Мешіт тамақ сұрап жеген чемпион | Ауыл балаларын неге спортқа алмайды | ЕҢБЕК АДАМЫ #35

  Рет қаралды 268,758

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

12 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Әнуар Махметов - спорт жаттықтырушысы
Ассалаумағалейкум ардақты ағайын. «Спорт денсаулық кепілі». Бұл сөзді мектепте санаға сіңіріп өстік бәріміз. Білім ордасының қабырғасында айтылған сол сөзді жадыға жаттап алды демесеңіз денсаулықтың кепілі дейтін спортты жанына серік еткендер көп болмайды. Содан ғой елде бұқаралық спортты дамыту керек деп жанұшыра жанталасып жатқанымыз. Әсілінде өзіміз он екі мүшемізге салмақ салмағанмен спортшылардың халықаралық аренада атой салып, қарсы келген қарсыласын қаңбақтай ұшырғанын қалап тұрамыз. Және теледидарды басып қалсаң, радионы қосып қалсаң, газетті ашып қалсаң аты көп аталатын адамдарды отандық спорттың теңдессіз тұлғасына балайтынымыз бар. Бажайлап қарасақ ондай жандар көп бізде, кейбіріне көпшіліктің көзі жете бермейді. Мысалы Қазақстанда алты дүркін Қазақстанның рекордын жаңартқан, екі рет әлем рекордын жаңартқан Әмір Махмет есімді спортшы баланың барын білесіз бе? Елдің ішін қойып әлемде теңдессіз екенін ресми хаттап тастаған жеткіншекті қалай әспеттесекте жарасады. Жазу керек, айту керек, себебі өз батырыңды өзің бағаламасаң өзгелер қадіріне жете қоймайды. Бүгінгі мақсатымыз да сол біздің. Қазақ «ұстазы жақсының ұстамы жақсы деп жатады», бүгінгі кейіпкерге келсек биікті бағындырған спортшының бапкерін байқап қара дегің келеді. Өйткені Әмірдей әлеуетті жігітті жаттықтыратын өзінің әкесі Әнуар Махметов. Өз баласынан бөлек ауыл ауылдан белдескеннің белін үзетін мықты жеткіншектерді жинап жүр. Бұйыртса олимпиада чемпионын шығарсам деген тәтті арманы бар. Ауылдағы азамат үшін оның да ауылы алыс емес секілді. Ендеше бапкер Әнуар Махметовпен тілдесейік қане.
Әнуар Махметов жұртқа жасаған жақсылығын жариялап жатпайды, бастысы балалардың бағын ашсам деп жанұшырып жүр. Әсілінде халықаралық спорттық шаралардан тауымыз шағылғанда «ауылдың балаларын неге жарысқа қоспайды» деп күйінетініміз бар ғой. Әнуар соны айтқызбай істеп жүрген жігіт ағасы. Қазір ауыл балаларын джиу джитсуге тегін баулып жүр. Сол үшін үйінің ауласынан шағын спорт алаңын салған. Ол ол ма, өз қаржысына Қажымұқан ауылынан спорт зал салып жатыр. Күш атасының атымен аталатын ауылда ауыл балаларына арналған спорт залдың салынуын жақсыға жорыдым. Бұйыртса сол залда көпбалалы отбасының балалары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын тегін жаттықтырмақ бүгін кейіпкеріміз Әнуар Махметов.
