Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болды

  Рет қаралды 14,235

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 21 адам жарақат алып, 1 кісі оқиға орнында қайтыс болды. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген қоғамдық көлік екінші автобустың бүйірінен соғып, жолдан шығарып жіберген. Сұмдық оқиғаның куәгерлері, соққан автобус тіпті тежегішін басқан жоқ деп отыр. Қазір орташа зардап шеккен 9 азамат ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 3 сынып оқушысы да бар.
Бұл Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болған апаттың бейнежазбасы. Онда жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген қоғамдық көліктің екінші автобусты бүйірінен соққан сәті анық түсіп қалған.
Сұмдық апат салдарынан 21 кісі түрлі дене жарақаттарын алыпты. Қазір зардап шеккен жолаушылардың тоғызы аурухана ем қабылдап жатыр. Ең кішісі небәрі тоғыз-ақ жаста. Оқушының миы шайқалып, маңдайы жарылған. Ал бір кісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған. Куәгерлердің айтуынша, соққан автобус тіпті тежегішін де баспапты.
ИГОРЬ САТПЕНКО, куәгер:
- Мен Төле би көшесінің бойында тұрдым. 201 автобус Төле бимен жүреді. Ал екіншісі Абылай ханның бойымен жоғары көтеріліп бара жатқан. Міне, сол 201 автобус тіпті тежегішін баспады. Тоқтаған жоқ. Сол жылдамдықпен кеп соқты да жолдан шығып кетті. Мұнда жолды кесіп өтпек болып екі адам тұрған. Соларды қақты. Мен оның аялдамаға тоқтағанын да көрмедім.
СЕРІК ТӨЛЕУОВ, куәгер:
- Мен Қазпоштаның жанында келе жатқанмын. Қатты дауыс естідім. Сөйтіп, самокатымды тастап осында жүгіріп келдім. Сол сәтте жедел жәрдем де келіп, зардап шеккендерді алып шыға бастады.
Ал бұл кадрларда есеңгіреп отырған бірнеше жолаушыға маңайындағы кісілер көмектесіп жатқаны түсірілген. Бірінің басын толық таңып тастағаны да байқалады. Мұнда құтқарушылар автобустың астына үңіліп, әлдекімді шығаруға әрекет етіп жатыр. Куәгерлер де бірден соқтығысқан қоғамдық көліктерге қарай жүгірдік деп отыр. Әкімдік өкілдері болса, әлі апаттың мән-жайы анықтап үлгермеген.
СЫМБАТ МЫРЗАҒҰЛОВ, қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары:
- 98 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік «Сити бас» атты жекеменшік тасымалдаушы компанияға тиесілі. Ал 201 бағытта қатынайтыны «Алматы трансқа» қарайды. Яғни, біздің тасымалдаушы. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз.
Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты көлік құралдарын басқару кезінде абайсызда кісі өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Жалпы Алматыға қар түссе болды, бірнеше сағатқа созылатын кептеліс, жол көлік оқиғалары күрт көбейіп кететіні жасырын емес. Міне, бүгінде жаңбыр арты қарға ұласып, орталық көшелерде 10 балдық кептеліс тіркеліп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Алматы #қақтығыс #қайғылы_жағдай

