Халықтың жаңа аяқ киімге ақшасы жоқ | Етікші әйелдің басынан өткен қиындықтар | ЕҢБЕК АДАМЫ #11

  Рет қаралды 48,331

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: ГҮЛДАНА ХАУАШЕВА - ЕТІКШІ
Дұшпан аяққа қарайды деген сөз бар. Рас, адамның аяқ киіміне қарап, оның кім екенін де бағамдауға болатын шығар. Оның үстіне аурудың бәрі табаннан өтпей ме? Сондықтан, аяқ киім сайлы болғаны ләзім. Қазір киім-кешектің бәрі қымбаттап бара жатқан заман. Жыртылған аяқ киімді тастап, басқасын ала салатындай бәрінде бірдей мүмкіндік жоқ. Сондықтан да, етікші деген мамандыққа әлі де сұраныс бар. Тіпті, етікші мамандығы біле білсеңіз, көне кәсіптің бірі, оның тамыры жоғарғы палеолит дәуірінен бастау алады екен. Ертеде тек санаулылар ғана меңгерген шеберлік ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Шабата тігушілер мұрасы бүгінгі күнге дейін жетті. Алайда, қазір жасыратыны жоқ етікші мамандығына көзқарас әр қилы. Бұрын бұл ең сыйлы әрі ең қажетті кәсіп түрі еді. Қолына бізін алып, тігістің ізін салып, тоз-тозы жеткен етікті қайтадан жылтыратып, жаңартып жіберетін шеберлер бізде көп. Солардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз.
Етікші етікке жарымайды емес, етікші материалға мұқтаж. Қазақстанда тері-былғары кәсіпорындары жоқ деуге болады. Ілеспе материалдарды көптен бері ешкім шығармайды, оларды Ресейден сатып алуға тура келеді. Өндірісті басынан бастап қолға алуды ешкім қаламайды. Жеке бренд жасау идеясы - орындалмайтын мәселе: елімізде төменгі пайыздық мөлшерлеме несиелері жоқ деуге болады, ал өз қаржыңмен мұндай жасау мүмкін емес. Бірақ, етікшілер қиынның қиюын тауып, тұтынушылардың талабына сай жұмыс істеп жатыр.
Қазір елімізде 500 мыңнан аса NEET жастар бар. Оларды не оқымайды, не жұмыс істемейді деген санатқа салады ресми есепте. Негізінен дәнекерші, шаштараз, аспазшы деген сияқты кәсіптік білім тегін беріледі. Жатақхана, шәкіртақысы тағы бар. Егер жұмыс істеймін десе, жұмыспен қамты орталықтарында да екі қолға бір күрек табуға боладым дейді мамандар. Бірақ, оған құнт-құлшыныс қажет. Айтпағым, қазір жас буын етікші сияқты мамандықты менсінбейді. Ал, бүгінгі кейіпкеріміз етікшінің өзі табыс тауып, бір жанұяны асыруға болатын кәсіп екенін дәлелдеп отыр. «Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады, еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» демей ме?. Таң алагеуімнен ерте тұрып, қас қарайғанша тебен мен бізді, балға мен шегені серік еткен етікшілердің кәсібі үлкен еңбекті талап етеді. Ерінбеген етікші болады деп бекер айтылмаған.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 205
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Ағайын, көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым адамдарды бағалайық!
@europattt7299
@europattt7299 Ай бұрын
"Дұшпан аяқ қарайды" деген мақалдың мағынасы аяқ киімге байланысты емес ғо 😂😂. Қанша жерден келген дұшпан аяқ киіміңе қарап кетіп қалмайдығо. " Аяқ" деп қазақ ыдысты атайды. Мысалы; ит аяқ, жер аяқ, бір аяқ ас дейд,қазан аяқ дейді тб . Сонда мақалдың мағынасы - дос басқа қарайды ( адамгершілігіңе қарайды). Дұшпан аяққа қарайды ( ыдыс - дүние мүлкіңе қарайды).
