Кітапхана арқылы үй алды | Кітапханашыға адамдар менсінбей қарайды | ЕҢБЕК АДАМЫ #29

  Рет қаралды 1,399

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

18 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: АҚМАРАЛ ЕСПОЛОВА -кітапханашы.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең...». Иә, қазақ қадым заманнан қара сөз бен қара өлеңнін парқын біліп, тұтас сөз өнерін қадірлей білген халық. Сол халықтың жүрегіне жетер өлең-сөзді жазған ақын-жазушыларымыз да көп. Сол себепті де, ұлттық әдебиетіміздің тарихы терең, қоры қазыналы. Бірақ, заманмен бірге шығармашылық та, оқырман да, талғам мен тақырып та өзгеріп келеді. Бүгінгі кітап дүкендеріндегі сөрені қарап, сөлді сөзді таппайсың, көбіне. Жарымжан жазбасын, олақ ойын мотивация деген түсінікке малып алып, сол күйі елдің назарына тырнақшаның ішінде айтылатын топтамаларын топырлатып ұсынып жатыр. Ал, заманның зейінімен зерделеніп, оқырманның талай толқынын тәрбиелеген қазынаға толы кітаптың бәрі - кітапханада сақталған. Қуантарлығы, сол кітапханалардың да жұмысы жанданып, заман талабына сай цифрлық түрде дамып келеді. Кітап сүйер қауымға жағдай жасалып, түрлі коворкинг орталықтары ашылып жатқаны да қуантады. Онда кітап оқып, жұмыс істеу өте ыңғайлы. Оқырман тарту, адамдардың кітапқа деген қызығушылығын ояту - кітапхананың негізгі қызметтерінің бірі. Қазір Қазақстанда 3920 кітапхана жұмыс істеп тұр екен. Соның бірінде біздің бүгінгі кейіпкеріміз он жылдан бері еңбек етіп келеді.
«Кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» дейміз. Бірақ, қазір көп кітап расымен де тура мағынада сол ескерткіштей күй кешіп, парағы бір аударылмай жатқандай. Ой мен сөздің інжу-маржандарын ішіне бүккен еңбектер жоқ емес, өте көп. Алайда, соларды оқырманға дейін жетектеп жеткізетін насихат жоқ. Сол себепті де, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев кітапхана - мемлекеттің, ұлттың негізгі жады екенін айтып, жастарды кітап оқуға баулуға шақырды. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана - мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды, - деді Мемлекет басшысы. Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салуды тапсырған болатын. Енді, сондай ірі ілім оралығы Алматы мен Астанада көп ұзамай бой көтермек. Бұл кітапқа , кітапханаға және кітапханышға деген құрмет болса керек.
Интернет пен әлеуметтік желінің пайдасы бар. Бірақ, сүзгіден өткізбей, мөлшерінен аса пайдаланса пайдасынан зияны көп. Әсіресе, қазір жастар сол ғаламтордан сананы улайтын контенттерді теріп жүр. Осындайда виртуалды әлемнен жұлып алып, кітапханаға апарғың-ақ келеді. Кітаптың иісі, кітапханадағы тыныштық, күбірлеп барып, санаға тоқылып жатқан ілім, мұның бәрі керемет емес пе?! Кезінде бір майшамның жарығына сүйеніп отырып, талай кітапты тауысқан буынның бірі өзіммін. Парақтап оқыған адам ғана кітаптың парқын түсінеді. Шекспирдің «кітап маған тақтан да қымбат» дейтіні бар емес пе?! Рас, түсіне білгенге ақылына ақы сұрамайтын кітап- ұлы ұстаз. Ендеше, бүгінгі кейіпкеріміз сияқты кітапханашылардың еңбегін елеп, олар күзетіп отырған ілімнің қазынасын танып-білуге талпынсақ нұр үстіне нұр болмақ. Сіз оқып тауысқан соңғы кітабыңызды аты мен авторы кім? Пікір қалдырып, төменге жаза кетіңіз. Басқалар да жақсы кітапты оқи жүрсін.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 28
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 16 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым еңбек адамдарын бағалайық!
@aiktor6210
@aiktor6210 15 күн бұрын
Шымкент қаласындағы нөмер бірінші кітапхана!
@user-uj5ut2bx8g
@user-uj5ut2bx8g 15 күн бұрын
Ақмарал Есполова- нағыз еңбек адамы екеніне толықтай келісемін. Әрі адал жар, бақытты ана, мейірімді әже, жанашыр жеңге бола білген АЛТЫН адам. Жеңгенің қандай болатынын осы кісіден үйренуге болады. Ата мен ененің, қайны мен қайын сіңлінің қадірін шегіне жеткізе сыйлай білетін жан. Ағам екеуінің отбасына бақыт, береке, шаттық тілеймін. Жұмысына шығармашылық табыс тілеймін!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 16 күн бұрын
Бар байлық кітапта ғо
@umitospanova7713