Пікірлер: 26
@user-ie4ds5mk7y
@user-ie4ds5mk7y Жыл бұрын
Алла сақтасын! Адамдары аман болсын алла жеңілдігін беріп сауығып кетсін.
@kanagat_kz
@kanagat_kz Жыл бұрын
Құдай сақтасын алла өзін сақтай ғор алла шипасын берсін
@user-fl7dl1ie8t
@user-fl7dl1ie8t Жыл бұрын
Кредитт кншірілсін бәрі қымбат қолға алса екен тезірек
@user-zr2vi2ln5f
@user-zr2vi2ln5f Жыл бұрын
Жүргізушілер үнемі ұялы телефон ұстап отырады, тик ток көріп отырады. Жақында ғана 38маршрут жүргізушісін көзіммен көргем. 1 сағ жүріп бардым, бір сағат бойы ұялы телефонмен әуес болды. Осындай жауапкершіліксіздіктен осындай келеңсіз жайттар орын алып жатыр
@KhanKizmeti
@KhanKizmeti Жыл бұрын
Алматы Қаласы Заңсыз Қала (Безпредел Безпредельный) Содан Кейін Апат Болады Болады Да
@user-gj7sb6jj4z
@user-gj7sb6jj4z Жыл бұрын
Жүргізушілер көздеріңді ашыңдар! Топас болмаңдар! Бәрің бірқалыпты жүрсеңдер халық көп ғой...бәрің жоспарды орындайсыңдар!
@user-nn7jc4qy2x
@user-nn7jc4qy2x Жыл бұрын
Камера дұрыс карау, керек?
@user-gn3kw5wr7n
@user-gn3kw5wr7n Жыл бұрын
Торымызды баспайды қатты келе жатқан автобус онда резко басса ұшады аударылады ғой. Сфетофорды дұрыстаңдар
@Ai_ne_belgi
@Ai_ne_belgi Жыл бұрын
Адамдардың өміріне қауіп төндіруге тағы бір себеп жылдамдық болса , осы автобустардың спидометрін 40 тан аспайтындай етіп жасап шығару керек. Автобус жүргізушісіне жасы 40 тан асқандарды алу керек.
@ShoqanNurmanov
@ShoqanNurmanov Жыл бұрын
40 тан аспаса жол уакыты 1 сагаттан 1,5. 2 сагатка узарады. Жалпы автобустар жай журеди, мыналар багдаршамга асыгып кеткен гой.
@zaurezaure9929
@zaurezaure9929 Жыл бұрын
Автобусы как будто На гонке Постоянно торопятся
@user-bw6xu9bc4s
@user-bw6xu9bc4s Жыл бұрын
Ишип айдайтьн сыяктьгой водительдер
@user-jc3ku7dt1f
@user-jc3ku7dt1f Жыл бұрын
Укімет кіналі свитафорды өшірдіма кані лигулировшик гаишниктер каны
@user-wr2hk1mt1c
@user-wr2hk1mt1c Жыл бұрын
регулировщик
@ShoqanNurmanov
@ShoqanNurmanov Жыл бұрын
Бағдаршам өшіп тұрғанда жол ереже знактарымен реттеледі.
@user-gj7sb6jj4z
@user-gj7sb6jj4z Жыл бұрын
Бірде мен жүргізушіге неге сонша асығып жүресің десем, контролёрша айтады, ой ата сіз оны түсінбейміз...олай жүрсек бізге нан жоқ дейді. Бұйырса кетпейді деп қойдым.
@user-lw5ng1zb3b
@user-lw5ng1zb3b Жыл бұрын
Куда вот они литят я не поиму это общественный транспорт же
@user-ky9ni6zt5q
@user-ky9ni6zt5q Жыл бұрын
Журналисттер жүргізушілерді кіналай бермеңдер сол рулде өзің отырсаң қалай болар еді ешкім әдейі істемейді
@user-ul7ry4un2p
@user-ul7ry4un2p Жыл бұрын
В Алматы часто практикуется отключение светофоров, и откуда ни возьмись начинаются пробки ,не могу сказать что намеренно,но ,когда это происходит систематичнски,то появляются вопросы? ( Зачем? Кому выгодно создовать искуственно пробки, ) Если посчитать,то в пробке, бензина уходит больше . Плюс у водителей одна мысль,скорей бы домой,т.е. он уже ни о чём не думает, а другой на нервах,и материт страну и государство, информация для размышления.
@user-lg8sz2md7g
@user-lg8sz2md7g Жыл бұрын
Обал. Камерамен менттер көріп отыр бағдаршам жанбай тұрғанын. Неге шара жасамайды. Міндетті түрде авария болу қажет пе? Адам өлді кім жауап береді енді.
@Ayan_Agybay
@Ayan_Agybay Жыл бұрын
Бүл201Чеңңғғі
@gulnazakimova8534
@gulnazakimova8534 Жыл бұрын
Телефон қарап отырады
@gulnazakimova8534
@gulnazakimova8534 Жыл бұрын
Агречение скорс коиыладыго автобус паласа жоқ кезі жақсы еді провкада тұр каты жүре алмаитын
@barys9616
@barys9616 Жыл бұрын
Права сатканнын кесири...
Информбюро 20.05.2024 Толық шығарылым!
26:28
Информбюро 31
Рет қаралды 48 М.
Алматыдағы хаос қалай басталды?
5:14
Информбюро 31
Рет қаралды 160 М.
Мы играли всей семьей
00:27
Даша Боровик
Рет қаралды 5 МЛН
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 6 МЛН
Не пей газировку у мамы в машине
00:28
Даша Боровик
Рет қаралды 9 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
Алматының қанша үйіне су кіріп үлгерді?
2:12
Информбюро 31
Рет қаралды 12 М.
Атырауда автобус жаяу жүргіншіні басып кетті
0:40
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 20 М.
Мы играли всей семьей
00:27
Даша Боровик
Рет қаралды 5 МЛН