Ескендір Бестай: Үйренуді үйрену, вундеркинд бала, бақытты ғұмыр / Kitapal podcast #16

  Рет қаралды 125,920

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов Ескендір Бестаймен сұхбаттасады.
Тайм-код:
20 Педагогика мен мұғалім мәселесі
5:00 Ескендір мырзаның кітаппен достығы
8:30 Жастар неге кешігіп қалдым деп ойлайды?
9:25 Мирас мырзаның тұлғалық тоқырау сәті
11:45 Салыстырудың зияны
14:00 "Студенттер асығыс"
14:30 Кітапты не үшін оқисыз?
16:00 Белгісіздіктен бас ала қашу
17:20 Кітап оқымайтын адам талғамсыз адам!
18:22 Баға бермесең бақытты боласың!
20:00 Инстаграм "нәтижелер" көрмесі
21:00 Процесті білмей нәтиежеге қызықпа!
24:30 Инсайт
26:40 "Кітап алатын күн"
29:00 Тіл туралы
33:20 Кітап мұқтаждықтан шығады!
34:30 Мұғалім білім беруге міндетті ме?
37:00 Ата-ана қылмыскер!
39:00 Еркіндік лицензия емес!
40:30 Түзеймін деме, танимын де!
45:00 Үлкен күш үлкен жауапкершілікті талап етеді!
45:20 Шразаддиннің бала қарауы
47:00 Бейнет пен зейнет
48:00 Бай мен кедейдің баласы
50:00 Кітап оқылмайтын үй болашақ қылмыскердің панасы!
51:00 Дара бала
53:00 Іші пысқан бала ғана кітап оқиды!
54:00 Табиғи робот
55:15 "Тұлға болам" туралы
57:00 Көп кітап оқу туралы
1:00:23 Мектеп, мұғалім мәселесі
1:04:10 Шразаддин феномені туралы
1:07:07 Араласпау немқұрайлық емес
1:09:15 Ұстаздыққа құлдық сияқты қарау
1:10:23 Педагог нені білуі керек?
1:16:00 Өтпелі кезең өткелі
1:25:00 Онша емес кітап туралы
1:27:01 Қарым-қатынас бәрінің кілті
1:32:02 Картина мира
1:34:10 Артық білім
1:40:23 Лайық болу
1:42:15 Травма туралы
1:46:20 Қорытынды
Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: clck.ru/3Cje82
Ескендір Бестай: / eskenbestai
Daniyar: / dzhigitbek
Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
Шразаддин Каниязов / shrazadddin
Kitapal instagram: / kitapal.kz
Telegram: t.me/kitapall
TikTok: / kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Пікірлер: 344
@НурзадаБайтурсынова-т9р
@НурзадаБайтурсынова-т9р Жыл бұрын
1. Өзіңді өзгемен салыстырарда жарыстан алтын, күміс, қола алған жеңімпаздарды ойыңа елестет. Күміс алған адам мұңайып тұрады. Себебі: сәәәл тырысқанда, сәл мықты болғанда алтын алатын едім. Қола алған адам өзіне ырза, қуанышты. Себебі: қалғандарына қарағанда осы үштікке іліктім. 2. Тақуалық, білімге келгенде мен неге сондай болмадым деп өзіңді өзіңнен мықтылармен, жоғарылармен салыстыр. Дүние-байлыққа келгенде өзіңнен төмендермен, сенде бар зат оларда жоқ адамдармен салыстыр. Шүкір ет 3. Баланы ойнатып, жаңа нәрсе көрсетіп, үйретіп бірге отырудан қашып жыламас үшін ұйықтатып тастайтын болсаңыз, сол таңдаған нұсқаңыз өмір бойғы бейнетіңіз болады. Жыламас үшін, тыныш отыруы үшін, сұрақтарымен миды ашытпас үшін телефон, теледидар беріп қоятын болсаңыз сол таңдаған нұсқаңыз өмір-бойғы бейнетіңіз болады. Ұйықтай беретін, телефонға телміретін баланың фундаментін өзіңіз қалыптастырасыз. 