға келді.Содан бері алмаймыз, кәмпит көрсем болды, қусқым келеді, талай қурт жеген шығармыз, жегенде қарамайсын қой кәмпит ішіне, сол күні неге қарағанымды білмеймін
@VivoVivo-qr8cu
@VivoVivo-qr8cu 17 күн бұрын
Неге тақырып қорқынышты. Ештеңе жоқ қой. Жұмысы туралы айтып жатыр Әрекеттеріңіздің берекетін көріңіз.
@user-pk7eh3ne8v
@user-pk7eh3ne8v 19 күн бұрын
Қатты қорқынышты екен темасындағыдай,түнімен ұйқтай алмадым
@user-yd5mo5vi8y
@user-yd5mo5vi8y 18 күн бұрын
Басты кейипкер сондай жаксы жаным сол намысшыл коринип тур орыстардын артын жаламаган молодец.мен де осы кисимен жумыс жасагым келеди.аллаижар болсын жаным тагдыры ауыр болган екен Алда тек жаксылык болсын❤
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z 19 күн бұрын
Кәмпиттің қоспасын,дәмін реттеуде бір үлкен жұмыс сияқты ғой.
@user-ot3xv3vo9x
@user-ot3xv3vo9x 18 күн бұрын
Шет кәмпиттер көп турып қалады, мерзімі өткен
@user-bc5ic1es8i
@user-bc5ic1es8i 18 күн бұрын
Биздин елде ештене жок дегенге кулагымиз уиренип калганба ?, озим буртирли болып отырмин жылагымда келип шукиргои осыганда тек елимиз тыныш , беибитшылик болсыншы !!! Апаларым аман болыныздар кандаи керемет истериниз берекелери болсын❤ Баян сулу жеимиз бизде шынымды аитсам бурин коп жемеитинмин конфетти каз жеитин болыппын ), елден ерекше болып , журттар коидым конфет жеуди деп жазыпты мунда копшилиги😂 мен енди бастап журмин бул ненин белгиси екен ? Казакстан шоколадын жимго ещё 😂
@user-tg5un5mk2g
@user-tg5un5mk2g 17 күн бұрын
Рахат фабрикасы ма Каи жер
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z 19 күн бұрын
Жұмыстары қиын сияқты. Тек төзімді адам ғана жұмыс істей алатын сияқты ғой.
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z 19 күн бұрын
Кәмпитті қанша жақсы көргенмен жасалуы қиын сияқты.әртүрлі дәм беру оның жақсы шығуын қамтамасыз ету қиын процес сияқты. Бір қайнатудың өзі біраз уақытты алатыны сияқты. Бәріне біраз уақыт жұмсалатыны көрініп тұр қанша жерден техника жасап тұрсада.
@user-qi4rd2dt6s
@user-qi4rd2dt6s 18 күн бұрын
Конфет шокаладты куныге жимыз енд не жимыз сонда
@user-gh5rc2di9x
@user-gh5rc2di9x 17 күн бұрын
Шошқаның майы қосылса қалай таза болады ол кәмпит
@user-jb9dq4ll4p
@user-jb9dq4ll4p 19 күн бұрын
РАХАТ ӨНІМІ ЖАҚСЫ ШОКОЛАДЫ ЖАҚСЫ
@aiapa5792
@aiapa5792 18 күн бұрын
Осындай жұмыс орындарын көбейту керек Қазақстанда еңбек ақысын көбейтсе бәрі де барады жұмыс жасауға Польшаның, Германияның зауыт, фабрикасына барып жұмыс жасамай
@user-hu7ep9ez2y
@user-hu7ep9ez2y 18 күн бұрын
Колбаса шығаратындар да колбаса жемейдi
@MothersAliSara
@MothersAliSara 21 күн бұрын
Кампит жемеймиз, туыскандарымда жемейди. Онын орнына курма, ккптирилген же мистер жеймиз.
@user-pv8do7vg1g
@user-pv8do7vg1g 17 күн бұрын
Нартайда өтірікке бір табан жақын екен, қаралым деген не тəйірі, сол қаралымға бола тақырыпты , сюжетіне үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
@user-eh6sz2qs3t
@user-eh6sz2qs3t 21 күн бұрын
Ш
@user-bb6fc5rg8c
@user-bb6fc5rg8c 17 күн бұрын
Түк ұқпадым.Тақырыбы неге дұрыс емес.Сонда мына техничка орыс қатынның қалай аяқ астынан ,,қазақ топас қатындарының" арасында осы орыс қатын сияқты оқымайақ конфет жасауға болатынын айтып отыр ма?Сұмдық қой ?!
@gulzhanz944
@gulzhanz944 21 күн бұрын
Рахат оними бурын жаксы болган Казыр нашарлап Кетти.
@user-nn3hh5ut7z
@user-nn3hh5ut7z 22 күн бұрын
Конфет зиянды өнім оңай жумыс жоқ . Мыңау реклама өз адамдарына Қалай???!! .
@user-bb6fc5rg8c
@user-bb6fc5rg8c 17 күн бұрын
Орыс па ?Мына қатыннеге орысша сөйлеп тұр?Түк ұқпадым.Реклама жасасаңдар дұрыс ,профессионально жасасаңдаршы!
@user-ko2jf8ly5x
@user-ko2jf8ly5x 17 күн бұрын
Баян сулудын таттилери👍алыбта турам жебте турам.Карамель кампитеримен арахис вафлилери жаксы.Озимиздин Рахат,Баян сулу таттилерине жететин таттилер жок.
@user-mx1nd9lc8h
@user-mx1nd9lc8h 21 күн бұрын
Кампит жемеу керек, кілең самапал . Баяғыдай кампит жоқ .
@user-uj5ij6sl2r
@user-uj5ij6sl2r 21 күн бұрын
Казір ішіне қосатыны да,бари самапал, красител, палмывый май,красител қосылады. Дәмі деп бір түрлі, жегіңде келмейді
@user-gh9qe9rh6p
@user-gh9qe9rh6p 19 күн бұрын
Ұнамаса жемеңіз
@user-xc8mk6mw7m
@user-xc8mk6mw7m 18 күн бұрын
💐 💐 💐 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 35 МЛН
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 1,3 МЛН
ЕРІНШЕК ашыған манты. Дәмі аузымнан кетпейтін тағам.
6:28
Лайлагуль Терликбаева
Рет қаралды 8
Үйге ремонт жасадым. Бюджетный ремонт.
4:36
Ақмаралдан лайфхак
Рет қаралды 23 М.
Астарлы ақиқат: Туғым келеді
42:51
KTK TV
Рет қаралды 218 М.