Идентификация: Төртінші жүзді енгізіп, өзге ұлттарды қазақ руының қатарына қосу керек. СОҒЫСҚА 2 ЖЫЛ

  Рет қаралды 1,191

NE BOLDY

NE BOLDY

Күн бұрын

Украина өзінің тұтас бір ұлт екенін толық мойындап, идентификациялық кризистен өтті. Егер Қазақстан да қауіпті көршілерден сақтамын десе, онда біздің елдегі өзге ұлттарға паспортта қазақ болып жазуға мүмкіндік беруіміз керек. Қажет болса төртінші жүзді енгізіп, Алаштың рулары қатарына алайық. Сол кезде идентификациялық кризистен өтіп, сепаратизм сияқты қауіпті жағдайларды енсереміз дейді саясаттанушы Аман Мәмбетәлі. Аманның өзі де Ресейден орылған қазақ. Көрші елдегі ахуалды іштен біледі.
#соғыс #украина #россия
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:16 Амандасу - спикер: Аман Мәмбетәлі, саясаттанушы
01:57 24 ақпан - Украина мен Ресей соғысына 2 жыл. Өзгеріс жоқ па?
04:39 «Мен Ресейден көшіп келгенмін»
05:54 Украина өзінің тұтас бір ұлт екенін толық мойындап, идентификациялық кризистен өтті
06:39 Егер Путин азаматтық соғыс деп айтса, онда орыс пен орыс соғысып жатыр
07:21 Украинаның 7-8 ай бұрын соғыста өз еншісін өзгертуге мүмкінідігі болған. Неге пайдаланбады?
10:38 Соғыс кез келген халықаралық келісімді бұзады
15:22 Келісімге келу мүмкін бе? АҚШ-тағы сайлаудың әсері бола ма?
16:59 Такер Карлсонның артында АҚШ билігіне көңілі толмайтын азаматтар тұр - Путин соларға үндеу жасады
17:49 Путин тарихты айналдырып, Украина деген ел жоққа келтірді
18:27 2014 жылы Киевтегі майданды саясаттанушы ретінде өз көзіммен көруім керек болды
20:58 Ресейден 2007 жылы көшіп келген қазақпын. Өз таңдауымды Қазақстанға жасадым
21:48 Ресейде қазақтың 3 түрлі тобы тұрады. Екінші топқа Азамат Мұсағалиев жатады
25:22 Мен үшін Ресей бөтен ел
29:06 Империализм идентификацияға қарсы
29:45 Ресейдің 5/1 бөлігін алып жатқан Якутияның жеке тарихы жоқ
33:20 Сібірдегі орыстардың өзі ондағы жер атауларының көбі түркі тілінен шыққанын білмейді
35:22 Ресейдегі Қосағашта ғана қазақ мектебі бар
37:06 Ресейден қауіп әрқашанда бар
39:51 Израиль мен Палистина соғысы екі үлкен сауда дәлізін бұзды
40:05 Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің геосаясаттан үлкен орын алатын мүмкінідігі бар
43:10 Қазақстан әскерінің күші қандай?
47:21 Украина мен Ресей соғысы Кеңес одағының қан төгіссіз тарауының салдыры деген теория бар
50:37 Латвия, Литва, Эстония өздерін Кеңес одағынан емеспіз деп есептейтін
51:22 Қазақстандықтарға идентификациялық кодты анықтау қажет
52:36 Тина Канделаки сияқтыларға жауап беріп, Қазақстан Ресей ақпараттық алаңында бар екенін көрсетіп отыр
52:42 Навальный ашық түрде Орталық Азия тұрғындарын кемсіткен азамат, соған біз гүл апарып жүрміз
56:40 Біздің орыстар менталды тұрғыдан қазақтар
01:00:20 Қазақстандағы өзге ұлттарға паспортта қазақ деп жазуға рұқсат беру керек
01:02:59 Төртінші жүзді енгізіп, басқа ұлттарды ру ретінде қазақ қатарына қосу керек
Біздің әлем желілерімізге жазылыңыз:
/ neboldy7
/ nukte_kaz
/ neboldy.kz

