Исламға қатысты маңызды Сұрақ - Жауап 14. Ұстаз: Омар Теміртас

  Рет қаралды 1,211

al-Istiqoma

al-Istiqoma

Күн бұрын

14-Сұрақ: Пайғамбарың кім?
Жауабы: Ол - Абдуллаұлы Мухаммад, ұлты - араб, руы - Қурайш. Ол ﷺ алпыс үш жыл өмір сүрді. Пайғамбарлықтан алдын қырық жыл, ал пайғамбар болған соң жиырма үш жыл. Қырық жасында Хира үңгірінде оған "Аләқ" сүресінің алғашқы аяттары түсуімен пайғамбар болды, кейін көп кешікпей "Муддәссир" сүресі түсуімен елші болды.
Алла Тағала оны және бүкіл пайғамбарларды Алаға серік қосудан сақтандырып және Оны жалғыздау үшін жіберді. Алла Тағала сөзінде: {Расында әр үмметке: «Аллаға ғана құлшылық қылыңдар және тағуттан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік} (Нахл, 36).
Осылай ол он үш жыл бойы Макка қаласында адамдарды таухидке шақырған. Сонда жүргенде аспанға көтерілді. Оған бес уақыт намаз парыз етілді. Кейін Мәдина қаласына қоныс аударуға бұйырылды.
Пайғамбарымыз ﷺ Мәдина қаласында орнығып болған соң, оған Исламның басқа да заңдары бұйырылды: ораза, зекет, қажылық, азан және т.б. Осыларды орындап ол он жыл өмір сүрді де, кейін ол ﷺ қайтыс болды. Оның дәлелі: {Расында, сен де өлесің, олар да өледі} (Зумәр, 30). Алайда, оның діні қалды! Бұл дінде қандай жақсылық болса, соның барлығына бағыттаған, ал қандай жамандық болса, солардың барлығынан сақтандырған. Ең ұлы жақсылық таухид болса, ал ең ұлы жамандық Аллаға серік қосу болып табылады.
Алла оны бүкіл жындар мен адамдарға жіберіп, оған бағынуды парыз қылды. Алла Тағала сөзінде: {Әй, адамдар! Расында, мен барлықтарың үшін Алланың елшісімін!” - деп айт} (Ағраф, 158).
Алла онымен дінін толықтырды. Алла Тағала сөзінде {Бүгін діндеріңді толықтырдым, нығметімді тәмәмдадым және сендерге Ислам дінімен разы болдым} (Мәида, 3).
15-Сұрақ: "Мухаммад расулюлла" шарттары қандай?
Жауабы: "Мухаммад расулюлла" ның төрт шарты бар, олар:
1 - Айтқанына сену.
2 - Бұйрықтарына бой ұсыну.
3 - Тыйғанынан тыйылу.
4 - Аллаға, пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен жолмен ғана құлшылық қылу. Тағы басқа шарттар да айтылған.

Пікірлер: 9
@AbuOmar-v5r
@AbuOmar-v5r 3 ай бұрын
Ма ша Аллаһ
@AbuOmar-v5r
@AbuOmar-v5r 3 ай бұрын
Барак Аллаһу фикум, бауырым
@姓名-v5y
@姓名-v5y 6 ай бұрын
СубханалЛах АльхамдулилЛях Аллаху Акбар
@Atyrau84
@Atyrau84 6 ай бұрын
Ма ша Аллах👍
@Дастан-щ5и
@Дастан-щ5и 6 ай бұрын
جزاكم الله خيرا
@ГалымКеримкулов-й6л
@ГалымКеримкулов-й6л 6 ай бұрын
Ассаламу галейкум
@ZhasulanSmagulov
@ZhasulanSmagulov 6 ай бұрын
Калай сурак койуга болады екен
@nurlankubashev4359
@nurlankubashev4359 6 ай бұрын
Өтірік айтпаған.
@ЕртисКуанышбеков-ь7н
@ЕртисКуанышбеков-ь7н 6 ай бұрын
Субханаллаһ Альхамдулилляһ Аллаһ уакбар
МАИНКРАФТ В РЕАЛЬНОЙ ЖИЗНИ!🌍 @Mikecrab
00:31
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 42 МЛН
Amazing Parenting Hacks! 👶✨ #ParentingTips #LifeHacks
00:18
Snack Chat
Рет қаралды 21 МЛН
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 91 МЛН
Таухид 1-бап.
52:32
huda-kz
Рет қаралды 1,8 М.
Ақида сабағы, 1-дәріс.
49:21
huda-kz
Рет қаралды 663
Пять качеств здравого сердца
25:18
Абу Яхья Крымский
Рет қаралды 2 М.
ПЕРІШТЕЛЕР ЖАЙЛЫ ҮЛКЕН УАҒЫЗ
30:54
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 62 М.