Рет қаралды 931,566
Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлы жазушысы, еңбек ері, осы оңірдің тумасы Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл байқауға Республиканың 9 облысынан суырып-салма ақындары қатысты. Сайыстың бас жүлдесі - гран-при мен 600 мың теңгені түрлі халықаралық ақындар сайысының жүлдегері Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды. Гран-приді ұтып алған айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев 1 орын мен 400 мың теңгені қарағандылық суырып-салма ақыны Мақсат Ақанов иеленді. 2 орын екі жүлде: «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры тағайындаған «Тұрсынбек Кәкішев» атындағы 300 мың теңге сыйлықты Қызылордадан келген Мөлдір Айтбай иеленсе, тағы бір 300 мың теңгелік жүлдені Солтүстік Қазақстандық Мұхамед Қоңқаев алды. Жүлделі 3 орын алған Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Өмірбаевқа Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен Ерік Асқаровтың атынан арнайы сыйлық пен 200 мың теңгены иемденсе енді бір 200 мың теңгені Қарағанды облысының өкілі - Дидар Қамиев иемденді. |