4. Баланың білім жолына, өмірдегі жолының қалыптасуына араласпау керек, алайда бұны немқұрайлылықпен шатастырмау керек. Араласпаудың психологиясы: “Мен бірінші қадам жасамаймын. Бірақ, бала кеңес, бағыт, көмек, жол сұрап келетін болса шын көңіліммен, шынайы түрде бағыт-бағдар беріп, көмегімді бар ынтаммен көрсетемін 5. Талғам көп затты тұтыну арқылы пайда болады. Тамақтағы талғам тамақтың көп түрін тұтынып көргендіктен; Қ.Талапбектің мысалында көп видеоны көргендіктен; кітапқа, ойға талғам көп кітапты оқығандықтан пайда болады. 6. Тек қазақ тілін білетін адамның еліне, тіліне деген махаббаты мен патриоттылығы амалдың жоқтығынан. Тіл білмегесін айыбын патриоттылықпен жуып-шаяды. 7. “Баланы қалай жылатпауға болады?” деп емес, “бала не үшін жылайды, жылау себебі неде?” деп сұрақ қою керек. 8. Ана жасанды, өтіріктен, өзі қаламаса да амал жоқтықтан баланың көзінше дауыстап кітап оқыса баланың кітапқа деген оң көзқарасын қалыптастыра алады. 9. Баланың ой-өрісіне отбасы жағдайы, ата-ана мамандығы әсер ете алады. Шәй басында айтылатын әңгіме баланың сөздік қорына, сөйлеу әдебіне әсер етеді. Көрегенді әңгіме айтуға қабілеті жоқ отбасы мен кәсіп, ғылым күрделі құрмалас сөйлемдермен әңгіме талқылап айта алатын отбасының айырмашылығын ойлай беріңіз.
@aqguli
@aqguli Жыл бұрын
Мәссаған 🤯 Әр подкаст сайын деңгейдің өскені байқалып жатыр. Жай сұрақ қою, жауап беру, құр қағидаларды айта салу емес. Терең ойлау, зерттеу, жан-жақты пікірлермен тақырыпты қызықты етіп аштыңыздар. + арасында күлкі сыйлайтын әзіл де бар😉 Кітапал подкаст тоқтамасын🔥
@aiya_bf
@aiya_bf 2 ай бұрын
Ухти сізде бұл подкасттарды көресіз бе😂😍ескертуші каналынан білемін сізді
@Zzz-fb7tb
@Zzz-fb7tb Жыл бұрын
Оқу, білімді болу модаға айналса екен. Әншілік, шоу бизнестің орнына, ғылым популяризацияланса екен. Осындай жігіттерді қолдау көрсетейік, ең болмаса лайк басайық, жазылайық.
@bahabaha1910
@bahabaha1910 10 ай бұрын
модаға емес норма айналса екен,тамақ жеу мода емес ол қалыпты жағдай
@dzhigitbek
@dzhigitbek Жыл бұрын
Жүргізуші жігітке риза болдым. Подкаст желісін шебер ұстап отырды.
@Alseyitovaa
@Alseyitovaa Жыл бұрын
😂
@nursat207
@nursat207 Жыл бұрын
😂
@zhassulanamangeldy1145
@zhassulanamangeldy1145 Жыл бұрын
😂😂
@Paidalymyn
@Paidalymyn Жыл бұрын
😂😂
@АружанСаркытбай-т1т
@АружанСаркытбай-т1т Жыл бұрын
Шынымен ғой неге бәрі күлген десем Данияр өзі екен ғой😂
@marhaboyusupova592
@marhaboyusupova592 Жыл бұрын
Бүкіл мұғалім қауымы көрсеғой мынаны. Недеген күшті подкаст , негізінде көп подкастарды тірлік жасап жүріп тыңдаймын , бірақ бұл подкасты үйтіп көре алмадым , паузаға қойып терең ойланып миыма жайғастырып дегендей 😂😂😂. Аллам баршамыздың зейінімізді ашсын , ақыл иелерінен қылсын, осы ер азаматтарымыз сияқты кітап сүйер қауым ,елді ойлайтын білімді ді ілімді ұрпақ көбейе берсін 🤲🤲🤲
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
Ескендір Бестайдың подкасттары аз. Ал КітапАл+Ескердір Бестай ағамыз ваще топ🫡💥
@alashbalasi6260
@alashbalasi6260 Жыл бұрын
Нағыз мал ғой. Адам өзін олай жоғары ұстамау керек. Мына сөздерден кейін қалай жақсы адам дейсін? Уақыт 30:08
@nurbqlq.
