Қазақ шекарасын бекіту - Қонаев, Тәшенов, Назарбаев үлесі. Орыс мектептерінің ашылуына кім кінәлі?

  Рет қаралды 209,681

NE BOLDY

NE BOLDY

Күн бұрын

Спикер - Ринат Зайытов. Шығарылымды қазақ елінің тәуелсіздігіне арнамыз. Мәжіліс депутаты: «Алдағы уақытта тәуелсіз Қазақстанның президенті қазақ болса, сол - үлкен жетістік», - дейді.
Зайытовтың бұлай деуіне не себеп? Қайтсек қазақ еркіндігін сақтайды, қандай жағдайда тәуелсіздіктен айырылып қалуы мүмкін? Діннің түрлі болуы азаматтық соғысқа әкеледі дегенге сенуге бола ма? Қазақстанда неге ұлттық идеология жоқ? Оған кедергі жасап тұрған қандай топ? Неге балаларды жалғыз мешітке кіргізбеу керек? Зайытовты қорқытту тоқтады ма? Назарбаевтың қазақ шекарасын бекітуде үлесі қаншалықты? Қыздардың қымбат махр сұрауының артында не тұр? Тағы дін бе? Ақын Ринаттың арманы. Зайытовты жақсы көретіндер мен жеккөретіндер кімдер? Ақпандағы ақынның концерті. Айтысқа оралу.
#тәуелсіздік #қазақстан #қазақпрезидент
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:28 Амандасу - Ринат Зайытов
02:05 «Тәуелсіздік құл болғанымызды еске салатын күн - Желтоқсан оқиғасымен ұштастыруымыз керек»
03:05 Желтоқсан оқиғасы да біреудің қолымен ұйымдастырылған
03:54 «32 жылдың ішіндегі жетістік - шекараны бекіту, енді оны бұзғызбауымыз керек»
02:20 Геосаяси жағдай - қорқынышты. Қазаққа қауіп қай жақтан болуы мүмкін? Орыстан қорқуға себеп бар ма?
05:25 «Әскери жағдайымыз нығайғанға дейін шамамен 5 жыл керек шығар»
07:27 Тұран одағын құру идеясы утопия емес пе?
09:08 Ел тәуелсіздігін бір дипломатияға сеніп отыру қаншалықты дұрыс?
09:58 "Назарбаевтың «Менің өмірім» кітабын оқып, бос ақталуға уақытымды бекерге өткізгім келмеді"
10:31 «Қонаев пен Тәшеновтер күреспегенде Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы басқаша болатын еді. Ал Назарбаевтың үлесі көпшілікпен бірдей»
11:20 «Семей полигонын жапқан Назарбаев дегенмен келіспеймін. Оны жасаған Кешірім Бостаев»
11:46 «Осы 30 жылдың ішінде Назарбаев қандай да бір зиян келтірген болса, ол заң жүзінде қаралуы керек»
13:19 Назарбаевтың қателігі - батырды бәрекелді өтіреді
13:40 Мәжіліс сіз ойлағандай жер ме екен?
15:31 Депутат Зайытовқа халық не өтінішпен келеді?
17:25 Әкім мен оның айналасындағылардың сотпен бірге жасап отырған қылмыстары
18:13 Білмеймін деген бір сөзбен құтылатын министрлік өкілдері
18:33 Үкімет Парламентпен бірлесіп жұмыс істеуге қаншалықты икемді?
20:18 Ринат Зайытов жүйені өзгерткісі келеді. Бірақ ол мүмкін бе?
20:59 «Аманат» партиясының жиындары бұрынғыдай өтірік өтпейді»
22:22 «Шығармашылыққа әзірге мүлдем уақыт жоқ»
23:05 Ринат Зайытов қай кезден бастап трансформацияланды? Театрға директор болып келгеннен бастап па?
24:13 "2019 жылдары менде бір максимализм болды". Үлкен саясаттағы ағалардың пайдалануы
27:07 «Қазір адам танымасам да сақтануды үйрендім»
24:40 «Бізде салафизм тоқтамайды» деген Бекболат Тілеуханның сөзіне жауап. Діни көзқарастың әралуындығы тікелей мемлекттің тұрақтылығына қауіпті»
29:10 Діни радикализмді қай уақытта келге кіргізіп алдық?
29:33 Заң қабылдау керек: Кәмелеттік жасқа толмаған балалар мешітке тек ата-анасымен ғана баратындай қылуымыз керек
29:50 Хиджаб киюге де тыйым салынуы керек
30:59 Дінге кіріп шығады дегенді түсінбеймін
31:21 Қазіргі айтыс діннен тазаланып келеді
32:27 Ринат Зайытов абайлап сөйлейтін болғаны рас па? «Ілік іздейтін адамдарға себеп бергім келмейді»
32:56 80%-дан кейін қорқыту-үркіту азайды ма?
34:28 Ринат Зайытовты жақтайтындар мен қарғайтындар тобы бар
36:26 Ринат Зайытов пен популизм
27:57 Қазір халық ызалы - қарны ашқандықтан
39:57 Сыртқа кеткен активтерді қайтару заңын дайындаған депутаттарды Үкімет комиссия құрамын кіргізбей қойды. Неге?
41:17 Осыдан кейін жүйенің өзгеретініне сенесіз бе?
42:30 Құралай Пионер, сіз тағы өтірік айтасыз!
42:54 Махр сұраудың да артында теріс дін жатыр ма?
46:28 4 қыз, бір ұлым бар. Бала тәрбиесі қандай болуы керек?
50:21 «Ұлттық идеология неге жоқ - бұл енді үлкен сұрақ. Меніңше бір топ бар сияқты, қазақтың дәстүрінің, тілінің дамуына ашық кедергі келтіріп отыратын»
52:36 Қазақ дәстүрлі өнер театры неге ашылмай келеді?
54:10 «Оңтүстік Қазақстанда 3 орыс мектебі ашылады. Оған өзіміз кәніліміз»
56:40 Орысша сөйлеп жүрген қазақтарды Үкімет мәжбүрлеп отыр деп ойлайсыз ба?
57:32 «Алдағы 5 жылда қазақ тілі үстемдік етеді дегенге сенемін. Ол үшін күресетін мен бармын»
01:02:07 «Айтысып көргім келетіе 2 ақыным бар. Олар: Бөкен Жігер. Мурадым Ерланов»
01:0416 «Депутаттың жалақысы 800 мың теңгенің айналасында. Бұрын тойда жүрген кезде одан 2-3 есеге көп табатынмын»
01:05:19 «Ақпанның 10 күні Алматыда шығармашылық кеш беремін»
01:06:42 Ринат Зайытовтан елге тілек: «қазақ үшін сіз күреспесеңіз, басқа ешкім күреспейді»

Пікірлер: 794
@user-ny2du1nt3q
@user-ny2du1nt3q 4 ай бұрын
Ринат адал АЗАМАТ Жасың ұзақ болсын Халықтың батасына кенел
@user-zi5nx9gj4o
@user-zi5nx9gj4o 4 ай бұрын
РИНАТ АЛҒА!!!!! КӨП ЖАСА ❤
@user-jy7bi9xi7h
@user-jy7bi9xi7h 4 ай бұрын
Президентке орысша билмитин казакты кою керек.
@Nazira-uf6wv
@Nazira-uf6wv 4 ай бұрын
Әр қазақтың баласы Ринаттай ақ болсын
@user-hs7dw1fo3c
@user-hs7dw1fo3c 4 ай бұрын
Ринат не істеп берді халыққа тек бос сөзден басқа не өзгерді айтып берші не жақсарды?
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o 4 ай бұрын
Ринат Зайтов аман бол , сақ бол залым, жебір, озбыр айуан адам сайқалдардан абай болшы. Алла сақтасын, қорғасын
@user-mp5fe3pd7k
@user-mp5fe3pd7k 3 ай бұрын
Ол таза Қазақтың баласы емес, Ал бизге таза Қазақ тегі Қазақ жеті Атасына дейін керек
@Nazira-uf6wv
@Nazira-uf6wv 3 ай бұрын
@@user-mp5fe3pd7k басқа сәнің жетісіпті да, таза қазақтың баласын түгелденің ғана қалып тұр ма, қай қазақ Ринат сияқты қазақ деп жаны ашып, соның жолында күресіп жүр, таза қаны қазақ дегендерің мәңгүрттеніп, тілін де ұмытқан, қазақы ар-намыстан да жұрдай, өз жеке басы құлқынынан басқаны ойламайтын қазақтар қаншама, солай жалған намысты қуалап жүре берсеңдер, өздеріңнің бітіріп жатқан түктерің жоқ, елден де, тәуелсіздіктен де айрыласыңдар, АЛЛА САҚТАСЫН
@user-lb6xe9rj2d
@user-lb6xe9rj2d 3 ай бұрын
Ой таза қазақ деп қоияды ау жұр гой таза қазақпыз деп тонап жұргендер сатқындық жасап мәселе онда емес намыста намысы жоқ болса оган бәр¡ б¡р не болсада жаны тыныш басымыз аман болсын деп ұндемей жұре беред¡ к¡м тонап жатсада? Ринатқа ренжуд¡н қажет¡ жоқ ол өз¡ жанадан к¡р¡ст¡ ол жерге оганда өз¡ сияқты каманда жиналмай жалгы өз¡ не келед¡ қолдан Бапин Иса тагы осы қалай жиналып жатыр гой жәймендеп?
@user-kl6mq8me8f
@user-kl6mq8me8f 4 ай бұрын
Осы ринаттай он жігіт Қазақстан орнына келеді.
@user-tz3wk3rp9s
@user-tz3wk3rp9s 4 ай бұрын
Ринат бауырым халыққа жасап жатқан еңбегіңе нұр жаусын, көп жаса..
@MeizkulSakhova
@MeizkulSakhova 4 ай бұрын
Халықтың аманатына адал жаратылған жан-ғой,Алла амандығы мен денінің саулығын берсін!!!
@user-wr7kz5nv5b
@user-wr7kz5nv5b 4 ай бұрын
Ринат мен қолдаймын өте дұрыс айтасың алға Қазақстан
@user-ut7mt2le5z
@user-ut7mt2le5z 4 ай бұрын
Алға жүребер түбі жетесін
@81_Nureke.
@81_Nureke. 4 ай бұрын
Ринат алға бас. Позицияң дұрыс.
@user-hu5jz4bd7d
@user-hu5jz4bd7d 4 ай бұрын
Ринатты қолдайды халық Тек алға Көре алмайтын жауыздар өздерімен әлек болып кетсін Жаратқан саған жар болсын
@user-oi3uh5gh5s
@user-oi3uh5gh5s 4 ай бұрын
Рина бауырым адамға рух беретін ,өмірге деген сеніміңді арттырат сөздерінді жиі естйік.
@user-ug2ym3yo6q
@user-ug2ym3yo6q 4 ай бұрын
Керемет сұхбат болды!! Көп рахмет!!
@user-sr2vs5vh5h
@user-sr2vs5vh5h 4 ай бұрын
Ринаттай қазақтың қамын ойлайтын, халқының шын патриоттары көп болсын! Ринат, Қазыбек Иса т б санаулы депуттарды халық қолдайды.
@user-oj3bv7me4v
@user-oj3bv7me4v 4 ай бұрын
Ринат өте дұрыс айтады. Өзіне алла жар болсын.
@user-wf6gu8pj5m
@user-wf6gu8pj5m 4 ай бұрын
Опазицияны кім қалай түсінеді соған байланысты дос жылатып айтады деген қазағымның ұлы сөзінің терісін теріс кигізіп қолданып жүрміз ау қазір шындықты айтқан жау да көтеніңе көпшік қойып жылпылдаған жылмақай дос болып көрінген заман ғой қазір бесіктен белі шықпай жатып табан жалауды үйренген Мәдилер жас ұрпақ тәрбиесіне жауапты болса оңбаймыз ау оңбаймыз ел үшін емес елес үшін қызмет қылатын есектерді тәрбиелеп бере ме деп қорқам Ез еркек тәрбиелей алмайды
@user-th8do5ou2q
@user-th8do5ou2q 4 ай бұрын
Ринат халық үшін шырылдады аман болсын алға ринат
@user-wh7fw2lu1h
@user-wh7fw2lu1h 3 ай бұрын
Маладцец баска аитар жок
@user-xk2wy2pp5i
@user-xk2wy2pp5i 4 ай бұрын
Жүргізуші Рахмет жақсы сұхбат болды
@user-hu5jz4bd7d
@user-hu5jz4bd7d 4 ай бұрын
Қашанғы халық езіліп жүру керек Ринатты біз қолдап қорғауымыз керек
@Bari_Osinda_kaz
@Bari_Osinda_kaz 4 ай бұрын
Осы журналисттің сұрақ қою әдісі ұнайды, өте сауатты. Бәрінен хабардар екені білініп тұрады. Енді Бақытжан Базарбекті шарыңызшы🙏🔥
@user-sr5us8sg8b
@user-sr5us8sg8b 4 ай бұрын
Жарайсың Ринат аман бол❤
@tukeshallabergen2123
@tukeshallabergen2123 4 ай бұрын
Ринат бауырым керемет жан екеніңді дәлелдедің .Адамның бәрі осындай ойлы , саналы болсағой шіркін. Нағыз Қазақтың “ Көк бөрісі “ дегім келеді. Рахмет бауырым мың жаса. Риза болдым. Халықтың көкейіндегі сөзді айттың бұл дегеніміз Алланың қалауы деп білемін. Құдіреті шексіз Алла іліммен білімді бойыңа дарыған екен . Рахмет. Бар бол!
@kairatbekkyzyr307
@kairatbekkyzyr307 4 ай бұрын
рйнат қалықтың жөрегіндегі адам қой , аман бошсын, жақсы сұқбат рақымет!
@user-sm3sh1nb8h
@user-sm3sh1nb8h 4 ай бұрын
Ол назарбаевтың еңбегі жоқ шекараны бекіде ол еңсоңында күтті ссср ді амалсыздан кең байтақ елімізді қабылданған.
@user-kq9qx7jj5y
@user-kq9qx7jj5y 4 ай бұрын
Тілімізді бәріміз қолдап қорғауымыз керек тіл тек Қазаққа ғана керек сондықтан тіліміз өлсе бізде өлкеміз
@user-po2qq3uy1o
@user-po2qq3uy1o 4 ай бұрын
Ринат, ассалаумағалейкум! Халық жанашыры екендігіңіз белгілі. Әділдік пен адалдық үшін күресе беріңіз! Жемқорларды қатаң түрде жазалау керек. Алла қолдасын!
@user-lt6tj3fj2o
@user-lt6tj3fj2o 4 ай бұрын
Ринат дұрыс айтады сыбайлас жемқорлықты курту онай емес. Іске сәттілік тілеймін. Арандатушылардан сақтасын
@kulziraimanbaeva3026
@kulziraimanbaeva3026 4 ай бұрын
Өте жақсы әңгіме болды.
@user-ig7zk1jw8w
@user-ig7zk1jw8w 3 ай бұрын
Халықтың көкейіндегі мәселелер қозғалды
@user-nr5oh3gr5f
@user-nr5oh3gr5f 4 ай бұрын
Ренат ағамыз Дин туралы Халықны козын ашқан адамғой. Омыр жаны аман болсын
@user-yc5bg6wv7r
@user-yc5bg6wv7r 4 ай бұрын
Дін туралы халықтың көзін қалай ашты
@user-hs7dw1fo3c
@user-hs7dw1fo3c 4 ай бұрын
@@user-yc5bg6wv7rМұсылмандардың 80% аляқ дегенді Дін туралы көзім ашылды деп жүрғо бұл қасқа😂😂😂 нәпсісіне жақтыда шайтанның тәтті өмірі керекқо бұған
@SerikJolmanov8585-xl9rg
@SerikJolmanov8585-xl9rg 4 ай бұрын
Ренаттың пікірімен 100% келсем Нійет дурыс болыу керек дегені өтті Қазақыстан халықының нійеті дурыс болмағанша Қазақ елі дурыс болмайды! Бул байғада кедейгеде тійісті сөз Егер осыны уғатын мыйы бар халық болса!
@user-ew6pg9sx6g
@user-ew6pg9sx6g 4 ай бұрын
Нійет емес - Ниет!
@user-gr5tx8ud2o
@user-gr5tx8ud2o 4 ай бұрын
Ық
@abdullajuraev2372
@abdullajuraev2372 4 ай бұрын
​@@user-ew6pg9sx6g, .
@user-qo3hf8sw3c
@user-qo3hf8sw3c 4 ай бұрын
100-да бір туар деген,осы азамат!!! АЛЛА қолдасын ❤
@dauletkereizhangudei4939
@dauletkereizhangudei4939 4 ай бұрын
Жақсы сұхбат болды Ринатқа да тілші тілшігеде рахмет
@user-bd9fr6bu6j
@user-bd9fr6bu6j 4 ай бұрын
Ринат-баламыз,өте жақсы!
@user-hw6vi1ei2l
@user-hw6vi1ei2l 4 ай бұрын
Халыққа халықты қорғайтын.Халықтың мұң мұқтажымен айналысатын азамат керек.
@Oskar-7
@Oskar-7 4 ай бұрын
Тамаша әңгіме болды. Үлкен рахмет!
@user-xv7wn8jd9l
@user-xv7wn8jd9l 4 ай бұрын
Азаматтардың оиыпкрі осындаиболса дамимыз Ринатқа көпрахмет
@user-xp2wh7lh6h
@user-xp2wh7lh6h 4 ай бұрын
Өте дұрыс кәмелетке жетпеген балдарды мешітке жалғыз жібермеу керек есітуім бойынша көрші Өзбекістанда қатал балдар мешітке бармайды екен
@Temirlan980
@Temirlan980 4 ай бұрын
Бұл екінші қосанов халықты алдап отыр.Маңғыстаудағы халыққа түкіргені бар бұл ринаттың.Теміртау қарағанды мұз қатып кішкентай балдар қырылып жатыр корьедеен бұлар қай қайдағыны оттап отыр
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 4 ай бұрын
Дұрыс айтасыз,аптасына екі рет мешітке шақырып сіңілім көршісі молдасымақ қызын сәләф-ИТ қылғысы келіп жүр,саналарын әбден улап тастапты.Бас қатты.
@Temirlan980
@Temirlan980 4 ай бұрын
@@user-mx1bt4jd5x қиын болыпты қызыңызға.онда алқаштарға қосыңыз дұрысталар мүмкін
@user-cj5en3sr2l
@user-cj5en3sr2l 4 ай бұрын
Өте дұрыс аяғы👍👍
@user-wu9rt3nv8e
@user-wu9rt3nv8e 4 ай бұрын
Соңына дейін көріңіздер ағайын 🙏
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c 4 ай бұрын
Неге Маңғысатау дағы жұмысшыларға қару көтермей бейбіт жолмен түсіндіріп мәселелерін шешіп бермейді
@user-lx3sc9bg9p
@user-lx3sc9bg9p 4 ай бұрын
Халықтың баласы Ринат бауыры жақсы көреміз
@user-ef6cj7fb2e
@user-ef6cj7fb2e 4 ай бұрын
Келісемін, Ринат бауырым !!! Сөздерің дұрыс!!! Кінә өзімізден, халықтан !!!
@user-bb5xm2ez3o
@user-bb5xm2ez3o 4 ай бұрын
Халық билікке әлі сенбейді,ешкім әкімнің кездесуіне бармайды.Сол баяғы жартас сол жартас.
@user-wd4by1gq6v
@user-wd4by1gq6v 4 ай бұрын
Ринат бауырымды қолдаймын! Жақсы адал ниеті түзу иман жүзді, керемет!.
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o 4 ай бұрын
Ия Р.Зайтовқа еш шаңды да, қоқым сөздерді де, еш қаңқу ды да жолатпаймын, жуытпаймын да. Таза ел, халық жагашыры, қолдаушыс ы деп айтуға болады. Тарт қолдарыңды залым, жауыздар дер елім
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o 4 ай бұрын
Бұрын осындай қолдаушы халық сөзін талабын жеткізгег адам болмады деуге болады. Енді Ренаттың қатары кө ейе түсуде, Алла көбейе түссін деп тілейміз. Тек басгы билік шикілей, де пісіріп те құлқындарынан әлі ызғытып, зытырып қақалғырлар әлі жұтуда ғой. ҚАҚАЛЫП ШАШАЛЫП МАСҚАРАЛАРЫ Н ШЫҒАРСА ЕКЕН АЛЛА ҚАБЫЛ ЕТСІН. ЕЛ ХАЛЫҚ ТІЛЕГІ ҚАБЫЛ БОЛСЫН
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o 4 ай бұрын
Жауаптары өткір, сөздері мәнді, пікірлері орынды осындай жанашырлар көбейе берсін. Жұғысты болсын барлық депутаттарға, ұлты қаны қазақ болса намыстары оянар, Қазақ елінде тұрып ұлтын қолдаса. Қазақ тілін қолдамаса бойында қазақтың қаны қинап, жанын шырқыратсын.
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o 4 ай бұрын
Қазақ тілін қолдамағандарды қандары қинап, тілдерін тістетіп, тамақтары қақалса сонда көздеріне көрінер еді.
@user-ft7zk4vn3u
@user-ft7zk4vn3u 4 ай бұрын
Ринатты әрине жақсы көреміз.Сөзіңді біреу сөйлесе аузың қышып барама ісіңді біреу істесе қолың қышып барама деумен өміріміз өтіп жатқан халықпыз.Яғни алма піс аузыма түс.Алма аузыңа түссе жақсы ал көзіңе түссе ше көің шығып кетуі мүмкін😢
@user-ft7zk4vn3u
@user-ft7zk4vn3u 4 ай бұрын
Назарбаевты ешкім соттамайды!СОТТАСА ОСЫ КЕЗГЕ ДЕЙІН КІМДІ КҮТІП ЖҮРМІЗ.Соттайтын адамдардың бәрі Назарбаевтың адамдары өз қолыңды өзің кесесің бе?Назарбаев әлі басқарып отыр.Оған кішкене ғана дәлел інісі Болат өлседе Шамалғандағы үлкен үлкен қоршалған жерлер сол күйінде тұр.Халықтан сұрастырып көріп еді білмейміз жұмысымыз жол ол жерлер Дариғаныке Болаттыке деді.Назарбаев басқарып отырмаса неге оның туыстары балалары тонаған дүниелер елге қайтарылмайды???Ал өзінің тоағаны тіпті бөлек әңгіме.БІЗ СОЛ ЖЕМҚОРЛАРҒА ЖЕМ БОЛЫП ОСЫЛАЙ ҚАЙЫРШЫ ӨМІР СҮРЕ БЕРЕМІЗ!!!РАС АШ ЕМЕСПІЗ БІРАҚ ТОҚТА ЕМЕСПІЗ.МЕН ТЕК ТАМАҚТЫ АЙТЫП ОТЫРҒАН ЖОҚПЫН. ТҮСІНГЕН АНҒА.
@fox-ut7309
@fox-ut7309 4 ай бұрын
Болаттың садақасында жүрдіғо барлық бандиттер.
@user-wc5tq9le2q
@user-wc5tq9le2q 4 ай бұрын
ЕР Азаматтың ең керемет качествосы оның әділ ашық, ой-пікірін, жалтақтамай сөйлей білуінде ғой. Әр қазақтың азаматына үлгі болсын.Сөзі дұрыстың, өзі де дұрыс деген сол шығар.Ниетіңіздің адалдығына, халыққа жанашыр тұлға болып, жүргеніңізге. Алла разы болсын!
@BigBoss-ur2ob
@BigBoss-ur2ob 4 ай бұрын
Аллам қолдасын Ринатымызды аман сақтасын қазақтың маңдайына біткен батыр ұлдарымыз аман болсын. Еңбегің ақталып халқымыздың ниеті оңға бұрылып тіліміз, елдігіміз, тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын
@bagdatmoldabekova5692
@bagdatmoldabekova5692 4 ай бұрын
Рахмет жақсы сұхбат болды
@Temirlan980
@Temirlan980 4 ай бұрын
Бұл екінші қосанов халықты алдап отыр.Маңғыстаудағы халыққа түкіргені бар бұл ринаттың.Теміртау қарағанды мұз қатып кішкентай балдар қырылып жатыр корьедеен бұлар қай қайдағыны оттап отыр
@user-mc9ti7vo2e
@user-mc9ti7vo2e 4 ай бұрын
ЕҢ БАСТЫСЫ АМАН БОЛ РИНАТ , СЕНІ ТҰҒАН АТА - АНАҢА РАХМЕТ , КӨП ЖАСА , БАЛА - ШАҒАҢ МЕН БАҚЫТТЫ БОЛ....
@user-md4rk5vd3m
@user-md4rk5vd3m 4 ай бұрын
Ринатты халық жақсы кореди. Оның айтқан ойлары, пикирлери, ұсыныстары биздин ойымыздан шығады.
@user-sq5hl4mc8u
@user-sq5hl4mc8u 4 ай бұрын
РИНАТ ИНИМДЕЙ АЗАМАТТАР АЗ БОЛЫП ТУР ЕЛИМ, ЖЕРИМ ДЕП ШЫРЫЛДАГАН АЗАМАТ КОЙ🤲🤲👍👍👍🙏🙏🙏
@user-kl6mq8me8f
@user-kl6mq8me8f 4 ай бұрын
Назарбаевты соттамай қазақтың проблемасы бітпейді .осылай жүре берсек ойнастан туған шата баласын отырғызып жылағанның көкесі басталады бұлардың қылмыскер екені анық болып тұр ғой тездетіп іске кіріспесек өкінеміз.
@user-vw9qz3ld7n
@user-vw9qz3ld7n 4 ай бұрын
Катты айттыныз
@user-mb2pe3gp1r
@user-mb2pe3gp1r 4 ай бұрын
Назарбаевқа тиісуді доғарыңдар.Баласы әлі жас және тәжірибесі,т.б.жоқ.Оны президент қояды деп қай миларың ен ойлайсыңдар?!
@user-ki4lj2gl3q
@user-ki4lj2gl3q 4 ай бұрын
Ой мына тискен ,тискен бе , бәрі алда ​@@user-mb2pe3gp1r
@user-sv1ik1gt8p
@user-sv1ik1gt8p 4 ай бұрын
​@@user-mb2pe3gp1rбіздің елде небір ғажайыптар боп турадыгой оғанда таңғалуға болмайт😂
@user-vn8nn9pb4k
@user-vn8nn9pb4k 4 ай бұрын
​@@user-mb2pe3gp1rоны атып тастау керек неге басынады қазақ халқын , айдан анық оның істеген істері , ауылды құртты баяндамаларын атты,улап өлтірді, неше тұрлі заң өзіне лайықты ,неге басынады қаншама қаражатты жымқырды....Оны алаңда атса Қытайдың жобасымен барлық заң аясындағылар өздері асылып өледі.
@kopensheriazdan803
@kopensheriazdan803 4 ай бұрын
Әрқандаи ісің табысқа жете берсін! Жасыңсұзақ болсын.
@user-hp2uw5zi4p
@user-hp2uw5zi4p 4 ай бұрын
Керемет👍👍👏
@user-le7bf9uk3y
@user-le7bf9uk3y 4 ай бұрын
Ассалаумағалайкум баршаңызға Қазақ елі, Алла тағала разы болсын Ринат қолдасын , бұл шіріген жүйені басынан бастап тамырынан жұлып тастап басын шабу керек, журналисттерге Алла қолдасын дамысын
@user-np7qg4iq9j
@user-np7qg4iq9j 4 ай бұрын
Әрине ұйымдасқан топ бар тілінің рухынятын оянуынан қорқатын.
@zangartimes
@zangartimes 4 ай бұрын
Алдағы уақытта келесі президент Қазақ болатын болса, біздің ең үлкен жетістігіміз сол- дегенді қалай түсінуге болады? Жүрекке күдік ұялататын сөйлем ғой......
@GabitNurgali
@GabitNurgali 4 ай бұрын
Көрші елдің адамдары барлық жерге отырғызылды соңғы кезде
@nurlankartenbay9946
@nurlankartenbay9946 4 ай бұрын
Орысшыл билік, ксро да тәрбиленген, сондықтан әлі күнге орыс тілі негізгі тіл болып тұр
@user-do3em6fn2c
@user-do3em6fn2c 4 ай бұрын
Токаив қазақ емес барі біледі гой
@user-ev8tl7bb3n
@user-ev8tl7bb3n 3 ай бұрын
Жаны да қазақ,қаны да жүрегі де таза қазақ дегені шығар
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 4 ай бұрын
Ринат нағыз қазақтың жанашыр батыры ақ жол тілеимін саған бауырым.❤❤
@Temirlan980
@Temirlan980 4 ай бұрын
Бұл екінші қосанов халықты алдап отыр.Маңғыстаудағы халыққа түкіргені бар бұл ринаттың.Теміртау қарағанды мұз қатып кішкентай балдар қырылып жатыр корьедеен бұлар қай қайдағыны оттап отыр
@user-sq5hl4mc8u
@user-sq5hl4mc8u 4 ай бұрын
РИНАТЖАН ОЗИНЕ МЫҚТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ТИЛЕЙМИН✊✊✊🤲🤲🤲🤲
@sbquestion8921
@sbquestion8921 4 ай бұрын
Ринат Ерсин. Алла Куш Куат Берсин. ,✊
@user-ig7ce3px6w
@user-ig7ce3px6w 4 ай бұрын
Керемет❤жүз жаса Ринат бауырым.
@user-vw7ej8mt8q
@user-vw7ej8mt8q 4 ай бұрын
Ринат Алла өміріңді ұзағынан берсін ,айтарың көп ішің қыжқыж қайнап жургенін түсінеміз сақ болшы айналайын .
@user-sb7cz3bt3v
@user-sb7cz3bt3v 3 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды. Алла разы болсын. Бір Аллам жар болсын сендерге.Тек Алға!
@user-bb5xm2ez3o
@user-bb5xm2ez3o 4 ай бұрын
Әлі заңсыздыққа белшеден батып тұрмыз.
@user-ec4pc9mz2s
@user-ec4pc9mz2s 4 ай бұрын
Жарайсың Ринат жеңісің жемісті болсын Бір алла жар болсын Азаматтығыңнан айналдық
@janabaysalymbetov9988
@janabaysalymbetov9988 4 ай бұрын
Өте. Керемет
@user-ht2wp4qo7l
@user-ht2wp4qo7l 3 ай бұрын
Әңгімелердің өте ақиқат. Жақсы айтып жеткізіп отырсың бауырым. Рахмет, желтоқсандықтар Тәуелсіздік туралы өте орынды сөйлейсің. Тәуелсіздіктің бастауы - желтоқсан. Сол кезде бізге ұстаз мұғалімдер келіп қозғау салып алаңға шығыңдар, Қазақ басшыларын орнынан алып тастады. КазГУ ректорын,ААСИ-дің,( мен сонда СФ оқыдым) НарХоз-дың ректорын бәрін орнынан алынғанын атап шықты, сондықтан біздің жігіттер мен қыздар алаңға шықтық. 1986 жылы біз 20 жаста едік.Сол кезде біздің ішімізде ауру сынды бірдеме бар еді, миымыз қорыта алмайтын көп ойлар бізді мазалайтын, қазір ойласам, ол -;Тәуелсіздікті аңсау екен. Ол кезде біз,Ресей заңына қарсы болдық, қолдан келер қайран жоқ еді.
@azamatabdikhaniyev6479
@azamatabdikhaniyev6479 4 ай бұрын
Жақсы, Ринат. Өте дұрыс жолдағы политик болып қалыптастыңыз. Жолдан таймаңыз!
@user-ck4fb4bq7q
@user-ck4fb4bq7q 4 ай бұрын
Оте дүрүс айтасыз істеген жұмысын ныз жемісті болсын.
@user-yx7oj9hv9c
@user-yx7oj9hv9c 4 ай бұрын
Шек араны бекіткенге Назарбайдың катысы жоқ мүлдем оғанға дейін бекітілген шатастырмаңдар жағымпазданып
@Temirlan980
@Temirlan980 4 ай бұрын
Бұл екінші қосанов халықты алдап отыр.Маңғыстаудағы халыққа түкіргені бар бұл ринаттың.Теміртау қарағанды мұз қатып кішкентай балдар қырылып жатыр корьедеен бұлар қай қайдағыны оттап отыр
@user-ub3el3ms6t
@user-ub3el3ms6t 4 ай бұрын
Қазақ ұлттық шекерасы.Ақтабан шұбырынды дан,Кеиін бекіді,100%.Жағымпаздар😂
@jjeki6867
@jjeki6867 3 ай бұрын
Қазақ тілінде осылай еркін , таза сөйлеген жан баласын тыңдаған бақыт ❤ барша қазақ ана тілінде осы Ринат ағамыздай сөйлеп, құрметтесе ғой шіркін😢
@user-yt4bq6dq3h
@user-yt4bq6dq3h 4 ай бұрын
Кедергі келдіретін ешқандай топ жоқ қазағымыздың рухының нерып тамырлары өліп қалған .тірлгенш уақыт жəне ринат сияқты мықты мықты көзы ашық азаматтар керек❤
@user-tv8zf3np2s
@user-tv8zf3np2s 4 ай бұрын
Ринатжан ғұмырың ұзақ болсын, бақытты бол, аман бол
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 3 ай бұрын
Қазақ елі Қазақ тілі Қазақ мәдениеті Ж а с а с ы н ❤
@user-up2kw1dx7y
@user-up2kw1dx7y 4 ай бұрын
Өрітке су сепкен Қарлығаш сяақты деді керемет сөз.
@Mama-th9to
@Mama-th9to 4 ай бұрын
Осы жігітке мықтылығы үшін ғашықпын.
@user-cf1ux2no7e
@user-cf1ux2no7e 4 ай бұрын
Өте дұрыс айтады Ринат салафиттер тұралы. Діни білімділік өте қажет тек ақыл тоқтатқан ерек адамдарға, миларын улатудын қажеті жоқ, намаз оқу ол әр адамнын өзі үшін, ең бастысы құдайды ұмытпаған жөн. Салафиттер құдайдан безгендер ана билікте отырған халық жаулары жемқорлардан еш айрмашлықтары жоқ
@user-py5nf6ti3t
@user-py5nf6ti3t 4 ай бұрын
Рахмет. Иә,осы керітарпалықтың басында күшті құрылымдардың әлімжетілігі болып тұр. Еліміздің дамуында тежеп отыр.
@user-zx3od8tc8h
@user-zx3od8tc8h 4 ай бұрын
Жарайсын Ринат сен сиякты тилим казагым деген азаматтар коп болса мумкин азаптан кутылармыз деген умитемин алла жар болсын
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 4 ай бұрын
Жемқорлық сыбай-тық және жауыздық жайлаған, сұмырай сұрқия сұм жүйе, түп тамырымен жойылмай, зұлымдықтар жалғаса береді!
@user-in1fv9zz8w
@user-in1fv9zz8w 4 ай бұрын
Алла Ринат Зайтов жата болса ерекше батыл шыншыл шындық шырылдап бетке айтатын өткір тілді батыл сөзді сүйектен өткізіп нақты нақты қазақ елі қалқына керектігі сөзді айтады. Осындай шындық жеткізіп айтатын епудатар көп болсын деп тілеймін қолдаймын алға Қазақ елі қолдаймыз
@kopensheriazdan803
@kopensheriazdan803 4 ай бұрын
Аиналаиын бауырым алла жаныңа жамандық бармесін!
@user-wn3uq2pb4q
@user-wn3uq2pb4q 3 ай бұрын
Бұыйрса ақындарымызды, жырау, термеші, куйшілерімізді шығарып ұлттық идеология насихаттап, ел елді аралап халықтың мұңы. Қазақ Республикалық ақындар сайысын өткізіп. Құдай қаласа дамимыз.
@user-mz6hl9si6m
@user-mz6hl9si6m 4 ай бұрын
Рахмет таза руханятымен таныстым.Қазақтың мәңгүрт ке айналымға кетуге сәл қалыппыз
@user-lg3rm5jg4x
@user-lg3rm5jg4x 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум мә Ринат ағам керемет іс-әрекеті сөзіде нақты әрі тұсінікті
@user-wd4by1gq6v
@user-wd4by1gq6v 4 ай бұрын
Ринат бауырыма мың алғыс! Жақсы сұхбат болды рахмет!
@user-hb7lj8sf2g
@user-hb7lj8sf2g 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум бауырым Алла Тағала жар болсын сәттілік тілеймін
@SerkagySerkagy
@SerkagySerkagy 4 ай бұрын
Рахмет Журналис Қарындасмызға және Депудат Ринатқа Халық дың көкеиінде жүрген мәселені Әңгые қылдыңдар Жақсы Суқбат болды Керемет
@user-ls4rf5bt6t
@user-ls4rf5bt6t 4 ай бұрын
Шекараны любой ақымақ бекітет ол уақытта
@kanatmusatay8947
@kanatmusatay8947 2 ай бұрын
Жарайсың қарындасым өте мәнді сұқпат.
@GalymShalkarov-kb5fe
@GalymShalkarov-kb5fe 4 ай бұрын
Дурыс аитады ❤
@user-cj6wf8og3o
@user-cj6wf8og3o 4 ай бұрын
Ринат бауырым аман бол. Жұмысыңа сәттілік тілеймін әрқашан
@user-fu2ew3jw5c
@user-fu2ew3jw5c 4 ай бұрын
Ринат Бауырым өте дурус аитады халкын үшун жасаған енбегиннин жемисин көр әр кашан Кудай колдап зор денсаулык берсин 🤝✊
@user-cd5po4de5p
@user-cd5po4de5p 4 ай бұрын
Аман есен болыңыз Ренат айналайын халыққа жақсы қызметіңізді жасаңыз мәжілісте Бақ береке тілеймін сізге
@user-ft7zk4vn3u
@user-ft7zk4vn3u 4 ай бұрын
Қазақтан басқа халықта жаңағы өзін өзін басқару қатты дамыған сондықтан балаларын (жас баланы) мешітке жібермейді қыздарын оңайлықпен шетке байға бермейді арақ ішуді қысқартып тіпті жойып жібермеседе жастайынан еңбекке баулиды.Осының бәріне көрші алысқа бармайық Өзбекстан мысал бола алады.
@user-ut6ws6wv4b
@user-ut6ws6wv4b 4 ай бұрын
Ринат өте дұрыс айтады. 18 жасқа толмаған балаларды түрлі діндерге тартудан қорғайтын заң керек. Түрлі діндердің үгіт пен насихаттары тек өздеріне рұқсат берілген құлшылық орындарында ғана, рұқсаттары бар адамдар жүргізу керек. Қазір екі ауыз уағыз жаттап алып, кім көрінген көрінген жерде діндерді насихаттайтын болып кеткен. Түрлі әлеуметтік желілерде кім көрінгеннің діндерді дәріптеуін заңмен тоқтату керек. Мемлекет рұқсат беріп тіркелген діндер, өздеріне рұқсат берілген құлшылық орындарында ғана насихат жүргізу керек.
@erjansabiev3374
@erjansabiev3374 4 ай бұрын
Ринат аға. Керемет мықты жігіт
@koyshibai4627
@koyshibai4627 Ай бұрын
Өте орынды айтылған сөзінідін жаны бар бірақ өзім үшін түсініп отырмын рахмет сізге
@user-sl5sd8lp2r
@user-sl5sd8lp2r 4 ай бұрын
Әр қазақ жүрегіне патриоттық сезім жинамай ел болмаймыз
@user-hp4vk8lo2q
@user-hp4vk8lo2q 4 ай бұрын
Айналайын, казактарга быреу келып жаксы омыр акеп берер деп пе едын,жангыз бырен саран депутаттар,активистер деп ойлайтын болсандар ,кателесесындер,,корып жатырмыз,коздерын ашык,калыкта ойанды,бул билыкты орнына койуга болар еды,жаппай калык ниет етсе,кобынын миына кырмей жатыр,адылдык орнасын дегендер оте коп болу керек ол ушын ,сол ушын куресу керек
@user-dl1qe1zr2z
@user-dl1qe1zr2z 4 ай бұрын
Осындай жігіттер депутат болып тұрғаны дұрыс қой барлық уақытта
@altynkadralina8836
@altynkadralina8836 4 ай бұрын
Айналайын Ринат балам Аман бол. Қазақтың бар баласы осы сендей ақ болсын. Аман жүр Аллаһым бір өзіңе қорған болсын.
@Altynkam
@Altynkam 3 ай бұрын
Өз басым шаң жуытпайтындарлың қатарындамын Ринат ағаға. Аллаһ жар болсын!
@user-ur7of4hd6j
@user-ur7of4hd6j 4 ай бұрын
Шіркін елде қашан әділдік болады екен
@user-ig7zk1jw8w
@user-ig7zk1jw8w 3 ай бұрын
Үмітсіз шайтан,болады
@user-bh2mw1vq6d
@user-bh2mw1vq6d 4 ай бұрын
Аиналаиын Ринат балам құдаи өміріңді берсін сендеи елім жерім деитін қазақтың азаматтары көбеие берсін
@user-mi7ic2hs3r
@user-mi7ic2hs3r 4 ай бұрын
Көп рақмет. Ринат бауырым терең ойлы нағыз Азамат!
Mac & Cheese Donut @patrickzeinali @ChefRush
00:53
albert_cancook
Рет қаралды 231 МЛН
BRAWLER MUTATIONS WILL BREAK THE GAME! - Brawl Talk
09:34
Brawl Stars
Рет қаралды 25 МЛН
Әділдік жоқ! | Дастан Қалдыбаев | TALK LIKE
1:04:38
Аман Тасыған
Рет қаралды 71 М.
Mac & Cheese Donut @patrickzeinali @ChefRush
00:53
albert_cancook
Рет қаралды 231 МЛН