Назарбаев мектебінің болашағы не болады? | Мектеп бағдарламасы тағы өзгере ме? | ЕҢБЕК АДАМЫ #15

  Рет қаралды 8,923

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: АЙДАРБЕК АЙТПУКЕШЕВ - ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ.
Ассалаумағалейкум ат сүрініп болғанша ақыл тапқан ардақты ағайын. Еңбек адамы туралы ай бойы айтып жүрген жобамыз бүгін де адамзаттың алғысын алған мамандыққа машықтанған саланың сайыпқырандарын тілге тиек етпек. Жүсіпбек Аймауытовша айтсақ «Ұстаз - анаңдай ұлы» дейміз, Жан Жак Руссоша сөйлесек «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау». Обалы не керек, мұғалім туралы мәтін жазғанда, жақ сауып сөйлегенде мақалдан мұнара тұрғызып, тіркестен тау жасауға болады. Бірақ сол мамандық иелерінің қадіріне жетіп жүрміз бе дегенде күмілжіп қалатын көпшілік бар. Айтып айтпай не керек, баланы оқытуды, тәрбиелеуді, қатарға қосуды, мектептің бағдарламасынан бөлек өмірлік дағдыларға үйретуді мұғалімнің мойнына артып қоятын әдет шығарып алды кей жандар. «Өмір сабағына тым қымбат құн алатын мектеп» екенін ескерсек, тәлім тәрбиеге келгенде жеткіншекті жетілдіру тек ұстазға ұстын болатын дүние емес екенін ұғу шарт. Ал мектептегі сабаққа келсек, әрине, мұғалімнің мойнындағы жүк зіл батпан. Оны екінің бірі көтере алмайды, содан ғой екінің бірінің ұстаз болуға жүрегі дауаламайтыны. Қай сала туралы сөз қозғасақта жастар келсін деген бастама болады бізде, бұл талап ұстаз деген ұлы есімді арқалаған адамдарды да айналып өткен жоқ. Қазір мектепке барсаң жас ұстаздарды көп көресің. Олардың ішінде бас болып, бастама көтеріп, балаларды білім нәрімен сусындататын жаңашылдарын көргенде көз тояды. Себебі қоғамның ендігі келбеті болатын ұл қызды тәрбиелейтін салада ұрпақ сабақтастығы болғаны бізге олжа. Бірақ мұғалім туралы сөйлегенде жасқа қарап болмайды. Серке Қожамқұловша айтсам: « Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін». Сізде солай етерсіз көрермен, себебі біз бүгін ұстаз Айдарбек Айтпукешовпен танысамыз.
Абайдан асырып айтатын адам жоқ шығар, һәкім былай депті: «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады». Уағында жақсы ұстаздардан айрылып қалудың аз ақ алдында қалғанымыз естеріңізде шығар. Оны тоқсаныншы жылдардың тоқырауын көргендер біледі. Ақша жоқ, ас жоқ жылдар талайды ала дорба арқалатып жан бағуға, базар аралап баруға мәжбүрледі. Бала шаға қамы үшін талайлар мамандығын тастап базарға бет бұрды, себебі жан бағудың жалғыз жолы сауда болды. Сол кезде Қазақстанның білім саласынан талай мықты мұғалімнің кеткені рас, оны алды да сөйлеген ұстаздар растады ғой. Ал қазір заман басқа, мұғалімге деген құрмет қайта артып, олардың әлеуметтік жағдайы жақсарып қалды. Бұрын педагогика факультетіне үлгерімі нашар оқушы барады деген ащы сөз бар еді, қазір керісінше, үздіктер оқуға талпынады. Президенттің пәрменінен соң ұстаздардың айлығы еселеп артты. Қазір көш ілгері. Ылайым солай болғай, себебі ұстаздық кез келген қоғам үшін ең қадірлі мамандық болуы шарт.