@nurbqlq. 10 ай бұрын
@@alashbalasi6260алаш жауы
@pausepause3479
@pausepause3479 5 ай бұрын
​@@alashbalasi6260өздерін данышпан сезініп бастаса адасудын нағыз бастама жолы, бұлар түсінбеид оқу игеру Жаратушынын ықпалымен жүретінін, әитпесе қарапайымдылықты малмен тенемес еді...
@erkebuland6924
@erkebuland6924 3 ай бұрын
​@@alashbalasi6260 айтқаны дұрыс негізі
@РайымбекМаксот-ц5с
@РайымбекМаксот-ц5с 2 ай бұрын
дурыс аке
@InkarS-fz5jd
@InkarS-fz5jd Жыл бұрын
Ескендірді көріп қалсам болды, қандай подкаст болса да міндетті түрде тыңдаймын. Жалықтырмайды. Беретін пайдалы ақыл-кеңес, ақпарат, қажетті дүниелері өте көп. Көп-көп рақмет! Аман жүріңіздер!
@wwerty_20
@wwerty_20 10 ай бұрын
Подкастты енді тыңдап бастадым, Бұйырса хайырлы болады деген ойдамын😊
@МеруертОрынбек-й8у
@МеруертОрынбек-й8у Жыл бұрын
Ескендір Бестай ағамыздың ой саптауы мүлдем ерекше уровеньғой.Подкастты көріп өзімнің ой саптауым өте төмен екенін көрдім.Рахмет сіздерге осындай подкасттар дәл қәзіргі уақытта өте керек дүние-ақ.
@nurbekkqyzy
@nurbekkqyzy Жыл бұрын
Ескендір Бестай қатысқан подкаст, интервьюдің бәрінде ми шашылады ғой. Ескендір ағаны 2019-да тыңдап танысып бастағанмын. Өте білімді жан. Педагогика бойынша айтқан инсайттарыңыз үшін рақмет.
@UlbolsynIbat
@UlbolsynIbat 6 ай бұрын
инстасы барма
@nurbekkqyzy
@nurbekkqyzy 6 ай бұрын
@@UlbolsynIbat eskenbestai деп іздесеңіз табасыз
@armanmalikov3031
@armanmalikov3031 11 ай бұрын
Сіздің подкасттарыңызды, барша Қазақстанның тұрғындары көру керек.
@ZhanerkeBalkhan
@ZhanerkeBalkhan Жыл бұрын
Болашақ педагог ретінде өте құнды ақпараттар алдым. Еңбектеріңіз жана берсін!