@user-cr3yv1wv5m
@user-cr3yv1wv5m Ай бұрын
Нартай брат маладес
@user-cr3yv1wv5m
@user-cr3yv1wv5m Ай бұрын
Саган АЛЛА жар болсын
@user-rm5qt5mg4y
@user-rm5qt5mg4y Ай бұрын
Ия, өзіде қарапайым, жұмыскер және адамгершілігі мол келіншек сиякты. Отбасылық және әйел бақытын тілеймін.
@erkebulankarabisenov6053
@erkebulankarabisenov6053 Ай бұрын
Етікшіден бұрын келінмін бұл ауылға дима .Керемет.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Етікші болу кез келген адамның қолынан келе бермейді
@user-zw8nc7kg8l
@user-zw8nc7kg8l Ай бұрын
Ерінбеген етікші дейді ,адал еңбек қой.Аман жүрсін ,жемісін көрсін адал еңбектің
@salauatadai6840
@salauatadai6840 Ай бұрын
Осындай етікшілер үкіметке салық төлейді, ырду-дырду әншілеріміз салық төлеуден қашады
@user-mc3yz6vo3g
@user-mc3yz6vo3g Ай бұрын
Гүлдана - өте еңбекқор ,адал ,мейірімді жан . Тапсырысты уақытында орындайды ,жұмысы сапалы,адаммен қарым - қатынасы өте жақсы . Гүлдана қарт енесін ,қайынағасын бес баласымен бірге бағып отыр . Үнемі ізденіс үстінде жүреді . Көп жаса ,балдардың қызығын көр! Саған өте қатты ризамын
@hcgghhgfbhvhyfhug7711
@hcgghhgfbhvhyfhug7711 Ай бұрын
Бас идім Әпкемізге Мың Алғыс Өмір жасы узақ болсын
@user-hy4yl3xe3d
@user-hy4yl3xe3d Ай бұрын
Ай келіншек болсан,осындай келіншек болсын. Ісі не тек береке берсін. Қолына дерт бермесін. Тек ісін алға баса берсін.
@user-yi8bq8gc7l
@user-yi8bq8gc7l Ай бұрын
Гулдана жаным,өте мықты жансыз. Аяқ киім жасамақ түгілі,шұлық тоқымайтын әйелдер қаншама?! Гүлданашым аман сау бол жаным! Өсіп өне бер. Нартай Аралбайұлының сұқбатына ілінген бақытты жансың,еңбегіңмен еленген,бақытты бол😘😘😘
@zhumagulnasredinova
@zhumagulnasredinova Ай бұрын
Өзініздін жеке,офис,цех болсын,Етік шығаратын кәсіпкер болыныз🫂
@user-dg6cr1gb9b
@user-dg6cr1gb9b Ай бұрын
Еңбегіңе нұр жаусын ,өсіп өн уіне тілектеспін 🎉🎉🎉🎉🎉
@user-ww1ot5kd8c
@user-ww1ot5kd8c Ай бұрын
Берекелі шаңырақ екені көрініп тұр Алла ұзағынан сүйіндірсін.Амандық тілеймін отбасына.
@user-nl7lg8vc3v
@user-nl7lg8vc3v Ай бұрын
Етик тугили наски тише алмаймыз гой расында!Аллам БЕРЕКЕСИН берсин
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Нартай жарайсың. Көрінбейтін еңбек иелерін көрсетіп жатырсың
@user-oi2cp1qi7q
@user-oi2cp1qi7q Ай бұрын
Барлық депутаттар сендей болса Қазақстан дамиды
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек адамы деп осындай жандарды білейік
@user-mv5wj3ng8p
@user-mv5wj3ng8p Ай бұрын
Етікші келіншекке денсаулық еңбегі жана берсін
@rozakamzaeva3230
@rozakamzaeva3230 Ай бұрын
Гулдана, еңбекпен келген нан тәтті дегендей, осындай сирек кездесетін мамандықты таңдағансың, ісіңе сәттілік! Жеңісті күндерің көп болсын!
@user-pc3cw8cu7g
@user-pc3cw8cu7g Ай бұрын
Гүлдана жарайсың жұмысың өрлей берсін қолың дерт көрмесін.
