ICHAN QALA ХИВА Узбекистан Кальта минор Ислам ходжа

  Рет қаралды 76

ӨМІР ТАМАША

ӨМІР ТАМАША

Ай бұрын

Ичан қала Хива Өзбекстан
Армысыздар Өмір тамаша арнасының көрермендері!
Біз екі жарым мың жылдық тарихы бар көне Хиуа қаласының ішінде орналасқан әйгілі Ичан кала кешеніндеміз. Бүгінгі бейне тарихи ескерткіштерге толы,арнадан ажырамаңыз!
Ичан қала- Хиуаның ішкі қаласы. Әйгілі жібек жолы керуенінің тоқтайтын жері болған. Археологиялық деректерге сүйенсек, қала 5-6 ғасырларда пайда болған. Бүгінгі таңда аспан асты мұражайы.
Ичан-Қала кешеніне дәстүрлі стильдегі тұрғын үйлер мен сәулет ескерткіштері кіреді.
Ең таңғаларлығы, Ичан-Қала тек мұражай емес, сонымен қатар мұнда кәдімгі адамдар тіршілік етеді, елестетесіз бе? Мұражайдың ішінде тұрғылықты халқы бар. Мұнда негізінен қолөнермен айналысатын отбасылар тұрады.
Қаланы қоршап тұрған қорғанның ұзындығы 2 шақырымнан астам, биіктігі 10 м-ге дейін және қабырғасының қалыңдығы 5-6 метрге жетеді. Төрт жағында жағында төрт қақпасы қойылған.
Кальта Минор мұнарасы
Мына тұтас майоликамен қапталған көрнекті ғимарат Кальта Минор деп аталады және Хиуа қаласының визитті карточкасы болып табылады.
Биіктігі 29 метр. Бір кездері ол Орталық Азиядағы ең биік мұнара болады деп жоспарланған, бірақ Хиуа билеушісі қайтыс болып, құрылыс тоқтап қалған. Бүл күндеріез келген саяхатшы Кальта Минардың қасында суретке түсуі дәстүрге айналған.
Мұнда Ұлы Жібек жолы дәуірінің ең бай мұрасы сақталған. Шығыстың ертегісіндей керуен дәуірін тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді.
Келушілер мақта матадан, ағаштан, қыштан жасалған түрлі қолөнер бұйымдарын кәдесый ретінде сатып ала алады.
Хорезм жібек кілемдері. Баяу және көп еңбекті қажет ететін процесс жібек құртының пілләларынан басталады: олар қолмен өңделеді және табиғи бояғыштарды - өсімдіктер мен минералдарды пайдалана отырып, үлкен құтыларда боялады. Бұл ауыр жұмысты ер адамдар атқарады, ал қалғаны жұмыс әйелдердің иығына түседі.
Түрлі-түсті жіптен жасалған кілемдер қарапайым тоқыма станоктарында тоқылады. Қолөнерші бір күнде небәрі бір сантиметрге жуық тоқиды, ал тұтас кілем жасау үшін көлеміне қарай 1 жылдан 3 жылға дейін уақыт қажет.
Ұлттық бас киімдері чугурма
Ислам Қожа Мұнарасы
Хиуада,ы ең биік мұнараның ұзындығы 50 метрден асды және ол көз алдарыңызда тұрған Ислам Қожа мұнарасы.
20 ғасырдың басында салынғанына қарамастан, ол ескі қаланың сәулетіне тамаша үйлеседі және қаланың кез келген нүктесінен көрінеді. Ал ең қызығы, оған кез келген адам шығып, Хиуаны тамашалай алады.
Бір кездері мұнара бірнеше қызмет атқарған. Ол әрі бақылау мұнарасы, сонымен қатар діни рәсім атқарды, атап айтқанда, мешітке азан үшін пайдаланылды. Сондай-ақ халықты билеушілердің жарлықтарын оқу үшін жақын маңдағы алаңға шақыру және басқа да жағдайларда пайдаланылды.
Мұражайдағы үйлерге заманауи құрылыс материалдарын қолдануға рұқсат жоқ.
Ислам Ходжа медресесіне кіреміз. Бұл жер де қазір мұражайға айналған.
Осы ретте Ислам Ходжа кім деген сұрақ туындайды. Ол 1907-1913 жылдары Хиуа хандығының бас уәзірі қазіргі тілмен айтқанда премьер министрі қызметін атқарды, сондай - ақ 35 жасында бас уәзірлікке тағайындалған ең жас саясаткер еді.
#хива #ичанкала #ичанқала #саяхат #өміртамаша