@gazizakuandykova7732
@gazizakuandykova7732 Жыл бұрын
Қазақстанда осындай ақылды азаматтар көбейе берсе өркендей береміз бұйырса👍
@qazaqguest9032
@qazaqguest9032 Жыл бұрын
Ағайындар, сіздерге көп рахмет, біраталай подкастарыңызды тыңдадым. Жиі-жиі әртүрлі саладағы мамандар шақыра беріңіз, әсіресе өзгеше көзқарастары бар кәсіби мамандарды шақырыңыз. Ізгі тілекпен, Амерканың Қазағы
@kuanyshergashbay5549
@kuanyshergashbay5549 9 ай бұрын
1) қазіргі кезде кітап оқуға талпысыс жоқ немеса аз себебі дофомин аса көп миымыз үйренбеген кітап сияқты заттарға, не істеу керек өзімізді іш пысатын состаениеге алып келу,телефонды тастап 3-5 мир жатсан пайдалы және істеу керектер заттар ойына келе бастайды нәпсіге ұнамайды құр ойланған 2) сообщение арқылы сөйлесу Мысалы: досым жағымсыз әрекет жасады оған мен өзімнің состаниемен ойымды қоса айтсам ол өзін менің орнынма қояды 3) білімді қалай өлшейді? Білім өлшем бірлігі ол адамнын мінезі,білімді өлшейтін құрал күндегі әрекеттері. Мінез қылықтарына қараймыз,бұл исламда да бар зат намаз немесе басқа құлшылық қабыл болады ма білуге болады. Ол өзініз жақсы жақа өзгерістер байқау 4) адам кітәпті қандай себебпен оқыса оны табады,өзіміздің басымызда шешім бар шығар бірақ кітап сол бастағы тола пазл бар бірақ олар өзі орындарында емес кітап осын орындарына қойып реттейді 5) бір затты өзгерттің келсе ол затты басқара алу керексің, басқара алу үшін ол затты өлшей алатын болу керек
@nur4588
@nur4588 11 ай бұрын
Шынымды айтсам, мына кеңестерді қолданып, өміріме араластыру үшін тағы 5-6 рет тыңдау керек сияқты)
@aikunyesimbai2345
@aikunyesimbai2345 Жыл бұрын
Абылай Ахметқалиді шақырынызшы өте жақсы адам білімге Дамуға өзін арнаған психолог🎉🎉🎉сіздер подкаст кезең кезең дамып жатыр керемет🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤
@AidinarToktasyn-bm6xv
@AidinarToktasyn-bm6xv Жыл бұрын
++😍😍
@BekarysBereketov45
@BekarysBereketov45 Жыл бұрын
++
@adilbayu17
@adilbayu17 2 ай бұрын
+
@aikenaltai3423
@aikenaltai3423 Жыл бұрын
Керемет подкаст. Үшеуі үш жүз сияқты, бір бірін толықтырып тұр. Қайталап көре бергің келеді. Тіл байлықтары, рухани байлықтары керемет
@bakytberdikuatkhan4949
@bakytberdikuatkhan4949 Жыл бұрын
Керемет коллаборация, Тұнып тұрған инсайт, визуалды контент🔥🔥🔥
@aqniyetzhetkirbay
@aqniyetzhetkirbay Жыл бұрын
Ескендер Бестайда бір артық сөз жоқ.👏👍
@merkebayeva_
@merkebayeva_ Жыл бұрын
Ескендір ағаның даусы жағымды екен, подкасттарын тыңдап отыра бергің келеді😊
@meruert.rahymhan6
@meruert.rahymhan6 Жыл бұрын
Сұмдық подкаст! Маған ұнады,миым жарылды былайша айтқпнда.Біраз сұрақтарыма жауап алдым,қателіктерімді түсіндім.Бестай ағанын миына,әр сұраққа керемет ,нақты. жауабы дайынына таңғалдым
@Nuraiym04
@Nuraiym04 Жыл бұрын
Мұғалімдерге арналған жақсы нұсқа подкаст болды😍
@ZhannurBelgibaikyzy
@ZhannurBelgibaikyzy 3 ай бұрын
Не деген күшті инсайттар. Үй жинап жүріп 2 рет тыңдадым, бірақ бәрібір әлі алатыным көп екенін түсініп тұрмын. Енді бір тыныштықта отырып тыңдау қажет болып тұр.
@nurlantuletaev2303
@nurlantuletaev2303 Жыл бұрын
Маш Аллах жігіттер өтте дұрыс бағдарлама екен !!!
@amankakubash6818
@amankakubash6818 11 ай бұрын
Осы каналдың подкасттарын тындап, жібермей карап жургеніме бірнеше кун болды. Оте кызык екен. Ыдыс жуып, дауысын бакыртып косып коямгой👍. Әрбір подкасттары бірінен-бірі өткен екен. Сіздерді караганнан кейін кітап ашып, куніне 3-4 бет болса да улгеоіп окитын болыппын. Ағылшын тіліне еріншектік басым еді, сабағымды колга алып, оятып жібердіңіздер ұйқымнан. Оте керемет, пайдалы подкасттар екен халыққа жанларыныз ашитыны корініп тур, білімді болсыншы деген. Улкен алгыс. Аллах разы болсын. Булай баска подкасттарды тындамаган болармын, или аударып жіберетін едім іш пыстырып жібереді кобі. Осе беріңіздер. Казакка жаны ашитын мыктылар, білімділер кобейе берсін🤲🏻.