@user-rc6gp8xp5h
@user-rc6gp8xp5h Ай бұрын
Гулдананың еңбегі зор қолы алтын адам.Еңбегтерін бағалау керек.Биіктерден көріне берсін❤❤❤
@user-ds9sz7qc9f
@user-ds9sz7qc9f Ай бұрын
Қарапайым адал қазақтың қызы,ақылды әйел, еңбек қор жан міне осындай тәрбие көрген бағасы жоқ адам өте керемет,осындай жанның бауырлары да осылай тәрбиелі деп ойлаймын
@Kudaibergenovna
@Kudaibergenovna Ай бұрын
Еңбек бәрін жеңбек.Қол қусырып отырған адамға ешнәрсе аспаннан салбырап түспейді.Әрекетке берекет!
@user-ri3rq6fl2l
@user-ri3rq6fl2l Ай бұрын
Еңбекқор, жарқырап тұрған қыз екен. Нағыз қазақтың қызы, келіні. Бақытты бол. Қосағыңмен қоса ағар. Өркенің өссін
@user-zh5cx9nb6j
@user-zh5cx9nb6j Ай бұрын
Жарайсың, қарындасым! Дегеніңе жет! Бейнетіңнің зейнетін көруге жазсын! Өсіп өне бер
@user-zt8ze8kb9m
@user-zt8ze8kb9m Ай бұрын
Мінезі тамаша, еңбекқор жан, Сіздей адаммен ауылдас болу бір ғанибет, тез, жақсы жөндеп, риза қылады. Бастағанда тоңды ау деп аяйтынмын қазір шүкір, бұдан да күшті болсын жұмыс орның, еңбектеріңіз жансын, ұрпақ қызығына кенеле беріңіздер! ♥️
@user-bn2fz4ko8p
@user-bn2fz4ko8p Ай бұрын
Керемет! Қазір әйел түгілі ер адамдар да қара жұмысқа епсіз ғой. Десе де бұл әулеттің шеберлігі ұйып тұрған отбасының кереметтілігінен көрініп-ақ тұр. Тіл көзден аман жүріңіздер!
@Qubylys_ozger
@Qubylys_ozger Ай бұрын
Қазақ әйелі кім десе осы анамызды көрсетер едім👏🏻👏🏻👏🏻
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бағалайық құрметтейік еңбек адамдарын
@tansholpansmagulova8499
@tansholpansmagulova8499 Ай бұрын
Жерлесим колыныз алтын🫶🏻улкен касип орын ашу буйырсын❤
@user-sk7og3fv7f
@user-sk7og3fv7f Ай бұрын
Жаным бауырым еңбегінің жемісін көребер нәзік жанды болсаңда отбасымен бірге осы кәсіңбіңді алып жүргеніңе алла разыболсын қолдау білдіріп отырған азаматтың адам рахмет қазақ еліне емес шет елге танымал етікші болғайсың тілекшімін қуаныштымын алла тек тіл көзден сақтасын❤❤❤
@user-eg2ni3pn4j
@user-eg2ni3pn4j Ай бұрын
Гүлдана, керемет етікшіміз👍🏻! Еңбегің жана берсін. Жарайсың!
@Balamenbalabaksha
@Balamenbalabaksha Ай бұрын
Міне нағыз еңбек, ісіңіз алға бассын. Жарайсыздар. Деніңізге саулық берсін 🔥🔥🔥💐💐💐💐
@user-hm6xe7mg7s
@user-hm6xe7mg7s Ай бұрын
Көңілім көтеріліп қалды, жарайсыз Гүлдана, еңбегіңіз көріне берсін, бақытты болыңыз, қолдап отырған жолдасыңыз да азамат екен, бұндай өнегелі отбасының тәрбиесін көрген балаларда өмірден қиналмай өз орындарын табатынына сенімдімін, аман жүріңіздер
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Қандай тамаша қанағатшыл жан
@asiyajoldasova
@asiyajoldasova Ай бұрын
Рақмет Жұмыстарыңызға Сәттілік Тапқан Табысыңызды Берекесін берсін 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍🔥🔥🔥😍😍😍❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤👏👏👏👏👏👏
@user-by4jq6sx1z
@user-by4jq6sx1z Ай бұрын
Нартай жақсы жаққа бет бұрған екенсіңіз өрлей бер
@user-xg3bi4vm8j
@user-xg3bi4vm8j Ай бұрын
Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
@user-ou4yw4qv4q
@user-ou4yw4qv4q Ай бұрын
Қолдарыңыз дерт көрмесін, берекесін берсін АЛЛА.