@umitospanova7713 15 күн бұрын
Не деген керемет жанұя, осы берекелі отбасы болып отырған үйдегі аналарынан. Анасы өте білімді, ілімді, ақылды, шыдамды, сабырлы түлға десем де артық емес. Кітапханашы болуы барлық адамдар қалай бермейді, ол үшін кітапқа деген махаббат болу керек, ерекше бағалау керек шығар. Кітапханашы болғаныңызға мың алғыс.
@GulzhanAsanova
@GulzhanAsanova 15 күн бұрын
Ақмарал Білімханқызы:өте тамаша әріптес,өз мамнының иесі. Бойынан сыпайлық, мәдениеттілік, шапшаңдық, зеректік және адамгершілік қасиетті мол кітапханашы ретінде 100пайыз айталамын.
@tanatkenesbek-lv2bi
@tanatkenesbek-lv2bi 15 күн бұрын
Керемет жандар,еңбектері елеусіз бүгінгі күннің батырлары
@kitaphanashy
@kitaphanashy 6 күн бұрын
Кітапхана ісі - жанға жылулық, көңілге жайлылық сыйлайды. Мен кітапханашы ретінде өз мамандығымды шынайы мақтан етемін. Көп адам түсіне бермейтін, бағалай білмейтін осы бір қазыналы ордада ел үшін елеулі еңбеу ету - менің аяулы парызым.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 16 күн бұрын
Кітапханалар өте қажет
@user-iu8cs9ow8x
@user-iu8cs9ow8x 15 күн бұрын
Кітапханашылардың еңбегі өте зор! Кітап оқып өстік,әлі де оқығымыз келіп тұрады
@rakhimzhan-fc4dh
@rakhimzhan-fc4dh 15 күн бұрын
Әп бәрекелді жарайсыңдар еңбектерің жемісті болсын жақсы мамандық
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 16 күн бұрын
Шығармашылық адамдар өте керемет қо
@user-gg7pd1kb5c
@user-gg7pd1kb5c 6 күн бұрын
Кітап көп оқыған адамның сөздік қоры мол болады Оқырмандарымыз көп болсын
@user-kx8be6sm6s
@user-kx8be6sm6s 16 күн бұрын
Қазір өзім кітапханашы мамандығын оқудамын.Кітапханашының жұмысын өте күрделі жұмыс.Кітапханашының жұмысы жеңіл,шай ішіп оқитын жұмыс деген сөзге келіспеймін.Қазір кітапханашының жұмысы тапшы.Сондықтанда бұл мамандықтың мәртебесін асқақтау керек.🥰
@adebietshi
@adebietshi 6 күн бұрын
Жарайсыздар👏🏻 Кітапханада жұмыс жасау үлкен еңбекті, қажымас қайратты тілейді. Баршаңызға сәттілік
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 16 күн бұрын
Кітапханашылардың еңбегін бағалау керек.
@user-ch2kk7kh8m
@user-ch2kk7kh8m 12 күн бұрын
Еңбегің жана берсін, тек алға
@ArmanArmanov-cq1zp
@ArmanArmanov-cq1zp 15 күн бұрын
Кітапхана, мешіттен кейінгі ғимарат деп есептеймін, кітапханашы маманды әр бір депутат және әкім, мемлекеттік қызметші тани білу керек, сонда ғана Қазақстан республикасы дамиды, Ақмарал ханымның жан ұясына, берген сұхбатына қарап керемет азаматша екеніне көзім жетіп тұр
@adebietshi
@adebietshi 6 күн бұрын
Керемет шығарылым😊
@user-zl9fx9yc7f
@user-zl9fx9yc7f 15 күн бұрын
Керемет
@user-kp3ol7kb8d
@user-kp3ol7kb8d 14 күн бұрын
Есболов Мусахан бауырым бала кезінен кітапты көп оқитын. Әиелі Ақмарал да кітап құмар азаматша кітапханашы болып қызмет атқарады.балаларыда кітап құмар болып өсіпті үлгілі отбасы
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 16 күн бұрын
Ой керемет мамандық
@user-jq8vo1vy2k
@user-jq8vo1vy2k 15 күн бұрын
Кітәпханашының еңбегі адал, мемлекет өз деңгейінде бағаламайды. Сынып жетекшілер оқушыларды кітапханасымен байланыстырса, нұр үстіне нұр болар еді
@user-yn3es3xo6i
@user-yn3es3xo6i 16 күн бұрын
Мен де кітапханашымын және кітапханашы болғаныма мақтанамын❤
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 16 күн бұрын
👍🏻
@fernandoalonso6389
@fernandoalonso6389 16 күн бұрын
Нартай жолдас Бекболат ағаның айтқан кітаптарын өзіңіз оқыдыңыз ба?
@user-bi2sr6xj8q
@user-bi2sr6xj8q 12 күн бұрын
Ассалаумағалейкум Қазақ елі тақырып неге орысша
30 сентября 2021 г.
15:55
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 173 М.
What Happens If You Trap Smoke In a Ball?
00:58
A4
Рет қаралды 17 МЛН
10 Minutes To Escape Or This Room Explodes!
10:00
MrBeast
Рет қаралды 65 МЛН
McDonald’s MCNUGGET PURSE?! #shorts
00:11
Lauren Godwin
Рет қаралды 19 МЛН
ВИЗИТ КЭМЕРОНА. ИСТОРИЧЕСКИЙ СДВИГ
1:14:00
Жанна Бота
Рет қаралды 8 М.
АЛЕКСАНДР ИВАНОВ: Дьонум-сэргэм туһугар
1:42:36
УРАН ТОЛКУЙ
Рет қаралды 11 М.
Жаза мен нала
20:50
КНБ РК
Рет қаралды 774 М.
What Happens If You Trap Smoke In a Ball?
00:58
A4
Рет қаралды 17 МЛН