Қазір Қазақстанда төрт миллионға жуық мектеп оқушысы бар. Үш жылдан соң төрт жарым миллионға жетеді деген болжам жасалды. Бұл деректі естігенде алдымен елдегі мектеп тапшылығы еске түседі, сөзсіз ол да басты мәселе. Дегенмен тағы бір тұсы ол ұстаз тапшылығы. Себебі қай ата ана болмасын баласын үздік ұстаздың оқытқанын қалайды. Ендеше біз бағындыратын биік пен салаға қажетті сауатты реформалар әлі де көбеюуі керек. Және бәрімізге Мағжан Жұмабевтың қанатты сөзін қағида ретінде қабылдаған абзал. Ақын: «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі» деген. Келесі кездескенше, қазақ елі.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 147
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Көріңіз, таратыңыз, ардақты ағайын! Қарапайыс еңбек адамдарын қолдайық!
@sagimaumarova7480
@sagimaumarova7480 Ай бұрын
Айдарбек Тулеповичпен жұмыстас болғанымды мақтан етемін. Атырау қаласында 2014-2020 жылдары Назарбаев мектебінің басшысы болып жасаған уакытында ұлағатты басшы, білімді ұстаз , толығырақ айтсам, "Сегіз қырлы, бір сырлы жан" екенін ризашылықпен айта аламын👌
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Ораза айында жақсы тілекпен ашық пікірмен бір бірімізді қолдайық
@user-ex5um8me5m
@user-ex5um8me5m Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы, Нартайға берген сұхбатыңызды көріп, сіздің өмірдің түрлі баспалдағынан өз еңбегіңізбен, күшіңізбен өткеніңізді түсіндім. Әкеңіздің қанымен, анаңыздың сүтімен берілген тәрбиеңіздің бар екенін, ауылда өскен балалардың бойында болатын дархандылығыңызды байқадым.
@user-mq1ko2fg2g
@user-mq1ko2fg2g Ай бұрын
Керемет! Білікті басшы, бірегей мектеп🙌
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Ораза қабыл болсын ағайын керейік ұстаз еңбегіне баға берейік
@user-ls3gb5bw8p
@user-ls3gb5bw8p Ай бұрын
Білікті басшы, білімді де, жаңашыл ұстаз, әріптестерінің арасында сыйлы Айдарбек Төлепұлын басқа қырынан танығандай болдым. Айдарбек Төлепұлы адамгершілігі мен қарапайымдылығымен ерекше тұлға! Жаңашыл ұстаз, үздік идееялар шебері, мотиватор! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Оқушыларыңыздың білім бәйгесіндегі бақтары озық болсын! 👏👏👏👏👏👏👏👏 💐💐💐💐💐
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Зиаткерлік мектеп талабына сай іріктелген шәкірттер талапты талантты балалар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ұстаз көп нәрсе талап етпейді тек алдындағы шәкірт қуанса жетістігі міне марапат
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-ls3gb5bw8p
@user-ls3gb5bw8p Ай бұрын
Білікті басшы, білімді де, жаңашыл ұстаз, әріптестерінің арасында сыйлы Айдарбек Төлепұлын басқа қырынан танығандай болдым. Айдарбек Төлепұлы адамгершілігі мен қарапайымдылығымен ерекше тұлға! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Оқушыларыңыздың білім бәйгесіндегі бақтары озық болсын! 👏👏👏👏👏👏👏👏 💐💐💐💐💐
@user-qk8km6pk8b
@user-qk8km6pk8b Ай бұрын
Білім беру сапасы өте жоғары! Балалар, жақсы білім алып шығады. Осындай мектептер қатары көбейсе, болашақ ұрпақ білімді, білікті, тәрбиелі Азамат болып шығатыны айдан анық!
@user-jj3pf9yt5q
@user-jj3pf9yt5q Ай бұрын
Бауырым! Керемет сухбат болган. Урпактын болашагы ушин устаздыке енбегин зор,енбегин багалана берсин,биктен корине бер.От басын аман болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Шәкірт жетістігі ұстаз үшін ең үлкен марапат
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас , Үйретуден балаға.
@user-rk9om3cn6k
@user-rk9om3cn6k Ай бұрын
Айдарбек досымызға зор денсаулық,отбасына жетістіктер,творчетвалық табыстар тілейміз! Қажырлы еңбегің әрқашанда елене берсін!
@bekbolatesenbek
@bekbolatesenbek Ай бұрын
Айдарбек ұстаздың тікелей шәкірті ретінде біліктілігі мен өз ісінің маманы екенін біліп те, көріп те жүрміз!! Мектеп басында осындай адам тұрғаны өте қуантады!!
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Мықты ұжым сыйластығы мен болашақ ұрпаққаүлгі боларлық
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Жанұя тәрбие де ұстазда үшін үлгі болу шарт әсіресе ауыл өмірінде
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Ұстаз болу жүректің батылдығы
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Ұстаз дұрыс айтады ең ұлы мамандық
@ROZADAULETOVA64
@ROZADAULETOVA64 Ай бұрын
Саламатсызба, Айдарбек Төлепұлы. Еңбек адамы бағдарламасына Ұстаз тақырыбын таңдаған Нартай Аралбайұлына рахмет. Еңбек адамына Сізді таңдағаны үшін Мың Алғыс. Сізбен Атырау қаласындағы НЗМ директоры болып қызмет атқарған жылдардан жақсы таныспын. Білім беру саласындағы жаңалықтардан әр мектептің қалыс қалмауы үшін тер төге еңбек еттіңіз. Қай уақытта да өз тәжірибеңізбен бөлісуге уақыт табасыз. Білім беру ісінде Сіз үшін бәрі маңызды. Барлығына жауапкершілікпен қарайсыз. Еңбек жолымда Сіздей тамаша жанмен әріптес болғанымды мақтан тұтамын.
@anuardzhamankulov9743
@anuardzhamankulov9743 20 күн бұрын
Тамаша хабар, керемет шығарылым. Айдарбек Төлепұлымен бірге қызметтес болғанымды сөзсіз мақтан тұтамын. Ұстаз есімінің биік үлгісі ретінде қадірлейтін шәкірті де, әріптестері де көп ақ. Ағайдың әңгімелерін тыңдап отырудың өзі рухани санаңды жаңғырту, өмірлік сабақ алу деп ұғынуға болады. Мектепті басқарудың барлық тетігін жіті меңгерген, табысты көшбасшы, әділ ұйымдастырушы, шебер, іскер азамат. Біздің елге осындай тұлғалар жетпейді. Адам жанын писхологтан артық ұға білетін Айдарбек Төлепұлына барлық ізгі жақсылықтарды тілеймін. Атыраулық әріптестерден дұғай сәлем жолдаймыз.
@user-ss2bo4hy2e
@user-ss2bo4hy2e Ай бұрын
Мықты көшбасшы!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ұстаз қауымына құрмет керек
@bekezhansharafutdinov7423
@bekezhansharafutdinov7423 Ай бұрын
Мықты ұстаз, бала жанының бағбаны, аман жүріңіз Айдарбек Төлепұлы
@user-bw7dp7vc2k
@user-bw7dp7vc2k Ай бұрын
Айдарбек ұстазды сыртынан өте жақсы танимыз,өте сауатты,қарапайым,интелегентті,мәдениетті адам.
@rakhimzhantokseit3491
@rakhimzhantokseit3491 Ай бұрын
Сәлеметсіз бе, қай қаланың мектеп директоры?
@miraakhmetova4036
@miraakhmetova4036 Ай бұрын
@@rakhimzhantokseit3491Орал каласы
@user-en5pb2gz1c
@user-en5pb2gz1c Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы өте мықты ұстаз, Қаншама жобаларға қатысып билейді, өлең айтады дурыс әріптестерімен бірге арқашан бірге.і Осындай мектептер көп болған дурыс,ақылды өздерінін біліммен түскен балдарымыз ,қарапайым ауылдың балаларына үлкен мүмкіндік жақсы университетке грандка түсуге,әр ата-ана баласына жақсы білім алсын деп арманы,үлкен биіктерден көргесі келеді, елдің азаматты болсын дейміз.
