Сары қаңлыға келінмін.Ұрпағымыз Қаңлы болып,өсіп келеді.Ата-баба әруағы қолдасын! Доқтырхан аға Сізге мың алғыс!
@ГульвираКомегова Жыл бұрын
Қандай керемет! Ағаларымызға рахмет! Тарихымызды, елімізді біліп осындай елден шыққанымызды мақтан тұтып отырмыз
@ГригорАбубакиров-п7ж Жыл бұрын
Өте тамаша тарихи деректі фильм. Қазақтың, Қазақ мемлекетінің негізгі даму тарихын ғылыми түрде, түсінікті тілде түсіндірген, құнды фильм.
@ҚАЗАҚСТАН-щ3л Жыл бұрын
РАҚМЕТ АҒАЛАР. 👍👍👍 ТАРИХЫМЫЗДЫ БІЛІП БІР МАРҚАЙЫП ҚАЛДЫМ. ✊🇰🇿
@kuandyktumenbay2314 Жыл бұрын
Доқтырханның шығармашылығын бұрыннан білемін. Ол - деректі фильм жасаудың шебері, өзіндік стилі қалыптасқан киношы. Дала ардагерлері Ы. Жақаев пен Ж. Қуанышбаев туралы және де басқа ел мен жер жайлы дүниелері бұған толық дәлел. Тарихты түсіру үшін оны терең білу керек. Доқтырхан 7-ғасырда өмір сүрген қаңлы мемлекеті тарихын әбден зерттеп, шығармасын халыққа ұсынып отыр. Бұл - үлкен жеңіс. Бағасын көрермен бере жатар. Мен әріптес досымды шығармашылық жеңісімен құттықтап, көрерменіңе қуаныш силай бер деген тілек айтқым келеді. Қуандық Түменбай, жазушы.
@zhans06 Жыл бұрын
Қаңлылар жасасын✊💪
@БекзатМиралиев-е8ч Жыл бұрын
Тарихымызды білген өте дұрыс 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊✊✊✊✊✊✊
@АбдиметалСултанов7 ай бұрын
ассолоому алеккум бир тууган канлы эли менда кандымын кыргызстандын баткен обласы чон гара айылынан болом канды созунун келип чыгышы бойунча айтайын ка-нлы ка-нды ка-йы дегени ка деп атаган казак канлы бир туугандар
Сәбит ағаның өнегелі өмірін әдемі ашқан дүние екен. Бір деммен, сол отырған қалпымда көріп шықтым, Доха! Диктордың құйылған қоңыр даусы, ағаның өз өмірі туралы мәнді сөздері өте үйлесіп тұр. Кейінгі отыз жылдық тағдыры сондай жемісті, жеңісті жалғасыпты. Өзіміздің Сәбит ағамыз ғой деп жүре беріппіз, сөйтсек білмейді екенбіз: ол кісі нағыз педагог-ғалым екен! Қай академиктен де кем емес, керісінше кемел де терең ойлы кісі екен! Мына жеректі фильм көзімізді ашты. Әттең-ай, тойына бармай қалғаныма өкініп отырмын.
@dr_ajara2 ай бұрын
Қаңлы мен Қазақ егіз ұғым!
@ЕргабылТуленов-д1ъ11 ай бұрын
Менің туған ауылым Қаңлы. Бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданы. Сол ауылдың тумалары осы Семей өңірінде тұрып жатыр. Мына видеоны көріп қуанып отырмын. Аты-жөнім Туленов Ерғабыл
@ЕрболКуандыков-я5ь Жыл бұрын
Тамаша түсірілім.
@ЕрмаханКойлыбаев Жыл бұрын
Керемет 👏 Қаңлы деректі фильмі
@АрипжанШаназаров9 ай бұрын
Сары Қаңлы,шоқпарлы
@АидаБудеева-ю7к7 ай бұрын
Қымбатты Дохтырхан аға сізге мың алғыс,сіз Қаңлының кім екенін дәлелдедіңіз,сіз өзіңіз тарихи тұлғабоп тарихта мәңгі қаласыз,жасыңыз ұзақ болып,ғұмырлы болыңыз. Осындай нар тұлға ағаларым болғанына мақтан тұтам! ҚАРАМАНАС ҚАҢЛЫ,ҰЛЫ ЖҮЗБІН. ЕСІМІМ АЙИДА!🤝🙋♀️💥
@ulzhalgasmeimankulova38409 ай бұрын
Керемет түсірілген. Ағаларымызға, соның ішінде Доқтырхан аға үлкен алғыс!