@amirbekov_j
@amirbekov_j 9 ай бұрын
7 ай болыпты шыққанына кемі 10 рет көруім
@Ддд-п3э
@Ддд-п3э Жыл бұрын
“Тұлға болам” жобасы мен үшін өте керемет болды.Сол жобаның арқасында кітапқа деген қызығушылығым арта түсті.Тағыда сондай кітап оқу жарыстары болса, нұр үстіне нұр болады
@АрайКанал-л5е
@АрайКанал-л5е Жыл бұрын
Айтқан әр сөздері тереңінен ойланатын подкаст болды. Керемет👍
@fatoshhakimova4522
@fatoshhakimova4522 Жыл бұрын
мәә қандай тамаша адамдар,Алла тағала бізгеде Ескендір аға айтқандай ата - ана,оқушы,мұғалім болуды нәсіп ет🤲
@frzqwjkk
@frzqwjkk Жыл бұрын
Недеген керемет, ойтолғаулы подкаст!! Тыңдау арқылы біраз нәрсеге көзім жетіп, біраз инсайт алдым. Ескендір Бестай ағамызды тыңдап оның сөйлеген сөздері, позициясы, принциптары маған ұнады!! Нағыз ойын ашық, мысалдар арқылы жеткізе алатын өте сауатты, көпті көрген азамат екен!!👏🏻👏🏻👏🏻 Осындай пайдалы, танымдық, өзекті тақырыптарға толы қоғамға пайдалы подкасттар көбейе берсін!!🥰
@newchemist
@newchemist Жыл бұрын
Кітап алуға арналған күні ұнады ана кісінің!
@subyektive_soz
@subyektive_soz Жыл бұрын
Негізі қарапайым сөздер өміршең келеді, мысалы: балаң сабырлы болғанын қаласаң өзің сабырлы бол, балаң кітап оқысын десең өзің кітап оқы, тағысын тағы … нені өзгертуді қаласақ та өзімізден бастау маңызды! Осы орайда ислам ғұламалалары мен стоиктердің ойына басымдық берген жөн, барлық істің себебін өзіңнен іздеу! Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен, Тағдыр ісі дегенді - Шығарамын сөзімнен. (Сұлтанмахмұт Торайғыр)
@КАЛИМАНУРблогер
@КАЛИМАНУРблогер Жыл бұрын
Саяхатшы Руслан Мелдебек.Темирлан Мукашбеков.Ернар мен Жазира сол кисилерди шакырсаныздар.
@ДанаУбайдулина
@ДанаУбайдулина Жыл бұрын
38:20 толыктай келисемин.мен универге тускенде агылшын тилине солай болган...👍
@АкниетКеремкул
@АкниетКеремкул Жыл бұрын
Керемет подкаст 🔥🔥🔥🔥
@ЛаззатЖолшиева
@ЛаззатЖолшиева Жыл бұрын
Іздеген подкаст алдымнан шықты, рақмет!
@yakamoz-i4z
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Үздік комбо🎉 Ескендір Бестай ағайды тыңдаған ұнайды❤
@neat2023-rk1rm
@neat2023-rk1rm Жыл бұрын
💬Әссәләмуғалейкум! Сіздердің подкасттарыңызды үзбей көріп жүрген оқырман, көрермендеріңіздің бірімін. Соның арқасында кітаппен достығым басталды. Тек ол ғана емес өз бойымнан ілім талап етушілік қасиетті байқадым. Ізденуді көбейттім. Қандай сұрақ немесе мәселе туындай қалса жауабын ең әуелі діннен, сосын кітаптан іздейтін болдым. Ал подкасттарыңыздың орны ерекше!💯 Сәйкесінше пайдасы да мол!🤓 Қандай тақырыпты талдасаңыздар да нақты әрі құнды мәліметтерді айтып жатырсыздар!!! ❤ Тек Алға! Алла баршамыздың зейінімізді ашсын! 🤲Әмиин!
