Әһлюс-сунна ақидасы2. Жалпылама иманның тіректері Таухид Рубубия Таухид Улуһия. Ұстаз: Омар Теміртас

  Рет қаралды 8,617

al-Istiqoma

al-Istiqoma

Жыл бұрын

Жалпылама иманның тіректері
Ахлюс-сунна уәл-жамаға, Жибрил періштенің хадисінде келген иманның алты тірегіне иман келтіреді. «Ол - Аллаға , періштелеріне , кітаптарына , елшілеріне , Ақырет Күніне иман келтіруің және тағдырға : жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің».
Аллаға иман келтіру
Аллаға иман келтіру дегеніміз - ол Құран және сүннетте келген барлық Алланың есім-сипаттарын, амалдарын, құлдарының алдындағы ақысын, сәләфтардың жолы мен түсінігі бойынша мойындау. Олар:
• Алла Тағаланың рубубиясына иман келтіру. Ол дегеніміз - Раббымыздың Жаратушы, барлық істерді Басқарушы және Патша екеніне иман келтіру. Алла Тағала айтты: {Жарату және бұйрық беру Оған тән} (Ағраф, 54).
Басқа аятта: {Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән} (Әли Имран, 189).
Басқа аятта: {Айт: «Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Есту қабілеттері мен көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?». Олар: «Алла», - дейді. «Ендеше (Алладан) қорықпайсыңдар ма?», - де} (Юнус, 31).
• Алла Тағаланың улухиясына иман келтіру. Ол дегеніміз - Алла Тағаланы жалғыз өзі ғана, шынайы құлшылыққа лайық хақ илә́һ және Одан басқа құлшылық етілгеннің барлығы жалған және құлшылық етілуге лайықсыз деп сену. «Лә́ илә́һа иллә Алла» куәлігінің мағынасы да нақ осы еді. Алла Тағала айтты: {Міне күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында, олардың Алладан өзге сиынғандары ол, жалған} (Хаж, 62).
Басқа аятта: {Иман келтіріп өз имандарын зұлымдықпен араластырмағандар, міне солар үшін амандық бар және олар тура жолды тапқандар (ұстағандар)} (Әнғам, 82).
Алла айтты: {Расында, әр үмметке: «Аллаға ғана құлшылық қылыңдар және тағуттан аулақ болыңдар» дейтін елші жібердік} (Нахл, 36).
Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: «Алла Тағаланың құлдарындағы ақысы - құлдардың Оған ғана құлшылық қылуы және Оған еш нәрсені серік қоспауы, ал құлдардың Алла Тағаладағы ақысы - Оған ғана құлшылық қылып, еш нәрсені серік қоспаған құлын азаптамауы». Сахих Муслимде Жә́бирдің хадисінен: «Кімде-кім Аллаға еш нәрсені серік қоспай жолықса, жәннатқа кіреді. Ал кімде-кім Оған бір нәрсені серік қосып жолықса, тозаққа кіреді».
Кімде-кім ғибадаттың біреуін болсын Алладан басқаға арнайтын болса, ол мүшірік және кәпір болады. Алла Тағала айтты: {Кімде-кім Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының құзырында. Расында, кәпірлер құтылмайды} (Муминун, 117).

Пікірлер: 12
@user-zg3ts4mq2o
@user-zg3ts4mq2o Жыл бұрын
Білім алған сайын өзімнің надан екенимди білдім (ғалымдар дұрыс айтқан).
@user-rf5jl1hz8c
@user-rf5jl1hz8c Ай бұрын
Ма ша Аллаһ
@user-yj1ff9xc5n
@user-yj1ff9xc5n 4 ай бұрын
ассаляму'алейкум
@user-pu4vc3bz4c
@user-pu4vc3bz4c Жыл бұрын
Алла білімімізді арттырсын Амин
@user-re6of4cn8u
@user-re6of4cn8u Жыл бұрын
СубханалЛах. АльхамдулилЛях. Аллаху Акбар.
@user-zj4dz1oe9d
@user-zj4dz1oe9d Жыл бұрын
Джазака Аллаху хайран
@Atyrau84
@Atyrau84 Жыл бұрын
Ма ша Аллах
@user-bn9jk4yq8d
@user-bn9jk4yq8d Жыл бұрын
👍👍
@Dara-bala
@Dara-bala 8 ай бұрын
34:10 маңызды
@user-eb4oh8gf1j
@user-eb4oh8gf1j Жыл бұрын
Әссәләму әлейкум уа рахматуллахи уа баракатуһу. Сіздің видеоларыңызды өзімнің ютуб салсам болама???
@Istiqoma22
@Istiqoma22 Жыл бұрын
Уа алайкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатуһ. Иә әрине, салыңыз,керемет болады. Алла Тағала сізді көп жақсылық таратуға себепші қылсын!
@user-bc2sq2zq2l
@user-bc2sq2zq2l Жыл бұрын
Ма ша Аллаһ
Мы никогда не были так напуганы!
00:15
Аришнев
Рет қаралды 6 МЛН
MEGA BOXES ARE BACK!!!
08:53
Brawl Stars
Рет қаралды 36 МЛН
3M❤️ #thankyou #shorts
00:16
ウエスP -Mr Uekusa- Wes-P
Рет қаралды 15 МЛН
Was ist im Eis versteckt? 🧊 Coole Winter-Gadgets von Amazon
00:37
SMOL German
Рет қаралды 38 МЛН
Таухид, Алланы тану және Оған серік қоспау
54:25
Хазіреті Құрбанәлі Ахмед Ишан
Рет қаралды 31 М.
Мы никогда не были так напуганы!
00:15
Аришнев
Рет қаралды 6 МЛН