ҚАТТЫ АЙТЫЛҒАН УАҒЫЗ !!! ҰЯТ КЕТСЕ, ИМАН КЕТЕДІ ... ұстаз Қасым Әшімов

  Рет қаралды 14,848

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

Күн бұрын

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ар - ұят дегенде адамның адам болып қалыптасуындағы жақсы қасиеттер ойға келеді. Сол жақсы қасиеттердің адам бойына сіңуіне негіз болатын мықты тәрбие мен берік иман. Адамның ұяты абыройынан, әдептілігінен байқалады. Ұят - Алла Тағаланың адамзатқа берген нығметі.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ұят игіліктен басқа ешнәрсе алып келмейді» деген хадисінде жақсылықтың, игіліктің бастауы ұят екенін көрсетеді.
Пендеде ұяттың болуы иманмен тікелей байланысты. Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді» деп, ұят пен иманнның тығыз байланысты екенін байқатады. Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы - Хазіреті Пайғамбарға (с.ғ.с) Алла Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету және шын көңілмен сену болып табылады. Адам баласы Алла Тағалаға деген қорқынышынан және сенімінен Алла Тағаланың үкімдерін орындамауға ұялады. Сөйтіп, Алла Тағаланың үкімдерін орындау арқылы ұятты және иманды адам дәрежесіне жетеді. Яғни, адамда сенім немесе иман болмаған кезде ұят та жоғалады.
Пенде ұятын жоғалтқан кезде күнәлі істерді ешетеңеге қарамастан істей беретін болады. Ол адамда кез - келген нәрседе шекара жоқ сияқты көрінеді яғни, барлық жақсылықтан мақрұм болады. Сондықтан иман мен ұятты жоғалтып алмау туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы хадисінде қатты ескерткен. Сүйікті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистердің бірінде Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың ұлы ұяты туралы былай деген: «Сендердің Раббылырың ұлы ұят иесі әрі жомарт. Сондықтан, қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады». (Сунану Әби Дәәуід, Сунанут-Тирмизи, Сунанул-Кубра лил-Бәйһақи, Сахих Ибн Хиббан. Хадисті Хаким сахих деп бағалаған) Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жер бетіндегі адамдар ішінде ең кәміл ұяттың иесі еді. Әбу Сайыд (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) оң жақта отырған беті ашылмаған жас қыздан да ұялшақ, арлы еді. Біз оның өзіне ұнамайтын қандай да бір жағымсыз қылыққа куә болғанын жүзінен байқайтын едік», - деп айтты (Бұхари, әдәб 72; Муслим, фадайл 67). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлық нәрсенің мінезі болады. Ал мынау діннің мінезі - ұят» ( Ибн Мәжа) деген хадисі ұяттың діндегі үлкен орын алатынын ойып көрсеткен. Ислам дінін берік ұстана отырып, салт - дәстүрмен ұштастыра білген Қазақ халқы да ұятты болуды жоғары қойған. Ол қасиеттерді қазақтың мақал - мәтелдерінен, қанатты сөздерінен байқауға болады. Соларға тоқталып өтсек: Сырым Датұлы: «Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі». Қазақ халқы: «Ұят - өлімнен күшті», «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп, ар-ұятты жоғары бағалаған. Ғабит Мүсірепов: «Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады» деп, ұлағатты сөз қалдырған. Мұхтар Әуезов: «Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет», «Өзгелердің бақытсыздығын көргенде өз бақытым үшін ұяламын…»- деген сөзінен ол кісінің ұят сезімін байқауға болады. Абай Құнанбаев отыз алтыншы қара сөзінде ұятқа толық сипаттама бере отырып былай дейді: « Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рахым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді.
Мақаланың толық нұсқасы:
www.ihsan.kz/kk...