Пікірлер: 21
@nomadqazaq8819
@nomadqazaq8819 Ай бұрын
Рақмет жарайсың қазақ тілді контент көрсек қуанып қаламыз ғой жақсы жасағансыз қарындасым
@DoyouUnderstand-tx7fi
@DoyouUnderstand-tx7fi Ай бұрын
Күшті!❤
@OmirTamasha
@OmirTamasha Ай бұрын
Мың да бір алғыс!
@user-lg4up9lf8z
@user-lg4up9lf8z Ай бұрын
Қызықты, әдемі болып шықты видеоңыз🤩
@OmirTamasha
@OmirTamasha Ай бұрын
Рақмет!✊🏻
@shlepashlepin3979
@shlepashlepin3979 16 күн бұрын
музейдімашинамен аралаған қызықекен
@thisiskazakhstan7144
@thisiskazakhstan7144 24 күн бұрын
Сөз жоқ, әдемі репортаж болды📽️👏👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 22 күн бұрын
Алғыс, бар болыңыз!
@fishing_iza
@fishing_iza 19 күн бұрын
😎👍
@user-qc6md9lj2h
@user-qc6md9lj2h Ай бұрын
Керемет видео шықты👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha Ай бұрын
Көп рақмет!
@user-ss5zn4nw2y
@user-ss5zn4nw2y Ай бұрын
Ажойиб видео чикарибсиз👍👍👍👍
@OmirTamasha
@OmirTamasha 29 күн бұрын
🙏🏻
@doktorjurmanowna1235
@doktorjurmanowna1235 Күн бұрын
АЙНУР ХАНЫМ РЕПОРТАЖ ӨТЕ КУШТІ ШЫҚҚАН РАХМЕТ ТУЫЛҒАН ЖЕРГЕ БАРҒАНДАЙ БОЛДЫМ ЖУМІСЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК
@user-jk3hb8nc9i
@user-jk3hb8nc9i 29 күн бұрын
дыбыс таза екен.Петличкаңыз аты қандай ?
@OmirTamasha
@OmirTamasha 29 күн бұрын
Аты BOYA
@user-ps6hk9cx4w
@user-ps6hk9cx4w 7 күн бұрын
Dm bir ajayib bo‘bdi apkem mam Xorazm dan Jaloliddin ukangiz man
@OmirTamasha
@OmirTamasha 7 күн бұрын
Rahmat, ukam!👍
@user-ps6hk9cx4w
@user-ps6hk9cx4w 7 күн бұрын
@@OmirTamasha 🇺🇿😘❤🇰🇿
@nomadqazaq8819
@nomadqazaq8819 Ай бұрын
Көп болды ғой видео салмағаныңызға.
@OmirTamasha
@OmirTamasha 22 күн бұрын
Иә, үзіліс болды.)
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 31 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 30 МЛН
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 21 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 145 МЛН
Тадж Махал Индия
15:12
Lena & Anton
Рет қаралды 1,4 М.
ҰЛЫТАУ ХАН ОРДАСЫ Жезқазған Сатпаев
7:50
ӨМІР ТАМАША
Рет қаралды 700
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
Қиырдағы қазақтар:  Иран 2 бөлім
16:56
Olzhas Berkinbayev
Рет қаралды 129 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 30 МЛН