@Нурханова-п9х
@Нурханова-п9х Жыл бұрын
Көп рахмет ❤ Алла разы болсын ❤ 35+ жасқа да өте пайдалы )) игіліктің ерте кеші жоқ ешқашан оқу да үйрену де кеш емес, дегім келеді. Мен өзім үздіксіз оқушымын, ақыл жастан деп жастардан да үйренетін нәрселер көп
@СактаганПримбет
@СактаганПримбет Жыл бұрын
Фокуспен тындалу керек подкасттардың бірі болды.
@Gaukhar_Zhumatay
@Gaukhar_Zhumatay Жыл бұрын
Осы күнге жеттік-ааау🥹🫶🏻
@subyektive_soz
@subyektive_soz Жыл бұрын
Ең бір деңгейі жоғары подкасттардың бірі болды👍
@ВенераСултанкул
@ВенераСултанкул Жыл бұрын
Миымда бомба жарылып жатыр😁 керемет подкаст болды, өзім де жас маман едім,кей қателіктерімді түсіндім, қайталап қарау керек екен тағы
@Qubylys_ozger
@Qubylys_ozger Жыл бұрын
Өзіңе де,өзге де баға бермеу. Ескендір Бестай✨
@zhandos_berdigulov
@zhandos_berdigulov Жыл бұрын
Ескендір ағаға рақмет
@АринаТореханова
@АринаТореханова Жыл бұрын
Өте көп рақмет,подкаст өте пайдалы болды,көптеген білмей жүргендерімді түсіндім,әсіресе педагогтар көру керек подкаст екен
@КамшатДаньярова
@КамшатДаньярова 18 күн бұрын
Сәлеметсіздер ме?! Керемет сұхбат болды. Рахмет! Терең ой. Керемет сөз саптау.
@MakhambetErzhanuly
@MakhambetErzhanuly Жыл бұрын
Керемеет Тағыда келсе жақсы болар еді Қолдасаңыздар❤
@zhaulanbek
@zhaulanbek Жыл бұрын
Пайдалы подкаст болды, рақмет!
@Symbat.koishybayeva
@Symbat.koishybayeva Жыл бұрын
Алла разы болсын сіздерге🤲🏻
@málimdeme
@málimdeme Жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст!😍 Бір психологты шақырсаңыздар қонақ ретінде, себебі қазір псевдопсихологтар көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде де көп)
@Уалихан-ж1б
@Уалихан-ж1б 4 күн бұрын
Өте керемет жоба
@UBT_PRO
@UBT_PRO Жыл бұрын
Ескендір Бестайдың әр подкастты миды жарады 😅
@jadyrajaqsylyq
@jadyrajaqsylyq Жыл бұрын
Пештің тамызығын оқып отыратыным есіме түсіп кетті😂 Подкасттар жалғасын таба берсін🔥
@JannatJannat-jb8bj
@JannatJannat-jb8bj Жыл бұрын
Керемет подкаст болды 👍👍
@yerlandarzhan2629
@yerlandarzhan2629 Жыл бұрын
Керемет! Түртіп алатын жерлері жетіп артылады. Нәрікби Мақсұтты күтеміз келесіде🤗
@Мадина-х2б
@Мадина-х2б Жыл бұрын
Өте пайдалы эфир🔥
@kenzhegulsalembek1126
@kenzhegulsalembek1126 Жыл бұрын
Ескендір ағаның теңеулері керемет. Подкаст білімге толы болды(пайдалы білімге деп енді айтпаймын). Кейбір ойларды қабылдауым қиынға түсті, өйткені фокусым оның алдында айтқан ойда қала берді. Ілесіп, алған инсайтты пайдама жаратамын. Көп рақмет!
