Шахтердың өмірі немен аяқталады? | "АрселорМиттал" қазақтың өмірін аяусыз жалмады | ЕҢБЕК АДАМЫ #24

  Рет қаралды 2,519

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Тұяқ ҚҰҚЫМОВ - шахтер.
Еске алып ем:
Қарағанды бір қараған секілді
күйе басқан кірпіктерін сәл ашып.
Содан кейін… менің қоңыр бетімді
Сүйді желі күн нұрымен таласып.
Әр тасынан бір-бір ұшқын жүр ыршып,
қарашы, анау породаға үйілген:
Қара таулар қайғыдан да тымырсық,
әлсін-әлсін түтін құсад ыңырсып.
Мұның бәрі сөзбен айтсаң - тыныштық
көзбен көрсең?..
О, түсінем, түсінем:
Қарағанды кайнап жатыр, бір ыстық,
бір керемет жүректердің күшімен...
Жұмекеннің жыры. Рас, қарағандыда жүректі жандар өмір сүреді. Жеті қабат жердің астына кіріп, қараңғыда қара алтынды қазып жатыр. Өкінішке қарай, сол шахталарда апат жиілеп кетті. Бір ғана «Қарметте», яғни, бұрыңғы атауы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында 1995 жылдан бері 182 кенші қаза тауыпты. Қаншама отбасы атадан, әкеден, баладан айырылды. Бүгінгі жас ақындардың бірі «Мойыныма байланғандай қыл шылбыр,Тұңғиыққа тартады ылғи тылсым дүр. Қақыратып Қарағанды кеудесін, Қара жердің астында бір дүрсіл жүр», деп жазған екен. Рас, қарағандының шахталары қаншама жүрек дүрсілін үзді. Бірақ, сол шахталарда әлі де мыңдаған кенші жұмыс істеп жатыр. Қаншама апаттан кейін де сескенбей, қатерге толы мамандықты адал атқарып жүр. Бүгінгі кейіпкеріміз Тұяқ Кукумбаев 40 жылын тау-кен саласына арнаған.
Былтыр Қарағанды облысында орналасқан Костенко шахтасында апат болды. Тұтас елдің қабырғасын қайыстырған қаралы һәм азалы күн. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 208-ін құтқарушылар қауіпсіз жерге алып шыққан, өкінішке қарай 46 адам қаза тапты. Костенко шахтасы сол баяғы даулы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты еді. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма берді. Біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды", - депте айтты. Нәтижесінде, «АрселорМиттал Теміртау» әуелі мемлекет меншігіне өтіп, кейін жаңа инвесторға берілді. Қазіргі атауын жоғарыда айттық. Сол «ҚАРМЕТтің» қазіргі жұмысы үкіметтің тікелей бақылауында. қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіліп, инфрақұрылымы қалыпқа келтіріліп жатыр деп сенеміз. Өйткені, бүгінгі біздің кейіпкер сияқты батыр азаматтар әлі де сол шахталарда қауіп-қатерге толы жұмысты атқарып жатыр.
Тұяқ ағамыздың әкесі де , өзінің ағасы да шахтер. Бұл қарағандылықтар арасында кеншілер әулеті, династиясы көп. Олар ерлікті, еңбекті ұрпақтан ұрпаққа тағылым етіп аманаттап, сабақтап келе жатқан батыр жандар. Өлеңмен бастаған бүгінгі бағдарламаны өлеңмен түйіндесек. Жансүгірдің тұяғы, қазақтың Ілиясы былай шетелде болған кеншілер көтерлісі жайлы былай толғанған екен.
«Жым-жырт, жан-жақ тып-тыныш,
Кәрі тау - кәрі қалыбы.
Су дамылсыз былш-былш,
Баяғы жұлдыз жарығы.
Жер тесер өңшең жеркене
Көр үңгір, кемір аласың.
Өзіңе ме, өзгеге?
Керді кімге қазасың?
Тақылжырдан тамған тер
Еңбегің бе, қаның ба?».
Сүйектен өтер сұрақ. Кеншілердің маңдай тері бағаланып, шахтадалар апат болмасын деп тілейміз.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 32
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар. Шахтерлардың ауыр жұмысын, қазақты қырған “АрселорМиттал”-дың сұмдығын көрсін ел.
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Мықты жандар отбасыларың аман болсын біз тілекшіміз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Кеншілер еңбегі ескерілу керек жарық көрмей үнемі жер астында
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ауыр жұмыс қо аман болыңдар
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Халықтың еңбеккер тобы сендер аман есен болыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деген де айтқанмен өздері үрейлі отырғаны белгілі
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Аман болыңдар шахтёрлер
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бүл еңбек өте ауыр денсаулыққа да зияны мол ғо
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Шахтерлерді зейнетке ең болмаса 55-жастан шығарса ғо
@user-nu9cn1dh3b
@user-nu9cn1dh3b Ай бұрын
55 жастан шығарсын ,зейнетке Ер Азаматтарды .қазіргі күні 60жасқа жетпей өліп жатыр .😢
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бригадерлеріне ризалығын білдіріп жатыр қандай сыйлы ұйымшыл қазақтың ержүрек ұлдары
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек адамы фильмі бұл саланы да қамтыды рахмет сіздерге
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ауыр ауыр бірақ зейнетке шықпай қалай кетеміз деп отыр әттең
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Жер астында жүріп жұмыс істек үшін де ерлік керек. Шахтадағы жағыдайлардан кейін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Айлық 800тгболғанмен қауіп қатер өте зор
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Алла амандық болсын
@XurlixaUtenyazova-or6ns
@XurlixaUtenyazova-or6ns Ай бұрын
Алла баршанызды оз панасында сакласын❤
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ораза қабыл болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Әсіресе жер асты жұмысы шахтерлер өмірі күнде күндеқауіп бар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Қарағандылықтар шахтерлер қаласы
@user-lt4tk1hn7k
@user-lt4tk1hn7k Ай бұрын
Ол Миттал ақшаны берудей ақ бердім ,ол біздің жүйе шахтерларға жарты жолда жеткізбей бермей отыр деді емес па?
@Rusya87
@Rusya87 Ай бұрын
800 мың өте аз негізі шахтёр үшін
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Қоян жылы халықты жан жақты қинап жатыр адам аман болғай қалғаны ретке келер не көрмеген халықпызұрпақ аман болғай шыдайық
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
👍👍
@user-tv6pk9dq7e
@user-tv6pk9dq7e Ай бұрын
Ол ундис инвестор казактын не жери , не шахтерилери керек емес.ол ундуске казактардын казба байлыгы керек , акшасы керек .казактардын олгени олар ушин тук емес.оздерине ундис халыктарын адам курлы кормейди. Мне казактарды солай курт кумыска , шыбын деп ойлап калган болу керек.олар ушин адам куны кок тиын .
@user-ki2og3cr4j
@user-ki2og3cr4j Ай бұрын
Ертең сол үндіске зар болып қалмаймыз ба екен? Мына орыс қатырады деуге сенбеймін.
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Судан табиғи апаттан ел жұрт аман есен болғай
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Сескенседе амал жоқ өзінің таңдаған еңбек жолы
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Қарағанды мықты ащаматтар отаны
@user-up6pw6eo1l
@user-up6pw6eo1l Ай бұрын
Отирик айлык емеспа? 800 000
@immortalgold777
@immortalgold777 27 күн бұрын
Қарағанды орысша-қазақша аралас сөйлейтін шекара жер екен ғой.
Сын Расстроился Из-за Новой Стрижки Папы 😂
00:21
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 6 МЛН
Мереке құтты болсын,жігіттер!
25:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 137 М.
Өмір иірімі: Жас қыздарды қорлаған еркек
40:09
РЕСЕЙ СУ ТАСҚЫНЫНА ТЫШҚАН МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ КІНӘЛАДЫ / Әлем тынысы
43:56
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 230 М.
Айналып соққан алапат | Әлем
29:10
Телеканал 24kz
Рет қаралды 135 М.