Қазақстандағы ТЭЦ жағдайы нашар | Билікке талап: жұмысы көп, жалақысы аз мамандар | ЕҢБЕК АДАМЫ #39

  Рет қаралды 1,639

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

18 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: БАЗАРБАЙ ЖҰМАДИЛОВ-«АСТАНА-ЖЫЛУТРАНЗИТ»АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Ассалаумағалейкум ардақты ағайын. Қытымыр қысты аман аяқтаған адамзат жер аяғы кеңіген көктемге жетіп жанары жадырап, майдайы жіпсіп, жақсылықтан үміт етіп, бір бірімін қауышып жатыр. Бұл табиғаттың заңы. Десе де, табиғат тулағанда талайды тентіретіп жіберетіні бар. Оны басқа басқа Қазақстан халқы жақсы біледі. Өткен жылдары естеріңізде шығар, елдің біресе шығысында, біресе солтүстігінде жылу өшіп, тұтас қалалар қатып қалды. Үйдегі батарея суығанда көңілің күпті болып, жылынар жер іздеп жаныңды қоярға жер таппай кететінің бар. Жұрт сол кезде жаппай электр жылытқыштарға көшті, ондай кернеу көрмеген токтар шетінен өртеніп және бір қуырып еді қарапайым елді. Сондағы проблема жылу қазандығының қирауы. Нақтырақ айтсақ, жылу орталықтарын жекеге алған олигархтардың тиісті жөндеуді жүргізбей, қирағалы тұрған қазандықты қинауы тұғын. Десе де елді қақаған қыста үсіп қалудан сақтайтын батырлар бар бізде, олар жылу орталықтарының қызметкерлері. Иә қатардағы қызметкерлер, әлгі ақшаға уланған бай басшылар емес. Сондай батырдың бірі, жиырма үш жылын жылу саласына арнаған Базардай Жұмаділовпен танысамыз бүгін.
Базарбай Жұмаәділов екі мың бірінші жылы слесар боп қызметке кірген. Содан бері еңбегі адал, ел үшін қызмет етіп келеді. Қажет десеңіз «үздік шебер» деген төсбелгінің иесі. Сахнаға шығып уілдегені кеудесіне есепсіз медаль ілетін заманда Базарбайдай қарапайым еңбек адамдарының еленгені қуантады.
Базарбай Жұмаәділовтың балалары да жылу саласында жанын салып еңбек етіп келеді. Халық тоңып қалмасын деп қызметке шыққанда үш баласын ерте кетеді отағасы. Себебі ұлдары да жұртты жылумен қамтамассыз ететін саланың мықты мамандары. Қазақта: «шоқ қайдан болса жылу содан» деген сөз бар. Сол айтпақшы, ел үшін еңбек еткен ерлердің жұртым жүрегіндегі жылу сөнбесе қазандықтың қарапайым қазақты тоңдырмайтыны ақиқат.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 51
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 17 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қазақстандағы қарапайым еңбек адамдарын қолдайық!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Ағайын осындай еңбек адамдарының еңбегін бағалап қарап пікір білдіріп бағалап кетейік
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Саулық берсін сізге осындай еңбек сүйер ұрпақ тәрбиелеген
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Өте ауыр сала еңбектері бағаланып сыйақы жылдық табыс марапаты беріліп еңбек демалыстарында сауықтыру орталықтарына демалтып отырса жұмысшыларда разы болар еді
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Денсаулықтарын үнемі тексертіп жағдай жасап отырылу керек
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Еңбек адамдарының жұмысын бағалай білу керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Қазақтың азаматтары мықты ғо жағдайға риза болып жүреді
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Ата ағаларының еңбек саласына тартылған азаматтар жарайсыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Еңбек адамыфильмі осы. саланыда дұрыс қамтылды рахмет
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 17 күн бұрын
Әб бәрекелді
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 17 күн бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Қандай тамаша жандар бәріне жауапкершілікпен қарап отырады
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Адал еңбек бағалану керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Өте мықты фильм
@ErdauletSmaknov
@ErdauletSmaknov 17 күн бұрын
Еңбек адамын қолдаған өте дұрыс
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Әр сала өз жұмысына жемқорлықты араластырмай әділ таза болса елде разы
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Дендеріңе саулық тілеймін
@IRIS.752
@IRIS.752 17 күн бұрын
Уағалайкумассалам
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Алтын адамдар елін шын сүйген табысын маңдай термен табатын ерлер