@АйданаАбай-щ9х
@АйданаАбай-щ9х 9 ай бұрын
Дами беріңіздер істеріңізге береке берсін🤲🏻❤️
@_qruzhqn_
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
Пайдасыз жері болмаған подкаст болды🔥
@kkhrmn_
@kkhrmn_ Жыл бұрын
Осы подкаст коментіне тек жақсы ұнады деген пікір ғана емес, осы тақырыпқа байланысты оқыған кітаптарыңыз болса ұсынып, алған пайдаларыңызбен бөлісе отырсаңыздар көпшілік қауымға да пайда болар еді. Жәй, өзіме келген идея ғой. Рақмет! Подкаст супер🔥🔥🔥
@НурсултанСадыков-н5в
@НурсултанСадыков-н5в Жыл бұрын
Керемет подкаст болды
@жайнакушербаева
@жайнакушербаева Жыл бұрын
Пайдалы подкаст болды👍🏻👍🏻👍🏻
@AselyaArmankyzy
@AselyaArmankyzy Жыл бұрын
Көп-көп рақмет сіздерге! Шығармашылық табыс тілеймін!😍🙌🏻
@aigerimazat7180
@aigerimazat7180 Жыл бұрын
Керемет миым бомба болып жаатыыр 😍 Кооп дуниелердын есыгын ашугы комек бере алдыныздаар 🪄
@Yerlan.q
@Yerlan.q Жыл бұрын
Көптен күткен подкаст🔥🔥🔥
@_qruzhqn_
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
Ия, шыныменде кітапалдың подкасттары өзге сияқты емес жалықтырмайды 🔥
@aygerimnurmuratova1153
@aygerimnurmuratova1153 11 ай бұрын
Өте керемет подкаст болған екен ,рақмет.Білімді жастар көбейе берсін.
@amirbekov_j
@amirbekov_j Жыл бұрын
Жақсы жақсы бір подкастты көре беріп шаршап едік
@КенжегульКамзина-г9ж
@КенжегульКамзина-г9ж Жыл бұрын
Ассалаумалейкум ағалар! Сіздерге сұрағым бар еді, мен мектепте математика пәнінің мұғалімімін және сынып жетекшілік етемін. Осы подкаст көру барысында маған ой келді. Қазіргі оқып жатқан оқушылар ертеңгі Қазақстан емес пе? Сондықтан мен оларды бір кітап оқытқызып жарыстырмақшы едім. Олар 6 сынып оқушылары. Қандай кітап кеңес бересіздер? Олардың кітап оқуға махаббаттарын ашқым келеді. Маған осындай мотивация бергендеріңізге мыңда бір рахмет. Алла істеріңізге береке берсін!
@MrMirassus
@MrMirassus Жыл бұрын
Уағалейкумассалам! Тастамашы, ана
@ТошироХитсугая-ь2ч
@ТошироХитсугая-ь2ч 10 ай бұрын
Ертөстікті беріңіз, шындығында Ертөстік-классика.
@Бося-й1и
@Бося-й1и 7 ай бұрын
Керемет. Өте пайдалы ақпараттар. Бірнеше рет қайталап көру керек екен.
@qanataldiyev9515
@qanataldiyev9515 Жыл бұрын
Алла берекесін берсін жігіттер 👍👍👏👏✊
@aiaulymzhumabai1475
@aiaulymzhumabai1475 10 ай бұрын
Ескендір ағамен айтып жеткізе алмаймын өте керемет подкаст болады. Алғысым шексіз барлығыңызға!
@NKtzzz1002
@NKtzzz1002 2 ай бұрын
Жас маман ретінде, подкаст үшін алғыс айтамын. Дәл керек кезде екінші рет тыңдап отырмын. Рақмет!
@БекболатБека-н3б
@БекболатБека-н3б Жыл бұрын
Өте керемет заманға сай сұхбат болыпты
@КайратМарал-н1щ
@КайратМарал-н1щ Жыл бұрын
Ең басты түйін: кітапты оқу арқылы білім жинау, үйрену өнері дағдысын қалыптастыру
@Armansaidulla
@Armansaidulla 8 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды. Өз ойымды айта кетсем, кітап оқитын Қазақстанда азаматтар көп, біздер бәлки байқамайтын шығармыз. Бірақ білімді азаматтар көбейіп бара жатыр ✊
@kuralaidunentaeva6034
@kuralaidunentaeva6034 Жыл бұрын
Керемет . Рахмет сіздерге . Ойға ой қоосатын поскат болды
@gulsaraserikbaeva3831
@gulsaraserikbaeva3831 Жыл бұрын
Өтееее керемет подкаст😊😍😍😍😍
@nauryzbayunic
@nauryzbayunic Жыл бұрын
Подкаст өте өнегелі өтті. Өңшең өкіметте өкілеттілігін өткізетін өрендер. Өркендеріңіз өссін.
