Рет қаралды 15
Дүниенің бір қайталанбас қызығы бар. Ол керемет нәрселердің өте қарапайым жасалатындығы. Осынау талайларды ойландырған, тамсандырған бұл құбылыстарды сән әлемінен де жолықтыруға болады. Сән адамзат баласымен бірге пайда болды.
Сән француз тілінен аударғанда «Мода», ал латын тілінен аударғанда өлшем, әрекет, тәсіл, яғни, киім қию деген мағына береді.
Сән әлеміне кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол өзіңнің формаңды табу, яғни сән үлгілері арқылы өзіңнің талғамыңды, көзқарасыңды таныту. Біздің бармақтарынан бал тамған, шебер, дизайнер қыздарымыз тек матадан ғана емес қағаздан, клёнкадан, тіпті дискеттен де киімдер жасай алады.