@KamshatToiymbet
@KamshatToiymbet Ай бұрын
Айдарбек Тулепович, өз ісінің майталманы,шеберлігі шыңдалған, білікті ұстаз, нағыз көшбасшы ретінде білім саласындағы аянбай еңбек етіп жүрген елімізге танымал тұлға ! Әрқашан еңбегіңіз еленіп, биіктен көріне беруіңізге тілектеспін!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек адамы фильмінде ұстаздар туралы да жақсы көрсетілген
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Шәкірт жетістігі ұстаз үшін үлкен марапат
@zaureelikon-dy3nj
@zaureelikon-dy3nj Ай бұрын
Айдарбек Тулепович учитель от Бога! Он работал в Атырауской НИШ директором,где училась моя внучка . Он умный, умелый, очень креативный руоводитель.создал клуб бабушек”Асыл Әже”где то 14 нас было, участвовали во всех воспитательных мероприятиях школы , создал хор бабушек пели песни и показывали обычай традиции казахов, заказали одинаковые платья, камзол головной убор- кимешек, так классно было. Мы благодарный Айдарбек Тулеповичу бабушки по сей день общаемся.и вспоминаем Айдарбека Тулеповича всегда желаем здоровья и удачи Внучка учиться в Германии,в этом году получит диплом. Айдарбек Тулепович отличный руководитель,учитель со всеми на равне очень любит детей . Человек с большой буквой. Желаю здоровья главное Творческих успехов в педагогической деятельности.
@user-il9gl6et1e
@user-il9gl6et1e Ай бұрын
Бақытты устаз жақсы адам жолын берсін
@user-yr8ov3cb2o
@user-yr8ov3cb2o Ай бұрын
Керемет адам🎉
@user-kf5db9rk2e
@user-kf5db9rk2e Ай бұрын
Айдарбек Тулепович мастер своего дела! Побольше бы таких преподавателей, знающих свое дело, которые приносят своими знаниями огромный вклад в образование подрастающего поколения! Творческих успехов Вам, дорогой Айдарбек Тулепович! ❤
@user-wm2by3xh7r
@user-wm2by3xh7r Ай бұрын
Н.Аралбайұлының "Еңбек адамы " айдарымен дайындалған бейнежазбасын үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Материал Айдарбек Төлепұлы сияқты Ұлтжанды Азаматты әртүрлі қырынан жақсы көрсеткен деп ойлаймын, себебі Төлепұлын ширек ғасырдан артық уақыт білемін.Осындай ініміз сияқты - тиянақты, саутты, жан-жақты, болашаққа деген сенімі мол, көкжиек кең азаматтар көп болсын дедім келеді..артынан етушілер Ұстазым деушілер мол болса, қоғамда "...қадірлі орын мұғалімдікі" дейтін ұстанымы мықты азаматтарда көбейіп, болашағы Елімнің жарқын болатынына сенемін..Н.Аралбайұлына зор Рақмет, "Еңбек Адамы" айдарындағы кейіпкерлеріңіз затына сай болуына тлектеспін..Ал Айдарбек Төлепұлына зор денсаулық, жанұялық бақыт, Ел үшін атқарып жатқан істеріңізге табыс тлеймін..
@tamaraaitbukeshova1019
@tamaraaitbukeshova1019 Ай бұрын
Аман жургейсін бауырым еңбегін елене берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бұл мектептің болашағы туралы айтылғандарескерілсе екен
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Аман бол
@user-nm9nj8ts1f
@user-nm9nj8ts1f Ай бұрын
Керемет мектеп, керемет ұстаз👍
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Әб бәрекелді
@esettleuhanov161
@esettleuhanov161 Ай бұрын
Менің анамда құрметті ұстаз болған қазір жоқ бірақ шәкірттері құрметпен еске алады Ұстаз мектеп айнасы деген оларға құрметпен қарайық
@user-co5cf2rl8t
@user-co5cf2rl8t Ай бұрын
Жарайсың Айдақа!!! Керемет сұхбат болған!!! Ісің оң болғай!!!
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы
@botagozaknazarova5432
@botagozaknazarova5432 Ай бұрын
Керемет. Нағыз ұстаз ❤❤
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Мұғалім ата анадан кем емес бала болашағына салар жолы
@user-dp9fe5dd3q
@user-dp9fe5dd3q Ай бұрын
Ұстаздан шәкірт озды деген осы. Жарайсың Айдарбек сыныптасым. Біз сені мақтан тутамыз🎉
@sakenmunbayev
@sakenmunbayev Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы - ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы. Керемет сұхбат!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Категория беруде де ұстаздарға қойылатын талап көп әттең соның бәрі жұмысыңа қатысты болса ғо
@user-jt6dl7fi4e
@user-jt6dl7fi4e Ай бұрын
Самая лучшая школа❤, во главе с нашим директором и учителями, низкий поклон за Ваш труд 😊
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Ұстаз өмірі әркез үлгі болып отырады
@user-no5yo3fp2c
@user-no5yo3fp2c Ай бұрын
Назарбаев мектептері өте маңызды ол жерде шынымен зияткер оқушылар оқиды
@user-hh7nl3yn7h
@user-hh7nl3yn7h Ай бұрын
Айдарбекті көргенде Евнейді көргендей боламын, еңбекте де, өмірде де ұқсастық бар - ау деймін...
