Рет қаралды 38,888
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Қызылорда қаласына қауын-қарбыз сататын жандар шаш етектен шығынға батқан. Өйткені халық көп жүретін аумақта сауда жасауға әкімдік өкілдері рұқсат бермей отыр екен. Ал бұған дейін өз өнімдерін сатып келген базарда күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Саудагерлер полиция мен шенеуніктердің қудалауынан бау-бақша өнімдері шіріп, жеуге жарамсыз болып жатыр деп ашынады.
Бұл көшеде күнде кешке абыр-сабыр басталады. Шуды шығаратын тұрғындар емес, әкімдік өкілдері мен полицейлер дейді қауын-қарбыз сататын жандар. Айтуларынша, тексерушілер күнде келіп, сауда жасайтындарды қудалайды. Ал оған қарсы келгендерге жаппай айыппұл салынады.
МӨЛДІР САХИЕВА, сатушы:
- Милициямен келеді де бізді қорқытады. Штраф саламыз қазір бүйтіңдер деп. Біз салығын да төлеп берейік, арендасын да төлеп берейік. Біз қашпаймыз. Бізге осы жерді берсін. Қаншама қауынымыз ысырап болды. Менің 6 балам бар. Жетіскеннен ешкім жүрген жоқ қой.
Тәртіп сақшылары мен шенеуніктердің қысымынан сауданың берекесі қашты дейді шағымданушылар. Соның кесірінен өтпеген өнімдерінің іші босап, көбі шіріп кеткен. Ал, жарамсыз қауын-қарбыз амалдың жоқтығынан мал азығы ретінде тым арзанға сатылады екен.
ГҮЛНАР ӘЛІМОВА, сатушы:
- Камаз кірді екі күннен кейін қауын-қарбыз ақты. Ол деген шыдайтын тас емес қой. Бұның күні өзі үш-ақ күн. Екі күнде сатып болмасаң жұртты отравление қыласың. Ал енді қанша ақшаға әкеліп жатыр. Халық деген ашынған. Қуып жатыр қазір.
АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші:
- Саудагерлер осыған дейін қауын-қарбызды дәл осы базарда сатып келген. Бірақ сауда орны орналасқан көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан базар уақытша жабылған.
Ал, жауаптылар басқа аумақтарда мерзімдік өнімдерді сатуға орындар белгілегендерін жеткізді. Сол себепті, байбалам салуға еш негіз жоқ деп отыр.
БАУЫРЖАН АРЫН, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің сектор меңгеруішісі:
- Қала аумағында 37 орын белгіленген. Осындай сауда-саттық жасауға. Алайда бұл кісілер ол жерге баруға бас тартып отыр. Бұл жерді біз басшылық тарапынан ақылдасып көреміз енді. Нақты белгілеу, белгілемеуді. Бірақ енді оны заңдылық көтере ме жоқ анықтап қарау керек.
Сатушылар әкімдік рұқсат еткен орындарға тұтынушылар келмейді дейді. Сондықтан қауын-қарбыз сататын азаматтар осы жазды пайда көрмей, тек шығынға батамыз ба деп алаңдайды.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық