Рет қаралды 246,712
Мектеп директоры мен мұғалімнің қылығы ауылды бүкіл елге қарабет қылды. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Жиенқұм елдімекенінің тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Олардың айтуынша, білім ұясының басшысы өзінің қарамағында жұмыс істейтін ұстазбен жақындасып, көңілдестік қарым-қатынасқа барған. Оны білген ауыл азаматтары мұндай педагогтардың балаларымызға сабақ беруге моральдық тұрғыда құқығы жоқ деп отыр. Жиенқұмдықтар осы мәселені айтып аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне шағымданған. Алайда, одан халықтың талабы орындалмапты.