@user-up9js7kb1s
@user-up9js7kb1s Ай бұрын
Айдарбек бауырым жарайсың ❤биіктен көріне бер ❤ой өрісің күшті алға бауырым аман бол ❤
@markdixon4193
@markdixon4193 Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы өте мықты ұстаз, мектеп басшысы 💪💪💪 Биіктен көріне беріңіз!!!
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Ұстаз ұлы мамандық
@user-yr8ov3cb2o
@user-yr8ov3cb2o Ай бұрын
Учитель!Человек!Друг!
@user-fz8xq8jv9v
@user-fz8xq8jv9v Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы мықты маман, іскер басшы, кәсіби білікті маман! Әрдайым абырой биігінде жүріңіз, мәртебеңіз арта берсін! Нағыз еңбек адамы- Айдарбек Төлепұлы!
@user-np4yq9bv5i
@user-np4yq9bv5i Ай бұрын
Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға деген! Ұстаз болу ол жүректің қалауымен болады! Елдің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздар қауымы қандай да бір құрметке лайық!
@user-uo4fe8ws2n
@user-uo4fe8ws2n Ай бұрын
Қурыметті. Мамандық.. Бірақ. Саилауда. Адалдық тәрбиелілігін. Сауаттылығын ақыьдылығын. Парасатылығян көрсетсін.!!!
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. Александр Македонский
@user-uj1hl5hs7d
@user-uj1hl5hs7d Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы - адамгершілігі мол, білікті басшы! Құрметтеймін!
@user-uh6rl7br1j
@user-uh6rl7br1j Ай бұрын
Айдарбек менің Нағашы Төлеп марқұм ағамның баласы❤
@user-ln6jm9mv9b
@user-ln6jm9mv9b Ай бұрын
Тақырыпты неге?-мұғалімнің жалақысы өседі, деп алғансыңдар. Алдын-ала жар саласыңдар, содан кейін азық-түлік қымбаттайды. Жер әлемге жар салмай, по тихоря өсіруге болмай ма?
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Құрметті ата аналар балам болашағы дұрыс болсын десек ұстазды қадірлейік
@erkinkaimov850
@erkinkaimov850 Ай бұрын
Бағалаң келеді ол сауатты болса қазіргі мұғалім дипломды сатып алған енді қайтып бағалайсыз
@user-uz5df7jc2o
@user-uz5df7jc2o Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлының Орал қаласындағы НЗМ қалыптастырудағы еңбегі зор. Ұжыммен де, шәкіртпен де тіл табысып, өз жұмысын, ұстаздықты жоғары қояды. Әрдайым идеяға толы көшбасшылығыңызбен биік белестерді бағындыра беріңіз.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Өзі мұғалім деп мысал етіп отырады
@Blackdaha20
@Blackdaha20 Ай бұрын
Ұрпақтың болашағы үшін ұстаздың еңбегі зор.НЗМ оқушылардың дарыны мен шығармашылығын дамытуда, қоғамдағы өз орнын табуға үлкен мүмкіндік береді
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Мықты ұстаздар да бар
@muraldastai8661
@muraldastai8661 Ай бұрын
Әр сабақ оқулықтарындағы кемшілік өз алдына бір төбе. Мектепке күзет қызметі түнде ғана қажет. Күндіз кезекшілікке сабағы аз мұғалімдерді орналастырып, форм киетін күзетшілерді қалтыру керек. Барлық мектепте камера бар. Күзет керек емес.
@MrLimank
@MrLimank Ай бұрын
Әйтеуір баяғы "Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасының" кері келмесе болды.