@user-fg9vw3hh6n
@user-fg9vw3hh6n Ай бұрын
Алла Тағала Жумыссынызга Берексын берсін
@user-hn9lj9um5n
@user-hn9lj9um5n Ай бұрын
Күшті, еңбегі елене берсің, табысты болсын!
@user-dy2qo1kw1g
@user-dy2qo1kw1g Ай бұрын
Ісің береқелі болсың!
@user-rk8id4cw9f
@user-rk8id4cw9f Ай бұрын
Қандай керемет, адал еңбектеріңіздің жемісін көре беріңдер 👏👏👏👍👍👍
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Жарайсың Нартай
@user-qz6mt6ss1k
@user-qz6mt6ss1k Ай бұрын
Ажары ашық адемі келіншек екен өмірде бақытты болыңыз көп адамдарға үлгі болдыңыз рахмет сізге
@user-dg6kh8cq7b
@user-dg6kh8cq7b Ай бұрын
Сауатты, өз маманының шебері екен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Сізге бір жылы жайлы орын осы айда бұйырса екен
@user-by4jq6sx1z
@user-by4jq6sx1z Ай бұрын
Етікші мен егіншінің еңбегі адал деуші еді.Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз.Жанүяңыз аман болсын.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Жақсылық болсын
@user-gd9jz7vc5h
@user-gd9jz7vc5h 29 күн бұрын
Керемет қолыңыз дерт көрмесін 👏
@user-nq3mz7ed7s
@user-nq3mz7ed7s Ай бұрын
Нартай кереметсиз оте орынды колдап жатырсыз озекти маселени аитып журсиз
@user-xd1tg5ft2w
@user-xd1tg5ft2w 29 күн бұрын
Өзі тігінші, ұста,шебер, келіндік парызы бар, бір әулетті әуелетіп отырған , қазақтың қарапайым қызы Гүлдана , жарайсың!Еңбегің еленіп, еселене берсін!
@user-ld6yw4ef6i
@user-ld6yw4ef6i Ай бұрын
Келінім үйде де тыным таппайсыз, балаларымды інім екеуің бар маған жақсылықты жасап жатырсыздар. Ініммен бақытты бол. Айдос пен Ернардың қуаныштарын көрейік. Айналаларымыз аманшылықта болсын. Еңбегіңнің жемісін көріп, жоғарыдан көріне беріңіздер. Тіл көзден аман жүре бер.
@user-jn2ey1ln7e
@user-jn2ey1ln7e Ай бұрын
Нартай жарайсың! Осындай адамдарды көбірек көрсету керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Аман жүріңдер
@user-ut8im4wg6v
@user-ut8im4wg6v Ай бұрын
Гули өте еңбеккор жан Қарапайым өз ісінің шебері еңбегіне адал ұқыпты жан ❤Алла әр ісіне береке берсін табысты бол күш қуат берсін Алла 😘🌹
@user-oq2nc8tp1s
@user-oq2nc8tp1s Ай бұрын
Жасаған жұмысы үлкен дәрежеде адамдармен сыйластығы керемет аяқ киімдеріміздің өмірін ұзартып береді Гүлданаға ризамыз Аман жүрсінОтбасына амандық, Үлкен Ден-саулық тілеймін
@M-ub5rc
@M-ub5rc Ай бұрын
Еңбегің жана берсін бауырым
@JaziraNaimanbaeva
@JaziraNaimanbaeva Ай бұрын
Нартай Аралбайұлы сізге мың алғыс!!!Қолынан өнер тамған әпкемізді көрсеткеніңіз үшін!!!Апкемізге Алла денсаулық,отбасына амандық,ісіне береке,салихалы ұрпақ нәсіп етсін!!!Мен тәнтті болдым.❤❤❤
@user-is5sm2gt6c
@user-is5sm2gt6c Ай бұрын
Кишигирим цех ашуына ОКИМЕТ комектессин бул АЕЛГЕ
@BDB1990
@BDB1990 Ай бұрын
Рухы биік, мықты кісі екен.