@DilnoraSarsenbaeva Жыл бұрын
Каракалпак канылсыман орманшыман Толе бийдин урпагы Туркистаннан кошип келген ерте заманда Аралдв бойлап
@Baxtiyar-h9jАй бұрын
🎉🎉орманшы канлыман кайерденсен
@ЕсенкелдіСерікбай10 ай бұрын
Тәңір жарылқасын, аруақ қолдасын. Қазақ мәңгілік ел болсын!
@ildarsharipov30294 ай бұрын
Здравствуйте Я из рода Канлы Башкортостан город Нефтекамск
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ ҚАҢЛЫ БАУЫРЛАРЫМ АЛЛА ЕЛІМІЗДІ АМАН ЖҰРТЫМЫЗДЫ ТЫНЫШ ҚЫЛСЫН мен САРЫ ҚАҢЛЫ МЫН
@Есжан-с6л8 ай бұрын
Құрметті тарихшылар Қаңлының тарихын кең көлемді етіп ,сонау үшінші ғасырдан бастап қазіргізаманға дейінгі үлкен кітап етіп шығару керек. Басқа елдердегі қаңлылардың тарихи деректерін жинақтау керек.
@ДашаҚожабекова Жыл бұрын
Әрбір қазақ шыққан тегін біліп,қастерлеп жүрсе,кейінгіге үлгі өнеге болары сөзсіз. Өскелең ұрпақ жеті атасын біліп жүрсе,жетелі ,тәрбиелі,елін,жерін қастерлейтін, Отанын қорғайтын саналы ұрпақ болары сөзсіз. Бұл бір әркімге ой салатын жақсы дүние екен. Өресі кең, өрісті фильм болып,көпшіліктің көңілінен шығуына тілектеспін.
@zloi701211 ай бұрын
Кандылар Кыргызстанда көп. Салам туугандар. Ош
@АвазбекАкматов-ж1н11 ай бұрын
Ассалам алейкум кандайсыздар канды туугандар кыргыз кандылары жонундо айтилбади го
@Қасымзімхан Жыл бұрын
Ия, бұл.тақырыпты оқулықтарға қосу керек. Қасым ӘЗІМХАНҰлы
@УлжанНурбековна11 ай бұрын
❤❤❤
@БауыржанТайгулов-ф8з Жыл бұрын
Сары Канлы, Миям
@BekzatNurzhanov Жыл бұрын
😊
@Каппар-я1м Жыл бұрын
Қаңлы мемлекетінңң алғашқы құрылған б.д.д.2 ғасырдан б.д. 6 ғасыры аралығындағы өмір сүрген кезеңі туралы деректерді жәнеде б.д. 13 ғсырына дейінгі кейбір деректерді "Түргеш қағанаты " атты еңбегімнен кездестіре аласыздар.
@Chilanzar1982 Жыл бұрын
Сары Канлы токай
@ЖасФомин Жыл бұрын
Мектеп куралдарында канлы тарихы коптен айтылмаган неге екен,?
@qaisaq8889 ай бұрын
Хангалас-канлы(Саха,якуттар)бар екенін билемын,канлы тарихы терең
@qaisaq8884 ай бұрын
@@КонстантинОконешников-ц9к уруй айхал Саха!