@user-hj4pj1jk4r
@user-hj4pj1jk4r Ай бұрын
Мұғалім мерейінің, ұстаз ұлағатының, ерекше еңбектің айқын көрінісі. Айдарбек Тулепович - нағыз еңбек адамы.
@user-gx8ds1sh4v
@user-gx8ds1sh4v Ай бұрын
Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Біз де Сіздің шәкіртіңіз болғанымызды мақтанып айтып жүреміз. «Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - дегендей ұстаздардың еңбегі ерен. Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім - мектептің жаны» деп бағалаған. Айдарбек Төлепұлы ұстаздық-менеджерлік еңбегіңіз зор, абыройыңыз арта берсін!
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Мұғалімнің айлығын көтергенмен, білім сапасы көтерілмейді. Құр уақыт өткізіп айлық алып отқандары қаншама. Мысалы менің баламның мұғалімдері!
@user-js6sj6ci3d
@user-js6sj6ci3d Ай бұрын
Назарбаев мектебінде енді үздік ұстаздар шығар.Басқа мектептерде барлығы дерлік демеймін өздерін оқыту қажет ұстаздар жетерлік
@user-ps1pw8qk2u
@user-ps1pw8qk2u Ай бұрын
Айдарбек Төлеповичті мықты КӨШБАСШЫ деп білемін.
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Жахандық азамат
@veneraazhgereyeva4058
@veneraazhgereyeva4058 5 күн бұрын
Жалпы мектепке,ұстаздарға алғысым шексіз. Ата-ана ретінде айтсам,Айдарбек Төлепұлы жүзі жылы,қарапайым адам. Әрбір бала шамшырақ,оны жаға білген ұстаз ғана ұтады дейді. Ең қиын,жауапкершілігі жоғары Ұстаздық жолыңызға сәттілік тілейміз. Ұрпақ тәрбиесіне,егеменді еліміздің ертеңіне қосып жатқан үлесіңізге алғыс айтамыз.
@user-kf2qi6ud2c
@user-kf2qi6ud2c Ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Мұғалімдер айлығы көтерілген сайын мастанып кетті.Қазір байы жоқ мұғалім көп. Күніге кешкісін қонақ үйде көңілдесімен көңіл көтеріп келеді.Сол оқушыларына қандай тәрбие болады? Қонақ үйге неке куәлікпен кіргізсе болады ғой. Сонда байы жоқтар "тоқалдыққа шықсам да" байға шықсам болды дейтін еді!
@user-lc7bz6mo7b
@user-lc7bz6mo7b Ай бұрын
👍👍👍
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
@user-vj8qv7wr8f
@user-vj8qv7wr8f Ай бұрын
Ұстаз - ұлы есім
@user-wi2fj1dh8k
@user-wi2fj1dh8k Ай бұрын
Осындай адам министр образования болу керек деп ойлаймын
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Біз оқыған кезде, краскаға, гүлге, пердеге т/б ақша жинайтын еді. Класс жетекшіміз білім берген жоқ деп айталам. Кіргеннен ақша әкелдіңдер ма деп кіріп келер еді
@user-js6sj6ci3d
@user-js6sj6ci3d Ай бұрын
Тәрбиелеп терлеп жүрген ұстаз көрмедім.Сабақтарын әрең өткізіп кетеді әйтеуір.Лично өзім мұғалімді білмим бастауышта бәрін өзім үйде үйреттім.Меутепке барып жүрген атағы болмаса
@user-mu1em2cf9r
@user-mu1em2cf9r Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлын мектепте Жәнібектен істегеннен білемін.Ол өте ұстаз болып туған адам деп есептеймін.Оның адамгершілігіне ,еңбекқорлығы да тұлғасында нағыз білім министрі болатын адам.Ол жұмысына адал,таза адам.Еңбегінің жемісін көре берсін.Алла оған денсаулық,қажымас қайрат берсін.Абай айтқан жылы жүрек,нұрлы ақыл,ыстық қайрат берген адам.Тіл көзден аман болсын
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Мұғалімдер қанды ішіп бітті уже. Балама жақсы білім бермейді. Өздерінің білімі де төмен, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Күнде кешкісін кафеден тамақтанып сауық сайран құрып жүргені-жүрген. Білім беруге деген құштарлықтары жоққ. Мен халықтың атынан айтып отырмын, көріп жүрген соң. Мұғалімдер айлығы көтерілген сайын мастанып кетті.