Ғабит Мүсірепов: «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе» деген. Әнуарда осы сөзді басшылыққа алған. Оқу мен спорттың бір бірін толықтыратыны болмаса қарама қайшылығы қат. Сөздің басын Әнуар Махметовтың ұлынан бастадық қой. Содан бір керек дерек болсын, Әнуардың ұлы Әмір Махмет Бурабай көлінің төрт жарым шақырымын жүзіп өткені. Бұл ақпарат пен бейнежазба бұқараға тарады. Ал бүгін сол кейіпкеріміздің тек өз баласын баптамайтынына және ауылға еткен еңбегін бұлдамайтынына көз жетті. Еңбек адамы төрге шықсын дейміз
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 54
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Елде табиғи апат тоқтап ел бір бірін бағалайтын бауырмал қазағым аман болсын
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 10 күн бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@abylai9050
@abylai9050 10 күн бұрын
Саламатсыздарма ағайын бүгінгі көтерілген мәселе өте үлгі боларлық
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 10 күн бұрын
Жарайсың Нартай
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Елдің мерейін үстем етер ұрпақтар аман болсын
@abylai9050
@abylai9050 10 күн бұрын
Мықты азамат
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Сол бір мықты азаматты жақсы пікірмен болсада қолдап отырайық
@abylai9050
@abylai9050 10 күн бұрын
Отандықспорт дамый берсе екен
@Galym-zh8wx
@Galym-zh8wx 10 күн бұрын
Алла жар піріміз медеткер болсын сіздерге
@228sh3
@228sh3 4 күн бұрын
Батырлар көп болсын!❤Өз тілімізде сөйлейік батырым!Мықты,сабырлы, ақылды болыңдар
@Galym-zh8wx
@Galym-zh8wx 10 күн бұрын
Алла Тағала оңдасын Әруақ тар қолдасын
@user-zi9my1mm9h
@user-zi9my1mm9h 6 күн бұрын
Аллаға серік қосуға болмайды, ол ширк.
@user-bm471
@user-bm471 8 күн бұрын
Халық әрқашан қолдайды, бірақ халықтың қолдайтын ақшасын үкімет бермей отыр.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Ардақты ағайын бұндай ерлер аман болсын
@user-fc7rb3dl4n
@user-fc7rb3dl4n 3 күн бұрын
Легионерлер керек емес..өз еліміздің азаматтары жеткілікті.Нартай Аралбайұлы сіз ұлт жанашырысыз.Мықты жеткеншектер бар.соларды көтеріп көмек беру керек.
@orikdunbay3089
@orikdunbay3089 10 күн бұрын
Алға. Алла еңбектеріңіздің жемісін берсін.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Жарайсыңдар елдің ардақтыларды ортаға шығара беріңдер
@abylai9050
@abylai9050 10 күн бұрын
Спорт қандай тамаша
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Тамаша табиғатымыз әдемілігіменелімізді көркейте берсін
@user-zo3re2sp1h
@user-zo3re2sp1h 3 күн бұрын
Әнуар аззаматсың!Ел басқару ақылды,жiгерлi адамның үлесi, балалардың жан дүниесін қозғау үлкен жауапкершілік! Молда жеткiншекке арабша, бапкер өзге тілде түсiндipce не болады!? Ауыр жүкті көтеру Сiз сияқты ерге қиын болмайды! Еңбек рәттi болсын! Бақытты,бай, иманды жолда болыңыздар!🤝✊🙏
@armankulikov5869
@armankulikov5869 3 күн бұрын
Біздің елімізде осындай жеңіске жеткен кезде ғана бағалайды,содан кейін тез ұмытылады.Мысалы Марат Жыланбаевты түрмеге қамады, қазақтар үнсіз отыр ғой, өкінішті жағдай.
@abylai9050
@abylai9050 10 күн бұрын
Алла амандық берсін елімізге
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Алла разы болсын фильм иелері мықтысыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Жақсы күндеріміз көп болсын
@user-mp8qx4kq3c
@user-mp8qx4kq3c 5 күн бұрын
Настоящий Батыр.❤❤❤
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Халық осындай фильмдерді көріпөз ұрпағын дәріптеп мадақтап отыруымыз керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Осындай ауылдан шыққан үлгілі жандар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Спортқа икемдіжандарды бағалап алға жетектеу ол да адамгершілік
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Міне қазақтың түсінігі биік жанұялары сыйластығы артқан
@Galym-zh8wx
@Galym-zh8wx 10 күн бұрын
Пах,, шіркін
@user-sm2su8kj3y
@user-sm2su8kj3y 10 күн бұрын
Біздің заманның Батыры Әнуар бауырым:
@user-dm2rx5zu9y
@user-dm2rx5zu9y 4 күн бұрын
Жарайсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Ортасы елге сыйы артқан жан
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 10 күн бұрын
👍👍👍
@halifaakim7196
@halifaakim7196 10 күн бұрын
адынғы әлем трикотын жаңартқан спортшымыз маратқа қандай сый көрсеттік?
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Мықты түсірілім
@user-pk2nr6wr5g
@user-pk2nr6wr5g 9 күн бұрын
Бізде ен жаманы өз тілінде сөилеи алмаиды намыс тілде
@user-ri2rh7cn7p
@user-ri2rh7cn7p 10 күн бұрын
Әнуар Орыстың баласы орыс тілінде сөйлеп отыр ғой...рахаттанып беті былқ етпей,қызармай.Тілін сатқаннан чемпион балдар шықпайды. Чемпиондар ауыл балдарынан шығады.