@СагындыкНурекеев Жыл бұрын
Төрткүл дүниедегі әр халықтың өз даму тарихы мен қалыптасу үрдісі бар. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мәселені осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, туған халқымыз қазақтың қалыптасып-даму тарихы тым тереңде жатқанын біріміз білсек, енді біріміз біле бермеуіміз мүмкін? Өйткені күні бүгінге дейін оны дәлелдейтін нақты құжат не деректі фильм болмаған еді? Ең қуаныштысы сол - белгілі тележурналист-жазушы Доқтырхан Тұрлыбек осы олқылықтың орнын толтырып, өзінің "Қаңлы-1" және "Қаңлы-2" деректі фильмдерін қалың жұртшылық назарына ұсынып отыр. Фильмдерді тамашалай отырып, түркі жұртының тамыры тым тереңде жатқанын тани түсесіз. Түркі тілдес халықтардың тіл қолдану тәсілі мен өзіндік болмысын жер анамыздың төрт бұрышынан, тіпті сонау Америка құрылығынан да кездестіруге болатынын айқын сезінесіз. Мұны деректі фильмде сөз алған атақты тарихшы- ғалымдар нақты зерттеу фактілері негізінде дәлелдеп бере білген. Қаңлы мемлекетінің өмір сүрген кезеңдерін бейнелейтін, елін қорғаған намысты батырлары көп болғанын дәлелдейтін көне жәдігер-таңбадағы жазулар көзіңізге оттай басылады. Мақтаныш сезіміңізді арттыра түседі. Яғни, сол ата-бабаларымыздың көзіндей болған сызба карталар, тастағы жазулар қазіргі Қазақ мемлекетін ғасырдан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен табыстап отыруға үндейтіндей әсер қалдырады. Жас ұрпақты халқымызды, жерімізді қастерлеуге тәрбиелейтін бұл деректі фильмдер қазақ қоғамындағы елеулі мәдени оқиға екені даусыз! Бұл деректі телефильмдердің өмірге жолдама алуына Д.Тұрлыбектің өте үлкен еңбек сіңіргенін байқауға болады. Қарымды қаламгердің бұл өлшеусіз еңбегін өзінің туған халқы алдындағы үлкен жүректі-перзенттік бір парызының жүзеге асқаны деп қабылдаған абзал! Сағындық Нұрекеев, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты
@bakytzhannauryzbaev7484 Жыл бұрын
Тек қаңылы емес қазақ тарихы бұл
@Қасымзімхан Жыл бұрын
Жиырма тарта кітаптың,, бірнеше деректі фильмдердің авторы, елімізге танымал жазушы-журналист, сценарийші, режиссер, көсемсөз шебері Доқтырхан Тұрлыбекұлының екі бөлімнен тұратын ,,ҚАҢЛЫ ,, тарихи туындысы тек Қаңлы руының ғана тарихы емес -жалпы Қазақ халқының қалыптасуы мен өркениетінің түп-тамырын тарихи деректерге сүйене отырып зерттеген құнды еңбек екен. Фильмде автордың жанкештілікпен төккен тері , көп еңбектенгені көрініп тұр. Сайып келгенде бұл фильмнің тарихымызда саралауға, жастарымызды жалпы баршамыздың өзіміздің төл тарихымызды білуімізше зор үлес қосарында дау жоқ. Сондықтан алдағы уақытта бұл тақырыпта оқулықтарына қоссаң құба-құп болар еді. Қасым ӘЗІМХАНҰЛЫ, Қазақстан Жуналистер одағы сыйлығының лауреаты,Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі
@БерекеБайгобатова Жыл бұрын
Қаңлы туралы құнды деректерді шығаруға ат салысқан бауырларға мың рахмет.Қаңлы жасай берсін!!!!!
@ЕрболКуандыков-я5ь7 ай бұрын
Үшінші бөлімін шығару керек.
@ЕрболМайда8 ай бұрын
Майда канлыларына салем
@БубираУмбеталиева-и8ю16 күн бұрын
Майдамыз ❤
@Асель-э5х4 ай бұрын
Кызыл канлынын кызымын. Мактанамын елиммен .
@БубираУмбеталиева-и8ю16 күн бұрын
Қаңлы қызы батырым
@БубираУмбеталиева-и8ю16 күн бұрын
Мен де Тараздың қызыл қаңлы
@АрманАндосов-й5е4 ай бұрын
Ауызбіршілік болу қажет,бұл жерде Қаңлы мемлекетінің құрылуына және ақиқатын Тараздың профессорлары жазбағанына ішім ашып тұр
@БубираУмбеталиева-и8ю16 күн бұрын
😢
@БекболатНурдаулет Жыл бұрын
Ұлы юзилер жайлы шежіре тарих бар ,ол жайлы не дейсіздер.