Пікірлер: 20
@НурхожаКуздебаев
@НурхожаКуздебаев 2 жыл бұрын
Алла рази болсын ұятсыз адам имансыз болады
@МуратАртыков-п7н
@МуратАртыков-п7н 3 жыл бұрын
Керемет уағыз
@Qazaqsha_films
@Qazaqsha_films Жыл бұрын
Өте жақсы уағыз! Тыңдаңыздар🙂
@АрыстанОразбаев-п3э
@АрыстанОразбаев-п3э 3 жыл бұрын
Машалла
@АйгульКарагулова-ч4ж
@АйгульКарагулова-ч4ж 3 жыл бұрын
Қазіргі таңда өте манызды уағыз рахмет қүдай сақтасын сіздерді еліміз аман болсын қүдай ғана жар болсын
@СаулеМухамединова-ы7и
@СаулеМухамединова-ы7и 3 жыл бұрын
Алла разы болсын. Аллаху ақ бар
@ЖулдызайБаймагамбетова
@ЖулдызайБаймагамбетова 10 ай бұрын
😢😮😊ұялу керек, бәріміз көріп журміз, ұятсыз істерді.
@ГулимМагжанова
@ГулимМагжанова 3 жыл бұрын
Кешкедейін шет елдің пайдасы жоқ телехикаясын қойғанша. Осындай уағызды әр телеарнадан неге көсетпейді екен. Алла сол күнге жеткізсін!
@БолатУтеулиев-ю6л
@БолатУтеулиев-ю6л 3 жыл бұрын
Алла разы болсын Алла ошпес иман ды болуды насип етсин
@ДауренАллажар
@ДауренАллажар 3 жыл бұрын
Қандай керемет!
@АсылжанАлхарбай
@АсылжанАлхарбай 3 жыл бұрын
👍👍👍👍
@АйгульУсипбекова-с5ч
@АйгульУсипбекова-с5ч 2 жыл бұрын
і ата анадан үялу керек Үлкен кысылерден үялу
@Өміраттытіршілік
@Өміраттытіршілік 3 жыл бұрын
ماشاءالله الله اكبر 🇰🇿👍🕌🕋☝мүмин мұсылман бауырым екен керемет менің дін бауырым Аллаһ разы болсын көзге көрінби жүрген бауырлар имам ғой
@нурекемихат
@нурекемихат 3 жыл бұрын
*
@user-nl6sq8xd1e
@user-nl6sq8xd1e 3 жыл бұрын
@@нурекемихат ватсабым 87778315726 өлемін 8
@user-nl6sq8xd1e
@user-nl6sq8xd1e 3 жыл бұрын
@@нурекемихат insta: erkebulanerkinov4 у барма жіп 8
@user-nl6sq8xd1e
@user-nl6sq8xd1e 3 жыл бұрын
@@нурекемихат кейін өлем намаз оқып
@ЖулдызайБаймагамбетова
@ЖулдызайБаймагамбетова 10 ай бұрын
Ұялу туралы кино көбейтсе, екен. Балаларға сауап болар ед.
@ЗулхияМусенова
@ЗулхияМусенова 2 жыл бұрын
Олимнен. Уят кушти деген халыкым , Уятты баринен жогары койган,ал казир ол кобине жетисе бермейди
@СарсенкулНарметова
@СарсенкулНарметова Жыл бұрын
Әумин Алла разы Болсын
ТЫҢДАП ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТ 🔷 ПАЙДАЛЫ УАҒЫЗ
31:48
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 32 М.
🔸ҰЯТСЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН УАҒЫЗ🔸
30:03
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 13 М.
POV: Your kids ask to play the claw machine
00:20
Hungry FAM
Рет қаралды 18 МЛН
АЗАРТНИК 4 |СЕЗОН 1 Серия
40:47
Inter Production
Рет қаралды 1,4 МЛН
Ерлан Ақатаев - Өлімнен кейінгі Өмір
2:05:14
ИСЛАМ НАСИХАТ 🕋 🌏
Рет қаралды 37 М.
🔷 ҚАТТЫ ҚИНАЛҒАН АДАМ ОСЫ УАҒЫЗДЫ ТЫҢДАСЫН 🔷
26:40
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 222 М.
Солих хужа домла (Шымкента тойда)
36:57
Tolib Media
Рет қаралды 1,3 МЛН
ӨЛІГЕ КӨМЕКТЕСУ ЖОЛДАРЫ
30:32
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 43 М.
БАРЛЫҚ ПРОБЛЕМА ШЕШІЛЕДІ ЕГЕР...
29:18
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 126 М.
ТЫҢДАП МОТИВАЦИЯ АЛАСЫҢ 🔷 КЕРЕМЕТ УАҒЫЗ!!!
30:31
УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ
Рет қаралды 37 М.
POV: Your kids ask to play the claw machine
00:20
Hungry FAM
Рет қаралды 18 МЛН