@user-sh4pb2hq2i
@user-sh4pb2hq2i Ай бұрын
Раббым ала еңбегің жемісті болсын әумин
@gulnazab5859
@gulnazab5859 Ай бұрын
керемет отбасы 🌺🌺🌺! пайдалы бағдарлама
@user-ww2rl4ts2x
@user-ww2rl4ts2x Ай бұрын
Еринбеген етикшы болады деген пысык айел боп турсыз гой молодес
@nurbolatjamangariyev5864
@nurbolatjamangariyev5864 22 күн бұрын
Қолыңызға дерт бермесін, еңбегіңіз жана берсін!!! 🎉🎉🎉❤🎉🎉🎉
@balzhankimbayeva4289
@balzhankimbayeva4289 Ай бұрын
Керемет,еңбегіңнің жемісін көруді Аллам насіп етсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ораза қабыл болсын
@user-fj6hv4qb7w
@user-fj6hv4qb7w Ай бұрын
Керемет. Өте ризамыз. Алланың разылығына бөленіп, балалапыңыздың рахатын көруді нәсіп етсін!
@user-ip2il6ln6k
@user-ip2il6ln6k Ай бұрын
Ерінбеген етікші болады дейді. Ер адамның кәсібін меңгерген Гүлдана кез келген жалқау еркектен артық!
@tarbuishiGulsim
@tarbuishiGulsim Ай бұрын
Гулдана курдас молодец. Еңбегің елене берсін. Сен мықтысын ❤
@user-zi9yw6mf2n
@user-zi9yw6mf2n Ай бұрын
Керемет,қолдарың дерт көрмесін, еңбегіңіз өрге жүзсін,Деніңіз сау болсын!
@user-qk1qk2uq4c
@user-qk1qk2uq4c Ай бұрын
Керемет
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Мықты адамсыз
@Bagdagul.
@Bagdagul. Ай бұрын
🌸🌸🌸🌸🌸 Алла ісіңізге береке берсін. Сыйламын, құрметтеймін🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Жарқырап жүре беріңіз✅✅✅
@user-bj6xq3no5d
@user-bj6xq3no5d Ай бұрын
Тамаша, еңбегіңіздің жемісін көріңіз👍
@user-ob6be6ie9h
@user-ob6be6ie9h Ай бұрын
Қолыңыз қуатты болсын,улкен цех ашып шәкірттер тәрбиелеп шығарыңыз,еңбегіңіз елеулі болсын,халыққа қызмет жасай беріңіз,аман болыңыз!
@user-sk7og3fv7f
@user-sk7og3fv7f Ай бұрын
👍👍👏👏👏
@user-vz1mz2yi6f
@user-vz1mz2yi6f Ай бұрын
Жарайсың қарындасым.Керемет.Қолың дерт көрмесін.Сізге мың алғыс.Аман бол бақытты бол.
@user-eu1oh7nt9v
@user-eu1oh7nt9v Ай бұрын
Керемет, ісіңіз алға бассын.Сэттилик.
@user-sy4df1gj7k
@user-sy4df1gj7k Ай бұрын
Жарайсың Алла берекеберсін кәсіптеріңе🎉
@user-wu1bm6bf1o
@user-wu1bm6bf1o Ай бұрын
Керемет❤ Еңбектеріңіз жемісті болсын.Аман болыңыздар.
@user-cc6fs7dk1b
@user-cc6fs7dk1b Ай бұрын
Алла ризыгынызды молынан кылып берсин колыныз дерт кормесин
@user-zt3fd3lo1r
@user-zt3fd3lo1r Ай бұрын
Керемет өз ісінің маманы, өте еңбекқор жандар екен! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, зейнеткерлікке жетіңіздер! 👏🏼👏🏼👏🏼
@guleke0212
@guleke0212 Ай бұрын
Еңбекқор сіңлімізге, отбасына берекелі , табысты кәсіп болсын деймін!Жарасымды отбасы! Алла тіл-көзден сақтасын!