Пікірлер: 31
@neboldy
@neboldy 2 ай бұрын
Қазақстандағы өзге ұлттарды қазақ деп қабылдауға қазақтардың өзі дайын ба?
@kazakkipchak6147
@kazakkipchak6147 2 ай бұрын
Дайынбыз!! Жаппай өзге ұлттан қатын алуымыз керек, бірігудің жолы сол!!
@orazgeldi581
@orazgeldi581 2 ай бұрын
Қазақстанда' Қазақтан басқа Қазақ тілді халықтар 15 пайыз. Солардың паспортына ". Қазақ " деп жазып беру керек. Сонда бізде Қазақтілділер 87 паиызға жетіп' Қазақтар 87 паиыз боламыз. Қорқатын ещтенкесі жоқ. Барлық мемілекеттерде солаи көбеиіп отыр.
@Sovetbek.Kenesov
@Sovetbek.Kenesov 2 ай бұрын
дайынбыз əрине😂
@kazaguli
@kazaguli 2 ай бұрын
Не үшін төртінші жүз деу керек, жүзге кірмейтін қазақтар сияқты смело жүре берсін.
@user-ol6ni5yv6j
@user-ol6ni5yv6j 2 ай бұрын
Егер жергілікті қазақтар дайын болса, оралман деген 4- жүз (төменгі сатыдағы) пайда болмас еді.
@aibektorri
@aibektorri 2 ай бұрын
Локалды, коммуникативті көлемде сын-пікір білдіретін азамат екен. Қазақ тілінде интервью жасай алатын осындай мамандарымыз көбейе берсін
@user-dp2bp1pe1q
@user-dp2bp1pe1q 2 ай бұрын
Бауырым керемет! Өзіңді мықты ылғи тыңдап жүремін. Әр қазақ менің жалғызым. Ресейден 18 жасында елім, жұртым деп келген жүрегіңнен. Қазақ тілінде таза сөйлеп жүрген бауырым. Дами бер. Қазаққа беретінің өте көп.
@user-xo1hd7be6d
@user-xo1hd7be6d 2 ай бұрын
Сауатты жигит екен
@k.alax7524
@k.alax7524 2 ай бұрын
Ең үлкен мәселе тілің төрге шықса , мемелекттің нығайуына, ұлтардың бірігуіне шынайы жол ашылады!
@orazgeldi581
@orazgeldi581 2 ай бұрын
Қазақстанда Қазақтар 71 паиыз болса' Қазақ тілділер 87 паиыз. 15 паиыз Қазақ емес' бірақта Қазақ тілділер бар. Сол ағаиын Қазақ тілділерге паспортына Қазақ деп жазатын болса' Қазақтардың еліміздегі саны 87 паиызға жетеді. Көрші елдердің барлығы солаи санын көбеитіп отыр.
@kazaguli
@kazaguli 2 ай бұрын
Жалпы екітілді қоғам деген зиян нәрсе, бүкіл халық болып жаппай екітілді болсақ өз тілімізге зияны бар. Айтқым келгені қазір бізде мынадай, көбісі шет тілін үйренбес бұрын қазақша орысша сөйлей алады. Тіпті үшінші тілді через русский үйренеді, программирования бірдемелерді амал жоқ орысша іздеп орысша үйренеміз, яғни как будьто орыс тілі да кішігірім ана тіліміз сияқты болып қалған. Ал меніңше бәріміз қазақша ғана біліп, орыс тілін де шет тілдер дәрежесінде көрсек деймін. Сонда бір елге байланбаймыз, әр адам өзі таңдаған тілді үйренеді. Мысалы біреу медицина саласын таңдап врач болғысы келді десек, ол мысалы медицина дамыған Корея елінен үйренуді таңдайды. Сәйкесінше сол тілді үйренеді, нәтижеге жеткесін бізде қазақша білетін медицина маманы пайда болады, ал сол арқылы басқалар өз тілінде ақ сол саланы үйренеді, ол ғылыми мәліметтерді қазақшалайды мысалы. Сол сияқты біреу қытайша үйреніп алып қытайдан бірнәрселер үйреніп келеді, біреу немістеің бірдемелерін үйренеді, жалпы тілді еріккеннен оқымайды ғой бір ақпаратты алу үшін оқиды. Оған қоса аудармашылар бар, олар әлгі мамандарға көмектеседі, солай әлемнен ақпарат қазақ тіліне жан жақтан жиналады да қазақтілділерге оны әрі қарай дамыту оңай болады. 100 адам бар оның оның бәрі бірдей тіл үйренбей бір екеуі жақсы меңгеріп алып қалғанына аударып берсін мысалы. Беталбаты тіл үйрене бермей соны пайдалану керек. Солардың шығарып берген нетфликсіне ақша төлеп көру үшін үйренеміз ба сонда. Қазақ тілі әлемдік тіл болмай ақ қойсын, жай өзі жеке тәуелсіз, басқа тіл сиқырмен жоқ болып кетсе өз өзін ақпаратпен қамтамасыз ете алатын қауқары болу керек, ғылыми материалдар, видео-контент, сабақтар, бүкіл жанрдағы видеолар, саяхат, саясат, детский мультик, кітап, тіпті кішігіріп инфосығандарымен, кино бәрі как будьто басқа тіл жоқтай сықылдап жұмыс істеп тұру керек. Ал әлгі полиглоттар осы базаны жан жақтан толтыра беру керек үздіксіз, сандыққа дүние жиғандай қазақша контент жинауымыз керек бәріміз жабылып. Мысалы осы бір видео қазақ тілінде саясат туралы әдемі талқы болды, бұл да бір архивте қалатын тілдің әдеби мұрасы, бұрын қағаз бен сия ғана болғасын әдебиетті жазу деп түсінеміз, ал қазәр мультфильмнің өзі заманауи ертегі, кинолар қазіргі роман, музыкамыз әуен, бәрі тілдің мұрасы.
@otanali2610
@otanali2610 2 ай бұрын
Басқа ұлт өкілдерінің көбісі қазақ болуға дайын емес, оған көптеген жағдайлардан көріп отырмыз, сондықтан біздің Ел және Украинаны салыстыруға келмейді
@TarlanT
@TarlanT 2 ай бұрын
Қазақша сөйлесе, өзін қазақ есептесе - болды. Мен үшін ол адам қазақ. Түбі кәріс, орыс, басқа болсада.
@token9595
@token9595 2 ай бұрын
Якутия е мес- Саха айтукерек...
@token9595
@token9595 2 ай бұрын
Казакстанга, Азербайджан мемлектин тяжиберисин алукерек!!! Навальный туралы, оте друс айты Аман!!! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@msnqq
@msnqq 2 ай бұрын
Әзербайжан қалай істеді?
@user-nj6sh6ji1r
@user-nj6sh6ji1r 2 ай бұрын
Көршіміз жақын болған соң, ресейдің әсері басымырақ, басқа мемлекеттерге қарағанда, қазақты басып, тектілерін жойып, әрине тәуелсіздік алар кезде, бас көтерер ұлтын ойлайтын ұлтжанды азаматтық жоқтығы, өйткені коммунизм тәрбиесімен өстік, қай саланы қарасаң сол кезде бір саты олар жоғары тұрды, тіпті киноларда Иван, Паша батыр, ақылды болды, бірақ оларда ертегіде үш батырдан басқа батыр көрмедім, ал бізде батырлар, данышпандар, философтар шынайы өмірде болған, біз әлі өзімізді білмей жүрміз, тарихтың көп тұстары бұрмаланған...
@user-kh2dd9py2w
@user-kh2dd9py2w 2 ай бұрын
Ресей Украйн соғысы қазір блогерлердің айтатыны қажет емес елемеу керек
@user-wk7jg6ry8z
@user-wk7jg6ry8z 2 ай бұрын
Ешкандай улт казак бола алмайды канында жок ,мылжындап недеп отыр
@otanali2610
@otanali2610 2 ай бұрын
Мәселе, қазақтың қабылдауында емес, ең бастысы басқа ұлт өкілдері қазақ болуға дайын ба, мәселе осында????
@kazakkipchak6147
@kazakkipchak6147 2 ай бұрын
Оттай бермеш, мәселе қазақтың өзінде. Мен қазақпын деген өзге ұлт өкілін кеудесінен итеретін далбандар көп қой не айтатыны бар. Головкин бокста жеңіп шықса өзін ұлтшылмыз дейтін, соны көре алмайтын біп тобыр демидрол ішіп Головкинді қарғайтын.
@kazaguli
@kazaguli 2 ай бұрын
@@kazakkipchak6147 Жеңіліп қаса екен орыс, мысық сияқты бокстеседі, қу деп отыратын папа
@user-fw1jy4wz8o
@user-fw1jy4wz8o 2 ай бұрын
Бауырым рахмет ресеиден көшіп келседе таза қазақша сөилеп отыр қазақ мәнгүрттерге сабақ, тыңдар құлақ болса.
@token9595
@token9595 2 ай бұрын
kzbin.info/www/bejne/hYjdZpmnptKVZ9Esi=8jzbaNOc3P3wwNY6 - бул акпараты неге жоясындар???
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 2 ай бұрын
Жақсы пікір айтып отыр. Бірақ 4- жүз туралы айтқаны дұрыс емес. Өзінің этнос,ұлты бар адамдар ешқашан өзге ұлтқа жұтылғысы келмейді. Біз 1- кезекте шетелдегі қандастарды елге көптеп әкелу жолын шешуіміз керек. 2- кезекте бізбен тарихта бірге өмір сүрген бауырлас(қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт) халықтардың ішінде, біздің қазақтың ішіндегі рулар бар. Біз сол бауырлас халықтың ішіндегі бізде бар рулар бойынша, өздерін қазақ боламыз десе біз оларға рұқсат беруміз керек. Себебі біз тарихта бөлініп қалған бір халықпыз. Қазақ боламыз дегендерді беттен қақпай, өзімізге сіңіріп алуымыз керек.
@user-ol6ni5yv6j
@user-ol6ni5yv6j 2 ай бұрын
Бізде бей ресми 4 - жүз бар ғой😊. Ол- «оралман» деп аталады.
@amangeldiandos3131
@amangeldiandos3131 2 ай бұрын
Мына кенкелес не деп оттап отыр - төртінші жүз деп, эй кенкелес есінді жй.
Қираған ауылдың соңғы тұрғыны марқұм ұлының моласын қимайды
12:18
Что будет с кроссовком?
00:35
Аришнев
Рет қаралды 2,2 МЛН
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 7 МЛН
ВИРУСНЫЕ ВИДЕО / Мусорка 😂
00:34
Светлый Voiceover
Рет қаралды 8 МЛН
Совет-ауған соғысы кезіндегі Герат қазақтары
35:53
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 22 М.
Тылсым тарих: Жайық өзені
15:14
Atyraý TV / Атырау ТВ
Рет қаралды 7 М.
Қытайдағы Қазақ Қыздары қандай?
29:18
Qazaqeli. ru
Рет қаралды 430 М.
Что будет с кроссовком?
00:35
Аришнев
Рет қаралды 2,2 МЛН