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Тепло трасса саласы мұқияттылықты қырағылықты талап ететін сала
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 17 күн бұрын
Жарайсың Нартай
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly 17 күн бұрын
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ АҒАЙЫН!!! Барлық айтып жатқан тілектеріңізге рахмет! Барлықтарыңызға бақытты қылып, Ғұмыр берсің Аллаһ Дәулет берсең қайырлы қып бер. Әйел берсең жұмсақ сөзді, қызықты қып бер, Ұл берсең ұнамды қып бер, Қыз берсең қылықты қып бер, Келін берсең келісті қып бер, Ат берсең жүйрік қып бер, Бала болса ырысты қып бер, Тіршілікте ризық бер, Өлгенде бізге жұмақты нәсіп бер. Осы айтқанның бәрін Аллаһ қабыл ет! Айтушыдан сөз қалған жоқ. Беруді Аллаһ Өзі шешеді. Әумин Аллаһу әкбар!
@Ruskanay
@Ruskanay 17 күн бұрын
Шаңырағыңызға береке берсін аға!!! Адал еңбек деген осы шығар!❤ Көргенге үлгі болсын🤲
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly 16 күн бұрын
Рахмет, аумин!!!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Отбасы сыйластық сақталған жанұя
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Трасыны жатқа біліп айтып отыр мықты азаматтар
@user-rt2tw2zc5i
@user-rt2tw2zc5i 15 күн бұрын
Еңбектерің жемісті болсын 👍👍
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 17 күн бұрын
👍
@Muslim_Almas.A.S
@Muslim_Almas.A.S 17 күн бұрын
требываем что работникам сделали условии и зарплату повысили
@MadinaMakuwnaa
@MadinaMakuwnaa 17 күн бұрын
Жарайсыз Ата 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly
@Ospan_Bekbolat_Bazarbaiuly 17 күн бұрын
Рахмет!!!
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 16 күн бұрын
👏👏👏👏
@user-pu6jv4tt7x
@user-pu6jv4tt7x 17 күн бұрын
Вот сейчас нужно думат ремонт тэц срочно срочно пока лето
@user-dw3ln9gz3y
@user-dw3ln9gz3y 17 күн бұрын
✊️
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 16 күн бұрын
👍👍👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Осы жылу бізің елде үнемі жыр болды ғо қыс басталмай әр өңірде қиындық туындайды
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Халық судан зілзадан қиналып қалды ғо осы жаз айларында жылу саласын дұрысталса екен
@user-ou1de3rg5b
@user-ou1de3rg5b 16 күн бұрын
🙌🙌🙌🙌
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Жылу сөнсеадам баласы қиналып
@Gclassic-vu1nf
@Gclassic-vu1nf 16 күн бұрын
Шыныменде айлық-жалақысы жеткілікті болса, ішіп-жейтін асың қолжетімді болса, қазақ қандай жұмыс болсада 20-30-40 жыл еңбек етуге дайын деп ойлайм.
@bagitzhankaliyev5242
@bagitzhankaliyev5242 17 күн бұрын
ТЭЦ пен ТЭСтің жұмыстары бөлек. Бұл жігіттер сетевиктер ғой.
@satsapar55555
@satsapar55555 17 күн бұрын
Қазандық құбырларда істейтін качегарлардың еңбек жұмыскерлерді көрсетпеген 😢. Жұмысы ауыр айлығы аз негізі
@bagitzhankaliyev5242
@bagitzhankaliyev5242 17 күн бұрын
ТЭЦ мүлдем бөлек. Жылу мен электроэнергия сол жерден өндіріледі. Бұл жігіттер таратушылар. Бұл технология Европада мүлдем қолданылмайды. Шығын көп өте.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Әр қайсысы бір бір шаңырақтың асыраушысығо
@user-dy2qo1kw1g
@user-dy2qo1kw1g 17 күн бұрын
Осыңдай жылу,су,электрика,элеватор,қала тазалаушы саласындағы адамдарды-жылына бір рет санаторий бір 14 құн болсада,мед осмотр без очереди,марапат берылу қереқ-қабинетте отырған медик почти 2(еқі)айға отпускке шығады ,высокую з/плату имеют,еще соцпакет,сонын өзынде дұрыс медобслуживание жоқ!
@user-xt2in6yj6n
@user-xt2in6yj6n 16 күн бұрын
Ен кеми500мын болу керек.
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Еңбектерің еленсін
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 17 күн бұрын
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 17 күн бұрын
4
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 17 күн бұрын
Мен 1ші
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Әр күн сайын еңбек жемісті болсын
Құлсарыдағы наразылық. Халық неге толқыды?
4:20
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 51 М.
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 15 МЛН
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 11 МЛН
Қазақ тілі ұлтаралық қатынас құралына айнала ма? / Әлем тынысы
42:05
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 93 М.
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53