@kulyanabdykulova1003
@kulyanabdykulova1003 9 күн бұрын
Туу, калай жалыкпайсындар?! Керек болсын, болмасын тiл мэселесiн кыстыра бересiндер! Одан да, Ануар сиякты енбегiндi ciнipсеншi😡 (телефонымда казакша эрiптер жок)
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Адамдықтан аспайық сыласып өтейік
@Atatyrk1964
@Atatyrk1964 4 күн бұрын
Почему спортсмены все верующие, а учёные атеисты.
@maxpaine9908
@maxpaine9908 3 күн бұрын
Потому что спортсмены на учёные...че за тупой вопрос? Первые ученые все были верующими прогугли!
@user-mb7pw7rb7l
@user-mb7pw7rb7l 3 күн бұрын
Полно ученых верующих
@Atatyrk1964
@Atatyrk1964 3 күн бұрын
@@maxpaine9908 мне не надо , средневековье. В то время если будешь атеистом отрубали головы. Меня интересует современный мир. Назовите фамилии хотя бы 10 ученых лауериатов нобельевской премии по физике или химии которые приняли христианство или ислам и стали глубоковерующими.
@user-uj6qn6ds6r
@user-uj6qn6ds6r 3 күн бұрын
Попробую ответить по своему: У спортсменов развито интуиция, всегда на пути духовного поиска, а ученые пологаются ,следуют логике. То есть у ученных аналитический ум. И исходя из этого делают логические выводы.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 10 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі міне ешкім тани бермеген бірақ еңбегі мерей елдің атын шығара білген жан
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 10 күн бұрын
1
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 10 күн бұрын
👁️
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 8 күн бұрын
Ерлік қо
@user-ip2il6ln6k
@user-ip2il6ln6k 3 күн бұрын
Мен артта қалған, спортты түсінбейтін адам шығармын. Неге спортшылар денесін шыңдап, күшті, мықты спортшы болып жүре бермейді? Неге чемпион болам, әлемге танылам деп, денсаулықтарын зорлайды? Миын дамыту, денесін шыңдау өзі үшін ғана керек емес пе? Білімді, денсаулығы мықты спортшы балаларымыз елімізді өркендетіп жатса, орден-медальдарынсыз, атақ-даңқтарынсыз-ақ қуанар едім!😅 Келіспейтіндер қазір жауап жазатын шығар 😅
@user-zo3re2sp1h
@user-zo3re2sp1h 3 күн бұрын
Спортпен шұғылдану өте жақсы, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деген сөз бар,чемпиондар барлығы болмайды - жүздеген балалардың iшiнен шығады.Басқалары денсаулық шыңдап, үздіктерге қолдаушы болады! Тiл мәселесi бойынша үлкен трагедиялық жағдай туындайды.Ана тiлiн бiлмей басқыншыларға бейiмделу - жауынгерге толыққанды тәрбие,жiгер,ынта бере алмайды! Дүбәра түлғаның негізiн көрсетеді.Тiлге ие болайық ағайын!
@user-tf2se1oz3u
@user-tf2se1oz3u 4 күн бұрын
Казыр мешет десе мусылмандесе коркатын болдым быреу бырдеме аитып коиамадеп казыр казактын быразы карсышыгот
@user-fv8jx8ki3t
@user-fv8jx8ki3t 3 күн бұрын
Сельскии детей очень крепки патом уних денги нету пожтому в спорт не беруть каторый у каво денег есть у богатых детей беруть пускай не победить лижбы имя свой прославляль.
Do you like a chocolate surprise egg?🥚🍫🥰 #demariki
00:32
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42
Қираған ауылдың соңғы тұрғыны марқұм ұлының моласын қимайды
12:18
Сексеуіл туралы Мұхтар Ниязов
4:33
Berik Berimbaev
Рет қаралды 11 М.
Батыр Мариям мен Аннаның арасында таңдау жасап жүр😱 Бір Болайық! 03.05.24
1:12:40
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 84 М.
Германияда қазақ-қырғыз дәстүрін сақтаған немістер
46:14
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 53 М.