Қажылық. 1. Зулхиджаның 8-ші күні қонақ үйден шығарда ихрамға кіріп "лаббайка Аллаһума хаджан"-деп айтып, духа намазы уақытында мина деген жерге барады. Минаға барар жолда Талбия айту керек. Пайғамбарымыз ﷺ сүннеті ол таңертең духа уақытында шығу. Минада бес уақыт намаз қысқартылып өз уақытында оқылады және келесі күннің духа уақытына дейін болады. Фә хабасани хабисун, фәмә хиллу хайсу хәбастани деп осы дұға айтып шықса кейін, ойламаған жерден қажылық жасай алмай калса, сол жерден қажылығы бітеді. 2. Зулхиджаның 9-шы күні духа уақытына дейін минада болып, кейін арафатқа кіру керек. Арафат уақыты зухрдан фаджрға дейін. Арафатқа кіргенде сүннетте демалу керек. Кейін зухр намазы алдында хутба оқылады. Зухрмен асыр қысқартылып бірге оқылады. 3. Зулхиджаның 9-күні зухр намазынан кеш батқанша арафада дұға етеді де, маьриб уакыты кіргеннен кейін сәл уақыт болып муздалифа жаққа шығып кетеді. Зулхиджаның 9-шы күні маьриб уақыты кіргенде арафа бітеді. 4. Зулхиджа 10-ы түні кіргенде муздалифаға барған бойда ештене жасамай бірден маьриб иша намазын қысқартып қосып оқып алу керек. Кейін демалып ұйықтаған абзал сүннет. Зулхиджаның 10-ны муздалифада фаджрға дейін түнеу уаджб. Кейін таң намазын уақыты кірген бойда оқып күн бозарғанша дұға тілеген жақсы. 5. Зулхиджаның 10-ы минаға барып, абзалы духа уақытында джамаротул ақабаға тас лақтыру керек. Жалпы уақыты маьриб намазына дейін лақтырып болу керек. Кейін қой сойып шаш қыру керек. Кейін тауаф пен сағи жасау керек. Зухр намазына дейін бітірген жақсы. Зухрды қайта келіп минада оқыған Пайғамбарымыз ﷺ. 6. Зулхиджаның 10-ы тас лақтырып харамға барып Шаш қырғанда, ихрамнан жартылай шыққан болады. 7. Зулхиджаның 10-ы, шаш қырғаннан кейін тауафпен сағиды жасап болған соң ихрамнан толықтай шығады. Тауафпен сағисыз қажылық жоқ. Кейін минаға кері қайтады. 8. Зулхиджаның 10-ы, зухрды минада оқыған жақсы. Намаздарды өз уақытында қысқартып оқу керек. Сол түні, яғни зулхиджаның 11-түні минада түнеу уаджб. 9. Зулхиджаның 11-і күні зухрдан кейін, джамаротулдың үшеуінеде лақтыру керек. Бірінші джамроға тас лақтырғанда, джамро сенімен қибланың ортасында қалу керек. Солай жеті рет Аллаһу Акбар деп тас лақтыру керек. Екінші джамроғада дәл солай жасалады. Ал үшіншісіне лақтырарда қибла сол жағыңда тұру керек. Болған соң минаға қайту керек. Тағы осы күні минада қону керек. 10. Зулхиджаның 12-сі күні, өткен күннің ісі қайталап болған соң қажылық мойныңнан түседі. Егер осы күннің маьриб намазына дейін кетіп қалуға үлгермесе, тағыда зулхиджаның 13-і түнін қону уаджб болып қалады. Пайғамбарымыз ﷺ тағы қалып түнеген. 11. Қоштасу тауаф.