Ескерту! Тасқын су Петропавл қаласына беттеп келеді

  Рет қаралды 3,664

Информбюро 31

Информбюро 31

Ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Петропавлда тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Халыққа үндеу жолдаған шаһар әкімі де жұртты дайын отыруға шақырды. Өйткені Есіл өзені ернеуінен асып, су деңгейі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазір үш аудан мен саяжайларға су басу қаупі төнген. Әскерилер мен еріктілер бөгеттерді биіктету жұмыстарына кірісті. Бірақ жұмыс күші жетіспей, көмекке тұрғындар келген. Өңірдегі ахуалды әріптесім Руслан Жасұланұлы айтып берсін.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
- Біз қазір Петропавлдың іргесіндегі Заречный ауылының маңында тұрмыз. Бұл жерде қаланы Есіл өзенінен қорғайтын бөгетті бекіту жұмыстары бірнеше күннен бері жүріп жатыр. Бұл жұмысқа еріктілер мен бірге ауыл тұрғындары да келген. Бөгеттің ұзындығы 2 шақырымға дейін жетеді. Ал, оның биікітігін 4 метрге көтеру жоспарланған.
Заречный ауылынан бөлек қаланың Ойқала, Былғары зауыт ауданы мен Тепличный елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Онда тұрғындар үйіміз қарғын судың астында қала ма деген үреймен отыр. Отбасын туыстарына көшіріп, қамданып жатқандардың бірі- Денис Чекунов. Ал өзі су келсе де баспанамды күзетемін деп отыр.
ДЕНИС ЧЕКУНОВ, Былғары зауыт ауданының тұрғыны:
- 2017 жылы осы маңдағы бүкіл үйді су шайып кетті. Ал биыл Есіл өзені одан да биік көтеріледі деп жатыр. Сол себепті бағалы заттар мен қымбат техниканы туыстарға тасып жатырмын. Жақындарым да сол жаққа уақытша көшеді. Ал үйді біреу қарау керек қой.
Бұл аумақты бүгіннен бастап полицейлер бақылауға алып, күзет қойған. Тіпті, мұнда өзге адамдар кіргізілме, көліктерген тосқауыл қойылған. Одан бөлек қаланың іргесіндегі саяжайларда да жаппай эвакуация басталды. Себебі, бес мыңнан астам саяжайды су басуы мүмкін.
АЛЕКСЕЙ ИШИН, былғары зауыт ауданының тұрғыны:
- Тұрмыстық техника мен жиһаздарды көшіре алмаймыз. Оның бәрін апаратын жер де жоқ. Өзіміз құжаттарымызды, ең қажетті заттарымызды дайындап отырмыз. Бірақ үйімізге су келмейді деп үміттенеміз.
Петропавл қаласының әкімі қаланың жан-жағында орналасқан төрт бөгетті биіктетіп, барынша бекітіп жатқанын айтады. Бірақ жұмыс күші жетіспейді. Сондықтан халықты көмекке шақырды. Қазір екі мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшіретін арнайы орындар дайындалып жатыр.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
- Тасқын су Петропавл қаласына беттеп келеді. Оған дейін бағалы заттарыңызды, мал-мүлікті қауіпсіз жерге көшіріп үлгеріңіздер. Қажет болған жағдайда біз көмек көрсетеміз. Уақыт аз қалды. Судың келгенін күтіп отырмай, қазірден қамданыңыздар!
Айта кетейік, осы уақытша дейін Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған. Төрт ауылдың тұрғындары эвакуацияланған Есіл ауданында да төтенше жағдай енгізіледі. Солтүстікке тасқынмен күреске Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 300 сарбаз бен құтқарушы келе жатыр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 2
@user-rz1jn5qi8o
@user-rz1jn5qi8o Ай бұрын
Армяны жіберсеңдерші
Тасқын су қиратқан Құлсары
9:05
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 187 М.
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 11 МЛН
Мы играли всей семьей
00:27
Даша Боровик
Рет қаралды 4,6 МЛН
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 6 МЛН
Айналып соққан алапат | Әлем
29:10
Телеканал 24kz
Рет қаралды 143 М.
ШЕТЕЛДЕН КӨЛІК САТЫП АЛАТЫНДАР НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ
3:42
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 85 М.
В Восточном Казахстане готовятся к большому паводку
5:00
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 2,1 М.
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 11 МЛН