@user-mn4yt5og5y
@user-mn4yt5og5y Ай бұрын
Еңбектеріңіздің жемісін көріп бақтарың жансын
@user-ud4oq5ir7x
@user-ud4oq5ir7x Ай бұрын
Аллах береке берсин!!! 💪🏻 🎉
@user-cx4lr2uw1f
@user-cx4lr2uw1f Ай бұрын
Менің досым деп мақтанатын адамдарым! Дендерің сау болсын!
@user-ty7vh5cv7f
@user-ty7vh5cv7f Ай бұрын
Молодец жаксы тигеди, ари тез. Балдарымнан, озимнин аяк киимдеримди акелемин
@user-vj5lr3yk1p
@user-vj5lr3yk1p Ай бұрын
👍👍👍Жарайсыз, еңбегіңіз жана берсін.
@user-xo7vz3wq5p
@user-xo7vz3wq5p Ай бұрын
Айналайың бақытты болыңдар❤❤❤❤
@user-pq4br2nu9i
@user-pq4br2nu9i Ай бұрын
Керемет нағыз еңбекқор адам
@tomitokima
@tomitokima 28 күн бұрын
Өте сауатты жандар екен❤
@arsul-uj7lt
@arsul-uj7lt Ай бұрын
Керемет! Кандай енбек адамы,уйдин де туздин де жумысын тындырып отырган.Еки отбасын уйирип багып отырган,енбеккор,журеги кен,суйкимди жан екен.....Машалла!
@user-xz6ib2rw6x
@user-xz6ib2rw6x Ай бұрын
Еңбегіңізге береке берсін
@user-be8lr6mc3x
@user-be8lr6mc3x 27 күн бұрын
Осындай ерекше шебер адамдарды жоғарғы деңгейде өкімет тарапынан марапаттау керек. Халыққа қызмет көрсеткен деп шебер.мысалы бар футбол шеберлеріне алтын доп, әншілерге золотой громофон ,микрофон, аватция, врачтарға алтын жүрек хрустальный деген сияқты. Бұл келіншекке алтын ине деген наминацияда силау керек. молодец керемет.
@albinabisalieva2157
@albinabisalieva2157 Ай бұрын
Еңбектеріңіз жана берсін.👍
@user-dh1wc2rj9h
@user-dh1wc2rj9h Ай бұрын
Өмір жасыңыз ұзақ болсын, аман болыңыз
@user-kp9wl6yx1t
@user-kp9wl6yx1t Ай бұрын
Алла берекесн берсін❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@user-vu5pn8hh3g
@user-vu5pn8hh3g Ай бұрын
👍👍
@almazmuhtarov8271
@almazmuhtarov8271 Ай бұрын
Әссәләмуғалейкум ораза қабыл болсын! Кереметқой мына кісілер сияқты етікші адамдарды бір үлкен аяқ киім тігетін цех ашса тіпті керемет болар еді қазақстанда аяқ киім де киім кешек арзандар еді! ❤❤❤
@kamasamalik4526
@kamasamalik4526 Ай бұрын
Керемет келін , абысының балдарын қарап отыр , Алла тілеуіңді берсін😍 …Бәріне үлгеріп жүрген келін, іссің алға бассын 🙏🏻🙏🏻
@user-sk7og3fv7f
@user-sk7og3fv7f Ай бұрын
🎉🎉
Угадайте концовку😂
00:11
Poopigirl
Рет қаралды 4,2 МЛН
ISSEI funny story 😂😂😂Strange World 🌏 Green
00:27
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 87 МЛН
ҚОҚЫС ҮЙДЕН ҚҰТЫЛДЫ - ЕКЕУІ БАЛАША МӘЗ! 😭
16:07
ErAsYlDaN - ЕРАСЫЛДАН
Рет қаралды 833 М.
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО от 02.05.2024
22:43
Информбюро 31
Рет қаралды 4,9 М.
Угадайте концовку😂
00:11
Poopigirl
Рет қаралды 4,2 МЛН