@user-lt6tj3fj2o
@user-lt6tj3fj2o Ай бұрын
Галым инженерлік кызметкерлердин ақшасын котерсин әйтпесе кобі шетелге кетип жатыр
@user-ni1ou5gv3r
@user-ni1ou5gv3r Ай бұрын
неге мұғалімдер медиктердее көп ал шахтер, мұнайшы! сварщиктен, инженерлерге екі есе көп алады. Әлде тағы сайлау бола ма,
@bakytgulzhubanova8066
@bakytgulzhubanova8066 Ай бұрын
Айдарбек Төлепұлы алғаш рет 2012 жылы деңгейлік курста 3 айлық курстан өттім. Сол курс ұстаздық жолда шыңдалуыма үлкен үлес қосты. Айдарбек Төлепұлы ерінбей әр мұғалімнің талдау есептерін қарап, тыңдап қара кешке дейін отырушы еді. Қандай ерінбейтін адам дейтінмін. Тұла бойы тұнған идея, білім бола тұра сондай кішіпейіл, қарапайым адам. Бұл кісіден үйренерім көп екенін білетінмін, сондықтан НЗМ жұмысқа шақырғанда ешнәрсеге қарамастан бірден келісім бердім, оған ешқашан өкінбеймін!
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Мұғалімдер айлығы көтерілген сайын мастанып кетті
@user-bt3zo3wp7j
@user-bt3zo3wp7j Ай бұрын
Бәрі емес
@user-zs9me5lr1p
@user-zs9me5lr1p Ай бұрын
Тек мұғалімнің айлығын көтере бермей, барлық жалақыны бірдей көтерсеңдерші. Қарапайым қара жұмысшыны, ауыр жұмыс істейтіндерді неге елемейсіңдер! Біз 80 мыңға, мұғалім 800 мыңға істегенін жөн деп санайсыңдар ма. Арасы он есе көп болғаны әділетті деп ойлайсыңдар ма!!!
@bibizhansailikhanova7071
@bibizhansailikhanova7071 Ай бұрын
Өңкей қазақтың қаракөздері неге сабақты орысша өтіп жатыр.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ұстаз ұлы тқлға тек қадіріне жетіп жүрміз бе
@abildauitbek8932
@abildauitbek8932 Ай бұрын
Ұрандата бермей қазақ тілін дұрыстап оқтыу керек. зйяткерлік мектепке қазақ болып кіріп, орыс болып шығады.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Соңғы кезде оқымай деплом алатындар көбейді
@user-kl3op4ip7k
@user-kl3op4ip7k Ай бұрын
Мектепте бағдарлама өзгереді деген сайын мектеп оқулықтарына (бұрынғы Кеңес Одағындағы ) университеттің 1 курсының оқитын материалдарынан қосып қояды. Союзда оқыған біздің бағдарлама қазіргі мектептің бағдарламасының жанында ойыншық екен. Оқушыларды аяймын.,2сыныптағы 8 жасар немерем математикадан жиын, жиындардың қиылысуы, бірігуі дегенді оқып жатыр, мен оны Казгудің 1курсында 18 жасымда оқығанмын. Басқа пәндерден де дәл солай. Орыста "Неаозможно обьять необьятное" деген сөз бар. Оқушылар соның бәрін игере алады дегенге сенбеймін. Ал осынша таудай білімді меңгеруге ТИІС оқушы баланың денсаулығын кім ойлап жатыр, кім?!
@user-we5gt5tb4g
@user-we5gt5tb4g Ай бұрын
ДШ сабағын қысқартып тастады мектептен ер мұғалiмдер кетiп жатыр осы мәселенi қарастырыңыз өтiнiш
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
3
Мереке құтты болсын,жігіттер!
25:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 273 М.
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН
【獨生子的日常】让小奶猫也体验一把鬼打墙#小奶喵 #铲屎官的乐趣
00:12
“獨生子的日常”YouTube官方頻道
Рет қаралды 84 МЛН
Что будет с кроссовком?
00:35
Аришнев
Рет қаралды 2,5 МЛН
''Дананы тартып аламын!''
25:35
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 75 М.
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 249 М.
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН