Рет қаралды 9,174
Алматыда актриса Шолпан Елгезекова мен құрбысының және олар отырған көлік жүргізушісінің өліміне себепші болған Геленвагеннің жүргізушісі «Мен жауыздық жасадым. Оқиға орнынан кетіп қалдым» деп, өз кінәсін мойындады. Көлік ішінде ес-түссіз жатқан жандарды көре тұра, оқиға орнын тастай қашқан Ілияс Кар, дәл сол күні Барахолкаға киім алуға кеткенін айтады. Ал, осы көлік апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі күнге құрбысының қазасынан хабарсыз екен.