@Serikgul.Togtokh
@Serikgul.Togtokh Жыл бұрын
Ө-Өзіңіз ө-өрелісіз)
@ГульназКулмаханова
@ГульназКулмаханова 5 ай бұрын
39 жастамыг көп нәрсе үйренемін сіздерден. Рахмет
@НургульБухарова
@НургульБухарова Жыл бұрын
Мен орысша окыганмын. Бирак сиздердин себептеринизбен казакша Тил бал болып отыр сиздер керемет жеткизип отырсыздар казак тилинде манызды темаларды ашып, китапка аппетит ашылды❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@nursultannazar1587
@nursultannazar1587 Жыл бұрын
Керемет👍
@madijanbrbai4825
@madijanbrbai4825 11 ай бұрын
Керемет подкаст болды. Алла тағала зейінімізді ашып қойсын ❤Кітап құштарлығымызды артырып қойсын❤
@feruzaberkin6345
@feruzaberkin6345 4 ай бұрын
Керемет подкаст болды, өзіме керек нәрселер көп болды. Рахмет сіздерге
@nauryzgul373
@nauryzgul373 Жыл бұрын
Техниктарыңызға рахмет, дауысы тап-таза
@MuslimQul
@MuslimQul 8 ай бұрын
Жігіттер көп рахмет
@Aikaalalimova
@Aikaalalimova Жыл бұрын
Алла разы болсын❤ өте пайдалы болды ,көп рахмет
@albina0788
@albina0788 Жыл бұрын
Рахмееет көп көп 💌
@GuljamalAlimova-lt5px
@GuljamalAlimova-lt5px 8 ай бұрын
Китеп ал жамаатына жана келген конокко ыраазычылык!
@АсельТуртаева
@АсельТуртаева 5 ай бұрын
Мына подкаст целый курсты алмастырды🤍
@Aishamis18
@Aishamis18 Ай бұрын
Менің дәл қазір миыма қажет ақпараттар болды мына подкаст. Өзімді тежеліп ойлауым тоқтап қалғандай күй болып еді соңғы 1 жылда
@lisag8052
@lisag8052 Жыл бұрын
Осылай кызыкты конактар келетыныне куаныштымын. Себебы алгашкы 2 сезон максимально иш пыстырарлык болды.
@КымбатМухраманова
@КымбатМухраманова 4 ай бұрын
Көп ақпарат алдым. Пайдалы подкаст үшін сіздерге Алла разы болсын!
@КайратМарал-н1щ
@КайратМарал-н1щ Жыл бұрын
Мен үшін керемет, әсер қалдыратын подкаст.
@ЭмаАйдар
@ЭмаАйдар Жыл бұрын
Алла разы болсын!
@YerbolkyzyAkerke
@YerbolkyzyAkerke Жыл бұрын
Керемет❤
@БалгазыДукаева
@БалгазыДукаева 2 ай бұрын
Пайдасы бар подкаст екен❤
@doszhanabzhanov3408
@doszhanabzhanov3408 Жыл бұрын
Подкаст 👍👍👍👍қатарымыз көбейе берсін
Жездуха 42-серия
29:26
Million Show
Рет қаралды 2,6 МЛН
«Жат бауыр» телехикаясы І 26-бөлім
52:18
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 434 М.
ЧТО ДЕЛАЕТ С ЖЕНЩИНОЙ НЕДОВЕРИЕ МУЖЧИНЕ  И КАК РАБОТАЕТ ЖЕНСКАЯ ЭНЕРГИЯ
35:47
Елена Барабанова - Магия Женственности
Рет қаралды 20
Өміріңді өзгертететін 7 әдет | Қасымбек Айдархан
1:07:43